131
XIV
ғасырда Әмір Темірдің
бұйрығымен салынған Арыстан Баб
кесене кешені Отырардың бастысында
үш шақырым
жерде Сырдаря өзенінің
бойында
орналасқан.
Кесене
екі
бөлмеден
тұрады.
Бөлмелердің
ортасында дәліз бар. Кесененің үстінде
орналасқан
күмбез
XVIII
ғасырда
жартылай қирап, ХІХ-ХХ ғасырларда
қайта тұрғызылды.
Түркістан қаласы қазіргі күнге
дейін сақталған сәулет өнері ескерткіштерімен танымал. XIV ғасырдың соңы мен
XV ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ерекше туындысы Қожа Ахмет Яссауй
кесенесі болып табылады.
Жазба деректері бойынша кесене 1397 жылы Әмір Темірдің бұйрығымен
салына бастаған. Әмірдің басты мақсаты Ахмет Яссауйдың беделін пайдалана,
діни тұлғаларды оңтүстікке тарта отырып, Түркістандағы өз билігін күшету
болған. Сондықтан Әмір Темір
сәулетшілерден Орта Азияда теңдесі
жоқ
ғимарат тұрғызуды талап еткен.
Солай болды да.
Кесененің ауданы
46,5x65,5 м, биіктігі – 37,5 м. Екі
күмбезді алып ғимарат шығысқа
бағытталған. Дәл ортасында көлемі
18,5x18,5 м құрайтын кең зал
салынған. Сонымен қатар кесенеде
үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Орталық
залдың
ортасында
1399
жылы
құйылған үлкен тайқазан бар. Мейрам
күндері бұл қазанда ас дайындалып
халыққа тегін таратылатын. Бөлмелердің қатарында кітапхана және атақты
адамдар жерленген үлкен және кіші ақсарай бар.
Кесененің сырты жылтыратылған кірпіш және майоликамен (түрлі-түсті
керамика) түрлі геометриялық, өрнек және
эпиграфикалық оюлар салынып
қапталған.
ХІІ-ХҮ ғғ. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі
боды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабадтар
есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен керуен сарайлары
есебінен кеңейе түсті.
XV ғасырға жататын Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі Ахмет Яссауи
кесенесінен 60 метр шығысқа қарай орналасқан. Ол 5 бөлмеден тұрады. Қабір
Қожа Ахмет Яссауй кесенесі
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі күмбезі
132
Ахмет Яссауи
кесенесінің ішінде орналасып, онда Рабиға Сұлтан Бегім Әмір
Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі және 1485 жылы қайтыс болғандығы
жазылған.
Археологиялық қазбалар нәтижесінде осы кезеңдер аралығында Отырарда екі не
үш күмдезді кесенелер салына бастағаны анықталды. Сәулет өнерінің жаңалығы
күмбездердің сыртын желкен қалпына келтіріп жүйелі қаптау болды.
Тараздың батыс ауданында Қарахан кесенесі бой көтерді. Б.П.Денике өзінің
«Архитектурный орнамент Средней Азии» деген кітабында Қарахан кесенесінің
бастапқы түрін ХІХ ғ. 50 ж. сурет көмегімен анықтағанын айтады. Жалпы Қарахан
кесенесі 1902 ж. қайта салынғанға дейінгі қалпын бейнелейтін үш фото сурет бар.
Қарахан кесенесі туралы Түркістан әуесқой археология үйірмесінің мүшесі
В.Панков «Бұл анау-мынау мазар емес, назар аударарлық ежелгі замандардың аса
құнды ескерткіші. Сондай-ақ, әсем қытай кірпішінен тұрғызылған бұл
құрылыстың түзу әрі үйлесімді салынғандығына назар аудардым. Ескерткіштің
төменгі бөлігінде кірпіштерде
крестер бейнеленген, биіктігі шамамен алты
қадам», – деп жазған. Жоғарыда айтылған суреттерден кесененің күмбезбен
жабылғанын аңғаруға болады. Қос беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанмен,
кірпіштердің өрнектеліп калануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлык Исмаил
күмбезіне еліктеушілік байқалады.
Жоғарыда айтып кеткендей, ортағасырларда қалалармен жалпы мәдениеттің
дамыған кезеңі болды. Оның ішінде өнер саласы, музыка, би, ою-өрнек, сурет
салу, мүсіндер жасау т.б. Талас қаласынан табылған қабырғаға ойып салған өрнек
өте шебер бейнеленген. Осының өзі әшекейленіп безендірілуі, салыну үлгісі
Афрасиаб
пен Варахша, сондай-ақ Самара мен Фустат сарайларының
қабырғаларындағы өрнектердің салыну өнерінен аумайды.
Дегенмен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда бүгінгі күнге дейін аман жеткен
архитектуралық құрылыстар некен-саяқ. Көбі Ислам дәуіріндегі ортағасырға тән.
133
Сондықтан да құрылыс өнерінің тарихын зерттеу, архитектуралық көркем
кескіндерді ашу, архитектураның даму заңдылықтарын зерделеу, көбіне-көп,
архитектуралық ескерткіштерге археологиялық зерттеу жүргізуге байланысты.
XIII-XV ғасырлардағы қолданбалы өнер сәулет өнерімен тікелей
байланысты. Кез келген салтанатты ғимарат немесе архитектуралық кешен түрлі
өрнектермен мұқият өңделген және безендірілген. Сондықтан көптеген үйлер,
сарайлар, кесенелер және басқа да сәулет кешендері ортағасырлық қолөнершілер
безендірген өнер туындылары ретінде көрінген.
XIV-XV ғасырларда арка, күмбез сияқты құрылымдарды пайдалану дамыды.
Ерекше назар шаршы пішінді кірпіштерге аударылды. Кірпіштің бір жағы көк,
көгілдір, ақ немесе жасыл түске боялған.
Сондықтан, бұндай кірпіштер
ғимараттың сыртқы қабырғаларын қалау және қаптауда да пайдаланылды.
Қабырғаларды безендіруде полихромды майолика тақтайшалары пайдаланылатын.
Ғимараттың ішкі қабырғасын безендіруде релефті оюлар, жазбалар қолданылды.
Қолданбалы өнер кеңінен Қожа Ахмет Яссауи, Көк Кесене және Алаш хан
кесенесінің құрылысына қолданылған. Ортағасырлық құрылысшылар құрылыс
материалына ерекше мән берді: сол кездің өзінде жасалған кірпіш және шыны
бояуы сапасының арқасында қазірге дейін жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: