ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР
-
МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.
-
СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.
-
АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.
№4 Дәріс. Ортағасырлардағы әдебиет пен мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар: Орта ғасырлар. «Орта ғасырлар» терминінің бастауы. Тарихи жағдай. Мәдениет пен әдебиет дамуы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді аталмыш кезеңдегі әдебиет және мәдениет дамуы барысынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Орта ғасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Ғылымда көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни Ү ғасырдан бастап ХҮ ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Бұл «орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады.
І – «Бастапқы орта ғасырлар кезеңі»- дәуір бастауынан басталып – Х-ХІ ғасырларға дейін созылады;
ІІ – «Жоғарғы, классикалық кезең» - ХІ ғасыр мен ХІҮ ғасыр.
ІІІ – «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі»- ХІҮ ғасыр және ХҮ ғасыр аралықтарын қамтиды.
Орта ғасырлар дәуіріндегі айрықша дамыған мәдениет салаларының бірі- әдебиет болды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар ерекше қанат жайды. Бұл құбылыс әсіресе Англия және Скандинавия елдеріне тән болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды.
Ел арасына кең тараған ағылшын-саксондық батырлық эпостың бірі – 700 ж. шамасында жазылған «Боевульф» поэмасы болды. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі батыс еуропаның әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлілігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтық поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын – «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды ХІІ ғасырда латын жазуының пайда болу кезеңінде жазылған.
Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша әдеби мұра – француздардың халықтық ерлік эпосы – «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған әскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы неміс жазуының баға жетпес әдеби мұрасы – «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда Ү ғ. Бургунд корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары – уақиғаның негізгі арқауы болған.
Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық поэзияда дами бастады.Германияда лирикалық поэзияның өкілдері саналған миннезингілер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық» (сарай маңындағы) поэзия – француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлық қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары – Бертран де Борн (1140-1215ж.ж.), Джауфре Рюдель (1140-1170ж.ж.) және т.б. болды.
Ортағасырларда әдебиет аренасына шыққан алғашқы жанрлардың бірі – рыцарлық әдебиет болды. Рыцарлық әдебиет әсіресе лирика мен роман жанрында кең дамыды. ХІ ғасырда рыцарлық әдебиеті дамыған елдің бірі – Франция болды. Францияның Прованс атты аймағы Ұлы Карл империясының күйреуінен соң тәуелсіздікке қол жетіп, Франциядан бөлінеді. Сөйтіп саяси және экономикалық егемендікке жеткен Прованс аймағында қоғамдық өндіргіш күштер мен өзге де тұрмыстық салалардың дамуы белең алды. Осындай қоғамдық сананың едәуір нығайған кезеңінде, француз әдебиеті де бұл дамудан тыс қалмады. Батыс еуропалық әдебиеттердің ішінде француз әдебиетінде алғашқы куртуаздық-рыцарлық идеал қалыптасты. Рыцарлық әдебиеттің алғашқы негізін қалаушылар – трубадурлар деп аталатын ақындар болды (trobar-іздеу, табу).
ХІІ-ХІІІ ғасырдағы француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі – «ваганттар» поэзиясы болды.Ваганттар деп кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының бір ерекшелігі – вагант ақындардың католик шіркеуі мен дінбасыларын, олардың зұлымдық іс-әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады.
Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі боп саналады.
ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы – ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.
Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, сонеттер басым болып келеді. ХІІ ғ.-дың ортасында Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт – «Жаңа әдемілік стиль» пайда болды.Бұл стильдің негізін салушы – ақын Гвидо Гвиницелли.ХІІІ ғ.-дың аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық көре бастады. Солардың тырнақалдысы – новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Джованни Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды.
Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті өкілдері – Чекко Анджольери, Гвидо Орланди және т.б. Олардывң шығармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсенділігімен ұштасты.
№5 Дәріс. Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиет пен мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс. Қайта жаңғыру құбылысы жәнеі мәдени салалар. Қайта жаңғыру құбылысының басты мақсаты.
Дәріс мақсаты: Адамзат тарихындағы ең елеулі тарихи кезеңдегі әдебиет және мәдениет салаларының даму барысынан хабардар болу.
Дәріс мазмұны:
Батыс және орталық Европа тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалысты қамтиды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы – діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта өрлеу идеялары қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта өрлеу деп аталатын бұл алғашқы буржуазиялық құбылыс – ХІҮ ғ. Аяғында ХҮ ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып бүкіл Италияны қамтыды. Бұл кезеңде итальян қоғамы Греция мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени және әдеби мұраларды жаңғыртумен қызу айналысып кетті. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес жалпы адамзаттық гуманистік идеялар негізінде бірігуге мүмкіндік алды. Ғылымда бұл құбылыс қайта өрлеу жіне гуманизм дәуірі деп сипатталады.
Қайта жаңғыру құбылысын сол кездегі мәдениеттің барлық салалары да басынан кешірді. Сол кезең әдебиетінде көптеген тамаша туындылар дүниеге келді. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына әкелді. Солардың бірі – қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.ж.). Оның қылқаламынан шыққан атақты комедияның кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка және Джованни Боккачо Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне» арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі – «Декамеронның» авторы атақты Боккачоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс боп саналады.
Қайта жаңғыру құбылысының басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау басты орынға қойылды. Бірақ осындай ұлы бастамалардың жаршысы болған Италия елінде алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ ғ. 40-ж. инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында ІҮ-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккачо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тыйым салынған кітаптар отқа жағылды.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. ортасына қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Библияның неміс тіліне аударылуы – немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру Реформациямен тығыз байланысты болды (католиктік шіркеуді реформалау қозғалысы).
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі – Иоганн Рейхлин (1455-1522 ж.ж.) – «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды, Сондай-ақ Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесі», Ульрих фон Гуттеннің, Ганс Санстың шығармалары да осы кезең туындылары. «Халық кітаптары» деп аталатын жалпы әдебиет саласындағы соны құбылыс та Германияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» және т.б.. Олардың авторлары белгісіз.
Нидерландыдағы Қайта жаңғыру қозғалысының алыбы Эразм Роттердамский болды. Оның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Италияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен княздердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі – қалаларда ғана емес, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьесса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды.
Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.
Еуропаның басқа бір елі – Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.
Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Вакенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты.
Францияда гуманистік қозғалыс тек ХҮІ ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.
№6 Дәріс. ХҮІІ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар: ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Мәдени және әдеби даму процестері. Классицизм. Классицистік поэзия, драма және проза. Теоретиктер.
Дәріс мақсаты: ХҮІІ ғасырдағы мәдени өмір дамуы барысынан мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Кіріспе. Жалпы шолу. ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Мәдени және әдеби даму процестері. Кальдерон шығармашылығы. өмірі туралы деректер. Комедиялары, пьесалары, аутос және интермедиялар. “Креске табыну”, “Ажалдан соңғы махаббат”. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы. Алғашқы шығармалары: “Мелита”, “Клитандр”, “Жесір”, !Сот галереясы”, т.б. “Сид” трагедиясы – Корнель творчествосының биік шыңы. Трагедияның тағдыры. Соңғы трагедиялары: “Гораций”, “Цинна”, “Полиевкт”, Эдип”, “Пертарит”. Жан Расин. өмірбаяны. Тырнақалды шығармалары: “Сена нимфасы”, “Фиваида”, “Александр” трагедиясы. Расиннің театрдан кетуі. Психологиялық дағдарыс. Расиннің эстетикалық көзқарастары. “Андромаха” трагедиясы. “Ифигения Авлидте”, “Британник”, “Баязет” трагедияларының тақырыптары, олар шешетін әлеуметтік мәселелер. Жан Батист Мольер. өмір жолы. Алғашқы комедиясы “Есуас. Мольердің көркемдік көзқарастары. “Мизантроп”, “Дон Жуан”, “Күлкілі әпенділер”, “Күйеулер мектебі”, “Оқымысты әйелдер”, “Тартюф”, “Сараң” және т.б. Классицистік прозаның жарқын өкілдері: Ларошфуко, Лабрюйер. Шығармалары. “Ойлар, немесе моральдік тұжырымдамалар”, “Біздің ғасырымыздың мәнездері мен кейіптері”,. Графиня де Лафайет. “Клевская ханша”, Лафонтен шығармашылығы. “Мысалдар” . Француз барокколық әдебиеті. Жалпы шолу. Барокко - әдеби ағым. Ерекшеліктері. Мадлен Скюдери және оның романы “Артамон, немесе Ұлы Кир”, “Клелия”. Бароко принциптері. “Әйелдер салондары”. Ренесснстық реализм: Теофиль де Вио, Поль Скаррот, Шарль Слорель, Фюретьер, Сирано де Бержерак.
№7 Дәріс. ХҮІІІ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет
Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.
Дәріс мақсаты: Ағартушылық ғасырының тарихи дамуы туралы мәлімет беру.
Дәріс мазмұны:
Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.
Ағылшын әдебиеті. Даниель Дефо ”Робинзон Крузо”. Джонатан Свифт “Гуливердің хикаялары”. Ричардсон “Памела” немесе “Кларисса Гарлоу, немесе жас ледидің өмірі”.
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшын драмасы. Ағылшын театры. Джозеф Аддисон (1672-1719), Джордан Милло (1693-1739), Ричард Бринсли Шеридан (1751-1816). Стерн (1713-1768) шығармашылығы. “Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері”, “Сентиментальдік саяхат”. Роберт Бернс (1759-1796) шығармашылығы. Өмір жолы. Шығармалары. Француз ағартушылығы. Шарль Монтескье (1689-1755(. “Пареп хаттары” философиялық роман. “Заңдар өзені” еңбегі – автордың жалпы заң ұғымына к-өзқарасы. Вольтер (1694-1778)-шығармашылығы. Франсуа – Мари Аруэ –Вольтердің шын аты. Өмір жолы. Еңбектері. Вольтер эстетикасы. “Генриада” поэмасы. Философиялық көзқарастары. Дени Дидро шығармашылығы. Еңбектері. “ Актер туралы парадокс”, “Племянник Рамо”, “Монахиня”, “Жак-фаталист”. Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Исповедь”. Бомарше шығармашылығы. Комедиялар. “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі”. Ағартушылар және рококо өнері. Француз сентиментализмі. Неміс әдебиеті. Тарихи жағдай. Лессинг және Шиллер шығармашылығы. Гете творчествосы. Эстетикалық, философиялық көзқарастары. Еңбектері.
№8 Дәріс. ХІХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет. Романтизм.
Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи кезең. Романтизм дамуы. Стиль. Кезеңдері. Ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: Студенттерге ХІХ ғасырдағы мәдениет пен әдебиет салаларының жалпы даму барысынан мәлімет беру.
Дәріс мазмұны:
Кіріспе. Жалпылама шолу. Иен романтизмі. Оның көрнекті өкілдері. “Атеней” журналы. Фридрих Шлегель. Соңғы романтизм. “Гейдельберг романтиктері”. Неміс филологиясы мен фольклористикасының дамуы. Ағалы-інілі Гриммдер. Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шыармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” - фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Рихард Вагнер. өмір жолы. Алғашқы әдеби шығармалары. “Естеліктер”, “Летучий голландец”. Вагнер шығармашылығының биік шыңы – “Нибелунг жүзігі”: 1 кітап “Рейн алтыны”, 2 кітап: “Валькирия”, 3 кітап: “Зигфрид”, “Құдайлардың ақыры”. Жалпы шолу. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Байрон шығармашылығының екі кезеңі - 1807-0816 және 1816-1824 жж. Перси Шелли – ағылшын романтизмінің жарқын өкілі. “Маб королева” поэмасы. “Азат етілген Прометей” – лирикалық драмасы (1820). Вальтер Скотт (1771 – 1832) – тарихи роман авторы. “Роб Рой” романы. Бастапқы француз романтизмі: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго - француз ұлы қаламгері. Өмір жолы. Шығармашылығы. “Париж құдай анасының ғибадатханасы” – Гюго творчествосының биік шыңы. Поляк романтизмі. Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі. Шығармалары: “Пан Тадеуш”, “Поэзия” поэмасы. Американ романтизмі. Жалпы шолу. Бастапқы американ романтизмінің орнығуының 3 кезеңі. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері: 1-кезең – 1816-1831 жж. – Париж қаласына эмиграцияға кетуіне дейінгі кезең; 2-кезең – 1831-1839 жж. – қоғамдық-саяси публицистикасының дамуы мен тереңдеуі; 3-кезең – 1839-1848 жж. – саяси лииркасының шарықтау кезеңі; 4-кезең – 1848-1856 жж. – төңкерістен кейінгі кезең. “Әндер кітабы”. Гейненің көркем прозасы – “Сапардағы суреттер”. “Людвиг Бернс”(1840) – Гейненің эстетикалық көзқарасы. Шығармашылығының соңғы кезеңі – “Романсеро”, “Сыр”, “Германия” поэмалары.
№ 9 Дәріс. ХХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет. Реализм.
Қарастырылатын сұрақтар: ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы әлемдегі тарихи-әлеуметтік жағдай. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер. Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм.
Дәріс мақсаты: Студенттерді
Дәріс мазмұны:
ХХ ғасыр әдебиетінің дәуірлерге бөлінуі. ХХ ғ. басындағы әлемдегі тарихи-әлеуметтік жағдай. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы – жаңа өтпелі кезең. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер. Бұл дәуір әдебиетіндегі басты әдеби ағым-бағыттар – сыншыл реализм, натурализм, неоромантизм және романтизм, декаданс, символизм, модернизм. Аталған ағым-бағыттардың болмыстық ерекшеліктері, көрнекті өкілдері. ХХ ғ. басындағы Франциядағы тарихи ахуал. Бұл кезеңдегі француз әдебиетінің даму ерекшеліктері. Огюст Конт философиясы және оның әдеби және мәдени ойдың дамуына тигізген әсері. Конт позитивизмі. Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Гонкурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі. Неміс әдебиетінің бұл кезеңдегі даму ерекшеліктері. Раабе, Шторм, Фонтане – ХХ ғасырдың басындағы неміс қаламгерлері. Неміс натурализмі. Оның екі бағыты: демократиялық бағыт және буржуазиялық бағыт. Кретцер, Поленц, Ницше шығармашылығы. Неміс әдебиетіндегі экспрессионизм бағытының пайда болуы және дамуы. Рубинер – экспрессионизм теоретигі. Э.Толлер шығармашылығы. Неміс әдебиетіндегі сыншыл-реализм бағытының дамуы. Генрих Манн творчествосы. ХХ ғасыр басындағы Англиядағы тарихи жағдай. Позитивизм философиясының ағылшын әдебиетіне тигізген әсері. Герберт Спенсер, Ницше және Шопенгауер философиясының таралуы. Ағылшын әдебиетіндегі әдеби ағым-бағыттар. Натурализм, декаданс ағымдарының ХХ ғасыр басындағы ағылшын әдебиетіндегі өкілдері: Джордж Гиссинг, Арнольд Беннет, Джордж Мур, У.Пейтор, А.Саймонс, О.Уайльд, “Сары кітап” журналы (О.Бердсли). неоромантизм. Даму ерекшеліктері.
№10 Дәріс. Гомер шығармашылығы. «Илиада» және «Одиссея».
Қарастырылатын сұрақтар: Аэдтер шығармашылығы. Гомер. Гомер мәселесі. «Илиада» және «Одиссея».
Дәріс мақсаты: Студенттерді көне грек қаламгері Гомер шығармашылығынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық поэмалар да туғызды.Жоғарыда айтылғандай,бұлардың ішінен ең әйгілісі одақтасқан көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді.Бұл циклдің негізі біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары.Гректер соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы соғыстың оныншы жылы-Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы және соның салдары баяндалған.Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы әңгімеленеді.
Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған.Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған эллинистік мемлекеттер мекткптерінде және ақыр соңында Рим империясында жұмыс жасаған оқу орындарында оқып үйренген.Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты. Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі композицияларының немесе әр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып қалған аумақты мозаикалық шығармалардың тақырыбы болған.
Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тәрбиеледі” деп жазған болатын.Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді.Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан.Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болған.
XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды.Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санады.Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі аэдтердің бірі шығаруы әбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дәстүрі XX ғасырға дейін сақталып келді.Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық творчествосы осындай болатын.Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” деп атауы кездейсоқ емес-ті.
Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен “Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, әрине, бұл поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ.
“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мәселеде совет тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмәні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай да болмасын, өмірбаяндық деректер әлі күнге белгісіз.
Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” дейтін поэмасында тәптіштеп тұрып жазды. Овидий өзінің “Метаморфоза” (“Айналулар”) және “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік эпизодтарды баяндап берді.Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі аян етіледі.
“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дәлелдеп, Гомердің жеке авторы екенін жақтап шықты.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында ежелгі дүниені зерттеуші европалық ғалымдардың көпшілігі мифтік хикаялар мен ежелгі грек эпикалық поэмаларының мазмұнын таза фонтастикалық туынды деп қараған.Бірақ қазіргі кезде, археологиялық жаңалықтардың арқасында,бұл пікір осы заманғы ғылыми көзқарастарға сай келмей қалды.
XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ энтузиаст-архиолог Г.Шлиман ежелгі Троя қаласының тұрған жерін дәл анықтады, ал 80 - жылдарда Микены мен Тиринфтің қираған орнында ойдағыдай археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.XX ғасырдың басында ағылшын ғалымы А.Эванс Крит аралындағы ежелгі Кюсс қонысынан орасан зор сарай комплексін тауып, оны егжей-тегжейлі зерттеді.Бұдан кейінгі ондаған жылдарда грек, итальян және американ археологтары Критте,Пелопоннесте,Орта Грецияда,Эгей архипелагы аралдарында толып жатқан ежелгі мекендерді тапты.Олардың кейбіреулерінің (Кносс, Пилос, Фивы) қалдық обаларынан өзінше бір жазу таңбалары бар қыш тақташалар табылды.1953 жылы В сызықтық (линейлік) жазба деп аталған бұл таңбаларды ағылшын ғалымы М. Вентрис ажыратып оқи алды.
Осы археологиялық жаңалықтар нәтижелері ежелгі грек мифологиясы мен эпикалық пэзиясының пайда болуы туралы мәселені мүлдем жеңаша тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.Егер XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ежелгі грек мәдениетін зерттеушілер ежелгі қоғам мен мәдениеттің дамуын тек біздің эрамыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяқ кезінде ғана басталды деп есептеп келген болса,қазіргі уақытта таптық қоғам ошақтарының пайда болуы мен бұрынғы III мың жылдықтың аяғында басталды дейтін берік тұжырым жасалды.Мәселен,біздің эрамыздан бұрынғы III мың жылдықтың аяқ кезінен бастап Крит аралында таптық қоғам қалыптасқан.Оның негізгі саяси орталығы Кносс болды.Крит билеушілері өз үстемдігін көршілес аралдарда да, сірә Балкандық Грецияның кейбір аудандарында да орнатса керек.Крит теңізшілері алыс жорықтарға шығып отырған.Олар Египеттен,Солтүстік Сирсямен қарым-қатынас орнатқан.Батыста криттіктер Сицилия мен Сардиния аралдарына дейін жеткен.
Біздің эрамыздан бұрынғы XV ғасырдың орта тұсында Эгей ахипелагы орталығында геологиялық апат болыпты.Фера аралындағы жанар таудың жан түршігерлік атқылауы онда орналасқан қаланы тып-типыл етіп қана қоймай, Критке де әсерін тигізген.Арал халқының бір бөлігі қаза тауып, бір бөлігі туған жерінен басқа жаққа кетіп қаған.Қаңырап бос қалған Критке бұған дейін Балкандық Грецияны өз мекеніне айналдырып үлгірген ахей тайпалары келіп қоныстанған.
№11 Дәріс. Аристофан – комедия атасы.
Қарастырылатын сұрақтар: Өмір және шығармашылық жолы. Комедиялары. Ерекшеліктері. Аристофан мұрасы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді көне грек қаламгері Аристофан шығармашылығынан хабардар ету.
Дәріс мазмұны:
Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мәліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның «Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.
«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. Демостың көп құлдары оның бәріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан зәбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз әмірін жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт болып шығады. Комедия осымен аяқталады.
Б.э.д. 423 жылы Аристофан ұлы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ұлы Дионисий мейрамындағы қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана әрең ілігеді. Бұл комедиясында Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру жүйесін қатал сынға ала отырып, софистердің білім мен тәрбие қағидаларын полистік идеологияның іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.
Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында осындай ақын армандарынан туындаған.
№12 Дәріс. Шекспир шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар: Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир. Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.
Дәріс мақсаты: Студенттерді ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспирдің өмір және шығармашылық жолымен, драматургиясымен таныс ету.
Дәріс мазмұны:
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 апрельде Эвон өзені бойындағы Старфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді.
Жас ақын осы туған қаласындағы «Грамматикалық мектепте» оқиды.Бұл мектеп негізінен латын тілін,қала берді көне грек тілін оқытушы еді.Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай,16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады.Сөйтіп,ол бірде ет сатушының шәкірті болса,енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.
Шекспирді жергілікті ірі помещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктірдің деген сылтаумен жазалауға бұйырады.Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға кетеді.
Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театрды төңіректейді.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарса,соңынын бірте-бірте актерлікпен,одан әрі дрматургиямен шұғылданады.
Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы қаладағы студент-жастардың күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер болып ойнайды.
1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.
Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның шығармаларынан бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 және «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен «Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы және 154 сонеті бар.
Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі» пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын әрі жазушы екенін танытады.
Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін үздіксіз қойылып келеді.»Оттело»,»Асауға тұсау»,»Ромео мен Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы және соннттері қазақ тіліне аударылып басылды.
№13 Дәріс. Сервантес шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар: Мигель де Сервантес Сааведра. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары.
Дәріс мақсаты: Студенттерге Мигель де Сервантес Сааведраның өмір және шығармашылық жолы, шығармалары туралы мәлімет беру.
Дәріс мазмұны:
Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген,әбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті.Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай,папа,Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп әзіл айтатын.
Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады.Испанияда,Римде және Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп,Сервантнс 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.
Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.
1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.
Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.
Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.
Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.
№14 Дәріс. Данте шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Құдіретті комедия».
Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеуде ең алдымен аталатын есім – Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Ол 1265-1321 жж. өмір сүрген. Данте екі ұлы тарихи кезең аралығында тұрған ауыспалы уақыт ақыны.
Европаның ортағасырлардағы елдерінің алдыңғы қатарында Италия тұрды. Батыс Европа мен шығыс елдерінің арасын байланыстырып тұрған сауданың ерте дамуы Жерорта теңізінің бассейінде орналасқан Италия елі үшін өте қалайлы георафиялық жағдай болды. Шығыс елімен сауда арақатынасы қалалардың тез дамып, өркендеуіне әсерін тигізді. Басшылықтың республикалық әдісімен басқарылған Европада феодальдық сеньорлардың қол астынынан бөлініп шығады.
Қалалық коммуналардың құрылуы Италияның шығыс бөлігінде XI ғ. басында басталып, XII ғасырдың соңында аяқталады.
Италияның бос қала-республикалары тауар-ақша шаруашылығының алғашқы орталығы болды.
XIV ғасырдың өзінде – ақ капиталистік мінез-құлыққа ие болған сыртқы шығынға есептелген өндіріс Италияның шығыс қалалары Флоренцияда, Миланда ерте дами бастады. Тез арада өзгерген көпестік капиталдар, жайлап – жайлап өндіріске араласып бастады. Сөйтіп, италияндық көнесі өндіруші – капиталистке, ал өндіруші – капиталистен көпеске айналады.
Италияның экономикалық дамуындағы айтылған процесстеритальян қоғамының әлеуметтік құрылымында айтулы өзгерістер әкелді.
Италиялық барлық қала- комунналар бір-бірімен жиі қараласып тұрды. Елдің феодалдық дәуірдегі экономикалық және саяси жағдайы осылардың әсерінен жемісті түрде дамыды. Әсіресе, саяси күрес сауда өндірістік Флоренцияда жақсы өрістеді. Италияның XII- XIV ғғ. Мәдени орталығы саналған Флоренция ұлы ақын Дантенің отаны болатын. Флоренцияның қоғамдық өміріндегі барлық жағдай тек ақын ғана емес, Флоренцияның белгілі саяси ағартушысы болған Дантенің өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты болатын. Данте 1265 ж. Флоренцияда дүниеге келеді. Оның әкесі гвельдтер партиясында болатын. Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін Данте 1283 ж. цехқа дәріханашы және дәрігер болып жазылады. Бұл цех Флоренциядағы ең үлкен жеті цехтің бірі еді. Ол ортағасырлық мектепте білім алады. Осы мектеп жасында жүріп-ақ Данте шет ел әдебиетімен әдістенеді. Алайда, басқа ортағасыр ақындарымен салыстырғанда Данте ең алдымен антикалық ақындарды зерттейді. Поэзияны сүйген Данте өленді жазуды ерте бастады. XIII ғ. 80 жылдарында ақ махаббат лирикасына көптеген өлеңдер жазды. 18 жасында Дантенің өмірінде үлкен психологиялық кризис болады. Ол әкесінің досы флорентийлік Фолько Портинарийдің қызы Беатричеге ғашық болады. Сол қыз Дантенің 18 жасында 1290 ж. дворян Симоне де Бадиге тұрмысқа шығып кетеді. Данте өзінің Беатричеге деген махаббатының тарихын өзіне үлкен әдеби атақ әкелген “Жаңа өмір” деген кітабында баяндайды. Беатриченің өлімінен кейін ақын философия, теология, сондай-ақ ортағасыр схоластикасымен айналысты. Сөйтіп жүріп, Данте өз заманының ұлы адамдарының бірі болатын. Гвельфтердің қатарында гибелмендіктерге қарсы флорентиялік коммунаның әскер болған Данте жас кезінен саяси өмірге араласты. 90 жылдары Данте қалалық кеңестерге қатысып, дипломатиялық тапсырмалар орындайды. Ал, әдебиетке араласуында Данте ең алғашқы әйгілі туындысы “Жаңа өмір” деген атпен 1291 жылы соңы мен 1292 жылдың басында жызылған болатын. Бұл еңбек бір-бірімен прозалық әңгімелер арқылы байланысқан, 30 өлеңннен тұрады. Ол өлеңдердің ең тұнғышы саналатыны 1283 жылғы жазылған, одан кейін хронологиялық қатар бойынша жазылған 1283-1291 жылдар аралығындағы өлеңдер. Сондай-ақ, бұлардың барлығында Дантенің Беатричеге деген махаббаты түстері мен армандары сөз болады.
Данте “Жаңа өмірә еңбегіне барлық өлеңдерін емес, солардың ішінде Беатричеге туралы жақсы елес қалдырған өлендерін ғана енгізген. “Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын көрсетеді. Беатричинің өлімінен кейін Данте өз-өзін ғылыми және философиялық зерттеулермен айналысып жұбатқандай болады. Дантеге әлемдік атақ әкелген негізгі туындысы – “Құдіретті комедия” Бұл поэма Дантенің тек идеялық- саяси және шығармашылық ойы ғана беріліп қоймай, сонымен қатар оның философиялық ортағасыр мәдениеті танылады. Данте “Құдіретті комедияны” жаза отырып, ортағасырдың соңғы, ал жаңа дәуірдің алғашқы ақыны ретінде көрінді.
Бұл шығарманың “Құдіретті комедия” деген атауы түсіндіруді қажет етеді. Дантенің өзі оны “Комедия” деп атаған және бұл сөзді ортағасырлардағы қолдану дәрежесінде алған. Ол кездегі поэтикада жақсы басталып, қайғы, көз жасымен аяқталатын шығармалар трагедия деп аталса, мұнды оқиғалармен басталып, бақытпен, қуанышпен аяқталады. Барлық шығармалар комедия деп аталған болатын.
Міне, осы тұрғыдан алғанда, Дантенің дәуірінде комедия сөзі арқылы ешқандай драматургиялық специфика да, күлкілі оқиға да ұғындырылмайды.
Дантенің өзге шығармалары сияқты “Құдіретті комедия” да бір-бірімен тығыз байланысты көп оқиғаның бір желігі бағындырылған композициясымен ерекшеленеді.
Поэма үлкен үш бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер, яғни “контиктердің” әрқайсысы 33 өлеңнен тұрады. Сондай-ақ, біріншісінің ішінде бүкіл поэманың прологы саналатын тағы бір ән бар. Жалпы алғанда, 100 өлеңнен тұратын “Құдіретті комедия” көптеген ортағасырлық және антикалық заманның қайнар көзі болып табылады.
Фантастикалық болып саналғанымен Дантенің “Құдіретті комедия” деген туындысы реалдық өмірден алынған. Автор қайнап жатқан смолағы лақтырылған лихоимдіктердің қайғы-мұнын бейнелей отырып, Венециялық теңіз арсендалдарын еске түсіреді.
Оның материалдардың әлемге деген қызығушылығы көркемөнерлік шеберлік арқылы айқын танылады. Ақын Дантенің поэмасындағы үш кантигінің әрқайсысы өзіне тән негізгі түрлі түсті бояуға ие. “Құдіретті комедияның” әрбір кейіпкері скульптуралық форма түрінде көрінеді. Мысалы, қорқынышты мұнарада көрген азабын әңгімілеген Уголинаның сөзі “Құдіретті комедияның” ең бір шиеленіскен тұсы болатын. Уголинаның әңгімесі бойынша оның көзінше төрт бірдей ұлы бірінен соң бірі аштан өліп, соңында анасы аштыққа төзі алмай ұдарының өліктеріне тап береді. Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-арыстан, қасқыр және пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан – аяқ аллегориясы толы.
Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық религиялық және саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи дәуірдің арақатынасын көрсетеді.
Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары мойындайды. Бірақ сол дәуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.
Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық тілі, итальян тілінде тіпті әйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор сүйіспеншілікпен оқитын туындыларының біріне айналдырды. “Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін жазылған болатын.
№15 Дәріс. Боккаччо шығармашылығы.
Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің ұлы өкілі – Боккаччо. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Декамерон».
Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің ұлы өкілдерінің бірі – Боккаччо өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны:
Боккаччо өз кезеңінде Петрарка сияқты жоғары атаққа және құрметке ие болған жоқ. Оның шығармашылығы әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Ол европалық гуманизмнің басшысы болған емес, ол тек «төменгі», яғни сол кездегі новелла жанрын дамытқан талантты итальян жазушысы болды . Бірақта Боккаччо шығармаларында итальяның Қайта өрлеу дәуірінің толық және бірінші демократиялық этаптың ерекшеліктері айқындалып бейнеленген. Жан - жақты Қайта өрлеу дәуірінің Италья мәдениеті Боккаччо шығармасында ерекше айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .
Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем әдеби түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі әрекет етуші етеді және романында мифологиялық түрді кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато» поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық әншілердің халықтық сегізжолдық шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан» Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да Сент - Мора труверінен осы романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып, кейінен Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады. Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма - «Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі, «Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы әйгілі эпостың туындауына қарсы екенін куәландырады . Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең және проза түрінде жазылған. Бұнда тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін антикалық буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші - реалист түрінде бейнелейтін жастық шағындағы елеулі шығармасы «Фьяметта» . Проза түрінде жазылған повесть батыс Европа әдебиетінде алғашқы психологиялық роман болып табылады. Боккаччо сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы - мұның , сезімін шебер суреттейді. Бұнда монологиялық әңгімелеу формасын қолданады. ұрын адамдар тек құдайға сенген,олардың ойынша политейзм философтар мен ақындар еңбегі арқылы пайда болды. «Әйгілі әйелдер»деген еңбегінде Петрарканың «Әйгілі адамдар» атты кітабының жалғасы іспетті. Ол осы шығармалары арқылы әйелдердің өмірі, Евадан бастап Роберт неополитан қызы Джованнадан аяқтайды. Шығарманың көп бөлігі антикалық әлемнің кейіпкерлеріне арналады .
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Антикалық әдебиет. Жалпы шолу. Антикалық мифология және фольклор. Грек мифологиясының негіздері.
-
Гомер эпосы - «Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі.
-
Көне грек трагедиясы. Трагедияның бастауы. Эсхил. Софокл. Еврипид. Трагедия теориясы. «Поэтика» - Аристотель.
-
Көне грек комедиясы. Комедияның пайда болуы және дамуы. Аристофан.
-
Көне грек әдебиетінің прозалық жанрлары. Платон.
-
Көне рим әдебиетінің «Алтын ғасыры». Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий. Проза. Юлий Цезарь. Цицерон.
-
ОРТАҒАСЫРЛАР ӘДЕБИЕТІ.
-
Данте «Жаңа өмір». Данте трактаттары. «Құдіретті комедия».
-
РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ: Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу.
-
Петрарка
-
Боккаччо
-
Рабле. Өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы.
-
Шекспир.
-
Сервантес. «Айлакер идальго Дон Кихот Ламанчский».
-
XVII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ. КЛАССИЦИЗМ - «Классицизм» термині. Классицизм – әдеби бағыт. Классицизм эстетикасы. Характер. Басты тартыс. Жанрлар теориясы. Үш бірлік. Классицизм – әдеби стиль.
-
Лопе де Вега мен оның мектебі. Драма эстетикасы. Комедия түрлері. Лопе де Вега мектебі: Аларкон. Тирсо де Молина. Кальдерон.Діни-философиялық драма жанры.
-
XVIII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ – Ағартушылық әдебиет.
-
Дидро.
-
Руссо.
-
Гёте.
-
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАТЫН ЕЛДЕР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ. РОМАНТИЗМ.
-
Гейне.
-
АҒЫЛШЫН РОМАНТИЗМІ. Байрон.
-
ФРАНЦУЗ РОМАНТИЗМІ. Гюго. Жорж Санд.
-
РЕАЛИЗМ. Бальзак.
-
АҒЫЛШЫН РЕАЛИЗМІ. Диккенс. Теккерей.
-
XIX—XX ҒҒ. аралығындағы РЕАЛИЗМ.
-
Әлеуметтік-психологиялық реализм: Мопассан, Драйзер
-
Әлеуметтік-философиялық реализм: Франс, Шоу
-
Сатиралық-юморлық реализм: Марк Твен
-
Реализмдегі батырлық сарын: Джек Лондон
-
НАТУРАЛИЗМ. Натурализм қағидалары. Золя
-
Пруст
-
Хемингуэй
6. Семинар (семинар) сабақтардың жоспары.
(Бұл тарау жоспарланбаған)
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ (СӨЖ, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: 1. Ежелгі грек мифтері. Гректердің құдайлар пантеоны
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Антикалық теогония (яғни құдайлардың пайда болуы, өсіп-өрбуі). Хаос (тұңғиық, түпсіздік, тәртіпсіздік), Космос (тәртіп, әлем, сұлулық, үйлесім). Құдайлардың бірінші ұрпағы. Гея (Жер), Никта (Түн), Эреб (Қараңғылық), Тартар (Тұңғиық), Эрос (Махаббат), Уран (Аспан), Понт (Теңіз). Құдайлардың екінші, үшінші және төртінші ұрпақтары. Космогония.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақты белсенді ұйымдастыру дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 2. Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
І – кезең –“Классикаға дейінгі” немесе көне (архаикалық) кезең. ІІ – кезең – Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған уақытына сәйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар аралығын қамтиды. (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур және т.б. ІІІ – кезең. “Эллинизм дәуірі” немесе “эллиндік кезең”. “эллиндік-римдік дәуір”.
Әдістемелік нұсқау:
Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 3. Эсхил, Софокл, Еврипид – грек трагедиясының негізін қалаушылар.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Эсхил – ұлы трагик, адам жанының білгірі. Трагедиялары: “Жалбарынушылар”, ”Парсылар”, “Фивге қарсы жетеу”, “Бұғауланған Прометей”, “Орестея” трилогиясы. Эсхил мұрасының әлем әдебиеті үшін маңызы. Софокл. Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Трагедиялары: “Аякс”, “Антигона”, “Трахндық әйелдер”, “Эдип-патша”, “Электра”, “Із кесушілер”, “Эдип Колонда” және т.б. трагедиялардың тақырыптық аумағы. Идеялары. Софокл шығармаларының гуманистік маңызы. Еврипид – трагедия дәстүрін дамытушы. өмірі туралы деректер. Еврипидөмір сүрген тарихи кезең. Трагедиялары: “Алкестида”, “Медея”, “Ипполит”, “Есінен ауысқан Геракл”, “Трояндық әйелдер”, “Электра”, “Елена”, “Ион”, “Ифигения Авлидте”, “Вакханкалар” және т.б. Еврипид шығармаларындағы басты идеялар. Трагедиялардағы гуманизм сарыны.
Әдістемелік нұсқау:
-
Ауызша баяндау. Әдебиеттер тізімінде берілген шығармалармен толығырақ танысу.
-
Ғалымдар зерттеулерінен өзіне керекті, маңызды жерлерін конспекті жазу
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 4. Ортағасырлардағы батырлық эпос
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Батырлық эпос. Француз батырлық эпосы. Шансон де Жест. “Роланд туралы жыр”. өзге жырлар. “Гильом де Оранж туралы жыр”, “Гудруна”, “Дитрихтың қашуы” және “Равенн соғысы”. Трубадурлар лирикасы. Трубадурлар лирикасы. Миннезанг – махаббат әні. Куртуаздық және халықтық бағыттар. Бертран де Борн шығармашылығы. Рыцарлық романның пайда болуы. “Александр Македонский туралы роман”, “Эней туралы роман”, “Троя туралы роман”, “Тристан мен Изольда туралы роман”.
Әдістемелік нұсқау:
Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізуге болады.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 5. Қайта Өрлеу алыптары – Петрарка
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Франческо Петрарка творчествосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы.
Әдістемелік нұсқау:
Франческо Петрарка творчествосын зерделеген ғалымдар еңбектерімен танысу, конспектілеу.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 6. Классицизм – ХҮІІ ғасыр әдебиетіндегі басты әдеби ағым. Өкілдері.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Классицизм. Декарт философиясы. Ришелье Академиясы. Классицизмнің негізгі принциптері. Сұлулық идеалының абсолюттігі, мәңгілігі – классицизм бағытының философиялық негізі. “Үш бірлік” теориясы. Көркем шындықтың басты анықтауышы – парасат. Француз классицизмінің теоретигі – Никлоа Буало-Депрео. Оның “Ақындық өнер” поэмасы.
Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыптардағы білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін қосымша оқу әдебиеттерімен жұмыстануы керек.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 7. ХҮІІІ ғасыр – Ағартушылық дәуір. Ж.Ж.Руссо.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Сыр”. Руссоизм. Руссо көзқарастарының әлем мәдениеті мен әдебиетіне ықпалы.
Әдістемелік нұсқау: Жан Жак Руссо шығармалары, философиялық көзқарастарының басты ұғымдарын, төл ерекшеліктерін бағамдау.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 8. ХІХ ғасыр романтиктері.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шығармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” – фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Француз романтиктері: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго – француз ұлы қаламгері. Поляк романтизмі: Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі.
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 9. Реалистік әдебиет алыптары.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Госмурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі
Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және жазушылар шығармашылығын талдау.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 10. Гомер шығармашылығы. «Илиада» мен «Одиссеяның» сюжеттік арналары.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мазмұнымен танысып, ауызша баяндай отырып талдау. Гомер поэмаларының тарихилығы.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 11 Аристофан комедияларының өзекті тақырыптары.
СӨЖ сабақтың мазмұны:
Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.
Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |