Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз



бет3/4
Дата02.09.2022
өлшемі112.31 Kb.
#460151
1   2   3   4
Ақбілек

Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт на­мысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманын­да жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды…
ОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық өзбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратын халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсындай ұлы тұлға бұрыңғы – соңғы тарихымызда сирек.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолыроман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы бар. Қодар-Қамқа тра­гедиясының үстінен шыққан соң, екіұдай көңілдегі Абайдың мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.

Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.

Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы күрес жолына қарай беттетеді. Абайдың азамат, қайраткер ретіндегі өсіп-толығуы ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, гүл шашып, жапырақ жаюымен қатар егіз отырады. Көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадында тұтып, көңілге тоқып; Шығыс, Батыс әдебиеттері теңіздеріне құлаш ұрып барып, поэзияның ұлы айдынына шыққан Абай талантының небір тылсым сырларын, шығармашылық психологиясын терең бейнелеген Әуезов өнегесі – әлемдік прозадағы жаңа бір дәстүрлерге мұрындық болғанын, оны өз тәжірибелерінде пайдаланғанын көптеген қаламгерлер айтқан.

Кейіпкерлерін бір жақсылық, бір жаманшылықта сынау – Әуезов поэтикасындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі екенін, әсіресе, Абай характерін сомдау принципінен көреміз. Қараңыз: жылы сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір-шафқат төгіп, елжіреп, еміреніп отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен туған аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып, балаларына ана болып отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ астындағы кереғар жәйттер. Ал енді бұдан сыртқа шығып көріңіз.

Кеше ғана тізе қосып, ел тізгінін қатар ұстаған Құнанбай мен Бөжей бүгін Ырғызбай мен Жігітекті соғыстырып, кісі өліміне дейін барып отыр. Бұл екі қошқардың басы бір қазанға сыймағаннан туған бақастық, күншілдік кикілжің емес, алыс түкпірлі ниетті тіршіліктің қамы, өз нәсілі үшін қоныс кеңейту, жер алу мақсатынан шыққан арпалыс. Шындап келгенде, бұл ауыз бірліктің жоқтығынан өршитін таза қазақы рулық қақтығыс емес, жалпы адам баласының мәні бар, әулет пен әулетті, ұрпақ пен ұрпақты, халық пен халықты, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті соғыстыратын мәңгілік майдан. Сол үшін шекара күзетіледі, қару-жарақ жасалады, елшілік жүреді, ұйымдар құрылады.
Абай бейнесін жасауда ақын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады. Бірақ жеке өлеңдерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар тудырған.

Ұлы ақын, ұлы күрескер шытырман, қат-қабат ғұмыры диалектикалық қайшылықта реалистік шыншылдықпен ашылады. Бір жағынан, бұл қазақтың жаңа жазба әдебиетінің классигі, өмірдегі іздері халық санасында сайрап жатқан нақты, тарихи тұлға болса, екінші жағынан, бұл ұлы жазушы қиялында балқып туған зор талант, мәні бар, мың сан қыры жарқыраған, образдық, символдық қуаты күшті, дүниежүзі өнеріндегі биік, көркем, ұмытылмас әдеби бейнелердің бірі. Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді, терең психологиялық талдау арқылы ашып берген күрделі романдағы ең үлкен сезім ағыстарының бірі – сан-салалы махаббаты алуан түрлі құлпырған көрік бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен, бұлқына жосыған күй-толқынымен бейнеленген. Көлденең көк аттыға елеусіз ғана көрінетін туған жердің тау-тасы, өзен-көлі, аймақ-даласы жазушының шабытты қаламында қайтадан жаратылғандай болып, құлпырып, жайнап, небір ғажап қалыпта көрінеді, қыс, көктем, жаз, күз – бәрі бар. Нөсерлетіп жаңбыр жауады, ат құлағын көрсетпей боран соғады.
Табиғатынан ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық әдебиетінен сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашық жырларын оқып, тәрбие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, әсемдікке құлауы – Тоғжанмен тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіскен романтикалық, ғажайып махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр. Сол күйлерді жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монологтары, тебіренісі, лебіз­дері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. Астарлар, тоғысулар, ұласулар Ләйлі-Мәжнүн, Қозы-Баян, Татьяна-Онегин болып жалғасады.

Түптеп келгенде, Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді. Бұл күйлердің жалғасы, жаңа замандағы соны көрінісі болып Әмір-Үмітей, Әбіш-Мағыш, Дәрмен-Мәкен махаббат хикаялары, сол сапардағы трагедиялық халдер, романтикалық серпіндер ішкі толқынды әлемді жайып салған, биік адамгершілік тұғырлардан шырқалған қымбат, асыл, жалынды ән болып төгіліп, мол сарынды симфониядай бойыңды балқытып, жан-жүйеңді елжіретеді. Бұл арнада батыр, бағылан Базаралы мен нұржүзді, науша Нұрғаным арақатынасы, сыйластық, сүйіспеншілігі оқшау әсер етіп, естен кетпей, ойда қалып қояды. Шығармадағы диалектикалық қайшылық, тартыс, күрес сан-салалы, тарам-тарам, жүлге-жүлге. Әуелде зорлықпен оқудан қол үзген Абай темір ноқта кигендей болып, сүйгенінен айырылып, атастыру жөнімен үйленіп, опық жейді. Бірте-бірте өз әкесінің жуандығынан басталған әділетсіздік толқыны оны басқа жағаға, қорланғандар, қорғансыздар тобына қарай ығыстырады. Дұшпан жаттан да, жақыннан да шығады. Бір әкенің екі баласы Абай бір қиырға, Тәкежан екінші қиырға тартады. Күндестік отын бықсытып жүрген Күнке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар анау. Олардың жалғасы болып жауыздықтың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатыр.



«Абай жолының» бас кейіпкері — Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ.
1-кітаптың басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында — даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдасақ, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болар еді. Бұл да зергер қиюластырған тамаша композиция арқылы тұтасқан шынайылы
Абай бейнесі

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі — осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай — кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет — осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға — символ бейнеге айналады. Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі… Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.
Әке мен бала

Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда — жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай… Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері — Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар — Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет — өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды. Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы — жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» — жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар… Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді…
Адамдардың арақатынасы ғана емес-ау, тіпті табиғат құбылыстарының өзін Абай статикалық хәлде емес, динамикалық күйде анық ақындық түйсікпен тура тірілтіп түсінеді. Айталық, қырдағы кеш, қоңыр іңір «бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұңдасы тәрізді»; кеше ғана өзара жауыққан рулар бір-біріне сойыл сермеп, шоқпар сілтеп, бір-бірін соққыға жыққан тау бөктерінен «соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғырығы тәрізді»; енді бірде «Абай біртүрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды». Абайдың ақындық бітімі, ішкі дүниесі осылайша нәзік және терең ашылады. Дәл осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. Кітап басында қаладан келе жатқан Абайға жерұйық боп көрінген көктем көркіндегі кербез дала кітаптың аяғында ақ қар астында ақ кебінге оранған өлік секілденеді. Бұл — әшейін көзге көрінген сурет қана емес, көңілге ұялаған шындық. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша… Әке мен баланың арасындағы жол айырығы осы тұста біржола белгіленеді. Бұл бұрылысқа әкелген романның өн бойындағы психологиялық дәлелдің күші сондай, оқырман Абайдың әр қылығы мен қимылын дәл өз қимылы мен қылығындай қалтқысыз қабылдап, татаусыз түйсінеді. Сондықтан ол әке мен баланың ажырасу себебіне сенеді. 1-кітаптың аяғында әке мен бала бір-біріне бетпе-бет келіп, ой, пікір, ұғым сайысына түскенде оқырман Абай жағында болады. Абай, сөйтіп, өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді»[5]. 1-кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан былай қарай енді өнер адамы — ақын Абай, шын мәніндегі азамат-ақын көрінеді. Бұл тұста авторға «шығармашылығы арқылы Абайдың өзі көмекке келеді» (Әуезов). Ендігі өмір Абай ақындығының қайнар-бұлағына айналады. Ендігі жерде көп-көп деталь Абай өнерінің психологиясы — көптеген өлеңдерінің туу құпиясын ашуға қызмет етеді. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы төл әдебиетте — халық өнерінде — өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере-әжеде, мұңшыл жырау Барласта, сыншыл жыршы Шөжеде… жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде — Е. П. Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен А. С. Пушкинде, М. Ю. Лермонтовта… жатыр. Романда осы сыр терең және жан-жақты толғамын табады. Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл-парасаты осындай қос арнадан қоректенген азамат ақынның рухани дамуы, қайраткер ретінде өсуі одан әрі жалғасады. Мыс., алғашқы кітаптарда Абай өз келесіндегі келеңсіздікті, өз ортасындағы әділетсіздікті, феодализмнің тоң мойындығын сынаушы болса, кейінгі кітаптарда ол шеңберден шығып, енді күллі Шығыс керітартпалығын әшкерелеуші дәрежесіне көтеріледі.
Екінші кітап

Орыс классиктерінің шыншыл дәстүрінен сусындаған Абайдың ендігі күрес жолының бір ұшы Россиядағы азаттық қозғалысымен жалғаса жаздағандай. Бірақ реалист-жазушы тарихи шындық шеңберінен шықпайды. Абай алдынан тағдырдың тартары — революционердің улесі емес, ағартушы ақынның сыбағасы екенін ұмытпайды. Дей тұрғанмен, қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы соңғы кітаптың күллі идеялық мазмұнын кеулеп, сюжеттік арқауына айналып кеткен. Жаңа мен ескінің тартысы енді осы арнада жүреді. Бұл тайталастар бұрын ауыл аясында болса, енді қала тіршілігін де қамтиды. Қараңғы қазақ даласында рауандаған таң жарығындай Абай ағартушылығынан тараған осынау күрес сәулесі бұрын даладағы Дәркембайлар мен Базаралылар үстіне түссе, енді қаладағы Әбендер мен Әбділер, Сейіттер мен Сейілдер маңын нұрландырады. «Абайдың» 2-кітабы мына сөздермен аяқталған еді: «Алда — өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үміті бар… Қуаты — ақындық, үміті — халық».[6] «Абай жолының» екі кітабында осынау негізгі идея көркемдік жағынан жан-жақты жинақталады. 4-кітаптың аяғында Абай дүниеден кетеді, бірақ 2-кітаптың соңында образ-символға айналған «Абай кемесінің» желбіреген жалауы сол қалпында, сапары тоқтар емес: «Кең жайқын әлемде түзу жол сызып, маңып барады… Жалауында «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үм Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға тартты». Көлді теңізге қотарғандай, авторлық идеяны объективті идеяға мұншалық шетсіз, шексіз айдынмен айналдыру — асқан шеберлік. Абай тұлғасы Әуезов талантының осы құдіретіне кепіл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет