Қытуда функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі



бет1/3
Дата05.11.2022
өлшемі21 Kb.
#464045
  1   2   3
Функ сауаттылық


Биология сабағын оқытуда функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі.

Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет.


«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болар. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру.
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып табылады.
Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.
Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады.
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет