Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»



жүктеу 41.82 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі41.82 Kb.
Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласының

бас жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Байқоңыр қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облыстық мәслихаты және Байқоңыр қаласының әкімшілігі мақұлдаған Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының

бас жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



р/р

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қызылорда облысының әкімдігі

2

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңының 19-бабына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржылық шығындар

Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді қажет етеді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Қаланың 25-30 жылдарға арналған стратегиялық даму бағыты айқындалады, оның келешектегі тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі. Халықтың қолайлы өмір сүру жағдайы қаладағы көше-жол торабы мен инженерлік инфрақұрылымдарды (ауыз су, электр энергия, газ, жылу, кәріз жүйелері, байланыс желісі), сондай-ақ тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, өндірістік объектілерді кешенді түрде дамыту арқылы жақсартылады

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Лининск қаласының және әкімшілік бағыныстағы Төретам жұмыс ауылының шекарасын белгілеу туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1987 жылғы 26 тамыздағы №2442-XI Жарлығы

7

Заңнаманы кейін жобамен сәйкес келтіру қажеттілігі

Қажеттілік жоқ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажеттілік жоқ

9

Өзге де мәліметтер

«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің жанындағы эксперттік комиссиясымен 2015 жылғы 21 желтоқсанында берілген кешенді қала құрылысы сараптамасы

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қызылорда облысы әкімдігінің е-kyzylorda.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органның интернет-порталында орналастырылды

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)

Жоқ

                            

Қызылорда облысының

әкімі

Қ.Көшербаев


2016 жылғы «___» ____________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет