Археологиялық зерттеулерден қазақтардың қыстауларының жанында егін шаруашылығымен айналысқан арық-тоғандарының іздері табылған. Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда ертеден-ақ егіншілік кәсібі дамыды. Әсіресе Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.
Қазақтарда егін шарушылығы болғандығын жер суғаратын атпа, шығыр сияқты тағы да басқа құралдардан шығыр,жер жыртатын соқа, жер тырмалайтын тырма, айыр, бидай суаратын ағаш күрек сияқты тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы екті. Оңтүстік жақтағылар күріш пен жүгері де өсірді. Жер жырту саймандары тесе,кетпен,ағаш соқа,тіс ағаш,тырна,қол орақ,күрек болады. Дәнді тұю, ұн тарту үшін ағаш келіні,қол диірменді пайдаланды. Егін егетін жерді атпен, өгізбен, түйемен жыртты. Астықты сақтау үшін жерден ұра қазып, ішінде ылғал болмауы үшін, отпен күйдіретін. Тары көшпелі халықтың қысы-жазы жейтін, ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тағамы болды. Қазақтар дәнді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Қырманды атпен,өгізбен бастырды. Бұл қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірдің дұрыс еместігін айғақтайды.
2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
1990 жылы мен басқарған комиссияға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1930 жылдан 1950шi жылға дейін қабылдаған қаулыларын қайта қарап, әділ бағасын беру тапсырылды. Орталық Комитеттен осы мәселеге қатысты барлық құжаттар менің қолыма түсті. Біз комиссия құрамына тарихшы, әдебиетші, тілші мамандарды қатыстырып: «Қазақ зиялылары ұлтшыл» деген қаулыларды түгелдей қарап шықтық. Оның ішінде тек, бұрынғы зиялылар ғана емес, тіптi кейінгі Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов сияқты азаматтарымыздың Қазақстанда репрессияға ұшырауы, осы тәрізді толып жатқан адамдарды «ұлтшыл» немесе «идеологияны бұрмалаушы» деп қаралаған құжаттар өте көп екен. Бұл құжаттардың барлығын комиссия мұқият қарап, осы жылдар аралығындағы қаулылардың барлығы негізсіз, шындыққа жанаспағандықтан, бұдан былай күшін жояды деп шештік. Қорыта айтқанда, бұл мәселелердің шешімін табу бізгe оңай түскен жоқ. Тек, әйтеуip, халықтың көкейінде жүрген мәселеге араласуым, жанағы комиссияға жетекшілік eтіп, төрағасы болғаным — өмірден азаматтық борышымның өтелгені деп ойлаймын. Осы саяси қуғынсүргін көрген зиялыларымызды толық ақтап шығу мен басқарған комиссияның мойнына жүктелді Оны сараптауда біз барынша жанжақтылық танытуға тырыстық. Комиссияның он тұжырымдарын жазып, ұлы арыстарымызды ақтауда мүмкіндігінше үлес қостық. 1989—1990 жылдардың басында Алашқа ортақ азаматтарымыз толығымен ақталып, бұл мәселе өз шешімін тапты. Дәл осы кезде КСРО Конституциясының 6шы статьясы алынып тасталды. Егер ол алынбаса егемендік алу дегенді ойлау өте қиын еді. Мен ол кезде Ғылым Академиясының вицепрезиденті едім. Жалпы, Одақта болып жатқан жағдайлардың бәріне араласуға міндеттімін. Москвада 6ip жағдай бола қалса, мені таңертең сағат 9дарда Орталық Комитетке шақыратын. Содан, 1990 жылдары бұл статья өз күшін жойып, биыл Жоғары Кеңеске өтті. Жаңадан сайлау өткізіп, КСРОның Конституциясы өз қызметін бастады. Яғни, партия үкімет басынан кетіп, Жоғары Кеңес ең өкілетті орган болып шыға келді. Содан, Жоғары Кеңес депутаттары Конституцияны, президент, министрлерді, олардың орынбасарларын сайлайтын құзырға ие болды. Билік қолдарына тиіп, депутаттардың дәуірлеп тұрған кезі. Осының салдарынан, көптеген қиындықтар туа бастады. Мәселен, бip министрді сайлау үшін әр депутат сан жаққа жүгіртіп, әркім өз кандидатурасын ұсынып, бip мәмлеге келе алмай айтысып жататынды. Әйтеуір, бұл жағдай ұзаққа созылмады.
Достарыңызбен бөлісу: |