Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы «21» мамырдағы №590 қаулысымен



Дата20.06.2016
өлшемі237.35 Kb.
#149438


Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы «21» мамырдағы № 590 қаулысымен

бекітілген

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. Қызмет берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушіде немесе Орталықта:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім (бұдан әрі - шешім);

2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;

Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығында (бұдан әрі - ЗТМО):

1) көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

2) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу (бұдан әрі - өтемақы төлеу).

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен

көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге не Орталыққа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтініш (өтініштер) ұсынуы.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркелу және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4) орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияның қарауына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);

5) арнайы комиссия құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға өтемақының төлену (төленбеу) фактісін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды, құжаттарды және арнайы комиссияның шешімін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (тоғыз жұмыс күні ішінде);

6) орындаушы шешімді көрсетілетін қызметті алушыға береді және арнайы комиссия шешімінің негізінде тізім жасайды, құжаттарды және арнайы комиссияның шешімін ЗТМО-ның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

7) ЗТМО қызметкері құжаттарды тіркейді, өтемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды және өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне) (бұдан әрі – уәкілетті орган)) жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

8) уәкілетті орган қызметкері құжаттарды тіркейді, өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және құжаттарды ЗТМО-ға жолдайды (бес жұмыс күні ішінде);

9) ЗТМО қызметкері қабылданған құжаттар мен шешімінің негізінде өтемақы төлеуді жүргізеді.
Куәлікті немесе оның телнұсқасын беру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4) орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияның қарауына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);

5) арнайы комиссия құжаттарды қарайды, куәлік дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

6) орындаушы куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен

көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) орындаушы;

4) арнайы комиссия;

5) ЗТМО қызметкері;

6) уәкілетті орган қызметкері.

8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.

9. Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)

өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), өтінішті берген күні және уақыты көрсетілген қолхат береді немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

Орталық қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6) орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияның қарауына құжаттарды ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);

7) арнайы комиссия құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға өтемақының төлену (төленбеу) фактісін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды, құжаттарды және арнайы комиссияның шешімін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (тоғыз жұмыс күні ішінде);

8) орындаушы қабылданған шешімді тіркейді және көшірмесін Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9) Орталық қызметкері шешімнің көшірмесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).


Куәлікті немесе оның телнұсқасын беру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғандығы туралы құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), өтінішті берген күні және уақыты көрсетілген қолхат береді немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

Орталық қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6) орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияның қарауына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);

7) арнайы комиссия құжаттарды қарайды, куәлік дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

8) орындаушы куәлікті тіркейді және Орталыққа жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);

9) Орталық қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
11. Көрсетілетін қызметті беруші мен Орталық басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

13. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефондарының нөмірі: 8 (7242) 274165, бірыңғай байланыс орталығы (1414).


«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:


1

Iс- әрекеттердің (барысы,
жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8


2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Орындаушы

Арнайы комиссия

Орындаушы

ЗТМО қызметкері

Уәкілетті орган қызметкері

ЗТМО қызметкері

3

Iс-әрекеттердің (үдерiстiң,
рәсiмнiң, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға талон береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, өтемақының төлену (төленбеу) фактісін тексереді, шешім қабылдайды

шешімнің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, тізім жасайды

құжаттарды қарайды, өтемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды

құжаттарды тіркейді, өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды

өтемақы төлеуді жүргізеді

4

Аяқталу нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

орындаушыға жолдайды

құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады

құжаттарды, шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

құжаттар мен шешімді ЗТМО-ға жолдайды

уәкілетті органға жолдайды

құжаттарды ЗТМО-ға жолдайды

5

Орындалу мерзiмi

15 минуттан аспайды


15 минуттан аспайды


2 жұмыс күні ішінде

9 жұмыс күні ішінде

2 жұмыс күні ішінде

2 жұмыс күні ішінде

5 жұмыс күні

ішінде





Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге куәлік немесе оның телнұсқасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:


1

Iс- әрекеттердің (барысы,
жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Орындаушы

Арнайы комиссия


Орындаушы

3

Iс-әрекеттердің (үдерiстiң,
рәсiмнiң, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға талон береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, куәлік дайындайды

куәлікті тіркейді

4

Аяқталу нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

орындаушыға жолдайды

құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады

көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзiмi

15 минуттан

аспайды



15 минуттан

аспайды


1 жұмыс күні ішінде

2 жұмыс күні ішінде

15 минуттан

аспайды



Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:


1

Iс- әрекеттердің (барысы,
жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Орталық қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Орындаушы

Арнайы комиссия

Орындаушы

Орталық қызметкері

3

Iс-әрекеттердің (үдерiстiң,
рәсiмнiң, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды

құжаттарды тіркейді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, өтемақының төлену (төленбеу) фактісін тексереді, шешім қабылдайды

шешімді тіркейді

шешімнің көшірмесін тіркейді

4

Аяқталу нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғандығы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

орындаушыға жолдайды

құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады

құжаттар мен шешімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

шешімнің көшірмесін Орталыққа жолдайды

шешімнің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзiмi

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

15 минуттан аспайды

2 жұмыс күні ішінде

9 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа куәлік немесе оның телнұсқасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:


1

Iс- әрекеттердің (барысы,
жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Орталық қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Орындаушы

Арнайы комиссия

Орындаушы

Орталық қызметкері

3

Iс-әрекеттердің (үдерiстiң,
рәсiмнiң, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы

құжаттарды тіркейді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды

құжаттарды тіркейді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, куәлік дайындайды

куәлікті тіркейді

куәлікті тіркейді

4

Аяқталу нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғандығы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

орындаушыға жолдайды

құжаттарды арнайы комиссияның қарауына ұсынады

көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

Орталыққа жолдайды

куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзiмi

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

2 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды


«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік

ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

1-қосымша
Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:



Көрсетілетін

қызметті алушы:

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға талон беру және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)



Орындаушы:

құжаттарды қарау

және арнайы комиссияның

қарауына ұсыну

(2 жұмыс күні ішінде)













Орындаушы:

шешімнің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беру, тізім жасау және құжаттарды, шешімді ЗТМО-ға жіберу

(2 жұмыс күні ішінде)




Уәкілетті орган қызметкері:

құжаттарды қарау, өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдау және құжаттарды ЗТМО-ға жолдау

(5 жұмыс күні ішінде)


ЗТМО қызметкері:

өтемақы төлеуді жүргізу

ЗТМО қызметкері:

құжаттарды қарау, өтемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындау және уәкілетті органға жолдау

(2 жұмыс күні ішінде)





Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге куәлік немесе оның телнұсқасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:


Көрсетілетін

қызметті алушы:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсыну



Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері: құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға талон беру және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)










Орындаушы:

құжаттарды қарау, құжаттарды арнайы комиссияның

қарауына ұсыну

(1 жұмыс күні ішінде)








Орындаушы:

куәлікті тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)


Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:



Көрсетілетін

қызметті алушы:

Орталыққа

құжаттарды ұсыну



Орталық қызметкері: құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғандығы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру

(15 минуттан аспайды)



Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге

қайта жолдау

(1 жұмыс күні ішінде)




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)









Орындаушы:

құжаттарды қарау

және құжаттарды арнайы комиссияның

қарауына ұсыну

(2 жұмыс күні ішінде)









Орталық қызметкері:

шешімнің көшірмесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)

Орындаушы:

шешімді тіркеу және көшірмесін Орталыққа жолдау

(1 жұмыс күні ішінде)


Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа куәлік немесе оның телнұсқасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде:



Көрсетілетін

қызметті алушы:

Орталыққа

құжаттарды ұсыну



Орталық қызметкері: құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғандығы не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру

(15 минуттан аспайды)



Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге

қайта жолдау

(1 жұмыс күні ішінде)




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)









Орындаушы:

құжаттарды қарау

және арнайы комиссияның

қарауына ұсыну

(1 жұмыс күні ішінде)








Орталық қызметкері:

куәлікті тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)

Орындаушы:

куәлікті тіркеу және Орталыққа жолдау

(15 минуттан аспайды)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет