Бақылау (тесттер, есептер)
Жағдайлық есептер:
Мектепте барлық балаларға /оқушыларға/ БЦЖ вакцинасын қайта егу /ревакцинацепт/ алдында терішiлiк Манту сынамасын жасады. Бiр балада сынама оң мағына бердi. Ревакцинация жасау керек пе?
Ауруханаға 40 жасар науқас келдi. Оның шағымы: әлсiздiк, ентiкпе қақырықты жөтел, терлегiш 37-38ºС. Ауру 3 айға созылуда, 2 ай бұрын қамаудан шыққан. Обиективтi көрiнiс, тәбетi нашар, акроцианоз, тахикардия. Оң өкпенiң жоғарғы жағынын ылғи да ысқырық естiледi.Флюорограммада сол жерi қарайған. Алғашқы диагноз: оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлдi. Ауру қақырығанан алынған жұғынды Циль-Нильсен әдiсi мен бояғанда микроскопияда қышқылға тұрақты таяқшалар табылмаған. Бұл ненi бiлдiредi? Флотация тәсiлiнiң көмегiмен алынған жұғындыны Циль-Нильсен бойынша бояғанда, жiңiшке әлсiз, бүгiлген қызыл таяқшалар табылды. Қандай қорытындыға келдiңiз?, Бактериоскопиялық тәсiлдiң диагностикалық қабiлетiн қалай жоғарылатуға болады?
Хирургиялық бөлімге жарақатпен науқас түсті (Ұлпасының ыдырауымен жыртылған жарақат). Анаэробты инфекцияны ескертуүшін қандай препорат қолдану қажет?
Тесттер:
1. Қозғалыссыз патогенді клостридия.
Clostridium perfringens
Clostridium tetani
Clostridium botulinum
Clostridium novyi
Clostridium septicum
2. Спорасы терминальды орналасқан патогенді клостридия.
Clostridium perfringens
Clostridium botulinum
Clostridium tetani
Clostridium novyi
Clostridium septicum
3. Индол түзуші патогенді клостридия.
Clostridium tetani
Clostridium botulinum
Clostridium novyi
Clostridium sordellii
Clostridium septicum
4. Лактоза ферментеуші патогенді клостридия.
Clostridium perfringens
Clostridium tetani
Clostridium botulinum
Clostridium novyi
Clostridium sordellii
5. Сіреспе қоздырғышына тән қасиет:
қозғалмайды
қоректік ортада өспейді
көмірсуларды ферменттмейді
желатинді гидролиздемейді
спора түзбейді
6. Газды гангрена қоздырғышы таралатын тұқымдастық (әулиет):
Bacillaceae
Vibrionaceae
Enterobacteriaceae
Pseudomonadaceae
Nesseriaceae
7. Ботулизм қоздырғышына тән емес морфологиялық қасиет:
спора түзеді
талшығы болады
грамоң
капсула түзеді
таяқша тәрізді
8. Газды гангрена ауруының қоздырғышы:
Clostridium perfringens
Bacillus cereus
Clostridium botulinum
Vibrio cholerae
Salmonella typhi
9. Газды гангрена қоздырғышының басты патогенді факторы.
адгезиясы
күрделі құрлымды экзотоксині
инвазивтілігі
капсула түзуі
патогенді ферментері
10. Эндогенді инфекция ретінде псевдомембранозды колит ауруын тудыратын патогенді клостридия.
Clostridium tetani
Clostridium botulinum
Clostridium novyi
Clostridium difficile
Clostridium septicum
11. Туберкулездің спецификалық профилактикасы:
Өлі вакцинамен жүргізіледі
Туберкулездің жойылуына әкеледі
Гуморальды қорғанысты туғызады
Кальмет пен Герен ұсынған штамнан табылады
Е) Болмайды
12. Туберкулез қоздырғышының қасиеті.
Грам теріс.
Қозғалмайды.
Капсула түзеді.
Спора түзеді.
анаэроб
13. Туберкулез қоздырғышының таза дақылын алуда қолданатын орта;
Плоскирев ортасы
Борде-Жангу ортасы
Левенштейн-Иенсен ортасы
Клауберг ортасы
Сабуро ортасы
14. Туберкулез таяқшасын бояу әдістері
Романовский-Гимза
Нейссер
Цил-Нильсен
Бурри-Гинс
Здродовский
15. Алапес қоздырғышының қасиеті
грамтеріс
спора түзбейді.
Қозғалмайды.
Капсула түзеді.
Қоректік ортада өсуі.
16. Мицуд реакциясын жүргізетін ауру.
Көкжөтел
дифтерия
туберкулез
скарлатина
алапес
17. Қоректік ортада жылтыр пішінді , Муха дәндері кездесетін аурудың қоздырғыш.
дифтерия
пневмония
көкжөтел
скарлатина
туберкулез
18. Иілген ұзын оң ниацинді тест беруші Грам оң таяқша ,қайсы қоздырғыш.
туберкулез
пневмония
көкжөтел
дифтерия
скарлатина
№ 8
Достарыңызбен бөлісу: |