Ж. Баласағұни ғұлама ақын. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы



бет11/44
Дата08.12.2022
өлшемі484.06 Kb.
#466883
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
5-d0bdd2b1d181d29bd0b0

Моңғолстан мемлекеті
XIV ғасырдың ортасында Шағатай әулеті мемлекетінің ыдырауымен, оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.) еді. Моғолстан тарихы бойынша құнды дерек көзі «Тарих и- Рашидиде» бұл туралы мынадай мәлімет бар: «Моғол тілінде (шежіреде) ханды әмір Поладшы он алты жасында әкелді деп айтылады. Он сегіз жасында (Тоғылық Темір) хан болды, 24 жасында мұсылман болды, ал 34 жасында өлді». Дегенмен деректер негізгі саяси билік дулат тайпасының өкілі әмір Поладшының қолында болды деп көрсетеді.
Моғолстан Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. «Моғолстан» тарихи термині «монғол» атауынан шыққан. «Монғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда «моғол» деп айтылып жазылатын болған.
XIV-XV ғасырларда Моғолстан құрамына Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аймақтары кірді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың көрсетуінше, Моғолстан аумағы төмендегідей болды: «Қазіргі уақытта Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекарасы қалмақтардың жері Барыскөл, Емел және Ертіске тіреледі. Солтүстігінде Көкше теңіз (Балқаш), Бум Лиш және Қараталмен, батыс шекарасы Түркістан мен Ташкент және оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Тұрфанмен шектеседі. Осы төрт шекаралас аймақтың ішінен мен Моғолстанның оңтүстік аймағын көрдім. Ташкенттен Әндіжанға дейін он күндік жол. Әндіжаннан Қашқарға дейін жиырма күн, ол жерден Ақсуға шейін он бес күндік жол... Қалған үш жағын көрген жоқпын. Сол жаққа барып келіп жүргендерден есіттім, олардың айтуынша ол шекаралар ұзындығы жеті сегіз айлық жол...». (Карта қою керек) Ол жергілікті түрік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі еді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.
Сонымен XV ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы Дешті Қыпшақты біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз. Моғолстан ордасының орталығы - Алмалық қаласы болды. Тоғылық Темір мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша исламды қабылдамаған әмірлер мен бектер өлім жазасына кесілген. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билік жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуереннахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуәреннахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір 1360 жылы оларды бағындыруға кірісті. Бұл кезде Орта Азияның болашақ әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын тобымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық Темір Кешті алып, оны басқаруды Темірге тапсырды. 1361 жылы Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық Темір оған билеуші етіп баласы Ілияс-Қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Ілияс-Қожа Моғолстанға оралды. Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Ілияс Қожаның Моғолстанға қайтуын пайдаланған Әмір Темір Мәуереннахрдағы билікті өз қолына алу үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады. Алғашқы қақтығыстарда моғол ханы жеңіліске ұшырайды. 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады. Кескілескен шайқаста екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады. Бұл шайқаста Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Осы жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанады. Самарқан халқы ерлікпен шайқасады. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен моғол ханы кейін қайтуға мәжбүр болады.XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстанға бірнеше дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болады. 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болды. Хандық билік үшін талас оның балалары Жүніс пен Есен Бұға арасында өрбіді. 1433 жылы Есен Бұға дулат әмірлерінің қолдауымен хан тағына отырады. Ол 1462 жылға дейін билікте отырды.Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады.Моғолстан мемлекетінің билеушілерін мынадай ретпен беруге болады: Тоғылық Темір – 1348-1362жж., Ілияс Қожа – 1363-1365жж., Әмір Қамар ад- дин – 1365-1389жж., Қызыр Қожа – 1389-1399жж., Шами Жахан – 1399-1408жж., Мұхаммед – 1408-1416жж., Нақш Жахан – 1416-1418жж., Уәйіс хан – 1418-1433жж., Есен Бұға – 1433/34-1462жж., Дос Мұхаммед 1462-1468/69жж., Жүніс – 1469- 1487жж.. Жүністен кейін Моғолстан бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды келесі сұлтандар басқарды: Ахмет сұлтан, Махмұд сұлтан, Хадид сұлтан, Мансұр сұлтан, Саид сұлтан. Одан әрі Моғолстан біржола Қазақ хандығының құрамына енді.Егер қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ хандығының құрылуына XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтардың тікелей қатысы бар десек, мұның Моғолстанға да байланысты болғандығы. Біріншіден, Моғолстан мемлекеті оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын қамтыды, екіншіден, оның негізгі халқы қазақ этносын құраған басты тайпалар үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, т.б. болды және Қазақ хандығы ретінде құрылған қазақ мемлекетінің шаңырағы да осы жерде қайта көтерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет