ДАҚЫЛДЫЛЫҚ ҚАСИЕТІ. Негізгі қоректік орталары сары-уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.
Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, бомаса сүтті қоректік орталарда байқалады. Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді.
ФЕРМЕНТТІК ҚАСИЕТІ. Б/Х активтілігі (белсенді ) каталазаны өндіреді. Фогес- проскауэр реакциясы оң, нитратты нитритке болмаса азотқа дейін қалпына келтіреді.
АНТИГЕНДІК ҚҰРЫЛЫСЫ. Антигендік құрылымы күрделі. Түріне тән АГ–болып тейхой қышқылы болып табылады. S. aureus-рибитейхой қышқылы, S. epidermidis–глицеринтейхой қышқылы, S. saprophyticus–2 қышқылды да өзінде сақтайды.
ПАТОГЕНДІК ФАКТОРЫ болып стафилококтардағы микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия және токсиндік ферменттер.
Микрокапсула-бактерияларды полиморфты ядролық фагоциттермен фагоцитоздан қорғайды, микробтардың адгезиясына және микроорганизмдердің ұлпа арасына таралуына алып келеді. Ет сорпалы пептонда біркелкі лайлану байқалады.
ТОКСИНДІК ҚАСИЕТІ. Стафилокок төмендегі қасиетке ие токсин бөліп шығарады.
1. гемотоксиндік.қасиеті–эритроциттерді лизиске алып келеді.
2. лейкоцидин лейкоциттерді жоюшы
3. некротоксин-ұлпаны некрозға алып келеді
4. летальді токсин-жануарларды өлтіруші қасиеті
5. энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Пигмент түзу түріне қарай
1 Stafilococcus aureus – алтын түсті пигмент
2 Stafilococcus albus – ақ түсті пигмент
3 Stafilococcus citreus – лимон сары түсті пигмент
Адамдарда жиі патогенді – қасиетін көрсететін стафилококк түрі бұл алтын-сары тусті стафилококк
Стафилококктар 3 топқа бөлінеді.
1 патогенді.
2 шартты патогенді
3 патогенді емес(сапрофитті)
Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады. Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.
СТРЕПТОКОКТАР ( Streftococcus) моншақ тәрізді тізіліп орналасады. Стрептококтар қозғалмайды, споралары жоқ. Грам әдісімен бояғанда оң, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімсіз.
Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококтар келесі токсиндерді бөліп шығарады (гемолизин, лекоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді. Патогенді стрептококтардың патогенді емес стрептококтардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді және фибролинолитикалық белсенділікке ие.
МЕНИНГОКОКК-өткір инфекциялық аурулардың қатарына жатады, қоздырғышы NEISSERIA MININGITIDIS, ауа-тамшы жолымен таралып мұрын жұтқыншақ кілегей шырышты қабатында жергілікті қабынуды артынша менингитті септицемия (менингококцемия) және мидың жұмсақ қабықшасын қабындырады (менингококты менингитті шақырады).
МОРФОЛОГИЯСЫ- дөнгелек пішінді диаметірі 0,6-1,7 мкм жұптасып орналасады, жоғарғы жағы бір-біріне қараған, иілген тегіс орналасқан. Жасушалар полиморфты. Гр – жіпшелері жоқ,спорасы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |