Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет66/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен еңбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді. Еңбек құралдары - бұл әртүрлі механизмдер мен машиналар, қажетті тетіктер және т.б. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Еңбек заты мен құралдары бірігіп өндіріс құрал- жабдығын құрайды.

2) капитал- бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетін авансталған кұн.

Капитал рыногын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды.

Өнеркәсіптік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, кұрылысқа, көлікке бағдарланған капитал.

Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйым-дастырумен айналысу.

Қарыз капиталы - қайтарымдылығы және пайызды төлеу қағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.

Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде.

Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

1. Жер беті ретінде

2. Экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Егер қажетті минералды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет