Қызылорда, 2011ж



бет35/39
Дата25.02.2016
өлшемі3.32 Mb.
#22178
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39



1а. Пәннің атауы: Сызу және сызба геометриясы
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы «Сызу» мен «Бейнелеу өнері» пәндерін толық меңгеру керек.
Постреквизиттер: Берілген курс болашақ «Технология» пән мұғалімдерінің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сызу және сызба геометриясы пәні инженерлік және эстетикалық білімнің негізін құрайды. Осы пәнді оқып, үйрену арқылы дененің көрінісін әртүрлі әдістермен бейнелеуге, көптеген геометриялық есептерді шешуге болады.

Игеруі тиіс: дененің көрінісін әртүрлі әдістермен бейнелеуге, геометриялық есептерді шешуге үйренеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Омаров Т.Ж.

1б. Пәннің атауы: Академиялық сурет
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы «Бейнелеу өнері» пәнін толық меңгеру керек.
Постреквизиттер: Берілген курс болашақ «Технология» пән мұғалімдерінің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Академиялық сурет» пәні эстетикалық білімнің негізін құрайды. Осы пәнді оқып, үйрену арқылы студенттерге өмір мен өнердегі әсемдігін эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы тани білуге көмектесу. Дүние жүзі мен ұлттық бейнелеу өнерінің мысалында көркемдік талғамын қалыптастыру болып табылады.

Игеруі тиіс: өмір мен өнердегі әсемдігін эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы тани білуге, дененің көрінісін бейнелеуге үйретеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Алайдарова А.

2а. Пәннің атауы: Салалық материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы
Пререквизиттер: «Салалық материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы» курсін толық меңгеру үшін студенттер «Тігін технологиясы», «Материалдарды өндеу технологиясы», «Композиция», профильды пәндерді толық меңгеру керек және Қазақстан Республикасының шаруашылық өндірісін түсіне білуі қажет.
Постреквизиттер: Берілген курс бойынша студенттер талшық түрлерін, құрылымын, қасиеттерін, олардан тоқыма және тоқыма емес материалдарын жасау жолдарын және конструкциялық материалдар: металл түрлерін, қорытпаларын, олардың қасиеттері жайында білімдерін жетілдіреді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша білім алатын студенттер бұйымдарды жасау барысында материалдар түрлерін тиімді қолдану, оның түрі мен түсін таңдау, мата таңдай білуді қалыптастыру, дамыту. Сала бойынша материалдарды пайдалану мақсатына қарай мата құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтау.

Игеруі тиіс: сала бойынша материалдарды таңдай білуді қалыптастыру, материалдардың құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтай отырып, жобалау барысында материалдарды таңдай білуге үйрету.
Бағдарламаның жетекшілері: Ералиева С. Ж.
2б. Пәннің атауы: Сала бойынша машиналар мен аппараттар
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін лекциялық және практикалық материалды толық меңгеруі үшін студент пәнге байланысты мектепте «Экономикалық география» пәні арқылы алған білімін жақсы меңгеруі және Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік салалары жайындағы түсінігі болуы қажет.
Постреквизиттер: «Салалар бойынша машиналар мен аппараттар» пәні бойынша алынатын білім Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік салаларын құрайтын Тамақ өнеркәсібінің, Жеңіл өнеркәсібінің тігін өндірісі саласының және ауылшаруашылығы салаларында қолданылатын машиналар мен аппараттар жайындағы теориялық білімдерін жан–жақты жетілдіру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Салалар бойынша машиналар мен аппараттар» пәнінің негізгі мақсаты – оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік салаларын құрайтын Жеңіл өнеркәсібінің тігін өндірістерінде, Тамақ өнеркәсібінің өндіріс салалары мен ауыл шаруашылығында қолданылатын машиналар мен аппараттар жайында болашақ кәсіптік оқытудың педагог маманы ретінде, студенттердің оқу бағдарламасына сәйкес теориялық-базалық білімдерін қалыптастыру, әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу тәрбие процестерінде қолдана білуге үйрету болып табылады.
Игеруі тиіс: Жеңіл өнеркәсібінің тігін өндірістерінде, Тамақ өнеркәсібінің өндіріс салалары мен ауыл шаруашылығында қолданылатын машиналар мен аппараттардың ерекшеліктерін білуі тиіс.
Бағдарламаның жетекшілері: Ералиева С. Ж.
3а. Пәннің атауы: Өндірістік оқыту негіздері
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін лекциялық және практикалық материалды толық меңгеруі үшін студент пәнге байланысты мектепте «Экономикалық география» пәні арқылы алған білімін жақсы меңгеруі және Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салаларының еліміздің экономикасында алатын орны жайындағы түсінігі болуы қажет.
Постреквизиттер: : «Өндірістік оқыту негіздері» пәні бойынша алынатын білім Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салалары жайындағы жан–жақты теориялық білімдерін жетілдіру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Өндірістік оқыту негіздері» пәнін «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша білім алатын болашақ кәсіптік оқыту мен еңбек технологиясын оқытушы – мамандарға оқытудың маңызы зор. Студенттерге «Өндірістік оқыту негіздері» бөлімін оқып үйрету барысында өтілетін лекциялық, практикалық сабақтар мен курс бағдарламасына сәйкес тақырып бойынша студенттің өзіндік жұмыстарды атқаруы, олардың бойында республикасы шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салалары жайындағы жан–жақты теориялық білімдерін қалыптастырып, әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу–тәрбие процестерінде қолдана білуге үйретеді.
Игеруі тиіс: студенттердің республика шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салалары бойынша білімдерін қалыптастыру.
Бағдарламаның жетекшілері: Тажиева З.Д.
3б. Пәннің атауы: Өндіріс технологиясы
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін лекциялық және практикалық материалды толық меңгеруі үшін студент пәнге байланысты мектепте «Экономикалық география», «Технология» пәндер арқылы алған білімін жақсы меңгеруі және Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салаларының еліміздің экономикасында алатын орны жайындағы түсінігі болуы қажет.
Постреквизиттер: Өндіріс технологиясы пәні бойынша алынатын білім Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік және өндіріс технологиялары жайындағы жан–жақты теориялық білімдерін жетілдіру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Өндіріс технологиясы пәнін «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша білім алатын болашақ кәсіптік оқыту мен еңбек технологиясын оқытушы – мамандарға оқытудың маңызы зор. Студенттерге Өндіріс технологиясы бөлімін оқып үйрету барысында өтілетін лекциялық, практикалық сабақтар мен курс бағдарламасына сәйкес тақырып бойынша студенттің өзіндік жұмыстарды атқаруы, олардың бойында республикасы шаруашылығының өндірістік және өндіріс технологиялары жан–жақты теориялық білімдерін қалыптастырып, әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу–тәрбие процестерінде қолдана білуге үйретеді.

Игеруі тиіс: студенттер өндіріс технологиялары түрлерін, олардың ерекшеліктерін менгеріп жалпы білім беретін мекемелердің оқу–тәрбие процестерінде қолдана білуге үйрету.
Бағдарламаның жетекшілері: Ералиева С.Ж
4а. Пәннің атауы: Материалдарды өндеу технологиясы
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін университет курсындағы «Тігін технологиясы», «Салалық материалтану», профильды пәндерді толық меңгеру керек.

Постреквизиттер: Жалпы киім топтары мен тұтыну бұйымдарын дайындау барысында қолданылатын-өңдеу әдістерін, қол және машина тігістерінің түрлерін киім бөлшектерінің өңдеуін зерттеу.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәнді оқыту мақсаты – болашақ «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» мамандарын киім, тұрмыстық бұйымдарды дайындау үшін оларды қолдану ерекшеліктеріне, түріне байланысты мата таңдай білуді қалыптастыру, дамыту. Бұйымды пайдалану мақсатына қарай мата құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтау.

Міндеті: Тігін бұйымдарының материалтануы курсы арқылы болашақ мамандардың киім түріне байланысты мата таңдай білуді қалыптастыру, дамыту арқылы мата құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтай отырып киімді жобалау барысында мата таңдай білуге үйрету.


Игеруі тиіс: студенттер мата таңдай білуді қалыптастыру, дамыту арқылы мата құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтай білуді үйрету.
Бағдарламаның жетекшілері: Қорғанбекова Р.Т.
4б. Пәннің атауы: Тоқыма маталарды көркемдеп өңдеу
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін практикалық материалдарды толық меңгеру үшін студент пәнге байланысты мектепте алған білімін жақсы меңгерген және тігінге арналған жабдықтарды біліу қажет.
Постреквизиттер: «Тоқыма маталарды көркемдеп өңдеу » пәні бойынша алынған білім тоқыма матамен жұмыс істеу, мата түрлерін, негізгі және майда бөлшектерді өндеу, олардың бір бірімен қосылыуының толық игеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Тоқыма маталарды көркемдеп өңдеу » пәнді оқу барысында «Өндірістік дизайнның элементтері мен үрдестері» , «Дизайн нысандарын құрастыру», «Сурет» «Композиция» және т.б. пәндердін тығыз байланыста болады.
Игеруі тиіс: студенттер тоқыма матамен жұмыс істеу, мата түрлерін, негізгі және майда бөлшектерді өндеу, олардың бір бірімен қосылыуының толық игеруі тиіс.
Бағдарламаның жетекшілері: Корганбекова Р.Т.


Элективті пәндер

(таңдау бойынша)

ПО-11-5 оқу тобы - «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша


1 курс



Циклы

ТК№

Пәндердің атауы

Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр

1

БП

КV

1205


а) Сызу және сызба геометриясы

б) Академиялық сурет





Омаров Т. Ж.

Алайдарова А.



3

2

2

БП

КV

1208


а) Салалық материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы

б) Сала бойынша машиналар мен аппараттар



Ералиева С. Ж.

Ералиева С. Ж.



3

1

3

БП

КV 1210

а) Ақпараттық жүйелер және мәліметтердің базасы

б) Ақпараттық технологиялар



Жүсіпбек Б.К.
Алибаева Н.

2

2

4

БП

КV 1213

а) Программалау
б) Программалау тілдері және технологиясы

Альменаева Р.
Жүсіпбек Б.К.

3

2























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет