Сабақтың тақырыбы: 2 тақырып Анықтауыштар және олардың қасиеттері Дәрісің жоспары: Матрицаның анықтауышы



бет1/4
Дата03.01.2022
өлшемі64.21 Kb.
#450141
түріСабақ
  1   2   3   4
АЛГ 23-1сабак МТБ-17


Күні:

Пән: Алгебра және сандар теориясы

Топ: МтБ-18
Сабақтың тақырыбы: 4.2 тақырып Анықтауыштар және олардың қасиеттері

Дәрісің жоспары:
Матрицаның анықтауышы.

Реттік анықтауыш.

Алгебралық толықтауыш.

Миноры.

Анықтауыш қасиеттері.

Анықтауышты тік және жатық жолдары бойынша жіктеу.

Анықтауышты есептеу жолдары.
Негізгі ұғымдар

 m-жатық жолдан және n-тік жолдан тұратын сандардан құралған тікбұрышты кесте матрица деп аталады. Матрица

 

 

 


(1.1)

 түрінде жазылады немесе қысқаша түрде  А=(аij), мұндағы i=1,m (яғни i=1, 2, 3,…,m) - жатық жол нөміріj=1,n (яғни j=1, 2, 3,…,n) – тік жол нөмірі. Ал А матрицасын m×n өлшемді матрица деп атайды және A m×n деп жазады. Матрицалар құралған  аij саны матрицаның элементтері деп аталады. Жоғары бұрышынан шығатын диагональда орналасқан элементтері бас диагональды құрайды.

Егер екі матрицаның барлық сәйкес келетін элементтері тең болса, онда мұндай матрицалар өзара тең болады, яғни



 

A=B, егер аij =bij , мұнда  i=1,m, j=1,n.

(1.2)

Егер матрицаның жатық жолдар саны тік жолдар санына тең болса, ондай мұндай матрицаны – квадрат матрица деп атайды. n×n өлшемді квадрат матрицаны n өлшемді квадрат матрица деп атайды. Бас диагоналінің элементтерінен басқа элементтерінің бәрі нөлге тең квадрат матрица диагональдық матрица деп аталады. Бас диагональдің элементтерінің барлығы бірдей бірге тең диагональдық матрица бірлік матрица деп аталады. Бірлік матрица Е әрпімен белгіленеді.

Егер квадрат матрицаның бас диагоналінің бір жағында орналасқан элементтерінің барлығы нөлдер болса, онда мұндай матрица үшбұрышты матрица деп аталады.

Барлық элементтері нөльге тең матрица нөлдік матрица деп аталады. Нөлдік матрица О әрпімен белгіленеді.

  



 

(1.3)


 

белгіленеді.

Матрицалық есептеулерде О және Е матрицалары арифметикада 0 және 1 сандары рөлін атқарады.Бір жатық жолдан немесе бір тік жолдан тұратын матрица векторлық деп аталады (немесе тік жол матрица немесе жатық жол) жалпы түрі:

 

.

 

(1.4)


 

Бір санынан тұратын 1×1 өлшемді матрица сол санға теңестіріледі, яғни (5)1×1  5-ке тең.

Егер матрицаның барлық жатық жолдарын сәйкес сол нөмерлерімен тік жол етіп ауыстырғаннан шыққан матрица транспозицияланған матрица деп атайды.

 

 1.2 Матрицаларға амалдар қолдану



 

Қосу

Матрицаларды қосу амалдары бірдей өлшемді матрицалар үшін орындалады. Am×n=( аij) және Bm×n=( bij) матрицаларының қосындысы деп элементтері cijaij + bij (i=1,mj=1,n) болатын Cm×n=(cij) матрицасын айтады.

Матрицалар айырымы тура осылайша анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет