Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет51/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

5. Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Меншік қатысушылардын санына байланысты кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге болады:

1. Жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады.

2. Ұжымдық ( колективтік) меншік иелері болып бір уақытта бірнеше субъектілер табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады, оларға: акционерлік қоғам кооперативтері. Серіктестік – екі немесе одан жда көп серіктестерінің құралымен құралады. Серіктестілік басымдылығы – қосымша капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде бір неше серіктестердің білімдері мен ілімдеріне негізделе отырып мамандарды жүзеге арттыр


Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы тең материалды жауапкершілікті атқарады ( салымына байланысты емес). Бір серіктестің әрекеті қалған барлығына міндетті болады.

3. Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады. 


Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.
Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан, осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар, ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.
Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттық толық еместігі жүйесінде қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакциондық шығындардың  орын алуы туралы алғышарттар қойылады. Фирма осындай шығындарды қысқарта отырып, нарықтық және әкімшіліктік жолдармен ресурстарды оңтайлы үйлестірудің неше түрлі әдістерін қолдана алуы тиіс. Нарықтық жол кезінде баға механизмі есепке алынады, ал әкімшіліктік жол кезінде баға механизмі ескерілмейді. Бұл жерде фирманың құрылымы ресурстарды нарықтық тұрғыдан үйлестірудің шығындары мен оларды әкімшіліктік басқару тұрғысынан бөлу шығындары арасындағы арақатынаспен анықталады. Нәтижесінде, фирманың өзі ресурстарды нарықтық әдіспен тиімді орналастырудың баламасы ретінде қарастырылады. Демек, нарық ресурстарды тиімді бөлудің жалғыз ғана әдісі деген белгісінен айырылады. Осындай бағыттың құндылығы фирманың қолданатын ресурсының ерекшелігіне байланысты дұрыс шешім қабылдауы нарықтың өзі қамтамасыз ете алмайтын өндірістік тиімді әдісті ұйымдастыра алу қабілеттілігін түсіндіруден анық көрінеді. Сондықтанда, фирманың пайда табудағы табиғаты трансакциондық және басқарушылық шығындарды салыстырудан ғана емес, оның ерекше ресурстарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді болып табылады. 

Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы – бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық жағына көңіл бөлінуі қарастырылады – бұл фирманың келісімдік теориясы.

Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар жиынтығы ретіндегі күрделі иерархиялық ұйым болып табылады.
Фирма – бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығындарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын  өндірістік бірлік.

4. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:



  • Шаруашылық серiктестiк;

  • Акционерлiк қоғам;

  • Өндiрiстiк кооператив;

  • Шаруа қожалықтары;

  • Жеке (дара) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

5. Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. 

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.

Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Осының негізінде әрбір азамат өзінің бизнесін кез-келген уақытта ашуға және мемлекеттен қолдау алуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта ҚР Елордасын дамытудың басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында ұйымдастыру-құқықтық нысан бойынша тіркелген субъектілердің ең жоғары үлесін жеке кәсіпкерлер құрайды.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылғы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты.

Қазіргі уақытта, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып, бірталай іс-шаралар жүргізіледі және әр түрлі бағдарламаларда көрініс тапты. Бұл мәселе ҚР-ның Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» бағдарламасында да көрініс тапқан: экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы бағдарлама аясында бірнеше басымдылықтар көрініс тауып, оларды жүзеге асыру арқылы нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілері санының өсуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер санының артуы, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020) іске асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша қолдау келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау.

Осы бағыттарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік саясат пен нарықтық экономиканы дамыту мемлекет тарапынан эффективті түрде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында ең көп үлесін қосатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» Акционерлік Қоғамы болып табылады. Ол өзінің қызметі аясында Қазақстандағы қаржы құралдарының кең спектрі мен біліктілікті дамыту бойынша бағдарламалардан тұратын кешенді қолдау көрсету арқылы Қазақстанның шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға себін тигізеді. «Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және биліктің жергілікті атқарушы органдарымен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

Кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызуда. Елімізде шағын және орта бизнесті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет