Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
Мысалы, мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.
Ұдайы өндіріс дегеніміз- өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы. Ұдайы өндіріс процесін өндіргіш күштерді ұдайы өндіруден көруге болады. Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі- қоғамдық өнім.
Өндіргіш күштерді ұдайы өндіру дегеніміз - жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.
Ұдайы өндірістің 2 типі бар:
1. Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі болады:
а) интенсивті – бұл техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту;
ә) экстенсивті- бұл өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту;
б) аралас- өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.
Достарыңызбен бөлісу: |