Қызылорда, 2011ж



бет8/39
Дата25.02.2016
өлшемі3.32 Mb.
#22178
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Сауат ашу және тіл дамыту», «Оқу және тіл дамыту», «Грамматика және тіл дамыту», «Байланыстырып сөйлеу». «Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары», «Ресми сөйлеу жұмысының әдістемесі», «Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс-қағаздарын жүргізу».

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.
2а.Пәннің атауы: Қызықты грамматика

Пререквизиттер: Грамматика. Қызықты грамматика пәнінде бастауыш сыныптарда грамматиканың бөліктерін түрлі ойындар арқылы өткізу. Атап айтсақ зат есімге байланысты, сын есім, сан есімге, етістікке байланысты ойын түрлерін пайдалану жолдарымен балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Постреквизиттер: Грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде қызықты грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма афикстер, дыбыстық алмасулар екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орындау тәртібі, интонация арқылы көрінеді.

Қызықты грамматика пәнінде бастауыш сыныптарда грамматиканың бөліктерін түрлі ойындар арқылы өткізу. Атап айтсақ зат есімге байланысты, сын есім, сан есімге, етістікке байланысты ойын түрлерін пайдалану жолдарымен балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Грамматикада тіл құрылысын, морфологиялық категориялар мен формалардан, синтаксистік категориялар мен конструкциялардан тұратын тіл жүйесін үйрету, тіл құрылысын меңгеруге машықтандыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.

2б.Пәннің атауы: Тіл дәлдігі мен сөйлеу мәдениеті

Пререквизиттер: Тіл білімі негіздері. Сөз өнері. Тіл білімі негіздері арқылы нақты тілдік дәлелдер, ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениетін қарастырады. Грамматикалық сөзді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем құрау нормаларын сақтау.

Постреквизиттер: Әдеби тілдің ауызша, жазуша нормаларын, екпінді дұрыс қою, сөз қолдану, грамматика, стилистика ережелерін сақтау, игеру, сондай-ақ сөйлеу мәдениеті жағдайында айтайын деген ойдың мақсаты мен мазмұнына сай келетін тілдің мәнерлеу тәсілдерін қолдана білу.

Сөз мәдениеті туралы ұғым. Орфоэпиялық норма (дұрыс айту, дыбысталу заңдылықтары, сөз сазы). Лексикалық норма (сөзді дұрыс таңдап, орнымен жұмсау). Грамматикалық сөзді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем құрау нормаларын сақтау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тілдің дәлдігі мен сөйлеу мәдениетін меңгеру барысында екпін, сөз қолдану, грамматика ерекшеліктерін меңгертуге үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.


3а.Пәннің атауы: Айналамен таныстыру

Пререквизиттер: Ботаника, зоология, анатомия, жалпы биология. Айналамен таныстыру пәнін оқытуда қолданылатын оқытудың формалары: сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстар. Айналамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық және көрнекілік.

Постреквизиттер: Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы, жасерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы, дүниетану негіздері, экология, педагогика.

Айналамен таныстыру пәнінің мақсаты мен міндеттері. Айналамен таныстыру пәнін оқытуда қолданылатын оқытудың формалары: сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстар. Айналамен таныстыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, практикалық және көрнекілік. Ойын және оның түрлері. Қоршаған орта және оны қорғау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Айналамен таныстыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Айналамен таныстыру» пәнін оқытудағы негізгі әдістер мен тәсілдер. Табиғатқа жүргізілетін бақылаулар.

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназаров А.

3б.Пәннің атауы: Бастауыш сыныпта табиғатқа жүргізілетін жұмыстары ұйымдастыру

Пререквизиттер: Ботаника, зоология, анатомия, жалпы биология. Тірі табиғаттың маусымдық өзгерістерге бейімделуі. Табиғатқа жүргізілетін топсаяхаттар және бақылау жұмыстары. Бақылау күнделігі. Бақылау күнделігіне анализ.

Постреквизиттер: «Дүниетану негіздері». Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы, экология, жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы, педагогика.

Жыл маусымдарына байланысты табиғатта жүретін өзгерістер. Тірі табиғаттың маусымдық өзгерістерге бейімделуі. Табиғатқа жүргізілетін топсаяхаттар және бақылау жұмыстары. Бақылау күнделігі. Бақылау күнделігіне анализ.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Табиғатқа жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен міндеттері, түрлері. Табиғатқа жүргізілетін бақылаулар. Бақылау күнделігімен жұмыс.

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназаров А.


4а.Пәннің атауы: Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Жазудың шығуы, анықтамасы. Алфавиттік жазу тарихы. Қазақ алфавиті. Бастауыш сынып оқушыларының графикалфқ-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың шығуы, анықтамасы. Алфавиттік жазу тарихы. Қазақ алфавиті. Бастауыш сынып оқушыларының графикалфқ-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. Жазу процесінде жаттығудың алатын орны, көлемі, мазмұны. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың анықтамасы. Қазіргі қазақ алфавиті. 1 сынып оқушыларының жазу дағдысы. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысы. Жазу дағдыларына машықтандыру

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

4б.Пәннің атауы: Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Каллиграфия. Әріптердің тіркесуі. Жазуға үйретудің кезеңдері. Бас әріптер, кіші әріптер. Қазіргі әріп элементтері. Бір вариантты және тұрақты әріптер. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар, бағалау. Дәптерге қойылатын талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар. Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


5а.Пәннің атауы: Логикалық есептер шығару әдістемесі

Пререквизиттер: Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер курсының теориясы мен технологиясын пайдалана отырып, логикалық есептер, бастауыш сыныптарда оқытылатын математика пәндерінен алған ұғымдарына негізделеді.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне логикалық есептердің түрлерімен танысуға және бастауыш мектеп математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді талдау және кеңейе түсу бағытындағы шығармашылық потенциалын көтеруге ықпал етеді.

Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін қажет болатын логикалық білімімен және дағдыларымен қалыптастыру.Практика жүзінде 1-4 сынып оқулықтарындағы шығармашылық есептерді талдау. Логикалық есептердің мән мағынасын ашу. Сиқырлы шаршыларды толтыру. Жұмбақ, өлең-жұмбақтарды шешу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Орындалуға міндетті болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығулар, сөз жұмбақтар, математикалық фокустар.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

5б.Пәннің атауы: Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пререквизиттер: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» және «Математиканың бастауыш курс негіздері» пәндерінен алған білімдерін өз бетімен тереңдете оқуға арналған пән.

Постреквизиттер: Мәтінді есептермен жұмыс жасауға үйрету, білім мен дағдыларын қалыптастыруға арналған мәтінді есептерді талдауды оны шығару жолдарын үйренеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ой-өрісін дамытып, шығармашылық потенциалын арттырады.

Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Есептің жаңа түрлерін, сондай-ақ есепті шығарудың жаңа тәсілдері, мәтінді есептердің түрлері. Арифметикалық және Алгебралық тәсілдер. Кері есеп және оны құрастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.


6а.Пәннің атауы: Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Пререквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды оқып-үйрену кезеңін жетілдіру. Әр түрлі материалдардан пән бойынша жасалынған дидактикалық материалдарды іске асыру. Әр түрлі материалдардан пән бойынша жасалынған дидактикалық материалдарды іске асыру. Көрнекілікте түр мен түс үйлесімін қолдану. Көрнекілікке субояу, қалам тущь, гуашь қолданып композициясын құру.

Постреквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды жасау, дайындық әдістемелігін сабақ барысында жүргізу, оны (өндіріске енгізу) сабаққа пайдалану. Әр түрлі насекомдарға арналған каропкалар жасау, плакат түрінде салу, сабаққа пайдалану.

Табиғи немесе пәндік көрнекі құралдар. Жасанды немесе бейнелеу көрнекі құралдар. Өсімдіктердің гербариін жасау. Дәндердің коллекцияларын жасау. Ылғалды және құрғақ преператтар жасау. Компас модельін жасау. Термометрдің модельдерін жасау. Муляждарды жасау. Аппликацияларды жасау. Кеспелер мен дидактикалық сызбанұсқаларды жасау әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дүниетану сабағындағы көрнекіліктерді жасау. Сабақ кезіндегі көрнекіліктердің әдістемелік мақсатын жетілдіру мақсаты көзделеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.

6б.Пәннің атауы: Табиғи материалдардан көркем композиция жасау

Пререквизиттер: Ермексазбен жұмыс. Фольгамен жұмыс. Бақша өнімдері тұқымынан композиция жасау. Жапырақтардан композиция жасау. Дәнді дақылдардың дәнінен ермексаз негізге батыру арқылы композиция жасау. Иілуі жиі бұталардан қыйали жануар құрастыру. Муляждарды жасау. Аппликацияларды табиғи материалдардан жасау.

Постреквизиттер: Табиғи материалдарды мақсатқа сай өңдеу технологиясы. Көркем композиция жасау заңдылықтары мен ережелері. Экибана жасау технологиясы. Ермексазды пайдаланып табиғи материалдарды үйлестіріп көркемдеу. Сабанмен жұмыс технологиясы. Балық қаңқасымен жұмыс технологиясы.

Кептірілген өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі т.б. элементтерін қатырма қағазға үйлестіріп желімдеу. Паспорту жасау. Дәнді дақылдардың дәнінен ермексаз негізге батыру арқылы композиция жасау. Иілуі жиі бұталардан қыйали жануар құрастыру. Муляждарды жасау. Аппликацияларды табиғи материалдардан жасау. Кеспелер мен дидактикалық сызбанұсқаларды табиғи м атериалдардан жасау әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Табиғат- суретші. Бионика. Композиция. Экибана. Жасау технологиясы. Сабанмен жұмыс технологиясы. Ермексазбен жұмыс технологиясы. Балық қаңқаларымен жұмыс. Жапырақтың көркем композиция жасау. Дизайн.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.


7а.Пәннің атауы: Қазақ тілінен көрнекілік жасау әдістемесі

Пререквизиттер: Қазақ тілінен көрнекіліктер жасау әдістемесі пәні бойынша жетістіктерге тоқталу көрнекіліктердің тақырып бойынша негізделген әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Бейнелік көрнекіліктерді пайдалану, кестелер қолдану. Кестелерді басқа да сюжеттерді проектор арқылы қабылдау. Акварель боюуы, бояу қаламды дидактикалық мақсаттарға пайдалану.

Постреквизиттер: Көрнекіліктер жасау кезінде белгілі жоспар бойынша өтілетін тақырыпты пысықтау мақсатында сабаққа көрнекіліктер жасау әдістемесі жолға қойылады.

Қазақ тілінен көрнекілік жасауда студенттерге көрнекілік принципі, ол туралы ғалымдар мен педагогтардың ой-пікірлері жайлы мағлұматтар бере отырып, көрнекілікті сабақта қолданудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту. Көрнекі құралдары сын тұрғысынан ойлауға, тіл дамытуға, әліппе оқулығына, ана тілі оқулығына, жазу үлгіге байланысты жасалып пайдалану және оны жасай білуге үйрету.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ тілінен көрнекіліктер жасау кезінде плакаттарға жазу шрифтерін қолдану. Тушьпен, маркермен жұмыс істеу тәсілі жетілдіріледі.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.

7б.Пәннің атауы: Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесі

Пререквизиттер: Ою-өрнек түрлерін салу негізінде әдістемелерді жетілдіру бояу түрлерін таңдау, қағаз түрлерін таңдау жұмысы пысықталады. Симметриялы және ассиметриялы оюлар композициясы ою-өрнек дизайны түстер үйлесімі және композициясы.

Постреквизиттер: Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесін жетілдіру негізінде түстерді іріктеу, бейнені анық өз кескінінде көрсету, мақсаты жолға қойылады.

Ою-өрнек және аппликацияның түрлері жөнінде жалпы түсінік. Ою-өрнекті қазақ тілінен дидактикалық материал дайындауға пайдаланудың жолдары. Мүйіз элементінен ою-өрнек жасау. Құс қанаты элементінен ою-өрнек жасау. Ою-өрнектерді шаршыда, төртбұрышта, шеңберде үйлестіріп сызу. Ою үлгілерін дайындау. Оюды, әріпті, сөзді және сөйлемдерді трафаретпен түсіру. Көрнекілікті бояуларды бүрку арқылы өңдеу. Көрнекілікті аппликация жасау арқылы өңдеу. Құрастырылатын көрнекіліктер жасау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Апликация өнерін жасау кезінде түсті қағаздарды пайдалану, қағазды суретке қарап желімдеу, бейнені өз нақышына келтіру мақсаты көзделеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.


8а.Пәннің атауы: Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Пререквизиттер: Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі пәні бойынша өтілетін тақырыптар бойынша көрнекіліктер жасау. «Уақыт және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Қосудың, азайтудың және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Көбейту, бөлу және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

Постреквизиттер: Математика пәні бойынша көрнекілік құралдарды жасау кезіндегі жетісвтіктерді пайдалану. 1) плакаттарға жасалынған бағдарлама бойынша көрнекіліктер жасау; 2) плакаттарды жазу кезіндегі әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Математика сабағында қолданылатын көрнекіліктер. «Ондық», «жүздік», «мыңдық», «көптаңбалы сандар» тақырыбын өткенде қолданылатын көрнекіліктер. «Ұзындық және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Масса және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Уақыт және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Қосудың, азайтудың және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Көбейту, бөлу және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «10, 100, 1000, 1000000 – амалдар қолдану» тақырыбына арналған көрнекілік-тер.«Жай есептер мен құрама есептер және оларды шешу» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Математикадан көрнекіліктерді жасау кезіндегі әдіс-тәсілдерді үйрену. Тущьпен, маркермен, гуашпен, акварель (бояуымен) жұмыс кезіндегі тәсілдерді меңгеру

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.

8б.Пәннің атауы: Ортогональ проекциясы арқылы қарапайым заттардың моделін жасау

Пререквизиттер: Сызу, еңбекке баулу. Фронталь, горизонталь және профиль проекцияларды оқу. Аксонометриялық проекцияларды оқу. Конустың жазбасын шелектің жазбасына айналдыру және шелек жасау. Цилиндрдің жазбасы арқылы су құйатын бөшке жасау. Фронталь,горизонталь проекциясы арқылы машинаның қарапайым моделін жасау.

Постреквизиттер: Ортогональ проекциялау тәсілдері. Фронталь, горизонталь және профиль проекцияларды сызу және оқу. Ортогональ проекцияларды пайдаланып қатырма қағаздан, пенопластан заттардың моделін жасау технологиясы Аксиометриялық проекция және жоба жасау.

Шаршының масштабты сызбасы бойынша қатырма қағаздан шаршы жасау. Алты шаршылардың үйлесімінен кубтың жазбасын жасау, жазбасы арқылы текше моделін жасау. Концентрлі шеңберлерден машина доңғалағын жасау. Конустың жазбасы арқылы шахмат фигураларын жасап көркемдеу. Конустың жазбасын шелектің жазбасына айналдыру және шелек жасау. Цилиндрдің жазбасы арқылы су құйатын бөшке жасау. Фронталь,горизонталь проекциясы арқылы машинаның қарапайым моделін жасау. Жоспары арқылы үйді жобалау. Геометриялық фигураларды акварель, гуашь бояуларымен өңдеу, сәндеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ортогональ проекция. Центрлік проекция. Перспектива. Заттық жазық моделдерін жасау. Көлемді модельдер жасау. Қарапайым жобалар жасау. Қиып жапсыру. Динамикалық модельдер жасау.

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.


Факультет «Музыка-педагогикалық»

Кафедра «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Мамандықтың шифрі мен атауы 5В010100 « Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Элективті пәндер каталогы

2011-2012 оқу жылы


1 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы


Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

БП

МТТА1203

А)Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Б) Ән және хор жүргізу әдістемесі



Сералиев А

3

2

3




ВР1208

а) Балалар психологиясы

б) Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық диагностикалау



Абуова М

4

2

4




ККТ1210

а) Қазіргі қазақ тілі

б) Қызықты грамматика




Ерназарова Г

4

1,2

7

КП

MDPT1304

А) Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Б) Педагогика тарихы



Керейбаева А

3

1

1 а.Пәннің атауы: Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Пререквизиттер: Мектептерде өтілген ән сабақтарында алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асырылады.

Постреквизиттер: Мектепке дейінгі мекемелерде музыка әліппесінің алғы шарттары үйретіледі. Балаларға арналған әндерді нотамен ойнай білуге үйрену. Музыка теориясының элементар теорияларын меңгеріп шығу. Нота жазуын оқи білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапқа саусақ қолымен, ойнау техникасын игеру.

Бағдарламаның жетекшілері: Сералиев А.

1 б.Пәннің атауы: Ән және хор жүргізу әдістемесі

Пререквизиттер: «Музыка теориясының негіздері», «Музыкалық аспап». Мектеп әндерін теориялық негізде талдау жасау. Нота сауатын меңгеру. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша суденттерге әндердің түрлі репертуарларын музыкалық талдау және сольфеджиолау бағытында қабілетін көтеруге негіздейді. Сүйемелдеу класы бойынша мектеп әндерін домбыра, баян, фортепиано аспаптарында сүйемелдеу қарастырылады.

Постреквизиттер: Музыкалық тәрбие теориясы, вокальды хор тәрбиесі бойынша алған білімдері басшылыққа алынып жүзеге асырылады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Әнді қосылып айта білу. Студенттердің нота сауатын арттырады. Ән және хор жүргізудің қыр-сырларын үйренеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Сералиев А.

2а.Пәннің атауы: Балалар психологиясы

Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Әлеуметтік психология» пәндерінде студенттерге баланың дамуының психикалық табиғатын терең ғылыми негізде ұғындыру, психикалық процестердің ерекшеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Балалар психологиясы пәні университет қабырғасында оқытылатын мектепке дейінгі педагогика, жас ерекшелік физиологиясы пәндерімен сабақтастығын табады. Олардың мектепте алған білімдерін, ой өрістерін, философиялық көзқарастарын, дүниетанымының дамуына осы пәндерден алған білімдер көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәнді оқытудың мақсаты – қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылымында адамдар қарым-қатынасының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше ізденуі мен кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру. Адамды іс-әрекет, таным қарым-қатынас субьектісі ретінде зерттеу үшін психологиялық білімдерді ғылыми негізде қолдана білуге дағдыландырады

Бағдарламаның жетекшілері: Керейбаева А.

2б.Пәннің атауы: Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық диагностикалау

Пререквизиттер: Жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология пәндерінде арнайы психологиялық зерттеу әдістері мен байқаулар негізінде болған теориялық білімдері мен тұлғаны практикалық тұрғыда меңгеру біліктілігі мен дағдысын бекітеді.

Постреквизиттер Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының ерекшеліктері, оларды диагностикалаудың маңызы қарастырылады. Жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйретеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық диагностикалау курсы баланың дамуының психикалық табиғатын терең ғылыми негізде ұғындырады, психиканың табиғатын түсіндіреді.

Бағдарламаның жетекшілері Керейбаева А.

3а.Пәннің атауы: Қазіргі қазақ тілі

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі» пәнін оқытуда студенттер мектепте өтілген фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис курстарынан алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Постреквизиттер: «Бастауыш сыпыпта қазіргі қазақ тілі» пәні университет қабырғасында оқытылатын психология, педагогика, математика, философия пәндерімен сабақтастығын табады. Олардың мектепте алған білімдерін, ой өрістерін, философиялық көзқарастарын, дүниетанымының дамуына осы пәндерден алған білімдер көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәнді оқытудың мақсаты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының суденттерін оқушыларды сауатты оқуға, жазуға үйретудің қазіргі әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. Бірінші сынып оқушыларының дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін ашу, оны игеру мүмкіндіктерін қалыптастыру; лексика бөлімін меңгерту, сөздік қор, сөздік құрам түрлерін игеруін қалыптастыру; Сөзжасам, морфология бөлімдерін оқытуда кіші жастағы мектеп оқушыларын практикалық түрде үйлестіре білуге үйрету; Бастауыш сынып оқушыларын сауатты сөйлем құрауға, оны практика барысында талдау жасай білуге қалыптастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Ерназарова Г.

3б.Пәннің атауы: Қызықты грамматика

Пререквизиттер: Грамматика. Қызықты грамматика пәнінде бастауыш сыныптарда грамматиканың бөліктерін түрлі ойындар арқылы өткізу. Атап айтсақ зат есімге байланысты, сын есім, сан есімге, етістікке байланысты ойын түрлерін пайдалану жолдарымен балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Постреквизиттер: Грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде қызықты грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма афикстер, дыбыстық алмасулар екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орындау тәртібі, интонация арқылы көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет