Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"
2.Қазақстан – үлкен мемлекет. Соған қарай оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, қолға ұстаған мал құрамы өзгеріп отырған.
Қазақстанның кең байтақ жерінде мал шаруашылығының 3 түрі дамыған. Мысалы Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Шығыс Қазақстанда Алтай мен Тянь-Шан тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды.
Ал Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы болған. Олардың жанында егіндік жерлері де болған. Мұндай шаруашылықты отырықшы мал шаруашылығы деп те атауға болады.
Ата бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аманба?» деп сұрайды. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғынуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі халықтың тағамы, киімі, баспанасы. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз және жүн, теріден жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес.
Қазақтар негізінен 4 түлік малдың бәрін өсірген. Олар жылқы, сиыр, қой, түйе. 4 түлік олар үшін мінсе көлік, сойса - тамақ, ішсе - сусын, кисе – киім болған. Жылқы мінсе көлік ретінде, сондай – ақ түйе ыстық – суыққа, шөлге тізімді келеді. Ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. Киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Қазақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, оған арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды.
Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды да іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Қойлар суық пен ыстыққа төзімді, тебіндеп жайылады.
Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланған. Түйе ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет болған.
Батыс Қазақстанда түйе көп ұсталған.
Еліміздің солтүстігінде сиырды көптеп өсірген. Ал елдің Оңтүстігі қой өсіруге тиімді болған екен.
Көшпенді шаруашылықтың негізгі ерекшелігі – мал жыл бойы жайылымда бағылады. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру мәдниетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, күзде –күздеуге , қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге үзбей көшіп жүрген.
Көш. Көшке арнайы көшбасшы тағайындалып, сол басқарған. Көш басында жеңіл артылған атанға әшекейленген ақ текеметтен қоршау жасалып оған сәнді киінген қыз немесе келіншек мінеді.
Көктеу. Көктем шыға көшпелі қазақтар қыстаудан көктеуге келіп қонады. Көктеудегі маңызды шаруа – мал төлдету. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел тартылады. Малдар төлдеп болғаннан кейін қозылар отығып көш соңына еруге жарағанда жайлауға көшу басталады.
Жайлау. Жайлауда шөп мол болғандықтан малды бағу жеңілдейді. Малшылардың қолы босап, жайлауда той – томалақтарын өткізіп бір сергиді. Бие байланып қымыз ашытылады.
Күздеу. Қыркүйектің ортасында жауын – шашын басталмай тұрып күздеуге көшу басталады. Күздеуде жаппай қысқа даярлық жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан арқан есіледі, киіз басылады.
Қыстау. Күн суыта ауыл қыстауға келіп қоныстанады. Көшпелі қазақтар ерте 16 -17 ғ. қысты киіз үйде де өткізген. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отырған баспанасы. Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің – құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп аталады. Оларға шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық немесе есігі жатады. Олар туырлық, үзік, түндік.
Егіншілік Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария аңғарларында жақсы дамыған. Негізінен қазақтар бау – бақша өнімдерін, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері сияқты яғни дәнді дақылдар да өсірген. Ортағасырлық Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығына қарап осы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығын білеміз. Талхир қазіргі Талғар, Иасы қазіргі Түркістан қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде егіншілікке пайдаланылған көптеген құрал - жабдықтар табылған, мысалы : кетпен, соқа, тырма.
Қазақтар қосалқы шаруашылық түрімен де айналысқан. Оларға аң аулау және балық аулау жатады. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты өзен көлдерден балық аулаған. Аң аулау кедейлер үшін тіршілік етудің бір түрі болса, ал байлар үшін сауық сайран құру болған екен.
Қалалар. Қазақстан жерінде Х-ХІ ғасыр отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейді. 6 – 9 ғ. Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, олардың саны 37 - ге дейін жеткен.
Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсерін тигізген.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес көлемі экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады.
І – топқа 30 га асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалаларға Шынджаб, Отырар, Сауран жатады.
ІІ – топқа 10 га дан 30 га дейінгі қалалар жатады.
ІІІ – топқа көлемі 10 га жетпейтін қалалар жатады.
Х-ХІ ғ. қалалардағы басты жаңалық – мұсылман дінінің қазақ жеріне енуіне байланысты мешіттердің пайла болуы мешіт мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының 2 жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Иасы қалаларынан да табылған. Моншаларға су қыш құбырлар мен тартылған. Осы іспеттес Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғ. 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылған.
Алматы қаласында Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып сауығатын орындарының біріне айналған.
Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі – Отырар. Ежелде Отырар қаласының орнында «Фараб» атты үлкен қоныс болған. Ол «сулы қоныс» дегенді білдіреді. Себебі қала Арыс және Сырдария өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Отырар қаласында Аристотелден кейінгі 2 ұстаз атанған данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл Фараби дүниеге келген. Отырардың атын әлемге әйгілеген ең бай кітапхана, Отырар кітапханасы. Әбу Насыр әл Фараби осы кітапханадағы барлық кітапты оқып шыққан деседі. Отырарды бұл күндері басы бүтін қалған құрылыс –Арыстан баб кесенесі. Арыстан баб Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
Түркістан орта ғасырлардағы көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Түркістан – түріктер мекені деген сөз. Ерте кезде қала «Шабғар» деп аталған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан.
Сарайшық ХІІІ ғ. Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала. Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. Сарайшық қаласында Әз Жәнібек хан 1347 – 1350 ж. билік құрған кезде халық шалқыған дәурен кешіпті. Сол кезде халық арасында
Сарайшықтың саздары
Қаңқылдады қаздары
Су сұрасаң бал берген
Ноғайлының қыздары деген ән кең тараған.
Сарайшық қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерде Жайықтың жағасында орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан әдемі қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған. Бұлардан басқа қазақ жерінде Сұяб, Баласағұн, Сайран деген ортағасырлық қалаларда болған.
Қазіргі кезде қанша қала бар. Ірі қалалар жайлы да түсінік беріп қорытындылау. Қазақстанда 14 облыс 90 ға жуық қала, 200 – дей қала тектес кент, 150- ден астам аудан тіркелген.
Зергерлік бұйымдар.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін, зергерлік әсемдік бұйымдар жасаған. Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді.
1) басқа 2) мойын және кеудеге 3) иыққа 4) белге 5) қолға 6) аяққа тағылатын бұйымдар.
Қазақ аруларының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын көрсетеді.
Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Ел ішінде кең тараған әндердің бірінде мынадай жолдар бар : «Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп тағасың күнде сырға»
Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырында алтыннан, күмістен жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастады.
Алқа әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын сәнді бұйым.. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылған, кейін оның түр сипаты өзгеріп тұмарша түрінде, әртүрлі салпыншақты кейіпке ауысқан. Алқа меруерт, маржан, асыл тастардан алтын, күмістен соғылған.
Саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым – жүзік. Кенен Әзірбаев атамыз «Көрінер ақ үй сұлу үзігімен
Көрінер келін сұлу жүзігімен»
деп жырлаған екен. Қазақтар бой жетіп келе жатқан қызына мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер дайындаған.
Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырмайды. Қазақта «Сақинаны сәнге салмайды ол -тазалыққа таразы», сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді.
Қазіргі кезде де жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында үйдің үлкендері енесі немесе абысыны «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады және де нәрестені 40 – нан шығарда оны шомылдыратын суға алтын немесе күміс сақина, немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.
Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып, қоғамның дамуына байланысты дамып жетіліп отырған. Көшпелілердің өнері мен мәдениеті қазіргі адамдарды да таң қалдырады. Ол жалпы адамзат мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Көшпенділерге тән қасиеттер жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, ойға тапқырлық деуге болады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |