Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
4. Шыңғыс ханның жаулап алу соғыстарының мақсаты мен сипаты туралы 
тарихнамалық пікірлерді қалай топтастыруға болады?
5. Моңғол мемлекеттілігінің формаларының қалыптасуына қандай түркілік 
дәстүрлер әсер еткен? 
6. Шыңғыс ханның жаулап алу соғыстарының идеологиясына айналған 
«киіз туырлықты халықтарды біріктіру» идеясы қашан және неліктен өзгерді?
7. Ортағысырлық авторлардың еңбектеріндегі моңғолдардың жаулап алу 
соғыстарының 
салдары 
мен 
барысына 
берілген 
сипаттамаларды 
салыстырыңыздар. 
8. Моңғол жаулап алушылығының оң және теріс салдарын талдаңыздар. 
 
ІІ тарау. АЛТЫН ОРДА (ЖОШЫ ҰЛЫСЫ) ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
§1 Алтын Орда (Жошы ұлысы) тарихы бойынша деректер және
зерттеулер 
Өткен кезеңдер туралы тарихи білім, ең алдымен дерек көздері негізінде 
анықталады. Олардың алуан түрлілігі қоғам дамуы туралы біздің түсінігімізге өз 
әсерін тигізеді. Алтын Орданың қалыптасуы мен гүлденуі үдерісін қарастыру 
Еуразияның шексіз кеңістігін жайлаған осынау аса зор ортағасырлық мемлекеттің 
рөлін анықтауға көмектеседі. 
Алтын Орда мемлекетінің тарихы әртекті тарихи деректерде өз көрінісін 
табады. Деректерді жіктеуді лингвистикалық, хронологиялық, әулеттік негізде 
немесе олардың туындауы қағидаттары арқылы жүзеге асыруға болады. Олай 
болса, біздің көз алдымызға моңғол, қытай, парсы, армян, араб, византиялық, 
орыс, латын, итальян, француз деректерінің кең спектрі жайылып сала береді. 
Алтын Орда бойынша деректер негізінен мемлекеттің саяси тарихы мен оның 
басқа мемлекеттермен қарым – қатынастарын қамтиды.
1242 ж. соңы 1243 ж. ең бастапқы айларында Бату ханның әскері Батыс 
Еуропадан оралып, Дешті-Қыпшақ тарихи атауымен белгілі Қара теңіз бен Каспий 
теңізі атырабындағы далалық аумаққа орналасты. Бұл оқиға Ипатьев 
жылнамасында (1243 ж.) Бату "Оугорьден оралды"
19
деп көрсетілген.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Орда Моңғол 
империясынан алшақтап, дербестікке ұмтыла түседі. Алтын Орданың егемендігін 
қуаттау тұрғысында өз атынан теңге соғып, елшілер қабылдап, ресми құжаттарға 
қол қоя бастайды. Алтын Орда билеушілері ішінен бірінші болып Менгу – Темір
(1266/67-1280/82) толық заңды тәуелсіздікке қол жеткізді. Алтын Орда бұл кездегі 
негізгі геосаяси қарсыласы Ирандағы моңғол мемлекеті – Хулагуидтер ұлысы 
19
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды. М., 1985. С. 27.


19 
болған еді. Жошы әулеті Хулагуидтер жеріне, әсіресе Қап тауының түстігіндегі 
аумақтарға көз тікті. Менгу – Темір хан тұсында Алтын Орда саясатында белгілі 
бір өзгерістер пайда болды. Мұның өзі Таяу Шығыс пен Жер Орта теңізінің 
шығыс бөлігіндегі халықаралық жағдайға өз әсерін тигізбей қоймайды. 1260-1280 
жж. Жерорта теңізі жағалауын айнала бір – біріне қарсылас екі коалиция 
қалыптасып үлгерген болатын. Итальяндық саудагер республикалар – Генуя мен 
Венеция арасындағы қайшылықтардың мәні зор болды. Генуялықтар Хулагу 
ильхандармен жақындасса, венециялықтар тиісінше Алтын Орда билеушілірімен 
ортақ тіл тапты. 
Генуялықтар, тіпті ильхандардың Батыс елдеріне қатысты дипломатиялық 
тапсырмаларын жеткізуші қызметін атқарды. Итальяндық республикаларға 


20 
байланысты осынау тарихи оқиғалар Салимбене де Адамның "Хроникаларында", 
"Ағайынды Минориттердің және уағыздаушылардың Татарияда болуы", "Азактың 
венециялық көпестеріне Өзбек ханның жарлығы", Франческо Пелаготтидің 
"Сауда тәжірибесінде", Рим папасы XII Бенедиктің Өзбек ханға, Жәнібекке, 
Тайдулла хатунға хаттарында, Азактың венециялық көпестерге Жәнібек ханның 
жарлықтарында, Джовании Мариньоланың хроникаларында
20
т.б. деректерде 
кеңінен орын алған. 
Византия императоры Михаил VIII өзінің некесіз туған қызын ықпалы 
күшейе түскен Ноғайға беріп, онымен тығыз байланыс орнатты. Ал оның жаңа 
жағдайы Жошы әулеті мен Хулагуидттер жанжалында бейтараптықты ұстануына 
және оған қоса алтынордалық күштерді Дунай Болгариясына қарсы күреске 
жұмылдыруына мүмкіндіктер берді. 
Алтын Орда құрамындағы мемлекеттер* 
Алтын Орда тарихының келесі кезеңі Ноғайдың күшеюімен байланысты 
болды. Менгу-Темір қайтыс болғаннан кейін Ноғай Жошы ұлысының басты саяси 
тұлғасына айналды. 1290 ж.ж. орта тұсына қарай Ноғайдың билігі шырқау биігіне 
20
Становление и расцвет Золотой Орды. Источники по истории Улуса Джучи (1266-1359 гг.). 
Казань, 2011.


21 
көтерілді. Жас, жігерлі Тоқта өзімен еншілес билеуші бауырларын биліктен 
кетіруді мақсат тұтып Ноғайға ашықтан-ашық қарсы шығады. Бірқатар 
қақтығыстар барысында ол Ноғайды жеңеді. Ноғайдың өзін Тоқтаның орыс 
сарбазы мен ұлдары Дунай бойында өлтіреді. Тоқта қуатты орталық билікті 
қалпына келтіріп Алтын Ордадағы орталықтан алшақтау үрдістерін тоқтатады 
және сонымен бірге Византия императоры – II Андрониктің қызына үйлену 
арқылы онымен некелік одақ құрады. 
Келесі қадам, оның ең бастысы Хулагу ұлысымен байланыстарды қалпына 
келтіруге бағытталған сыртқы саяси мәселелерді шешуге арналады. Бұл мәселеде 
хан грузин патшаларына арқа сүйеуді құп көреді. Тоқтаның 1301 ж. көктемінде 
жасаған жорығы нәтижесіз аяқталды. Бұдан соң ол дипломатиялық келіссөздерге 
көшіп Хулагуидтердің астанасы Тебризге елшілер жіберіп, кезінде Шыңғыс хан 
Жошыға және оның ұрпақтарына қалдырған түстік Капказдан, Газан ханның бас 
тартуын талап етеді. Тоқта мамлюктік Мысырмен әскери одақ құруға дәмеленеді 
бірақ оның билеушілерінің Хулагуидтермен соғысуға қаражаты да, қалауы да жоқ 
еді.
Алтын Орданың гүлдену кезеңі Тоқта қайтыс болғаннан кейін билікке 
келген Өзбек ханның (1312/13-1341/42) есімімен тығыз байланысты. Өзбек хан 
тұсында ислам мемлекеттік дін мәртебесін иеленіп, елге діни қызметшілер мен 
уағыздаушылардың легі ағылады. Алтын Орда билеушісі түстік Капказда 
орнығып қалуға күш салғанымен онысынан ештеңе өнбейді. Келесі қадам 
Рюриковичтердің әртүрлі тармақтары арасындағы тайталасқа айналған орыс 
жерлерінің мәселелеріне арналады. Бұл күресте түптің түбінде Өзбек хан Мәскеу 
князьдерін қолдап Юрий Даниловичке өзінің қарындасын қалыңдық етіп береді, 
оның есімі орыс жылнамалары бойынша Кончаку, ал православиені қабылдаған 
соң жаңа – Агафья есімімен аталатын болады. 
Профессор Т.Омарбековтың деректер негізінде салған портреті 
Ирандағы Хулагуидтер мемлекетімен қатынастың шиеленісті жағдайын 
есепке алып Мысырмен байланыстарға үлкен мән берілді. Өзбек хан таққа отыруы 
және исламға өтуімен бірге мамлюк сұлтаны Малик ал Насирді билеуші екі 


22 
әулеттің арасында некелік одақтар құруға үндейді. Ұзаққа созылған келіссөздер 
нәтижесінде 1320 ж. көктемінде Малик ан Насир және Алтын Орда өкілдері 
арасында некелік одақ құрылады. Бірақ бұған қарамастан Өзбек хан оңтүстік 
Капказ үшін күресті жалғастырғанда Мысыр тарапынан ешқандай көмек болған 
жоқ. Өзбек хан сұлтанға наразылық білдіріп Мысырға құлдарды тасуға тыйым 
салды. Өзбектің Шағатай ұлысының ханы Кебекпен одақтаса отырып Иранды 
күйрету үміті де ақталмады. 
Тек он жылдан кейін ғана, 1335 ж. күзінде Өзбек оңтүстік Капказ үшін 
күресті қайтадан қолға алды. Соғыс бастала бере кенеттен Хулагу ұлысының 
билеушісі Абу Саид (30 қазан 1335 ж.) қайтыс болып парсы әскері бас 
қолбасшысыз қалды, дегенмен Хулагуидтердің Ирандағы билігі сақталып қалды 
да, Өзбек хан тек 1340 ж. ғана Хорасанның бір бөлігін жаулап алды. 1341/42 ж. 
Өзбек хан қайтыс болардың алдында өзінің мұрагері ретінде ұлы Тыныбекті 
тағайындайды, бірақ туған інісі Жәнібек қастандық ұйымдастырып, нәтижесінде 
билікті өзі басып алады. 
Жәнібектің таққа отыруымен (1342-1357) Алтын Орда мемлекеті өзінің 
құдыретті биігінен төмендеп белгілі бір қиыншылықтарға тап бола бастады. XIV 
ғасырдың орта шеніне қарай Алтын Орданың Дешті – Қыпшақ территориясында 
қуаңшылық басталды. Оған Орталық Азиядан тараған «қара өлім» - оба Жошы 
ұлысын теңселтті. Қарқынды трансконтиненталды сауда-саттық аурудың ескі 
мекенге өрттей жайылуын тездетті. Табиғи – климаттық факторларға сыртқы 
саяси факторлар үстемеленді. Литваның ықпалы күшейе түсіп, оның ұлы княздері 
Алтын Орда қашқындарына баспана бере бастады. Литва өзінің Польшамен, 
Венгриямен және Тевтон орденімен әскери келісімдері мен одақтастықтарын 
пайдалана отырып, уақытша шиеленістерге қарамастан орыстардың шекаралас 
жерлеріне Орданың ықпалын әлсіретуге тырысты. Алтын Орда Жерорта теңізінен 
де ығыстырылып, оның геосаяси жағдайы түбегейлі өзгерді, негізгі экономикалық 
әріптестері – Мысыр және Италиямен де байланыстары қиындай түсті. 
Жәнібек хан Алтын Орда шекарасының оңтүстігінен өтетін Ұлы Жібек жолы 
басты артериясына шығу жолдарын қарастыра бастады. Бұған Ирандағы 
Хулагуидтер мемлекетінің күйреуі де көмектесті. 1357 жылы Алтын Орда ханы 
өзінің ұлы Бердібекпен бірге Дербент арқылы Әзірбайжанға жорыққа шығып, оны, 
астанасы Тебризбен қоса тез арада жаулап алды. Алтын Орда әскерінің басқа тобы 
Хорасанның бір бөлігін бағындырды. Сонымен Жошы әулеті ақыры Оңтүстік 
Капказға үстемдік ету мақсатына қол жеткізді. Бірақ Жәнібек күтпеген жағдайда 
Әзірбайжандағы билікті өзінің ұлы Бердібекке ұстатты. Жәнібек Сарайға оралып, 
көп ұзамай 1357 ж. күзінде, обадан болуы керек, қайтыс болды. Бердібек жаулап 
алынған облыстардағы бар билікті екі әмірдің құзырына бере салады. Қайткенде 
де Бердібектің кетуімен Алтын Орданың Ирандағы жеңістері нәтижелі болған 
жоқ. 1357 ж. Бердібектің (1357-1359 жж.) билікке келуі Алтын Орданың терең 
саяси дағдарысқа ұшырауымен тұспа-тұс келді. Орыс жылнамаларының 


23 
сипаттауы бойынша Бердібек өзінің ұлын және он екі туысын өлімге кесу туралы 
бұйрық беріп, көп ұзамай өзі де қайтыс болады. Ол қайтыс болғаннан кейін
1359 ж. елде орыс жалнамаларында "ұлы бүлік" деп аталған тарихи жағдайы орын 
алды. Алтын Орданың құлдырауы мен бытырап, күйреуі дәуірі басталады. 
Алтын Орданың саяси тарихын қысқаша шолу ол туралы тарихи 
мәліметтердің көптүрлі болғанын және олардың ортағасырлық ірі мемлекеттің 
геосаяси жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Алтын Ордалық 
жазбаша деректер ханның бірнеше жарлықтары түрінде ғана сақталған, себебі, 
тоқтаусыз соғыстар, өзара қақтығыстар мен тынымсыз күрес салдарынан 
құжаттардың көпшілігі жойылып кеткен. Осыған байланысты араб және парсы 
авторларының мәліметтері ерекше маңызды болып табылады. Олардың басым 
бөлігін өткен ғасырда шығыстанушы В.Г.Тизенгаузен жинақтап басып шағарған 
болатын. "Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағының" бірінші 
бөлімі жарыққа 1884 ж. шыққан болатын және күні бүгінге дейін Алтын Орда 
өмірінің әртүрлі жақтарын зерттеуде өте маңызды құрал болып табылады. Бұл 
басылымдар Алтын Орданың өмір сүру кезеңін қамтиды, онда ортағасырлық араб 
хроникалары мен саяхатшыларының жазбалары да біріктірілген. Араб 
авторларының көпшілігі Жошы ұлысына келмей-ақ, қажетті ақпараттарды 
дипломаттар мен саудагерлерден жинастыруы араб деректерінің кемшілігіне 
жатады. Сондықтан тарихи деректер сипаттайтын жалпы картина дұрыс 
көрсетілмеген немесе, тіпті қателіктерге бой алдырған. Соның өзінде 
археологиялық, дипломатиялық хаттар және т.б. дерек көздерін сараптай отырып 
тарихи болмысты ашып көрсетуге және толықтыруға болады. 
Алтын Орданы көзімен көрген ибн-Батута сияқты араб авторларының 
шығармалары құнды құжаттар қатарынан орын алады. Оның жеке өзі Өзбек хан 
билігі тұсында Қырымда, Солтүстік Капказда, Еділ бойында және Хорезмде 
болып қайтқан. "Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жиынтығының"
21
II 
томы 1941 жылы жарық көрді. Оның негізін парсы авторларының 
шығармаларынан үзінділер құрады. Бұл тарихи дерек көздерінде Алтын Орданың 
саяси тарихында орын алған оқиғалар туралы жазылған еді. 
Рашид-ад-Диннің "Джами ат-тауарих" еңбегі Шыңғыс ханның тарихы мен 
қызметін, сондай-ақ моңғол ұлыстарының тарихын жан-жақты сипаттайды. 
Дегенмен бұл еңбекте де Алтын Орда тарихына шамалы ғана назар аударылып 
оның дамуының негізгі кезеңдері ғана көрсетілген, бірақ жаулап алынған моңғол 
билігіндегі аумақтардың әкімшілік құрылысы мен оны ұйымдастыру мәселелері 
бойынша көптеген салыстырмалы материалдар берілген. Бұл арада орыс 
жылнамалық деректерінің маңызы зор, өйткені Алтын Орданың бір бөлігі бола 
тұрып, олар ішкі оқиғалар туралы, князьдардың сапарлары, қақтығыстары жөнінде 
және тарихи-жағрафиялық сиппаттағы ақпараттарды да жазып қалдырған. 
21
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов по истории Золотой Орды. 2 том. М., Л., 1941. 


24 
Жылнамалық мәтіндер еуропалық бөлік туралы ғана емес, Сібір аумағы, тіпті Көк 
Орда туралы да едәуір хабардар болып, оны жазбаларда көрсетіп отырған. 
Алтын Орда туралы жалпы жағрафиялық мәліметтер XIV ғ. қатысты, ал 
мемлекеттің аумағын белгілеген алғашқы мәліметтер Карпини мен Рубрукке 
тиесілі. Плано Карпини мен Гильом Рубруктың
22
шығармаларында маңызды және 
құнды жағрафиялық, сондай-ақ әкімшілік-саяси ақпараттар жинақталған. Карпини 
мен Рубрук мәліметтерінің құндылығы Бату хан әскерінің 1242 ж. шегінісі 
нәтижесінде Орданың батыс шектерін анықтауға мүмкіндік берген еді. 
Дерек көздерінің ерекше бағалы категориясына Италия мен Испанияда 
жасалып күні бүгінге дейін сақталған ортағасырлық (XIV – XV ғғ.) карталар 
жатады. Бұл карталарда жазба деректерде көрсетілмеген Алтын Орданың көптеген 
қалалары кескінделген. Бұл құнды деректердің қатарында итальяндық саудагер 
Пициганидің (1367 ж.), А. Дульцерттің (1339 ж.), белгісіз автордың (1351ж.), 
Каталондық атлас (1375 ж.) және Фра - Мауроның (1459 ж.) карталары бар
23

Алтын Орда тарихының зерттелуіне келер болсақ алғашқы ғылыми 
зерттеулер Ресей тарихи ғылымы аясында қалыптаса бастады. XIX ғ. ресейлік 
тарих ғылымы, ең алдымен Алтын Орда қалаларының санын, олардың атауларын 
жазба және нумизматикалық деректер негізінде анықтауға қажетті нақты тарихи 
деректерді қарастырды.
Бұл 
тақырып 
бойынша 
Х.М.Френ, 
В.В.Григорьев, 
Ф.К.Брун,
В.К.Трутовский, Н.И. Веселовский, П.Н. Милюков, Д.Ф. Кобеко, Л.Л. Голицын, 
С.С. Краснодубровский, Ф.Ф. Чекалин
24
және т.б. еңбектері белгілі. Сонымен 
бірге көптеген археологиялық қазбалар нәтижелері Алтын Орда туралы біздің 
білімімізді кеңейте түседі. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу XIX ғ. бірінші 
жартысында мемлекеттің астанасы – Сарай-ал – Джедидте А.В. Терещенко 
жүргізген қазба жұмыстарынан басталады. Алтын Орда қалалаларын зерттеушілер 
қатарына біздер Г.А. Федоров-Давыдовты
25
да қосамыз. Оның төменгі Еділ 
бойында жүргізген көпжылдық археологиялық қазба жұмыстары Алтын Орданың 
тарихы мен мәдениеті туралы материалдар жинауға мүмкіндіктер берді. Алтын 
Орданың нақты археологиялық ескерткіштерін зерттеуге К.И. Новоструевтың, 
С.М. Шпилевскийдің, еңбектері арналған. И.Н. Березин мен Г.С. Саблуков
26
секілді авторлардың еңбектері мемлекеттің ішкі құрылысын зерттеді. 
Алтын Орданы зерттеу кеңестік кезеңде де өз жалғасын тапты. Аталған 
кезеңге қатысты еңбектерде Алтын Орданың Шығыс Еуропа, Капказ, Сібір, 
22
Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. М., 1957. 
23
Становление и расцвет Золотой Орды. Источники по истории Улуса Джучи (1266-1359 гг.). 
Казань, 2011.
24
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды// Автореф. докт. дисс. М., 1986. 
25
Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. 
М., 1966.; Общественный строй Золотой Орды. М., 1973.
26
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды// Автореф. докт. дисс. М., 1986. 


25 
Орталық Азия және Ресей халықтарының саяси, экономикалық, этникалық және 
мәдени дамуына тікелей немесе жанама ықпалы туралы баяндалады. Дегенмен
марксистік-лениндік әдістемесімен қаруланған бұл зерттеулерде Алтын Орда 
үстемдік еткен халықтар үшін басқыншы-жазалаушы болған, олардың даму 
үдерісін тоқтатып, шегіндірген деген сыңайда қорытындылар жасалады. Бұл 
қатардағы тарихи зерттеулерге А.Н. Насонов
27
, Б.Д. Греков, А.Ю. Якубовский
28

И.П. Петрушевский
29
, М.Г. Сафаргалиев
30
, И.Б. Греков
31
, К.А. Пищулина
32
және 
т.б. еңбектері жатады. 
Алтын Орданың тарихнамасы XX ғ. 90-шы жылдары Ресей ғылымының 
перспективті бағыттарының біріне айналды. Жетекші зерттеушілердің бірі татар 
ғалымы Мірқасым Усманов ортағасырлық мемлекеттің тарихын зерттеуде 
бірқатар мәселелерді қойып белгіледі. Мұндай тарихнамалық мәселелерге ол 
Алтын Орда тарихын фальсификациялауды (бұрмалауды), монополизациялауды 
және стереотиптерді таңуды жатқызады. Алтын Орда тарихының әртүрлі 
аспектілерін зерттеуде заманауи және перспективалы тәсілдерді В.П. Костюков
33
та ұсынды, оның пікірінше "қыпшақтардың автохтондық рулары мен тайпалары 
Алтын Орда көшпелі халқының басты компоненті болды және жаулап 
алушыларды ассимиляцияға ұшыратты". Жошы билігіндегі далалықтарды және 
одан тысқары бөліктерді жаппай "қыпшақтандырумен" қатар Қытайдан Мысырға 
дейінгі Алтын Ордадан тысқары аумақтардағы этникалық үдерістерге 
қыпшақтардың өздері де қатысты. 
Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы келесі ұстанымдарды бөліп көрсетуге 
болады: "Шығыс Дешті-Қыпшақты жаулап алу және оны моңғол империясының 
құрамына енгізудің аймақтық және одан арғы этносаяси тарихы үшін екі маңызды 
салдары болды. Моңғол үстемдігі жаулап алған халықтың этникалық формасы 
мен әлеуметтік-саяси құрылымын едәуір өзгертті және мұның өзі бүкіл этносаяси 
жағдайға күшті әсер етті; бастапқыда Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағымен 
шектелген Жошы ұлысының шекарасы шеңберіндегі халықтың саяси бірігуі 
жүзеге асты"
34

Алтын Орда қоғамының әлеуметтік құрылысына, стратификациясы мен 
ыдырауына көптеген авторлардың еңбектері арналған. Айталық, В.Н. Ткачевтің 
көрсетуі бойынша "ауқатты мал иеленушілер, әсіресе ақсүйектер кез келген 
27
Насонов А.Н. Монголы и Русь. М.,Л., 1940. 
28
Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. М., Л. 1950. 
29
Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране XIII-XIV вв.. М., Л., 1960. 
30
Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды., Саранск. 1960. 
31
Греков И.Б. Восточная Европа и упадок Золотой Орды. М., 1975. 
32
Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в сер. XV- нач. XVI вв. А., 1977. 
33
Костюков В.П. Была ли Золотая Орда "Кипчакским ханством"?// Тюркологический сборник. 
Тюркские народы России и Великой степи. М., 2006.С. 199. 
34
Ускенбай К.З. Вост. Дешт-и Кыпчак в составе улуса Джучи в XIII-перв. тр.XV века: аспекты 
политической истории Ак Орды.//Автореф. канд.дисс. А.,2002. 


26 
нысанда өздерін "ат үстіндегі адам" әлеуметтік мәртебесін көрсетіп қалуға 
тырысты"
35
. Алтын Ордалық далалық көшпенділер мен отырықшы қала 
тұрғындарының "күресі мен өзара байланысы" мемлекеттің саяси және 
экономикалық жағдайына әсерін тигізбей қойған жоқ. Г.А. Федоров – Давыдов
36
Алтын Орда қалалықтары мен далалықтарының өзара қатынастарын қоғам 
дамуындағы әлеуметтік – экономикалық үдерістер көрінісімен байланыстырады. 
Бұл үдерістегі ерекше рөлді ол көшпелі ақсүйектер үлесіне қалдырды, өйткені, 
зерттеушінің пікірінше олар қалалардың, қол өнердің және сауданың дамуына 
ықпал етті. Өз кезегінде С.П. Толстовтың
37
айтуынша моңғолдың көшпелі 
ақсүйектері өздеріне тәуелді, жекеменшік мал бақташыларын ұстаған. Алтын 
Орда қоғамның әскери – иерархиялық сипаты туралы А.Н. Насонов
38
та жазған. 
Жылнамалық деректерді зерттей келе ол басқақ Ахмет туралы әнгімені келтіреді: 
"Бұл басқақтың қарамағында "жан-жақтан жиналған адамдармен толықтырылып 
отырған жасақтар болды, олардың бір бөлігі қашқындар, енді бір бөлігі Русьтен 
болатын; олар арнайы слободаларда тұрып жатты". Басқақтардың міндеті "ішкі 
күзет қызметі" сондай-ақ олардың салық жинауға да қатыстылығы болды. Бұдан 
басқа оларға даньщиктер, поплужниктер, кеденшілер секілді шенеуніктер де 
бөлініп берілді. 
Американдық ғалым Юлай Шамиоғлы
39
Алтын Орданың экологиялық және 
ауа райы мәселелерін зерттеу нысанына айналдырып, шын мәнінде
Л.Н. Гумилевтің географиялық және экологиялық көптүрлілік идеясын 
жалғастырды. Бұдан басқа Юлай Шамилоғлының Алтын Орда қоғамының 
тайпалық құрылымының проблемалары бойынша тарихнамалық ізденістері 
қызықтырады. Алтын-Орда тарихнамасындағы моңғол – татар теориясын 
жақтаушылар қатарында Д.М. Исхаковтың
40
, И.Л. Измайловтың
41
концептуалдық 
көзқарастары да бар. Олардың пікірінше Алтын Ордада мемлекеттік идеологияға 
құрылған әскери-феодалдық ақсүйектердің жаңа этносаяси қоғамдастығы 
қалыптасты, олар дәстүрлі (түркілік және моңғолдық) аңыздармен қатар ислам 
идеялары мен символдарын пайдаланды. Зерттеушілердің пікірі бойынша бірінші 
этноқұрушы фактор – ол мемлекет. Екінші мәселе этноқұрушы әлеуметтік топ – 
ол әскери – феодалдық ақсүйектер. Айталық, зерттеуші Т.Д. Скрынникова 
бойынша "моңғолдардың әлеуметтік ұйымының негізгі қағидаты генеология 
болып табылады. Бұл әлеуметтік бірліктің мүшесі болу, осы топқа мүше болу 
35
Ткачев В.Н. Каракорум в XIII в.// Mongolica. М., 1986. С.221. 
36
Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973. С. 212. 
38
Насонов А.Н. Монголы и Русь. М.,Л., 1940. С. 16-17 
39
Юлай Шамиоғлы THE LIBERATION OF RUS FROM THE YOKE OF THE GOLDEN HORDE// 
AMERICAN HISTORICAL REVIEW, 1992.
40
Исхаков Д.М. Измайлов И.Л. Этнополитическая история татар. Казань, 2000. 
41
Измайлов И.Л. Некоторые аспекты становления и развития этнополитического самосознания 
населения Золотой Орды/Из истории Золотой Орды. Казань, 1993. 


27 
жайылымдарға қолжетімділік пен ресурстарды бөлу мәселелерін анықтады. 
Генеология әлеуметтік байланыстарды реттеу құралы болды, иерархияны 
анықтап, билік ету қатынастарын айқындады". 
Қоғамның одан арғы стратификациясы мен жіктелуі үдерісі жаулап алынған 
аумақтарда жүрді. Жаулап алынған қалалар мен тұрғындарға қатысты 
моңғолдардың саясатын сараптай келе Л.Р. Кызласов мынаны ескертеді: "XIII ғ. 
моңғол ақсүйектері ортасында бағындырылғандарды... және жаулап алынған 
елдерді қарсыластарға үрей мен қорқыныш дарыту үшін толықтай жойып жіберу 
керек дейтін едәуір топтар болды. Дегенмен, күшті хандық билігі бар, 
орталықтандырылған қуатты мемлекет құруды мақсат етіп және осыған 
байланысты моңғол және түркілердің феодалдандырылған әскери – көшпенді 
ақсүйектерінің орталықтан қашу ұмтылыстарын ауыздықтау қажет деген де 
ұстанымы болғаны белгілі". Алтын – Орда моңғол империясынан мемлекеттің 
шеткі шекараларын қорғайтын және отырықшы елдердің тәуелсіздікке 
ұмтылысын басып, жаншитын қуатты әскерді, ақпараттық – көліктік құрылымды, 
діндерге төзімділік пен мемлекеттің әкімшілік негіздерін мұраға алып қалды. 
Көшпенді құрылымдар мен отырықшы - диқаншы аумақтардың әлеуметтік, 
мәдени және саяси сфераларының біртіндеп күшеюі саяси-құқықтық жүйе 
элементтерін бағындыруға және әлеуметтік категориялар мен топтарды жіктеуге 
мүмкіндік берді. Билік әскери – мемлекеттік машинаны арқа тұтты және Ұлы хан 
тұрғындарды басқару мен жазалаудың көптеген құралдарын пайдаланды (әскери 
жорықтарға қатысу міндеттілігі, моңғол әскеріндегі қатал тәртіп, әскери – 
әкімшілік аппараттың бақылауы т.с.с.). Алтын – Орда тарихының бұл аспектілері 
М.В. Горелик, Фомичев және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Тарихи зерде дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі мәселелерінің қатарында 
әртүрлі мәдени дәстүрлер мен діндердің өзара байланыстары тұр. Алтын Орда 
қоғамын исламдандыру үдерісі туралы мәселе тарихнама үшін қызығушылық 
туындататын қосымша тағы бір бағыт болып табылады. Айта кету керек, сол 
уақыттарда діннің рөлі өте күшті болды және ол қандай болмасын соғыс 
әрекеттерінің идеологиялық негізгі қызметін атқарған еді. Алтын Орда 
саясатындағы ислам факторы рөлінің күштілігі туралы араб тарихшылары да 
жазған болатын: "Беркеге құранды оқыту кезі келгенде Ходжент қаласынан 
мұсылман имамдарының бірі таңдалып алынды. Берке Бұхарада мұсылман 
оқымыстыларымен кездесіп тұрды.


28 
Профессор Т.Омарбековтың деректер негізінде салған портреті 
Сол жерде ол сопы, шейх Шамс-ад дин ал-Бахарзиден мұсылмандықты 
қабылдау рәсімін өткізді"- деп хабарлайды ибн Халдун және ал-Айни. Берке билігі 
кезіңінде моңғол ақсүйектерінің ішінде, әсіресе сарай маңындағылар арасында, 
ислам діні кеңінен тарады. Ан-Нувайридің көрсетуі бойынша Берке хан ислам 
дінін қабылдағаннан соң оның қол астындағы халықтың көпшілігі мұсылмандыққа 
мойынсұнды, ал оның әйелі Джиджек хатун исламды қабылдаған сәтте "өзімен 
бірге алып жүретін шатырлардан өзіне мешіт құрастырды". Еуропалық автор 
Хаммер-Пургштальдың
42
пікірі бойынша ислам идеологиясының әсері Алтын 
Орда мен Иранның қақтығысына алып келді, себебі Хулагу Беркенің мұсылман 
әлеміндегі беделіне қызғаныш сезіммен қараған еді. "Беркенің 
Сирия 
және 
Мысырдың ішкі істеріне араласуы, ол аумақтар Хубилайдің (ұлы қаған) Хулагуге 
арнаған жерлер болатын, Иран және қыпшақ билеушілерінің арасындағы 
соғыстың басталуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ"- деп жазды Хаммер-
Пургшталь. Қазақ зерттеушісі З. Жандарбек
43
Берке ханның ислам дінін 
қабылдауын былайша сиппатайды: "Берке хан Алтын Орда мемлекетінің тағына 
отырғаннан кейін ислам дінін жалпы мемлекеттік идеологияға айналдыруға күш 
салуы Алтын Орда мемлекетін біріктіретін басты фактор ретінде пайдаланбақ 
42
Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом.М., 1966.11-12б. 
43
Жандарбек З. Иасуи жолы және қазақ қоғамы.А.,2006. 59б. 


29 
болған әрекеті деп түсінген дұрыс". Зерттеуші М.Г. Сапаргалиев
44
те осы 
методологиялық тұрғыдан сараптайды: "Берке хан Алтын Орда тағына 
отырысымен ұлыстарды билеуші Жошы ұрпақтарының билігін шектеп, оларды 
тікелей бір орталыққа бағындыру мәселесін қолға алады. Әр ұлыста ондық, 
жүздік, мыңдық, онмыңдық тұрақты әскери-саяси ұйымдар құрылды. Олар 
мемлекеттің ішкі бірлігін нығайтуға тиіс болды". Берке ханның ішкі және сыртқы 
саяси әрекеттеріне ислам идеологиясының әсері туралы ресейлік ғалым Н.М. 
Малов
45
та жазады: "Мемлекеттік қызметке Хорезм мен Булгардан шыққан
мұсылман оқымыстылары тартылды. Еділ бойына салынған қалалар таза 
мұсылмандық сипат алды. Халықаралық қатынастарда Берке хан ислам мемлекеті 
билеушісі ретінде көрінді. Ол халифатты жаулап алып, Халиф Мустасимді 
өлтірген Хулагуге қарсы Мысыр мемлекетімен одақ құрып, Хулагу мемлекетіне 
қарсы әскери қимылдарға дейін барды". Берке хан тұсында ислам дінінің саяси 
ықпалының өсуіне қазақ ғалымы Қ.Зардыхан
46
назар аударады: "Береке 1257-1266 
жж.аралығында Жошы ұлысында тоғыз жыл билік құрды. 1) мұсылман 
елдерімен жан-жақты қарым-қатынас жасау арқылы Қыпшақ даласына мұсылман 
діні дендеп кіруіне мұрындық болды. 2) Алғаш рет салық реформасын жүргізді. 3) 
Ел астанасын Еділді бойлай көшу арқылы Еуразия мәдениетінің ара жібін 
жалғады, шығыс пен батысты араластыруға мүмкіндік тудырды". 
Тарихнама үшін Алтын-Ордада қалалар тұрғызу мәселелері де құнды 
аспектілер қатарынан орын алды. "Қала салу идеясын моңғолдар көршілерінен 
алған жоқ. Бұл идея көшпенді қоғамның дамуы нәтижесі ретінде өз қойнауынан 
туындаған еді" – деп жазады В.П. Егоров
47
. Ресейлік зерттеуші Э.С. Кульпин
48
Алтын-Орда қалаларын тұрғызу ерекшеліктеріне назар аударады: "Алтын Орда 
қалалары еуропалық қалалардан ерекшеленетін. Егер Еуропа қалалары қоғамдық 
қаражатқа, аз бөлігі мемлекет есебінен салынған болса, Алтын Орда қалаларын 
тұрғызуға мемлекеттік қаржы-экономикалық ресурстары көптеп бөлінді". Алтын 
Орданың гүлдену кезеңі билікке келген Өзбек ханның (1312/13-1341/42) есімімен 
тығыз байланысты. Алтын Орда қала құрылысы мен халықаралық сауда 
орталығына, білім мен рухани өмір орталығына айналады. Тарих ғылымы 
дамуының қазіргі кезеңінде көшпелі және отырықшы өркениеттердің, әртүрлі 
мәдени дәстүрлердің өзара байланыстарын зерделеу ғылыми - зерттеулердің 
басым бағыттарының бірі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет