Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз


Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда



бет4/4
Дата02.09.2022
өлшемі112.31 Kb.
#460151
1   2   3   4
Ақбілек

6.Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда

Жоспар:
І. Кіріспе 
Тәуелсіздік -сан ғасырлық арман 
 ІІ. Негізгі бөлім
Тәуелсіздік қымбат маған ,саған да
 ІІІ. Қорытынды
 Тәуелсіздік -еркіндігім,теңдігім


Намысымның шырағындай желтоқсан
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып ,жаңғыртып
Аңыз болдың жыр ағындай желтоқсан

Тәуелсіздік -тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты,мәңгілік құндылығы . 
Тәуелсіздік ! Еркіндік! Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?
Тәуелсіздік -халқымыздың бостандығы мен демократиялық жағару жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының жемісі,нәтижесі.Тәуелсіздік -біздің ең басты игілігіміз,баға жетпес барымыз.
1991 жылы 16 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік туралы » Конституциялық заңы қабылданды.Уақыт қалай тез өтеді.Қазақстан үшін бұл жылдар аса маңызды жылдар боды.29 жыл ішінде елдің ел ауқатын көтеріп,төл мәдениетімізбен мемлекеттік тілді жаңарту ісінде қыруар жұмыстар жасадық.Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздік !Тәуелсіздік жолы !Ол алыс пен жақынды қосады .Кешегі мен бүгінгіні жалғайды.Біз ғасырлар,жылдар бойы тәуелсіздікті,бостандықты армандаған,аңсаған халықпыз.Біздің жоғалтқан асылымыз -Тәуелсіздік еді.Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялағаннан кейін Елбасымыз сайланды.Шет елден қаншама қандастарымыз оралды.Олардың қуаныштары қойнына сыймай,төбелері көкке жеткендей қуанды.Біздің туысымыз -тәуелсіздік ,тілегіміз -бейбітшілік ,сондықтан жанжал атаулыны болдырмау үшін бар ерік -жігерімізді аямауымыз керек.Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге берері мол.Әулетіміздің асуы да,дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда.Не істесек те ақылмен істейтін,ұшпа әзілге ерік бермейтін тәуелсіздік жастары болу керекпіз. Әсіресе,жастар салқынқандылықтан ,үлкенді сыйлаудан ,сөзге тоқтаудан айнымаса,қашанда достыққа адал болса,бауырмашыл ,кеңпейіл болса,халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.Тарих көші ұзақ.Адамзат қоғамының тарихы үшін 29 жыл деген ұзақ мерзім.Дегенмен, Қазақстан үшін бұл жылдар аса маңызды тарихи оқиғаларға толы болды: еліміз ел билігін қолына алды,қазақ мемлекеттік жүйесі қайтадан қалпына келтірілді.Әлемнің жүзден астам мемлекеті Қазақстанның дербестігін таныды.Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап,дипломатиялық қатынастар басталды.Сонымен қоса ,Халықаралық даму ассосациясының ,Халықаралық валюта қорына,Халықаралық реконструкция және даму банкісіне ,Дүниежүзілік банктің инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің ,Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды.БҰҰ-ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы » ретінде енген.Семей полигонын жабу секілді ғаламдық маңызды ие шараларға қол жеткізді.
Біз осы елдің тәуелсіз ұрпақтарымыз.Біз үшін мұнан үлкен мақтаныш жоқ .Қандай жақсылық ,ерлік жасасақ, тәуелсіз еліміз үшін ,Отанымыз үшін жасайтын,ешкімге жалтақтамайтын еркін елдің ұрпақтарымыз!Тәуелсіздік елдігім,еркіндігім,тарихым,тілім,дінім - деп,осы елде туғанымды мақтан етемін.Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілеті бар,50 мемлекеттің қатарынан орын алатынына кәміл сенемін.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып,жалпы ұлттық ,ұлттаралық бірлікті нығайтуға ,рухани-мәдени жаңғыруға қол жеткізді.Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына,туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына мен кәміл сенемін!
Тәуелсіздік ,төрлет менің төріме
Тәуелсіздік ,шаттық сыйла еліме
30 жыл қадам басып келесің,
Мынау дархан кең жазира еліме!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет