Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет62/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

1. Бухгалтерлік пайда- айқын шығындарды төлегеннен кейінгі фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік (айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.

2. Экономикалық пайда- сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың барлық шығындары (айқын және айқын емес) арасындағы айырмашылықты білдіретін таза пайда шамасы.

3. Қалыпты пайда- сатудан түскен жалпы түсім мен фирманың жалпы шығындарының теңесуін білдіретін нөлдік пайда.

4. Шекті пайда- өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім мен шекті шығындар арасындағы айырмашылықты білдіретін фирманың қосымшатаза пайдасы.

4. Фирманың пайданы жоғарылату шарты. Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:



Бірінші ереже:фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы мейлінше артады.

Екінші ереже:фирма шекті табыс пен шекті шығындарды салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе, онда ол өнім өндіруді қысқартады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса, онда ол өнім өндіруді арттырады;

- егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап жалпы пайдасын максималды деңгейге жеткізеді:

МR = МС

Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды шарты болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет