Қызылорда облысының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Қызылорда қаласы, 2003 жыл Мазмұны



бет3/6
Дата04.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#176193
1   2   3   4   5   6


4.1.1. Экономикалық әлеует бойынша

Экономикалық даму әлеуеті жоғары топқа бір де бір АЕМ кірген жоқ.

Экономикалық даму әлеуеті орта 196 АЕМ (71,5 пайыз). Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласы маңындағы даму әлеуеті орта елді мекендер 80 пайыздан жоғары.

Экономикалық даму әлеуеті төмен 78 АЕМ (28,5 пайыз). Осындай елді мекендердің басқаларға қарағанда көбірегі Арал ауданында (47,4 пайыз), Қазалы ауданында (33,3 пайыз) және Қармақшы ауданында (50 пайыз).


4.1.2. Инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша

Жүргізілген жіктеу бойынша 74 АЕМ немесе 27 пайызы инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейінің жоғары тобына, 132 АЕМ немесе 48,2 пайызы - орта деңгейіне және 68 АЕМ немесе 24,8 пайызы даму деңгейі төмен топқа жатқызылды.





4.1.3. Әлеуметтік даму деңгейі бойынша

АЕМ-дің көпшілік бөлігі – 274-нің 169-ы немесе 61,7 пайызы – жіктеу нәтижесінде әлеуметтік даму деңгейі орташа топқа жатқызылды. Жоғарғы топқа жатқызылған 13 АЕМ жалпы АЕМ-дер санының 4,7 пайызын құрайды, әлеуметтік даму деңгейгі нашар топқа облыстың 92 АЕМ-і немесе 33,6 пайызы жатады.




Әлеуметтік дамудың жоғары деңгейімен Сырдария ауданының АЕМ-дері сипатталады - 33,3 пайыз. Әлеуметтік дамудың орташа деңгейі облыстың көпшілік АЕМ-ң үлесінде.

Әлеуметтік дамудың төменгі деңгейі Қазалы ауданының АЕМ-де – 56,1 пайыз, Қармақшы ауданында – 50,0 пайыз.


4.1.4. Экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша

Экологиялық жағдайы ерекше қолайсыз топқа судың құрамындағы минералды тұздың 3 гр/л-ден көбірек және жері өте күшті сорланған 5 АЕМ (1,8 пайыз) кірді. Бұл Қазалы ауданындағы елді мекендер.

Облыстың қалған АЕМ-дері нормадан ауытқымайтын қалыпты экологиялық жағдайдағы топқа кірді.

Облыстағы АЕМ-ң 43 пайызы ең төменгі жол берілетін деңгейден жоғары экологиялық көрсеткіштері бар, бірақ сол аумақта өмір суруге болатын топқа кірді, 274 елді мекеннің барлығында радиация деңгейі мүмкін нормаға сай, ал ауылдық елді мекендердің 24-де жердің тұздануы орта деңгейде, ал 250-де - аз тұзданған.



4.2. АЕМ-ді әлеуметтік-экономикалық дамудың жиынтық көрсеткіші бойынша жіктеу.

Жалпы тұрғыны 360359 адам болатын облыстың барлық 274 АЕМ бойынша жіктеу жүргізілді. Жүргізілген жіктеу қортындысында 6 АЕМ (2,2 пайыз) даму әлеуеті жоғары топқа жатқызылды – 11871 адам, 154 АЕМ (56,2 пайыз) даму әлеуеті орта топқа – 320831 адам, 103 АЕМ (37,6 пайыз) даму әлеуеті төмен топқа – 24054 адам, 5 АЕМ (1,8 пайыз) дамуы әлеуеті жоқ топқа жатқызылды – 3494 адам.

Сонымен қатар 4 топқа (даму әлеуеті жоқ) жатқызылған екі елді мекенде 3155 адам тұратынын, барлық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар (мектеп, аурухана, пошта және т.б.) шоғырланғанын және бірінші кезеңде ауыз судың сапасын жақсарту шаралары қарастырылып, АЕМ-дің мониторинг қортындысымен осы елді мекендер әлеуеті бар елді мекендер қатарына жатқызылатын болады.

Қызылорда облысының АЕМ-ін жиынтық балл бойынша топтастыру



4.2.1. Даму әлеуеті жоғары АЕМ-дер

Барлық өлшемдер бойынша жиынтық балы 70-тен жоғары 6 АЕМ даму әлеуеті жоғары топқа жатқызылды. Бұл Қазалы ауданының Жалаңтөс батыр елді мекені, Жалағаш ауданының Ақарық, Еңбек, Мәдениет, Таң, Аққұм елді мекендері.


4.2.2. Даму әлеуеті орташа АЕМ-дер
Барлық өлшемдердің жиынтық балы 35-тен 69-ға дейін АЕМ даму әлеуеті орта топқа жатқызылды. Бұл топ АЕМ-дің саны жағынана ең үлкен топ. Облыс бойынша барлық АЕМ санынан бұл топтағы елді мекендердің үлес салмағы 56,2 пайызын құрайды.
4.2.3. Даму әлеуеті төмен АЕМ-дер
Барлық өлшемдердің жиынтық балы 1-ден 34 дейін АЕМ даму әлеуеті төмен санатқа жатқызылды. Даму әлеуеті төмен АЕМ-дің салыстырмалы алғанда көбірегі Арал мен Қазалы аудандарында орналасқан. Бұл топтағы АЕМ - дің үлес салмағы Арал ауданында 68,4 пайызын құрайды.
4.2.4. Ерекше қолайсыз экологиялық жағдайлы АЕМ-дер

Ерекше экологиялық қолайсыз жағдайдағы бұл топқа 5 АЕМ кірді. Олар Қазалы ауданының елді мекендері. Бұл елді мекендерді 4-топқа жатқызу себебі – ауыз су сапасы нашар болып отыр, яғни 1 литр ауыз судағы минералды тұздардың мөлшері 3 граммнан асады.




5. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу шаралары.
5.1. Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі

Бағдарламаның міндеттері мен мақсаттарына сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына инвестиция тартуға келесі негізгі басымдықтар алынды: инженерлік инфрақұрылымдар (сумен қамтамасыз ету) мен әлеуметтік нысандардың (білім беру, денсаулық сақтау) құрылысы мен күрделі жөндеуін қаржыландыру, кәсіпкерлікті дамыту.

2004-2006 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз етудің даму инвестициялық бағдарламаларын республикалық бюджеттен жүзеге асыру жоспарлануда.

2004-2006 жылдары жергілікті бюджет қаржысынан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің нысандарының және тұрғын үй құрылысын негізінен даму әлеуеті орта АЕМ-де қаралған.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, мемлекеттік қолдау есебінен экономикалық аясын кеңейту даму әлеуеті орта АЕМ - ге қарастырылған.

Даму әлеуеті төмен елді мекендер тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында ауыз сумен қамтамасыз етілуін, ауыл жолдарын жөндеу және қайта салу, табиғи қорғау шараларын жүргізу қаралған.


5.2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және экономикалық қызмет аясының кеңеюі, қаржыландыру көзі мен көлемі.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімін – экономикалық пайдалы дақылдардың өнімділігін арттыру және егіс көлемін ұлғайту арқылы кеңейту жоспарлануда. Облыста арнаулы жер қоры бар, оның көлемі 1557,8 мың га, оның ішінде 4,6 мың га шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру үшін берілген жерлер.

АЕМ-дің мал жайылымы мен шабындығы үшін жер көлемін ұлғайту үшін 508,2 мың га бөлінген. Болашақта акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары негізгі иелері жеке жерді пайдаланушылар болып табылады. 2005 жылдың аяғында шаруа (фермерлік) шаруашылықтар саны – 2300-ге, заңды тұлғалар – 250-ге жетеді.

Ауыл шаруашылық маңызы бар 45,0 мың га бұрын егіс егілген жерлерді, оның ішінде 45,0 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу арқылы егістікті ұлғайту жоспарланған. Суармалы жерлерде қысқа ротациялы ауыспалы егіс игерілетін болады, көп жылдық шөптің егіс көлемі 50 пайызға артады, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жер құнарлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, жалпы өнімін ұлғайту үшін тұқым шаруашылығы жүйесін - репродукторларды қалпына келтіру шаралары қолданылатын болады. Облыста 3 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істейді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне жоғарғы репродукциялы тұқым өндіріп, сатумен айналысады. Жоғарғы репродукциялы күріш, күздік және жаздық бидай, көп жылғы шөптердің тұқымымен қамтамасыз ету үшін облыста 6 арнаулы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және оның жүйесін ұлғайту белгіленді.

1998 жылдан бастап облыста барлық мал түрі мен құс санының тұрақталуы байқалды. Малды асылдандыру, гендік қорын қалпына келтіру мен сақтауға бағытталған малды асылдандыруды мемлекеттік қолдаудың негізгі формалары субсидиялау шаралары болады. Асыл тұқымды өнімдермен, өзіндік құнын 40 пайызға дейін арзандатылған асыл тұқымды бұқаның ұрығымен, өзіндік құнын 30 пайызға дейін арзандатылған барлық мал түрінің асыл тұқымды төлімен және өзіндік құнын 55 пайызға дейін арзандатылған тұқымдық жұмыртқамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Аймақтағы шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді машина-технологиялық стансасының (МТС) қызметімен толық қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тарту және лизингілік негізде техникамен жабдықтау есебінен 2005 жылғы олардың санын 9 бірлікке көбейту жоспарланған. 2 жерде “Мемлекеттік МТС құру” пилоттық жобасы әзірленуде.

Жаңа нысандарды іске қосу есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі ұлғайтылады, қант қызылшасы, майлы дақылдар дәні өңделеді. Облыста күріш дақылы толық 100 пайыз өңдеу мекемелерде өңделетін болады. 9 шағын сүт зауыттары мен ет, көкөніс консервісі шығаратын цехтардың өндірісі бойынша қуатталықтарына сәйкес жүктемесін ұлғайту белгіленген.

Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 тонналық жаңа сүт зауытының құрылысы басталды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен сатуды тұтыну кооперациясының материалдық-техникалық базасын, 4 арнаулы көкөніс сақтайтын, көлемі 3 мың шаршы метр 5 жалпы тауар қоймасының бөлмелерін, 1 өңдеу кәсіпорнын, 54 сауда нүктелерін, 10 қоғамдық тамақтану пункттерін, 4 салқындату қондырғыларын пайдаланып іске асыру белгіленген.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың аясын кеңейтудің негізгі шаралары мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылатын шаралар болады.

Жергілікті бюджет қаржысы есебінен малдәрігерлік шаралар, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерімен күрес, асыл тұқымды мал шаруашылығын, егін шаруашылығында тұқымдық репродукторларды қолдау көрсетіледі.

Агроөнеркәсіп секторының дамуы мен ауылшаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың жалпы көлемі жергілікті бюджеттен 2004-2006 жылдары 300,5 млн. теңгені құрайды.

Әрбір ауыл округінде шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың өндірген өнімдерін ыңғайлы бағаға сатып алудың жүйесін құру шаралары қарастырылады.
5.3. Инженерлік құрылымдарды дамыту, көлемдері мен қаржыландыру көздері

5.3.1. Сумен қамту

2004-2006 жылдары ауыл түрғындарын сапалы ауыз сумен қажетті және кепілді көлемде қамтамасыз ету үшін төмендегі шаралар қаралады.

Республикалық бюджет есебінен:


  • Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының ІҮ және Ү кезеңінің құрылысы;

  • Арал ауданының Қаратерең елді мекенінде су тазалайтын қондырғы салу;

  • Жосалы кентінде су құбырының ІІ кезеңінің құрылысы;

  • Қармақшы ауданының Төретам және Шиелі ауданының Шиелі кенттерінде су тарату желісін салу және қайта жаңғырту.

  • Октябрь топтық су құбыры құрылысы (Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал, Ақтөбе елді мекендері);

  • Жалағаш кентінде су құбырын кеңейту;

  • Жаңақорған кентінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту;

  • Жиделі топтық су құбырын салу және қайта жаңғырту;

Жергілікті бюджет есебінен:




  • 58 ауылдық елді мекенде су жүйелерін жақсарту жөніндегі шаралар;

  • 31 елді мекенде жергілікті су құбырларын салу мен қайта жаңғырту;

  • жаңа шахталық құдықтар қазу;

  • Қазалы ауданының Бозгөл және Майдакөл елді мекендерінде су тұшыту қондырғыларын салу;

Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2004-2006 жылдары республикалық бюджет есебінен барлығы 4241,7 млн. теңге, ал жергілікті бюджет есебінен – 364,5 млн. теңге қаралады.
5.3.2. Электрлендіру

Электрмен қамтамасыз ету сызбаларын одан әрі дамыту және ауылды үздіксіз жарықпен қамтамасыз ету үшін 110,1 км ВЛ – 0,4 кВ жүйелерін қайта құру қарастырылады. Осы мақсатта «КРЭК» ААҚ-ы 2004-2006 жылдарға 85,1 млн. теңге қарастырады.


5.3.3. Ауылдық жолдар

Ауылдық автокөлік жолдарының дамуы жергілікті маңыздағы жолдарды дамыту бағдарламасының іске асырылуына сәйкес жүргізіледі. Осы бағдарламаға сәйкес жергілікті жолдарды күрделі және орташа жөндеу, қалпында ұстау және көгалдандыру жұмыстары белгіленген.

Осы шараларды іске асыру үшін жергілікті бюджет есебінен 2004-2006 жылдары 490,4 млн. теңге қаралады. Оның ішінде 2004 жылы жергілікті маңыздағы жолдарды күрделі жөңдеуге 100,0 млн. теңге қаралады.
5.3.4. Байланыс, телефондандыру.

Пошталық байланыстың өркендеуі.

«Қазпошта» ААҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы облыс аумағында пошталық қызмет көрсету аясында жалғыз ғана қоғам болып отыр. 94 пошталық байланыс бөлімшесі өз жүйелері арқылы заңды тұлғалар мен кең көлемде тұрғындарға қызметін ұсыну арқылы филиалдың пошталық байланысы үлкен әлеуметтік жүктеме алып отыр. Ауыл халқына пошта байланысының қызмет көрсетілуін жақсарту үшін барлық ауылдық пошта бөлімшелерін компьютерлік техникамен және телефон байланысымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Қазпошта» ААҚ даму жоспарына сәйкес жарғылық қорын 2237,6 млн. теңгеге ұлғайтуға жұмыс жүргізеді, «Қазпошта» ААҚ қаржылары аудандық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Телефондандыру

Облыста 2004-2010 жылдарды телефон байланысын қалпына келтіру мен дамыту және олардың техникалық шешуді таңдау мақсатында төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылады.

елді мекендерде радиодоступты (WLL) өндіріске енгізу және радиоұзартқыш сымсыз телефон байланысы проблемаларын шешу.

Жаңа коммуникациялық жүйелер құрылысын және өзіндегі бар құралдарды жаңғырту, оның ішінде аналогты АТС-ты сандық АТС-ке ауыстыру, шалғайдағы елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету, спутниктік жүйелі қондырғысымен “ДАМА” станция аралық байланысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету “Қазақтелеком” ААҚ есебінен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарға ұлттық байланыс операторы үш жылдың ішінде 118,6 млн. теңге көлемінде инвестиция енгізеді.
5.3.5. Газдандыру

АЕМ-ді газбен кідіріссіз қамтамасыз ету үшін газ балондарын ауыстыратын 25 пункт ашу қаралған, оның ішінде:

Арал ауданы – 4 АЕМ-е;

Қазалы ауданы – 4 АЕМ-е;

Қармақшы ауданы – 3 АЕМ-е;

Жалағаш ауданы – 3 АЕМ-е;

Сырдария ауданы – 3 АЕМ-е;

Шиелі ауданында – 4 АЕМ-е;

Жаңақорған ауданында – 4 АЕМ-е.

Барлығы 128 елді мекенде газ баллондарымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

2010 жылы сұйытылған газ сату көлемін 64,6 пайыз арттыру көзделуде.

АЕМ тұрғындары үшін 1 кг сұйытылған газдың бағасын 50 теңгеден 45 теңгеге арзандату қарастырылады. Газбен қамтамасыз ету шараларын іске асыру мақсатында алдағы үш жылда “Тұрангаз” ЖШС-і 561,2 млн. теңге қаражат салуды көздеп отыр.


5.3.6. Телерадиохабарландыру

2004 жылы теледидар және радиохабарландырумен қамтамсыз етілмеген елді мекендерді есепке алып, түгендеу жұмыстары жүргізіледі, осы елді мекендерді телерадиохабарландыруға қол жеткізу үшін Қазақтелерадиокомпаниясымен бірлесіп жұмыс жасалады.




5.4 Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

5.4.1. Білім беру

5-6 жастағы балалар үшін мектеп алдындағы дайындықты іске асыру үшін білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындық класстарын ашуға қаржы қарастырылады.

Колледждер мен кәсіби мектептерді компьютерлік техникамен және спорттық мүліктермен жабдықтауға шаралары қаралады.

Ауылдағы білім беру ұйымдарын телекоммуникация жүйелері мен Интернет арқылы Қазақстанның бірыңғай білім беру жүйесіне қосу жұмыстары жалғастырылады.

Ауыл мектептерінің материалдық базасын нығайту үшін жиһаз, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар, жаңа әдістемелік әдебиеттер алу үшін қаржылар қарастырылуда. Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру мақсатында барлық жалпы білім беру мекемелеріне жер учаскелері беріледі.

Бағдарламада ауыл мектебінде жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

Күрделі жөндеуге жататын мектеп ғимараттарының тізіміне сәйкес жыл сайын барлық жалпы білім беретін нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2004-2006 жылдары 50 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2004-2006 жылдарға жергілікті бюджет қаржысынан жазғы демалыс лагерінің құрылысын салу қаралды. Білім беру саласының басымды бағыттарына сәйкес республикалық бюджет есебінен 44 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Ауылдағы білім беруді дамыту үшін мынадай шаралар жоспарлануда:

республикалық бюджет есебінен ауыл мектептерінің құрылыстарын жүргізуге 7306,4 млн. теңге;

жергілікті бюджет есебінен жазғы лагерлер құрылысына 94,2 млн. теңге;

ауыл мектептерінің кітапхана қорларын жаңарту үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқулықтар алу және оларды жеткізуге 175,7 млн. теңге қарастырылатын болады;

білім беру ұйымдарында күрделі жөндеуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 263,6 млн. теңге;

2004-2006 жылдары ауыл аумақтарындағы жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 145,7 млн. теңге қаржы қаралып отыр.




5.4.2. Денсаулық сақтау

Ауыл аумақтарын дамыту мақсатында қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2004-2006 жылдарға келесі шаралар белгіленді:

АЕМ-дердің облыс орталығынан шалғайлығын ескере отырып Қызылорда облысының барлық аудандарында жатын орын желісін ұлғайту;

Ауыл халқының медицина қызметіне қол жеткізімділігін жақсарту үшін Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында ауылдық емханалар ашу, Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекенінде, Қазалы ауданының Басықара мен Түктібаев елді мекендерінде дербес ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ашу.

Ауыл халқының алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекке қол жеткізімділігін жақсарту үшін 3 тубдиспансер (Арал қ., Тереңөзек пен Жосалы кенттері), Жаңақорған кентінде орталық аудандық аурухана, Жалағаш пен Шиелі кенттерінде перзентхана құрылыстары жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 2276,5 млн. теңге қаржы бөлінеді.

2004-2006 жылдары жергілікті бюджет есебінен Арал ауданының Жақсықылыш елді мекенінде 25 орындық ауылдық аурухана, Қармақшы ауданының Ақтөбе елді мекенінде ауылдық дәрігерлік амбулатория, Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекенінде 35 орындық ауылдық аурухана салынады. Сонымен бірге, 2005-2006 жылдары Жосалы мен Жалағаш кенттерінде кеңес беру диагностикалық емханасы (КДЕ), Жалағаш кентінде аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі құрылыстары жоспарлануда. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 698,0 млн. теңге қаралып отыр.

Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 117,3 млн. теңге жоспарлануда. Денсаулық сақтау нысандарын санитарлық атокөлікпен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғастырылады.
5.4.3. Мәдениет

Ауыл халқының бос уақытын мәдени шаралармен қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада жұмыс істемей тұрған клубтарды, киноқондырғыларды қайтадан ашу жоспарлануда. Қармақшы ауданының Ақжар мен Қармақшы елді мекеніндерінде жаңа клуб ғимараттарын салу, мұражайларға, кітапханаларға, клубтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту үшін мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында тәжірибелік семинарлар мен кеңестерді жүйелі жүргізу жоспарланды.

Елбасы жолдауының шеңберінде облыста мәдени мұралар нысандары анықталды және оларды қалпына келтіру, тиісті жағдайға келтіру шаралары қаралды.

2004-2006 жылдары ауыл халқының бос уақытын мәдени шаралармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 67,1 млн. теңге қаржы қаралады.
5.4.4. Тұрғын үй

Апаттық жағдайдағы көне үйлерді бұзу және күрделі жөндеу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту қаралды (көне және апаттық жағдайдағы тұрғын үй қоры 188,8 мың шаршы метр немесе жалпы тұрғын үй қорының 2,28 пайызы).

2004 жылға 54,0 мың шаршы метр көлемінде жаңа тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл 2003 жылдың деңгейінен 1,03 пайызға көп.

Құрылыстың жалпы көлемін көбейтуге негізінен жеке және мемлекеттік тұрғын үй, жоғары білікті жас мамандарға қызметтік тұрғын үй құрылысын салу есебінен қол жетеді.

2004-2005 жылдары бюджет есебінен тұрғын үй салу және жоғары білікті жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылады. Алдағы екі жыл көлемінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 670 тұрғын үй салынады. Жас мамандарға тұрғын үй салу үшін облыс бюджетінен 178,8 млн. теңге қарастырылады.
5.5. Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі шаралар жүзеге асырылады:

Арал теңізінің құрғатылған табанында 3 мың гектар жерге сексеуіл мен сарсазан мәдени орман отырғызу;

елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында каналдарды тазарту;

25 гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және қайта салу;

жергілікті 6 шағын су қоймасын жөндеу және қайта салу;

құмдардың жылжуын тоқтату мақсатында жергілікті материалдардан (фашин, қамыс) ұзындығы 30 шақырым болатын 4-5 қатарлы жасақтар орнату;

малшылар үшін жайылымдық алқаптардағы шахталық құдықтарды тазарту;

сексеуіл тұқымын себу жолымен құмдарды нығайтуға қорғаушы алқаптар жасау;

санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту үшін Қармақшы ауданындағы аса тұзды құрғалған Қандыкөл мен Абыткөл көлдерін топырақпен көму;

қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) бей-берекет полигондарын түгендеу және оларды көму, 12 АЕМ-де (Жосалы, Төретам, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Шалқия кенттері), қоқыс тастайтын жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, Шиелі мен Сексеул кенттерінде ҚТҚ жаңа полигонын салу, облыстың барлық аудандарында ҚТҚ жинау және сақтау жөнінде коммуналдық қызметтерді дамыту;

облыстың барлық аудандарында сәндік және жеміс ағашы көшеттерін көбейту үшін ұдайы жұмыс істейтін питомниктер ұйымдастыру;

11 аң шаруашылығын абаттандыру мақсатында биотехникалық шаралар жүргізу;

«Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын үнемі қолдау;

облыстың экологиялық ахуалын зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

экологиялық білімді насихаттау мен үгіттеу жұмыстарын жүргізу.

Табиғат қорғау шараларын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2004 жылы 52,9 млн. теңге, 2005 жылы – 54,5 млн. теңге, 2006 жылы – 54,9 млн. теңге қаржы қаралады.
6. Ауыл халқын қоныстандырудың оңтайлы үлгісін әзірлеу
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу мен ауыл халқының әлеуметтік және коммуникациялық кешен қызметтерімен қамтамасыз етілуін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру ауылды қоныстандыру жүйесінің үлгісін жасауға негіз жасайды.

Бұл міндеттерді шешу үшін заңнамалық құқықтық базаны жетілдіру қажет.

Қазақстан Республикасы Министрліктеріне жергілікті деңгейде ауыл халқын қоныстандырудың оңтайлы жүйесін жасау үшін даму әлеуеті төмен елді мекендерде қажетті әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізіп, сәйкес ұсыныстар енгізіледі.

Нормативтік-құқықтық негіздерді жасау үшін едәуір уақыт қажет, осыған сәйкес ауылды қоныстандырудың оңтайлы үлгілерін жасау табиғи-климаттық аймақтарға және ауылды қоныстандырудың ұлттық сызбасына байланысты 2006 жылдың аяғына болуы мүмкін, ал оны іске асыру – 2010 жылдың аяғына жоспарланып отыр.



7. Ауыл халқының көші-қон ағынын басқару
7.1. Ауыл халқының көші- қон ағынын мемлекеттік реттеу

АЕМ-дің ішкі көші-қонын реттеу ауыл халқын қоныстандырудың оңтайлы жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Даму мүмкіндігі жоқ және өмір сүруге экологиялық жағдайы қолайсыз, қауіпті болып анықталған елді мекендерді облыстың жағдайы жақсылау аудандарына көшіру ұсынылады.

Ауыл халқының көшіп-қонуын мемлекеттік реттеу үшін ҚР “Халықтың көші-қоны туралы” Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, себебі онда ішкі көші-қонның мәселелері ретке келтірілмеген.

Осыған байланысты облыс әкімияты ішкі көші-қонды реттеу мәселелері бойынша және экономикалық әлеуеті жоқ және экологиялық қолайсыз елді мекендерден қоныс аударғанда мемлекеттік көмек көрсету жөнінде тиісті ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасының тиісті Министрліктеріне береді.

Ауылда қоныс аударушыларға қатысты көші-қон саясаты қарастырылуы керек:

халықты қоныс аударуға ынталандыру, мемлекеттік кепілдіктер мен жеңілдіктер, субсидиялар мен өтемақылар беру;

бір қоныс аударушы мен оның отбасына бекітілген нормативтер негізінде қоныс аудару мен орналасуға қажетті қаржы шығындарын есептеу;

қоныс аудару мен орналасу шығындарын мүмкіндігінше азайту және оларды бюджет қорының мүмкіндіктерімен теңдестірілуін айқындау негізінде көші-қон ағындарының қолайлы жүйелерін жасау.


7.2. Ауыл халқының көші-қон ағынын басқару кезеңдері

АЕМ-ің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша жүргізілген жіктеуге сәйкес, экологиялық жағдайдың қолайсыздығы себебінен халықтың өмір сүруіне қолайсыз 5 АЕМ болып отыр. Олардың екеуінің барлық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарының шоғырлануы мен халық санының 3 мыңнан асуы себебінен топталып көшіруге жатқызылмайды және экологиялық жағдайын жақсарту, яғни ауыз судың сапасын жақсарту шаралары қарастырылады (су тұшытатын қондырғылар салу және Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу).

Сонымен бірге, облыста одан әрі экономикасын жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік даму аясының болашағы жоқ ұсақ елді мекендер жеткілікті. Аудан әкімдерінің ұсыныстары бойынша 16 елді мекенді көшіру көзделіп отыр, олардың 13-і – даму әлеуеті төмен, ал 3-і - әлеуеті жоқ елді мекендер. Осы елді мекендердің тұрғындарын 12 ауылдық елді мекенге (олардың 11 – даму әлеуеті орта АЕМ, 1- даму әлеуеті төмен АЕМ) көшірілуін жоспарланып отыр.

Ауыл халқының жаппай үздіксіз көшіп-қонуын қалыптастыру үрдісі бағдарламаны жүзеге асырудың кезеңдерімен анықталады.

Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде тоқырауға ұшыраған елді мекендердің әлеуетін анықтау үшін қажетті зерттеулер жүргізіледі.

Екінші кезеңде көшіп-қонудың негізгі ағымы ауыл халқын қоныстандыруды оңтайландыру бойынша шаралар жүргізу шеңберінде, сәйкесті нормативтік-құқықтық базасы қабылданғаннан кейін күтіледі.



8. Қаржымен қамтамасыз ету
Қызылорда облысының 2004-2006 жылдарға арналған ауыл аумақтарын дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыру үшін қаржы қажеттілігінің жобаланған көлемі 28,9 млрд. теңге құрайды.

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен даму жобаларын қаржыландыру көлемі 14226,1 млн. теңге қаралады.

Жергілікті бюджеттен 13895,4 млн. теңге қаржы жоспарлануда, оның ішінде даму бағдарламары бойынша – 2517,3 млн. теңге. Басқа қаржы көздерінен 794,8 млн. теңге жоспарлануда.

Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдері жыл сайын тиісті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланады.


9. Күтілетін нәтижелер
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі мен экономикалық қызмет аясын кеңейту

Экономикалық тиімді мынадай дақылдардың (қант қызылшасы, картоп, көкөніс, бақша дақылдары, мақсары, соя) өндірісін ұлғайтуға шаралар қабылданады.

Күрішті көшеттеп және тұқымын өндіріп егудің интенсивтік технологияларын қолдану аясы өседі. Облыстың тұқым репродукторлары мен элиталық тұқым шаруашылықтары есебінен шаруашылық субъектілері жоғары репродукциялы тұқыммен қамтамасыз етіледі.

2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім құны 31,5 пайызға, оның ішінде егін шаруашылығы өнімі - 46,9, мал шаруашылығы өнімдері - 9,3 пайызға өседі.

Дәнді дақылдар, қант қызылшасы, майлы дақылдар, мақта өндірісі өсетін болады.

Мал шаруашылығында сүт және ет бағытындағы ірі қара малын, қаракөл мен етті, май бағытындағы қойды, жылқының Мулгаджар тұқымын, түйенің қазақ бактрианы тұқымын өсіру аймақтары бойынша өнімді мамандандыруды әрі қарай тереңдету жұмыстары жалғастырылады.

Мал мен құсты жеммен толық қамтамасыз ету, мал өнімділігі мен өндірісін: ет (сойыс салмағымен) -5,8, сүт –3,0, жұмыртқа –0,5 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделген көлемінің үлесін барынша көбейтуге шаралар қабылданады.


Сумен жабдықтау

2006 жылға дейінгі кезеңде сумен қамтамасыз етудің пайдалану жағдайының әрі қарай нашарлау процесін толық көлемде тоқтату қаралады, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінде судың сапасын жақсарту, халықтың ауыз суға қол жеткізімділігімен қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатында саланы дамытуға жоспарлы жұмысты бастау. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуі біршама елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға әсерін тигізеді және жоспарланып отырған мониторингке сәйкес осы елді мекендерді даму әлеуеті жоғарылау топтарға ауыстыруға мүмкіндік береді.


Байланыс, телефондандыру

Пошта байланысы

2004-2006 жылдары барлық ауылдық байланыс бөлімшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, компьютерлік техникамен, телефон байланысымен қамтамасыз ету, пошта байланысының сапасы мен қызметтер көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.


Телекоммуникация

Радиоұзартқыштар мен WLL радиодоступтарын ендіру, елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз етуді сымсыз байланыс құралдары арқылы шешуді, “ДАМА” станция аралық байланыс арқылы телефонмен қамтамасыз етуді қосқанда елді мекендерде 4079 телефон аппаратына көбейтуге мүмкіндік береді.

Облыс бойынша телекоммуникациялық жүйелері жаңғыртылады, аналогтық АТС-тар цифрлыққа ауыстырылады.

Ауыл жолдары

2004 жылы жергілікті маңыздағы 12 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді, бүкіл жолдардың бойында орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары (1530 шақырым) жыл сайын жасалады.


Білім беру

2004-2006 жылдары 44 ауыл мектебінің жаңа ғимараты салынады.

білім нысандарына күрделі жөндеу жүргізіледі (50 бірлік: жалпы білім беретін мектептер, бала бақшалар, кәсіби мектептер және т.б).

Жаңақорған ауданында балаларға жаңа жазғы сауықтыру лагері салынады.

Жалпы білім беретін барлық ауыл мектептері автокөлікпен, жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын 5-6 жастағы балаларды мектеп алдында даярлау көлемі ұлғаяды.

Ауыл мектептерін компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Жыл сайын ауыл мектептерінің кітапхана қорлары жаңартылады.


Денсаулық сақтау

2004-2006 жылдары денсаулық сақтау нысандарын (8 бірлік) ашу нәтижесінде дәрігерлік көмекке қол жеткізімділігімен қамтамасыз етіледі.

Дәрігерлер санын толықтыру, ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің жаңа ғимаратын салу (12 бірлік), ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарын күрделі жөндеу (50 бірлік), материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық қондырғылар алу, ауылдық денсаулық сақтау мекемелеріне санитарлық автокөлік алып беру нәтижесінде көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасы жақсартылады.
Мәдениет

2004-2006 жылдары ауылдық жерде 18 бірлік мәдени нысан ашылады (киноқондырғылар, клубтар).

Мәдени нысандар ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізіледі (13 бірлік).

Жаңадан 2 ауылдық клуб салынады.




Тұрғын үй

2004-2005 жылдары жергілікті бюджет есебінен 670 тұрғын үй салынып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының жоғары білікті жас мамандарына пайдалануға беріледі.


Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Атмосфераға таралып отырған тұз бен құмды азайту үшін Арал теңізінің табанында 3 мың гектар алаңда сексеуіл мен сарсазанның көшеттері отырғызылады, ауыз сумен 61 АЕМ қамтамасыз етіледі.

25 бірлік гидротехникалық құрылыс қалпына келтіріледі, нәтижесінде каналдардың су жіберу мүмкіндігі ұлғаяды. Шағын жергілікті 6 бірлік су қоймасы қалпына келтіріледі, нәтижесінде егістер аяқ сумен қамтамасыз етіледі.

Ұзындығы 30 шақырым алаң құмдарын нығайтуды, құрғақ көлдерді топырақпен көму тұздың ауаға көтерілуін тоқтатады.

Браконьерлікпен және жыртқыш аңдарды атып алумен күресу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде киіктердің саны көбейеді.

«Қамыстыбас балық питомнигі» РМКК-на қолдау көрсету нәтижесінде шабақтар саны көбейеді.


Көш-қон ағынын үйлестіру

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде экологиялық қолайсыз және келешегі жоқ, тоқырауға ұшыраған елді мекендердің тұрғындарын көшіру шаралары қабылданады. Барлығы 16 елді мекеннен ауыл тұрғындарын қоныс аударуға шара қабылданады.

Ауыл аумақтарын дамытудың

аймақтық бағдарламасына



№7-а қосымша

Іс-шараларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру* (мың. теңге)


Бөлім

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Болжау

Ескерту

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Барлығы




3775115

4300091

6150907

Х

1. Ауылдық аумақтарды басқару жөніндегі институционалдық құрылымды күшейту




73237

73237

73237

Х

1.1.Ауыл әкімдерінің аппараттарын құру

Ауылдық округтердегі ауыл әкімдерінің аппараттарын құру

73237

73237

73237

Жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі ауылдық аумақтарды басқару жөнінде институционалдық құрылымдар құру

2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және экономикалық әрекет саласының кеңеюі




**

**

**

Қаржыландыру «ҚР 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы» шеңберінде көзделген

3. Инженерлік инфрақұрылымның дамуы




818070

1454860

1968760

Х

3.1. Сумен қамтамасыз ету

Су құбырларын салу және жаңғырту

818070

1454860

1968760

Халықты қажетті көлемдегі және кепілденген сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері құрылысын салу және жаңғырту

4. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту




2883808

2771994

4108910

Х

4.1. Білім беру

Білім беру нысандарын салу

1838908

1794964

3672510

Мектептерді үлгідегі ғимараттарға көшіру, білім беру процесін ресурстық қамтамасыз етуді арттыру

4.2. Денсаулық сақтау




1044900

977030

436400

Халықтың медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру үшін жағдай жасау. Материалдық-техникалық базаны жақсарту




Денсаулық сақтау нысандарын салу

1044900

820850

410750







Телемедицина




156180

25650



* көзделіп отырған шығындар сомасын 2004 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджетті құру кезінде анықталуы тиіс

** ҚР 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы шеңберінде көзделген

Ауыл аумақтарын дамытудың

аймақтық бағдарламасына

№7-б қосымша



Іс-шараларды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру* (мың. теңге)


Бөлім



Болжау

Ескерту

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Барлығы




4537051

4734766

4623559




Барлығы – ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша




3576674

3801662

3999749




Барлығы –бюджеттік даму бағдарламалар бойынша




960377

933104

623810




Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және экономикалық әрекет саласының кеңеюі




95993

108110

96397







Өсімдіктерді қорғау және могильник салу

13310

14010










Ветеринарлық шараларды жүзеге асыру

13420

14130

14767







Гидротехникалық құрылыстарды (гидроузел) ұстау

35143

36900

38560







жергілікті деңгейде мал шаруашылығын субсидиялау

10720

19670

19670







Егін шаруашылығында тұқым репродукторларын қолдау

23400

23400

23400




Инженерлік инфрақұрылымның дамуы




348800

247490

258600




Сумен қамтамасыз ету




139520

110000

115000







Сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру

139520

110000

115000




Электрлендіру
















Ауыл жолдары




209280

137490

143600







Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын күрделі жөндеу, салу және қайта жаңғырту

100000













Жергілікті деңгейде автокөлік жолдарын ұстау

109280

137490

143600




Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту




4040165

4324666

4213662




Білім беру




3749566

3753020

3908628







Білім нысандарын күрделі жөндеу

204604

32400

26600







Жалпы білім беретін мектептер

3325010

3504536

3693753







Мектеп алды даярлық

51282

54131

57169







Оқулықтар сатып алу және жеткізу

55881

58599

61210







Білім беру нысандары құрылысын жобалау

21100

0

0







Білім беру нысандарының құрылысы

25000

54200

40000







Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

66689

49154

29896




Денсаулық сақтау




146314

472610

302464







Денсаулық сақтау мекемелерін күрделі жөндеу

50312

39637

27365







Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау нысандарын салу

30000

408000

260000







Денсаулық сақтау нысандарын ашу

5687

4713

0







Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық жабдықтар, санитарлық автокөліктер алу

60315

20260

15099




Мәдениет




56835

7675

2570







Ауыл халқының бос уақытын мәдени қамтамасыз ету

1646

1675

0







Жергілікті деңгейде мәдениет нысандарын салу

25000

6000

0







Мәдениет саласының нысандары құрылысын жобалау

5200













Мәдениет саласының нысандарын күрделі жөндеу

24989

0

2570




Тұрғын үй




87450

91361

0







Коммуналдық меншіктегі нысандарды салу

87450

91361







Ауылдық аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету




52093

54500

54900







Табиғат қорғау нысандарын күрделі жөндеу, салу және қайта жаңғырту

11200

1700

3000







Табиғат қорғау шараларын жергілікті деңгейде жүргізу

40893

52800

51900




Ауыл халқының көші-қон ағынын басқару




0

0

0



* көзделіп отырған шығындар сомасын 2004 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жергілікті бюджетті құру кезінде анықталуы тиіс


Ауыл аумақтарын дамытудың

аймақтық бағдарламасына



№7-в қосымша
Іс-шараларды басқа көздерден қаржыландыру (мың теңге)


Бөлім

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Болжау

Ескерту

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Барлығы




251609

266140

277106




Инженерлік инфрақұрылымның дамуы




251609

266140

277106




Электрлендіру




25050

30000

30000







ВЛ-0,4 кВ жүйесін қайта жаңғырту

25050

30000

30000




Байланыс, телефондандыру




31234

38640

48719







АЕМ телефон байланысымен қамтамасыз ету

31234

38640

48719




Газдандыру




195325

197500

198387







АЕМ-ді газ баллондарымен қамтамасыз ету

195325

197500

198387





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет