6. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу — басты міндет-атты баяндаманы -Асанбек Барысхан оқып берсін. (4 мин)
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Оның төмендеуіне бірден бір себеп, білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік сабақтардың мәні бар лекциялардың үлесі екендігі белгілі.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретіні анық.
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, колледж сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.Сондықтан жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі екен.
Мысалы, түнгі уақытта рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 5 жас өспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубта) заңды өкілінсіз жүргендері анықталып, олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсініңіздер.
Жүргізуші: Енді топ оқушылары дайындаған көрініске назар салайық:
Топ жетекшісі: Осы көрініске байланысты өз ой-пікірлеріңді айтыңыздар......................
№1.Ситуациялық жағдай
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген.
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді?
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме?
Дұрыс жауабы:
1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді.
2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды.
№2. Ситуациялық жағдай
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.
Сұрақ
1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Жауабы:
Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді.
Түйін сөз
Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары — ата-ана және колледждегі ата-анасы — ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, биылғы жастар жылында Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |