Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы



бет7/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.08 Mb.
#8504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Құмжиек ауылдық округінің орталығы – Қ.Пірімов ауылы. Аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Құмжиек ауылының тарихы 1929 жылы Құмарық ұжымшары болып құрылғаннан басталады. 1950 жылы Жамбыл, Бірлік, 15 жылдық Қазақстан, Бірлік, Комсомол, Кеңтүп аталатын майда ұжымшарлар біріктіріліп, алғашында Сталин кейін Ленин атындағы ұжымшар болып іріленген. 1973 жылы Ленин және Қызылту кеңшарлары біріктіріліп, Қызылту кеңшары болып аталды. 1974 жылы шаруашылықтарды мамандандырылған Құмжиек мал, егін шаруашылығы болып құрылды. Содан бері Құмжиек ауылы болып аталып келеді.

Құмжолқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.

Құттыбай күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. 18-19 ғасырлар аралығында қазіргі Өркендеу ауылы маңында тұрғызылған. Ескерткіш шаршы пішіндес, биік күмбезді құрылыс. Күйдірілген кірпіштен өрілген. Сыртық ауданы – 11 х 9 м, жалпы биіктігі – 9 м. Үлкен бөлме мен дәліз ретінде соғылған шағын бөліктен тұрады. Орталық Азия аймағына тараған пештақты құрылыс үлгісіне ұқсағанмен, олардан өзіндік композициялық нышанмен ерекшеленеді. 1982 жылдан мемлекеттік маңызды тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Қызыләскер – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 28 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Қызылқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Құдық басындағы тас топырақтардың қызғылт түсі бойынша қойылған атау.

Қызылқұм ауылдық округі – Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда мал азығы дайындалмай, ел көп шығынға ұшырап отырған. Осыған байланысты екінші тың игеру мақсатында мал шаруашылығын дамыту үшін Қызылқұм беткейінен 1964 жылы Қызылқұм кеңшары ашылды. Жердің құмы қызыл түсті болғасын Қызылқұм деп аталған. Қызылқұм – Түркіменстанға дейін созылып жатырған шөлді аймақ.

Лақалы – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке ұарай 43 км қашықтықта. Балық атынан қойылған атау.

Майдакөл – ауыл, Алға ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 53 км жерде, Сырдарияның атырауындағы шөлді белдемде орналасқан. Ауыл 1973-96 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған.

Майлыаяқ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Құнарлы, үлкен құдық» мағынасындағы атау.

Майлыбас – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 36 км жерде. «Шұрайлы жердегі бекет» мәніндегі атау.

Майлыбас – ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Аудан орталығынан 45 км қашықтықта орналасқан. Майлыбас ауылдық округі құрамында 8 елді мекен, оның ішінде – 2 темір жол стансасы және 4 темір жол бекеті бар. Тұрғындар саны – 188.

Матай – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. Абс. биіктігі - 72 м. Ру атынан не кісі есімінен қойылған атау.

Мәдениет ауылы – 1930-1940 жылдар аралығында Кеңес үкіметі тұсында алғашқы ұжымдастыру кезінде құрылған.

Мәдениет – қыстау. Жуанқұмның солтүстігінде, Сырдария өзеннің аңғарында.

Мәлік – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ру атынан қойылған не кісі есімінен қойылған атау.

Мелбике – артезиандық құдық. Әйтеке би қаласының оңтүстік – шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Мералы – ауыл орны. Қазалы қаласынан оңтүстік – батысқа қарай 37 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Молдыиман – бейіт. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Кісі есімінен қойылған атау.

Моншақ – қыстау. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. «Моншақ тектес ұсақ тас табылған (жер)» мағынасындағы атау.

Мортық – қыстау. Жуанқұмның солтүстігінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Қыстауда мортық қалың өсетіндіктен қойылған атау.

Мұқат – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Мұрат – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Мұратбаев – ауыл, округ орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 10 км жерде, Сырдария өзеннің атырауында орналасқан. Іргесі 20-ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланып, 1928-1996 жылы күріш өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болды. Кісі есімінен қойылған атау.

Мұса – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Мырзақан – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Мырзалы – артезиандық құдық. Жаңадария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Нарымбай – бейіт. Әйтеке би қаласының оңтүстік–шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Нарымбай – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Тереңдігі - 2 м, шығымы - 200 л/с.

Науқанай – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Нысанқуат – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Оңтүстік Майлыаяқ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Оңтүстіктегі құнарлы үлкен құдық» мағынасындағы атау.

Оразбай – қыстау. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Отгон ауылы – Тасарық ауылдық округі орталығынан 11 шақырым қашықтықта, солтүстік-шығыс жағында, Қуаңдария арнасының бойында орналасқан. Отгон ауылының бұрынғы атауы – Тасөткел деп аталған. Отгонның жоғарғы шығыс жағында 4-5 шақырым жерде көлік өтетін тас аралас тайыз көл болған. Сол өткелдің атымен Тасөткел болып аталған.

Өгізбөгет - қыстау. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 19 км жерде. «Үлкен бөгет» мағынасындағы атау.

Өзекбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Өркендеу – ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Өтебас – қоныс. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Пірімов – ауыл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде. Бұрынғы атауы – Құмжиек, Ленин ауылы. Кісі есімінен қойылған атау.

Сағыр - өзен. Жуанқұмның солтүстігінде, Сырдария алабында. Кісі есімінен қойылған атау болса керек.

Сағыр – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 17 км жерде.

Садырбай – (Жуан Садырбай) – ағынды көл. Сырдария алабында, Қазалы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан. Көлдің ауданы – 46,6 шаршы км, ұзындығы – 10,1 км, ені – 6,9 км, тереңдігі – 1,0-1,5 м. Кісі есімінен қойылған атау.

Сайлыбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сандал – көл. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км жерде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Сандық – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ру атынан қойылған атау.

Саралжыңқусай – бейіт. Әйтеке би қаласының оңтүстік-шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Сартымбет – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сарыбайкөл – ауыл. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 40 км жерде. «Сарыбайдың көлі» мәніндегі атау.

Сарыбұлақ – ауыл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 105 км жерде.

Сарыжан – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сарыкөл – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Сарымбет – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сарымбет – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Сортүбек ауылы - Майлыбас ауылдық округіне жақын орналасқан елді мекен. Сортүбек атауы сол жердің географиялық түріне байланыстырып қойылған. Түбек сөзінің мағынасы теңізге немесе көлге сұғына орналасқан құрлықтың бөлігі болып табылады. Яғни, түбектің іші сор болып кеткендіктен тұрғындар Сортүбек деп атап кеткен.

Сулама – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Тереңдігі – 3 м, шығымы – 200 л/с. «Суы өте мол құдық» мәніндегі атау.

Сұлу – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 81 м.

Сұлуахай – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сұлуқасқа – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 100 м.

Сұңқарбұлақ – артезианды құдық. Әйтеке би қаласының оңтүстік-шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Сүттібек – ауыл орны. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 46 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сыйубай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сырлыбай кесенесі – 19-ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Бозкөл ауылы аумағында орналасқан. Халық аңызы бойынша мұнда атақты «Қыз Жібек» лиро-эпосындағы Төлегеннің әкесі Сырлыбай жерленген. Сырлыбай кесенесін 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан экспедициясы, 1980 жылы «Қазақ жобалау – қалпына келтіру» институтының сәулетшілер тобы зерттеген. Тік бұрышты, күйдірілген саз кірпіштен қаланған. Жалпы ауданы – 11 х 9 м, биіктігі – 9 м.

Табандықайнар - бұлақ. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұм өңірінде.

Таймола – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Тақырқұдық – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Айналасында ештеңе шықпайтын, қуаң тақыр жердегі құдық» деген ұғымды білдіретін топоним.

Тақыртабан – құдық. Арал Қарақұмында. «Тақыр ойпаң жердегі құдық» мәніндегі атау.

Талас – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннінің аңғарында. Сөз түбірі түркі-монғол тілдерінде далай, талай тұлғаларында айтылып, «теңіз», «өзен», «мұхит» деген мағыналарды білдірген. Яғни, «жазық жердегі су (құдық)» деген мағынаны береді.

Тапа ауылы – құрылғаннан бері Мұратбаев ұжымшарына қараған. 1943 жылы егін шаруашылығын дамытуға байланысты Құмжиек ұжымшарының қарамағына ауыстырылған.

Тапа сөзінің шығу тарихы, аңыз бойынша, сол маңайда биік төбе болған көрінеді. Сол төбенің басы қазақ пен қалмақ соғысқан кезде аттың тұяғымен тапталған жерге айналған. Сол себептен Тапа деп аталып кетсе керек.



Екінші бір аңызда – ертерек заманда сол жерде хандық құрған қалмақ ханының әйелінің аты Туфа болған деседі. Жердің аты осы әйелдің атына байланысты қазақша Тапа аталып кеткен сыңайлы.

Тасарық – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 60 км жерде.

Тасқарамола – бейіт. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында.

Тасқасқа – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 101 м.

Таукеткен – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында.

Таушан – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Тебіз – артезиандық құдық. Қазалы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде. «Шөбі қалың ойпаң жердегі құдық» мәніндегі атау.

Тегіс – сор. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Жер бедері тегіс, тегістік, жазық» мағынасындағы атау.

Текеш – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Темірқазған – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Томайкөл – көл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Сырдарияның сол жағасындағы Жуанқұм жазығында орналасқан. Ұзындығы – 7,5 км, ені – 1,0 км, терең жері – 3,5 м, ауданы – 2,6 шаршы км. Көл бірімен-бірі тіркес үш бөліктен тұрады. Жағалауы жазық, кей телімдерде құм шоқаттар кездеседі, шығанақтармен тілімделген. Көлдің деңгейі құбылмалы. Көктемде Сырдария тасығанда көтеріледі, жаз ортасында көлдің деңгейі төмендеп, жағадан алыстайды. Суы ашқылтым. «Томайдың көлі» мәніндегі атау.

Төртмолда – бейіт. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Тұрымқазған – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Тереңдігі – 6 м, шығымы – 100 л/с. «Тұрым деген кісі қазған құдық» мәніндегі атау.

Түбек – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 53 км жерде. Атау түб (түп) + ек (қосымша) сөздерінің негізінен жасалған. Моңғол тілінде тов – «түп, орталық» ұғымын береді. Атаудың мағынасы: «негізгі, орталық, кіндік» дегенді білдіреді.

Түйте – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Ру не кісі есімінен қойылған атау.

Түктібаев – ауыл, Алға ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 55 км жерде, Сырдарияның сол аңғарының жайылымында, Түктібаев каналының жағасында орналасқан. 1985 жылға дейін Октябрь, одан кейін Майдакөл деп аталды. 1966 жылы күріш өсіретін «Октябрь» кеңшарының орталығы болды. Ауылға 1985 жылы осы өңірде туып-өскен Кеңес Одағының батыры Ү. Түктібаев есімі берілді.

Түктібаев каналы – жасанды су арнасы. Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Бастауын Басықара бөгенінен алады. 1957 жылы салынған. Ұзындығы – 88,7 км, су өткізгіштігі – секундына 100 текше метр, бойында 52 гидротехникалық құрылыстар бар.

Тігіндіқос – құдық. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында. «Басында қос тігілген құдық» мағынасындағы атау.

Ұзақбай – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Ұзынмола – бейіт. Шеңгелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде.

Ұзынтам белгісі – 11-12 ғасыр сәулет өнерінің ескерткіші. Қазалы қаласынан батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Цилиндр тәрізді жасалып, шикі кірпіш пен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Мұнараның диаметрі – 7 м, биіктігі – 10 м, көлемі – шамамен 300 шаршы км.

Ұялы – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Үйрек – елді мекен атауы, Қарашеңгел ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығынан 10 км қашықтықта. Іргесі 1931 жылы құрылған. Елді мекенде 13 отбасы тұрады, тұрғын саны – 86.

Үркінді - ауыл орны. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде.

Үшқызыл – қоныс. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Үш және қызыл сөздерінен жасалған атау. «Биіктігі әр түрлі осы өңірдегі үш қызыл түсті тау» мағыналарын береді.

Үштам – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Көне түркі тіліндегі там – «баспана», «үй», қырғыз тілінде там «шымнан тұрғызылған үй». Осыларға сүйенсек, Үштам «әу бастан сол жерде үш там болған, үш там салынған» дегенді білдіреді.

Үштам – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Ханқазған – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. «Хан қаздырған құдық» мәніндегі атау.

Ханшыққан – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 96 м. «Бір кезде басына хан көтерілген төбе» мәніндегі атау.

Шабанқазған – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Шағарақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Шағырлы І, ІІ қамалдар – Шағырлы І Қазалы ауданы Жосалы темір жол стансасының оңтүстік-батыс жағында 155 км жерде. 1946, 1957 жылы Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қамал тік төрт бұрыш, аумағы – 55 х 50 м, дуалының биіктігі – 4-5 м. Оның үстінде жасақтар тұратын екі қатар қорғаныс шебі бар. Дуалдың астыңғы жағы пахс пен шикі кірпіштен соғылған.

Шағырлы ІІ қамалы Шағырлы І қамалының оңтүстік-батыс жағында 5 км жерде. Құрылыс жүйесі дөңгелек күмбезге ұқсас. Аумағы – 15 м. Қамалдардан теріп алған қыш-құмыралардың және темір пышақтың сынығына қарағанда Шағырлы б.з.б. 1-ғасырдың аяғында салынған.



Шалпақ – ауыл орны. Қазалы қаласынан батысқа қарай 38 км жерде.

Шаңқор – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Шарқияз – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Шауқар – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Шәкен – ауыл, ауылдық округ орталығы. Ауданның Қарақұм беткейін алып жатқан Шәке ауылдық округі Шәкен, Шилі, Шөлқұм, т.б. ұсақ елді мекендерден (Сүлей бұлақ, Абыла, Татанбай, Айбарша, Жақсылық, Тышқанбай, Жанұзақ қазған, Тоғыз құдық, Сахи баз, Әсем, Сапақ, Шоқпар, Шекер, Жетімшағыл) топтастырылып, 2005 жылдың мамыр айында қазіргі Арықбалық ауылдық округінен бөлініп, өз алдына округ болып құрылды. Ауылдың аумағы – 18374 га. Ауылдың негізгі кәсібі – мал, егін шаруашылығы. Аталу себебі, осы жерді мекен еткен Шәкен және Тәпен деген ағайынды мыңғырған малы бар бір бай кісінің есімімен қойылған деседі. Шәкен екі ағайындының үлкені болған. Осы жерде екі ағайынды жігіттен ұрпақ өрбіп, Шәкеннің ауылы атанып, осы берекелі жерге малшылар қоныс теуіп, бертін келе Шәкен ауылы деп ауызша аталып кеткен.

Шеңгелді – ауыл. Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 200 км-дей қашықтықта. Бұрынғы атауы – Қызылқұм ауылы. «Шеңгел қалың өскен жер», «шеңгелі көп» мәніндегі атау.

Шибұлақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Шилі өңіріндегі бұлақ» мәніндегі атау.

Шилі – елді мекен, Шәкен ауылдық округінің құрамында. Қалың шилі аумаққа халық көптеп шоғырланып, осы жер ел аузында Шилі ауылы атанған. Кезінде осы жердің шиінен малшылар ағаш үйге ши орып тоқыған екен.

Шөлқұм – ауыл. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км км жерде, Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде.

Шұбартөбе – төбе. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Абс. биіктігі – 97 м. Шұбар және төбе сөздерінен жасалған. «Құмды, тасты, көделі төбе» мағынасындағы атау.

Ысқаққора – қыстау. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Ісбұлақ – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША
Қармақшы ауданы – облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің көлемі - 31,0 мың шаршы км. Тұрғыны - 51,409 адам. Аудан халқы көп ұлтты. Халықтың негізін қазақтар (48255 - 97,8%) құрайды. Одан басқа 273 орыс, 296 кәріс, 67 татар, 975 түрік, қалғаны басқа ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға шаққанда - 1,6 адамнан келеді. Аудандағы 26 елді мекен 2 кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы -Жосалы кенті. Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал Қарақұмның төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м).

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып кетеді. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Іңкәрдария жатыр. Сырдария өзені балыққа бай. Ауданда 1996 жылға дейін негізінен, күріш пен қаракөл қойы, оған қосымша сүтті-етті мал, жылқы, түйе, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Аудан шаруашылығына жарамды жердің аумағы - 2,13 млн га, оның ішінде жыртылатыны - 24,9 мың га.

Қармақшы ауданы жерімен Ташкент-Орынбор темір жолының 110 км телімі өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 323,0 км, оның 139 км-і республикалық маңызы бар жолдар.

«Қармақшы» атауы 15-ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850ж) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын. Бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік-Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Ауданда аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы - Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т. Ізтілеуовке, 2-дүниежүзілік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.



Абыла – ауыл, темір жол айырмасы, ауылдық округ орталығы. Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. Іргесі 1936 жылы қаланды. 1956-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қармақшы» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Абылада және округке қарасты Анакөл, Қызылтам ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған. Абыланың темір жолға таяу тұсында 1941 жылғы 2-дүниежүзілік соғысқа асы ауылдан аттанған ер-азаматтар салған жел диірмені ескерткіш ретінде сақталған.

Адамбай – бейіт. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Айыртабан – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Арал Қарақұмында.

Ақай ауылдық округі – орталығы – Ақай ауылы. Төретам кентінің оңтүстік-батысында 3 шақырым қашықтықта. Бұл жер бір кезде Қармақшы ауданы Қармақшы кеңшарының сиыр фермасы (Ахай/Ақай фермасы) атанды. Төретам бекеті жанына өтетін Сырдарияның арғы бетінде Ақай делінетін жер аты бар. Ауыл аты осы жер атауына байланысты қойылған.

Ақай – ауыл, Төретам кенттік әкімдігі аумағында. Жосалы кентінен батысқа қарай 48 км, Төретам кентінен (темір жол стансасынан) 3 км жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. Іргесі 1959 жылы қаланған. 1959-96 жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің көкөніс-сүт өндіретін №22 кеңшарының орталығы болған.

Ақжар – ауыл. Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Іргесі 1929-31 жылдары №8 артель ретінде құрылды. 1935 жылы МТС, 1950 жылы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ұжымшар, одан кейін «Сталин» ұжымшары болды. 1957 жылы ұжымшар күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде ауылда өндірістік серіктестік құрылды. Бұл атау жар топырағының ақ керіш түсіне, алыстан қарағанда ағарып көрінуіне байланысты қойылған.

Ақсақал тәуіп – жер атауы. Қызылқұм құмды алқабының солтүстік иелігінде орналасқан. Жер бедері бұйрат құмдардан тұрады, олардың аралығында ойпауыт жерлер кездеседі. Ойпауытты жерлерінде бұйырғын, баялыш, тасбұйырғын, теріскен, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. Бұл өңірге 1600-1920 жылдары Аққыр болысының Кете-Шөмекей қазақтары қоныстанған.

Ақтайлақ – жайлау. Даулыкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы маңында, №10 темір жол айырмасы жанында орналасқан. Атауы осы өңірде өмір сүрген елдің қамқоршысы болған, өмірінің соңына дейін Ақ түйе мініп жүрген Жаппас руы адамының атымен қойылған. Дүниеден өтерде: «Мені осы Жалайыр мен Жаппастың ата жұрттық шекарасына қойыңдар. Бұлар мен кеткеннен кейін жер үшін жанжалдаспасын» - деген екен. Темір жол айырмасы Ақтайлақ деп аталады және айырмадан 1 шақырым жерде Ақтайлақтың бейіті орналасқан.



Ақтөбе – ауыл, округ орталығы. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 42 км жерде орналасқан. Іргесі 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932-96 жылдары күріш өсіретін Чапаев атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. 1996 жылға дейін Чапаев ауылы деп аталды. 1997 жылы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауыл арқылы Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет