30.10.2014 ж. № 7-1/559
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына,
14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына, 30-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-минитрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
«____» ________ 2014 жылы
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
«____» ___________ 2014 жылы
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар:
1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
5. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, Заңның 14-1 бабының 1-тармағында көрсетілген обеъектілік (тұлға) қатынаста жүзеге асырылады:
6. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, Заңның 14-1 бабының 1-тармағында көрсетілген обеъектілік (тұлға) қатынаста жүзеге асырылады:
7. Осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру нысанында және ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда өзге де нысандарда, жүзеге асырады.
8. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына тексеру тағайындалмай, тұрақты негізде жүргізіледі.
10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру актісін жасайды.
11. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарға қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына аса қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
12. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай өз құзыреті шегінде нұсқама жасайды, согіс беру туралы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.
13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.
14. Тексеру актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
15. Тексеру актiсi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңның талаптарына сәйкес жасалады.
Тексеру актісінің данасы Заңның 14-1 бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде құрастырылады.
16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |