Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»



бет12/120
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491120
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120
Микробиология-Фармация-2-курс-каз (2)

2. Бағдарлама:
1) Кіріспе. «Фармация» мамандығының бағдарламасы болашақ провизорларды дайындауда ғылымның қазіргі жетістігін, теориялық білімнің негізін қамтамасыз ететін медициналық биология ғылымның маңыздылығын айқындайды.
Микробиология базалық жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.
Медициналық микробиология адамдардағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін зерттейді.
Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.
Фармациялық білім беру жүйесінде микробиология негізгі орын алады.
2) Пәннің мақсаты:
Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, дәрілік заттармен, дәрілік шикізат микрофлорасын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беру.
3) Оқыту мақсаттары:

  • Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің классификациясына биологиялық қасиетіне түсінік беру;

  • Микроорганизмдердің табиғатта таралуына және оның адам өміріндегі орнына жұқпалы аурулардың туындауына түсініктеме беру;

  • Дәрілік шикізаттардың фитопатогенді микроорганизмдердің зақымдалуын және эпифит флораның орны туралы ақпарат беру;

  • Әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің микроорганизмдердің шектеулі көрсеткіші жөнінде білім беру;

  • Микроорганизмдердің химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы, төзімділігі туралы түсінік беру;

  • Макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының молекулалы механизмдеріне түсінік беру;

  • Макроорганизмдердің инфекциялық агентерге қарсы қорғаныс механизмдер негізіне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;

  • Микроорганизмдер тудырған аурулардың спецификалық профилактикасы мен терапия туралы түсінік беру;

  • Кеңінен таралған инфекциялық және микробтар шақырған инфекциялық емес аурулардың қазіргі заманғы микробиологиялық диагностика әдісітерімен таныстыру;

  • Студенттерді дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формалардың микробтармен ластануын бағалау әдістерін үйрету, патогенді және шартты-патогенді микроағзалармен болған биологиялық контаминацияны болдырмау шараларын жүргізуін үйрету;

  • Студенттерге гендік инженерия және биотехнология жөнінде түсінік беру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет