Құқықтық сауаттылық заман талабы



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі0.68 Mb.
#463612
түріСабақ
1   2   3
құқықтық тәрбие

3-оқушы: Азаматтық-құқықбұзушылық – мүлік саласында және соларға қатысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды және міндеттерді орындамау немесе өз деңгейінде орындамау құқықтық мөлшерін бұзу. Бұған сапасыз тауарды сату, уақытылы қарызды төлемеу, келісім шартты бұзу, ар мен абыройына соқтығу (балағаттау, жаман сөздер айту)… Құжат: Азаматтық кодекс (АК). Бұның жазасы: Ақы төлеу; Шығынның орнын толтыру; Моральдық шығынға өтем төлеу… Жауапкершілік толығымен 18 жастан басталады, кейде 14 жастан. 4- оқушы: Әкімшілік құқықбұзушылық – жеке және заңды тұлғаның заңға қайшы іс-әрекеттері үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тағайындалған әкімшілік жауапкершіліктер. Бұған ұсақ ұрлық, ұсақ тәртіп бұзушылық, жолда жүру ережесін бұзу, қоғамдық орындарда психологиялық белсендіргіш заттарды пайдалану,өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамау т.б жатады.
Әкімшілік жаза: Әкімшілік ақы төлеу, Әкімшілік қамау (15 тәулік),көлік жүргізу құқығынан айыру, түзету жұмыстары (2 айға дейін). Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан, психологиялық белсендіргіш пайдаланғанда 14 жастан басталады. Құжат: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс.
5-оқушы: Қылмыстық құқықбұзушылық –(қылмыс) ҚК тыйым салынған қоғамға қауіпті іспен айналысу.Қылмыстық белгілер: Қоғамдық қауіп; Шындыққа қайшылық; Кінәлілік; Қылмыстық жазалаушылық. Тонау, ақша жинау, тартып алу, лаңкестік іс, ұрлық, кісі өлтіру, нашақорлық заттарды жасау, сақтау және сату... Толық қылмыстық жауап беру 16 жастан, кейбір іс-әрекет үшін 14 жастан басталады. Құжат: Қылмыстық Кодекс (ҚК)
6- оқушы: Бейнероликтер көрсетілімдегі іс-әрекет қандай құқықбұзушылық және оған қолданылатын жаза түрлерін айтуды ұсынамын. (Оқушылар пікірі тыңдалады)


Қортынды. Бұгінгі сабақта құқықтық сауаттылыққа қатысты ақпарат алдыныздар. Берілген тапсырмалар негізінде құқықтарымыз бен міндеттерімізді қайталап, еске түсірдік. Әрдайым осыны есте ұстап, біліп жүрсек ешқандай келеңсіз жағдайға кездеспейтіндігіміз анық. Сондай-ақ, құқықбұзушылық және оған қолданылатын жаза түрлері мен олардың қай құжатқа негізделетіндігін қарастырдық.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет