Ж. ішкі секреция бездерінің гистологиясы оқУ ҚҰралы қарағанды – 2011


ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ: АПУДОЦИТТЕР



бет2/2
Дата17.07.2016
өлшемі12.94 Mb.
#205552
1   2

ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ: АПУДОЦИТТЕР

Жеке орналасқан гормон өндіруші жасушардың жиынтығын диффузды


эндокринді жүйе деп атайды. Бұл эндокриноциттердің көп бөлігі әр түрлі мүшелердің шырышты қабықшасында және бездерде орналасады. Әсіресе, ас қорыту жүйесінің құрамында көбірек анықталады. Диффузды эндокринді жүйенің жасушаларына көбінесе кеңейген базальды, жіңішке апикальды бөліктердің болуы тән. Көбінесе жасушалардың базальды бөліктерінде тығыз аргирофильді секреторлық түйіршіктер анықталады. Жасушалардың өндіретін заттары паракринді және эндокринді ықпал жасай алады. Кейінгі жылдарда диффузды эндокринді жүйені APUD- жүйе деп те қабылдайды. APUD сөзі ағылшын тілінде Amine Precursor Uptake and Decarboxylation сөзтіркесінің басты әріптерінен құралған аббревиатура. Қазақ тіліне аударсақ ол аминдердің бастапқы құрамын сіңіру және декарбоксилдеу болып шығады. Аминдер түсінігіне катехоламиндер (адреналин, норадреналин) және индоламиндер (серотонин, дофамин) жатқызылады.

APUD – жүйесінің эндокриндік жасушаларының моноаминоергиялық және пептидергиялық ықпалдарының механизмдерінің арасында метаболизмдік, қызметтік және құрылымдық деңгейлерде іске асырылатын тығыз байланыстар бар. Олигопептидтердің және нейроаминдердің мөлшері мен ықпалының арақатынасы әрқилы болады. Нейроэндокринді жасушалардың өндіретін олигопептидтері орналасқан мүшелеріне паракринді әсер етеді, ал алыста орналасқан мүшелерге эндокринді ықпал жасай алады. APUD жүйесінің жасушалары жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық тармақтарынан келген импульстерге жауап береді, бірақ аденогипофиздің гормондарына тәуелсіздік байқалтады.

Кейінгі жылдарда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес APUD – жүйенің жасушалары барлық ұрық жапырақшаларынан да дамиды, барлық тіндерде анықталады.

Даму негіне орай оларды жіктеуге болады:


  • нейроэктодерманың туындылары (гипоталамустың, эпифиздің, бүйрек үсті безінің милық затының нейроэндокриноциттері, орталық және шеткері жүйке жүйесінің пептидергиялық нейрондары);

  • терілік эктодерманың туындылары (аденогипофиздің APUD-серияға жататын жасушалары, эпидермистегі Меркель жасушасы);

  • ішектік энтодерманың туындылары – гастроэнтеропанкреаттық жүйенің жасушалары;

  • мезодерманың туындылары (мысалы, секреторлық кардиомиоциттер);

  • мезенхиманың туындылары – (мысалы, дәнекер тіннің ұлпалық базофильдері).

Даму негіздерінің әртүрлі болуына қарамастан APUD – жүйенің жасушаларына цитологиялық, гистохимиялық, иммуногистохимиялық, анатомиялық және қызметтік ұқсастық тән. Жалы жасушалардың 30 астам түрін ажыратады.
ҰЙҚЫ БЕЗІ
Құрылысы. Ұйқы безі бөліктерге бөлінген паренхималық мүше. Оның стромасын висцералды шажырқаймен біріге орналасқан дәнекер тіндік капсула және одан бездің ішіне кіре орналасқан трабекулалар құрайды. Дәнекер тіннен тұратын трабекулалар безді бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жұқа қабаттарында бездің экзокринді бөлігінің шығару өзектері, қан тамырлары, нервтер, интрамуралды түйіндер, Фатер-Пачини денешіктері орналасады.

Паренхима ацинустардан, шығару өзектерінен және Лангерганс аралшықтарынан құралады. Әрбір бөлікшеде экзо- және эндокринді бөліктер анықталады (16 сурет). Бездің 97% экзокринді ацинустардан, ал 3% эндокринді аралшықтардан тұрады.



16 сурет. Ұйқы безінің бөлікшесінің құрылысы

1. Ацинарлық жасуша

2. Орталықацинарлық жасуша

3. Базофилді жасуша

4. Ацидофилді жасуша

5. Гемокапилляр


Эндокриндік бөлігінің құрылысы. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің құрылымдық-қызметтік бірлігі Лангерганс аралшығы (инсула) болып табылады. Ол ацинустардан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен бөлектенген, гистологиялық препараттарда ол ашықтау болып келеді. Фенестрленген гемокапиллярлар орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттарының арасында анықталатын инсулоциттер аралшықтарды құрайды. Бояуды қабылдауына орай инсулоциттерді А, В, Д, Д1 және РР деп жіктейді.

В – жасушалар немесе базофильді инсулоциттер негізгі бояуларды қабылдап, көк түске боялады. Олар аралшықтың барлық жасушаларының 75% түзейді. Жасушаларда ақуызтүзеуші органеллалар жақсы дамып жетілген, ал секреторлық түйіршіктерінің сыртында жалпақ ашық жиекше анықталады. В – жасушалар инсулинді өндіреді. Инсулин жасушалардың глюкозаны сіңіруін арттыру арқылы қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Бауырда инсулин глюкозадан гликогеннің түзелуін жоғарылатады. Инсулиннің аз өндірілуі нәтижесінде қант диабеті қалыптасады.

А - жасушалардың цитоплазмасында қышқыл бояуларды қабылдайтын өнім түйіршіктері болады. Барлық ациноциттердің 20-25% құрайды. Түйіршіктердің сыртында жіңішке ашық жиекше анықталады. Жасушалардың жақсы дамып жетілген ақуызтүзеуші аппараты бар. Олар глюкагон гормонын өндіреді. Бұл гормон инсулинге қарама-қарсы әсер көрсетеді. Атап айтсақ, ол бауырдағы гликогеннің ыдырауын белсендіру арқылы қанның құрамындағы глюкозаны көбейтеді.

Д – жасушалар барлық эндокриноциттердің 5% жуығын құрайды. Жасушаның цитоплазмасында орташа тығыздықты түйіршіктер анықталады. Ашық жиекшесі жоқ түйіршіктер соматостатин гормонынан тұрады. Ол А және В жасушалардың және ациноциттердің жұмысын тежейді. Сонымен қатар соматостатин әртүрлі жасушалардың митозын тежей алады.

Д1 - жасушалардың секреторлық түйіршіктерінің жіңішке ашық жиекшесі болады. Олар артериолалық қан қысымын төмендететін және панкреаттық сөлдің өндірілуін арттыратын вазоинтестинальды полипептидті (ВИП) бөледі.

РР – жасушалар аралшық эндокриноциттерінің жалпы санының 2-5% түзейді. Көбінесе олар Лангерганс аралшығының шетінде орналасады, кейде бездің экзокриндік бөлігінде кездеседі. Жасушаның құрамында пішіні, көлемі, тығыздығы әртүрлі өнім түйіршіктері болады. Жасушалар панкреаттық полипептид өндіреді, ол ұйқы безінің экзокриндік қызметін тежейді.

Жас балалардың ұйқы бездерінің аралшықтарында гастрин өндіретін G– жасушалар анықталады.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕР
1 Есеп. Эндокриндік жүйенің орталық реттеуші құрылымдарына жатады:

  1. қалқанша безі

  2. гипофиз

  3. қалқанша маңы безі

  4. бүйрек үсті безі

  5. жыныс бездері


2 Есеп. Шеткері эндокринді бездерге жатады:

  1. гипофиз

  2. эпифиз

  3. гипоталамус

  4. қалқанша безі

  5. аталық жыныс безі


3 Есеп. Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіреді:

  1. бас миының ақ заты

  2. орталық мидың және мишықтың ядролары

  3. гипоталамус, гипофиз, эпифиз

  4. сопақша мидың және көпірдің ядролары

  5. жұлынның сұр заты


4 Есеп. Эндокринді және эндокринді емес қызметті біріктіре атқарады:

  1. қалқанша және бүйрек үсті бездері

  2. гонадалар, плацента, ұйқы безі

  3. гипофиз, эпифиз, гипоталамус

  4. көкбауыр және лимфалық түйіндер

  5. бауыр және тілдің сілекей бездері


5 Есеп. Қалқанша безінің фолликулы:

  1. май жасушаларының жиынтығы

  2. қуыссыз көп қабатты жасушалар қатары

  3. екі қабатты эпителийден құралған түтікше

  4. қабырғасы бір қабатты эпителийден құралған көпіршік

  5. фибробластылар жиынтығы


6 Есеп. Бүйрек үсті безінің милық затының даму көзі:

  1. желбезек қалтасының 4 жұбының эпителийі

  2. кеуделік ішектің эпителийі

  3. алдыңғы ішектің эпителийі

  4. ганглиозды табақшаның нейробластылары

  5. целомдық эпителий


7 Есеп. Бүйрек үсті безінің милық заты дамиды:

  1. нейроэктодермадан

  2. ауыз шұңқырының эпителийінен

  3. целомның эпителийінен

  4. жұтқыншақтың қабырғасының өсіндісінен

  5. желбезек қалтасының эпителийінен


8 Есеп. Ұйқы безінің құрылымдық- қызметтік бірлігін атаңыз:

  1. бөлікше

  2. бөлікшеаралық шығару өзегі

  3. панкреаттық ацинус

  4. жалпы панкреаттық өзек

  5. бөлікшеішілік шығару өзегі


9 Есеп. Ұйқы безінің апикальды бөлігі оксифильді, ал базальды бөлігі базофильді боялатын жасушасы:

  1. А- жасушасы

  2. В- жасушасы

  3. фибробластылар

  4. ациноциттер

  5. орталық ацинозды жасушалар


10 Есеп. Қанға инсулин бөлетін ұйқы безінің жасушасы:

  1. Д- жасушасы

  2. С- жасушасы

  3. В- жасушасы

  4. А- жасушасы

  5. РР- жасушасы


11 Есеп. Ұйқы безінің шығару өзектерінің эпителиі:

  1. көпқабатты жазық мүйізденбейтін

  2. көпқабатты жазық мүйізденетін

  3. көпқатарлы кірпікшелі

  4. бірқабатты жазық, текшелі, призмалық

  5. өтпелі


12 Есеп. Ұйқы безінің жасушасының цитоплазмасында электронды тығыз түйіршіктері бар, түйіршік пен оның мембранасының арасында жалпақ ашық жиек байқалады. Бұл ұйқы безінің қандай жасушасы?

  1. РР- жасушасы

  2. Д- жасушасы

  3. В- жасушасы

  4. А- жасушасы

  5. Д- 1 жасушасы


13 Есеп. Ұйқы безінің А жасушалары өндіреді:

  1. инсулинді

  2. глюкагонды

  3. соматостатинді

  4. вазоинтестинальды полипептидті

  5. панкреаттық полипептидті


14 Есеп. Ұйқы безінің D1-жасушасы келесі гормонды өндіреді:

  1. инсулинді

  2. глюкагонды

  3. соматостатинді

  4. вазоинтестинальды полипептидті

  5. панкреаттық полипептидті


15 Есеп. Ұйқы безінің D-жасушасы келесі гормонды өндіреді

  1. инсулинді

  2. глюкагонды

  3. соматостатинді

  4. вазоинтестинальды полипептидті

  5. панкреаттық полипептидті


16 Есеп. Тиротропты гормонды өндіреді:

  1. гипофиз

  2. эпифиз

  3. қалқанша безі

  4. қалқанша маңы безі

  5. бүйрек үсті безі


17 Есеп. Гонадотропты гормонды өндіреді:

  1. эпифиз

  2. гипофиз

  3. бүйрек үсті безі

  4. қалқанша безі

  5. қалқанша маңы безі

18 Есеп. Адренокортикотропты гормонды өндіреді:



  1. гипофиз

  2. қалқанша без

  3. қалқанша маңы

  4. бүйрек үсті безі

  5. эпифиз


19 Есеп. Тироксинді өндіреді:

  1. гипофиз

  2. гипоталамус

  3. бүйрек үсті безі

  4. қалқанша безі

  5. эпифиз


20 Есеп. Кальцитонинді өндіреді:

  1. гипофиз

  2. эпифиз

  3. гипоталамус

  4. бүйрек үсті безі

  5. қалқанша безі


21 Есеп. Паратиринді өндіреді:

  1. қалқанша маңы безі

  2. қалқанша безі

  3. бүйрек үсті безі

  4. гипофиз

  5. эпифиз


22 Есеп. Альдостеронды өндіретін:

  1. эпифиз

  2. бүйрек үсті безі

  3. гипофиз

  4. қалқанша безі

  5. гипоталамус


23 Есеп. Шеткері эндокриндік бездерге жатады:

  1. ұйқы безі

  2. гипоталамус

  3. эпифиз

  4. гипофиз

  5. бүйрек үсті безі


24 Есеп. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролары келесі жасушалардан тұрады:

  1. миоэпителиальды

  2. Бецтің пирамидалық жасушасы

  3. алмұрт тәрізді

  4. үлкен нейросекреторлық

  5. түйіршік жасушалар


25 Есеп. Аденогипофиздің даму көзі:

  1. нейральды плакода

  2. ауыз шұңқырының эктодермальды эпителийі

  3. орталық ми көпіршігінің нейроглиясы

  4. ганглиозды табақшаның нейробластылары

  5. жүйкелік түтікшенің глиобластылары


26 Есеп. Нейрогипофиз дамиды:

  1. алғашқы ішектің бас бөлігінен

  2. мезодерманың спланхнотомынан

  3. мезодерманың сомитерінен

  4. терілік эктодермадан

  5. аралық ми көпіршігінің ойпаңының нейроглиясынан


27 Есеп. Гипофиздің нашар боялатын және секреторлық түйіршіктері жоқ жасушасы:

  1. соматотропоциттер

  2. маммотропоциттер

  3. хромофобты эндокриноциттер

  4. адренокортитропоциттер

  5. гонадотропоциттер


28. Есеп. Аденогипофиздің шетке ығыса орналасқан ядросы, базофильді түйіршіктері және макуласы бар жасушасы:

  1. гонадотропоциттер

  2. соматотропоциттер

  3. адренокортитропоциттер

  4. тиротропоциттер

  5. маммотропоциттер


29 Есеп. Қалқанша безінің фолликулы:

  1. май жасушаларының жиынтығы

  2. қуыссыз көп қабатты жасушалар қатары

  3. екі қабатты эпителийден құралған түтікше

  4. қабырғасы бір қабатты эпителийден құралған көпіршік

  5. фибробластылар жиынтығы


30 Есеп. Құрамында ұсақ базофильді түйіршіктері бар, пішіні бұрыштанған гипофиздің аденоциттері:

  1. кортикотропоциттер

  2. маммотропоциттер

  3. соматотропоциттер

  4. гонадотропоциттер

  5. тиротропоциттер



КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Препаратта екі без берілген. Біріншісінде жақсы дамыған секреторлық бөлігінде өндірілген өнім шығару өзегі арқылы қуысқа бөлінеді. Екіншіде секреторлық жасушалардың топтарының арасында өндірілген өнім тасымалданатын гемокапиллярлардың торлары орналасқан. Бездердің қайсысы эндокриндік болады?
2. Гипофиздің препаратында екі көру аймағы зерттелуде. Біріншісінде кіші көлемді өсінділі жасушалар және олардың арасында орналасқан жүйкелік талшықтар байқалды. Екіншісінде әртүрлі тинкториалдық белгілері бар эпителийлік жасушалардың тізбегі анықталды. Гипофиздің қандай бөліктері зерттелуде?
3. Тәжірибеде жануарлардың бірінші тобына кастрация, екінші тобына тиреоидэктомия жасалды. Гипофиздің қандай аденоциттері операцияға жауап беретінін және оның себебін анықтаңыздар.
4. Босану барысында жатырдың жиырылу қабілеті төмендегені анықталды. Гипоталамустың қандай гормоны жатырдың жиырылуын күшейте алады?
5. Қалқанша безінің микроскопиялық зерттеуі кезінде фолликулалардың пішіні кішірек, коллоиды аз, вакуолдері көп, тироциттері биік, призмалық екені анықталды. Бұл көрініс мүшенің қандай қызметтік жағдайына тән болады?
«ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Тапсырма. Гипофиздің құрылымдық компоненттерін анықтау

Гематоксилин және эозинмен боялған гипофиздің кесіндісінде микроскоптың кіші өлшемінде капсуланы, бөлікаралық дәнекер тіннен құралған тосқауылдарды және мүшенің үш бөлігін: алдыңғы - аденогипофизді, гипофиздің аралық бөлігін және артқы бөлігін –нейрогипофизді анықтаңдар. Алдыңғы бөлігінің айшық тәрізді пішініне, қызыл - көк бояуына және саңылаулы гемокапиллярларға көңіл аударыңдар. Аралық бөлігі көгілдір түсті, қызғылттау болып боялған нейрогипофизге жанаса орналасқан. Гипофиздің суретін салып келесі белгілерді қойыңдар: 1 - аденогипофиз (гипофиздің алдыңғы бөлігі), 2 - гипофиздің аралық бөлігі, 3 - нейрогипофиз.



2 тапсырма. Аденогипофиздің микроскопиялық құрылысын зерттеу

Маллори әдісі бойынша боялған аденогипофиздің препаратында микроскоптың үлкен өлшемінде нашарлау боялған сопақша қоңыр-қызыл түсті ядросы бар дөңгелек пішінді аденоциттердің созындысын табыңдар. Синусоидты гемокапиллярлардың бойында оксифилді және базофилді гормон өндіруші аденоциттердің топтары орналасқан. Дөңгелек немесе полигоналды, цитоплазмасында сарғыш-қызыл түйіршіктері бар оксифилді жасушалар соматотропоциттер және маммотропоциттер болады, олар өсу гормонын және пролактин гормонын бөледі. Базофилді жасушалардың цитоплазмасында көк түсті түйіршіктері бар. Олар екі топқа бөлінеді: ядроның қасында ашық алаңы бар пішіні дөңгелектеу гонадотропоциттер, пішіні көпбұрышты түйіршіктері диффузды тарала орналасқан тиротропоциттер. Аденогипофиздің суретін салып, келесі белгілерді қойыңдар: 1 - хромофобты аденоциттер, 2 - хромофилді аденоциттер, 3 - сомато- және маммотропоциттер, 4 - тиротропоциттер, 5 - гонадотропоциттер, 6 - гемокапиллярлар.



3 тапсырма. Гипоталамус пен гипофиздің морфофункционалдық байланыстарын зерттеу

Оқу кестесінде гипофиздің және гипоталамустың өзара орналасуын зерттеңдер. Алдыңғы гипоталамуста супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролардың, орталық гипоталамуста вентромедиалды, дорсомедиалды және аркуатты ядроларды табыңдар. Нейросекреторлық жасушалардың аксондарының бағытын, олардың гипофиздің құрылымдарымен аксовазалдық байланыстарын ажыратыңдар. Қойылатын белгілер: 1 - супраоптикалық ядро, 2 - паравентрикулярлық ядро, 3 - гипоталамустың орталық бөлігінің ядросы, 4 - алдыңғы гипофизарлық артерия, 5 - гипофизарлық бірінші реттік капиллярлар торы, 6 - аксовазалдық синапстар, 7 - гипофизарлық қақпалық веналар, 8 - гипофизарлық екінші реттік веналық капиллярлар торы, 9 - артқы гипофизарлық артерия, 10 - нейрогипофиздің гемокапиллярлары, 11 - нейрогипофиздің аксовазалды синапстары, 12 - әкетуші гипофизарлық вена.



4.Тапсырма. Қалқанша безінің морфологиялық компоненттерін зерттеу

Қалқанша безінің гематоксилин және эозинмен боялған препаратында микроскоптың кіші өлшемінде капсуланы, бөлікшеаралық тосқауылдарды, мүшенің бөліктерін табыңдар. Микроскоптың үлкен өлшемінде бездің құрылымдық-қызметтік бірлігі – фолликулдың құрылысын зерттеп, суретін салыңдар. Қойылатын белгілер: 1 - капсула, 2 - бөлікшеаралық тосқауылдар, 3 - фолликул, 4 - тироциттер, 5 - коллоид, 6 - кальцитониноциттердің парафолликулярлық аралшықтары.



5 тапсырма. Қалқанша безінің фолликулының құрамын электронды-микроскопиялық деңгейде зерттеу.

Ұсынылған фолликулдың электроннограммасында базалдық мембранада бір қатар құрап орналасқан тироциттерді табыңдар. Тироциттердің дөңгелек пішінді ядросына, көптеген митохондрияларына, түйіршікті эндоплазмалық торларына көңіл аударыңдар. Фолликуланың қуысындағы коллоидты көріңдер. Қойылатын белгілер: 1 - базалды мембрана, 2 - тироцит, 3 - микробүрлер, 4 - ядро, 5 - митохондриялар, 6 - түйіршікті эндоплазмалық тор.



6 тапсырма. Қалқанша маңы безінің гистологиялық құрылысын зерттеу.

Гематоксилин және эозинмен боялған қалқанша маңы безінің кесіндісінде кіші өлшемде оның капсуласын, паратироциттердің созындыларын, олардың арасындағы дәнекер тіннің қабаттарын, синусоидты гемокапиллярларды табыңдар. Микроскоптың үлкен өлшемінде созындыларда басты паратироциттерді және үлкендеу оксифилді паратироциттерді анықтаңдар. Қойылатын белгілер: 1 - капсула, 2 - паратироциттердің созындысы, 3 - гемокапилляр.



7 тапсырма. Бүйрек үсті безінің морфологиялық құрамын анықтау

Темір гематоксилинмен боялған бүйрек үсті безінің кесіндісін микроскоптың кіші өлшемінде көріп, оның дәнекер тіннен құралған капсуласын, қабықтық және милық заттарын, олардың арасындағы дәнекер тіннің жұқа қабатын ажыратыңдар. Үлкен өлшемде бездің қабықтық затының 3 аймағын анықтап, олардың суретін салыңдар. Қойылатын белгілер: 1 - капсула, 2 - қабықтық зат, 3 - шумақты аймақ, 4 - шоғырлы аймақ, 5 - торлы аймақ, 6 - милық зат, 7 - хромаффинді жасушалар, 8 - синусоидты гемокапиллярлар.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


  1. Эндокринді және экзокринді бездердің морфофункционалдық ерешеліктерінің салыстырмалы сипаттамасы

  2. Ішкі секрецияның бездері қандай эмбрионалдық бастамалардан дамиды?

  3. Гипоталамустың нейросекреторлық жасушаларының құрылысы. Олар қандай өнімдер өндіреді?

  4. Гипоталамо-гипофизарлық байланыстардың сипаттамасы

  5. Эпифиздің құрылысы және оның нейроэндокриндік реттеудегі маңызы.

  6. Қалқанша безінің құрылысы, организмдегі орыны

  7. Қалқанша безінің құрылымдық-қызметтік бірлігінің жұмысында қандай сатыларды ажыратады? Оның қызметтік жағдайына байланысты морфологиялық белгілерін атаңыздар.

  8. Қалқанша безінің қандай жасушасын азотты қышқыл күмісті сіңіруден кейін зерттейді? Олар қандай гормон өндіреді?

  9. Қалқанша маңы безінің жасушалық құрамының сипаттамасы

  10. Бүйрек үсті безінің микроскопиялық құрылысы, оның атқаратын қызметі

  11. Бүйрек үсті безінің қабықтық жасушаларының ультрақұрылымдық, цитохимиялық және қызметтік ерекшеліктері

  12. Диффузды эндокринді жүйе дегеніміз не?



ТЕСТІЛЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ




жауабы



жауабы



жауабы

1

B

11

D

21

A

2

D

12

C

22

B

3

C

13

B

23

E

4

B

14

D

24

D

5

D

15

C

25

B

6

D

16

A

26

E

7

A

17

B

27

C

8

C

18

A

28

A

9

D

19

D

29

D

10

C

20

E

30

E



ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖАУАБЫ
1. Екінші препаратта
2. Біріншісінде - нейрогипофиз, екіншісінде - аденогипофиз
3. Бірінші топта – гонадотропоциттердің, екінші топта – тиреотропты жасушалардың өзгерістері байқалады. Олар ФРГ, ЛГ және ТТГ өндіреді.
4. Окситоцин

5. Гиперфункциялық



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы «Эффект» баспасы, 2006. - 416 б.

  2. Ажаев С.А. Ажаев Г.С. Гистология. Общая гистология (учение о тканях). -Туркестан, Типография «Туран», 2009., - 333с.

  3. Ажаев С.А., Т.Ж.Умбетов. Жалпы гистология. –Түркістан: «Тұран», 2010.-336 б.

  4. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А., Котовский Е.Ф. Гистология, цитология и эмбриология. 2002г. - 744 с.

  5. Афанасьев Ю. И., Кузнецов С.Л., Юрина Н. А. Гистология. Учебник - М., Медицина, 2004. – 768с.

  6. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология (оқу құралы). -Алматы, 2007. – 288 б.

  7. Богданова Т.И., Козырецкий В.Г., Тронько Н.Д. Патология щитовидной железы у детей. Атлас. 2000г.-332с.

  8. Бойчук Н.В., Исламов Р.Р., Кузнецов С.Л. Гистология. Учебник для вузов. МИА, 2001г. -672с.

  9. Быков В.Л. Цитология и общая гистология. Функциональная морфология клеток и тканей человека. СПб.: Sotis, 2002 г. -150с.

  10. Валдина Е.А. Заболевания щитовидной железы МИА, 2006г. – 112с.

  11. Данилов Р.К., Быков В.Л., Одинцов И.А., Руководство по гистологии, т.II, СпецЛит., СПб., 2001. – 735с.

  12. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов- М.: МИА, 2006. - 456 с.

  13. Данилов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Гистология. М.: МИА, 2003г. – 294с.

  14. Қазымбет П., Рысұлы М., Ахметов Ж.Б. Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. -Астана, 2005. - 400б.

  15. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. – М.:МИА, 2005. — 400 с.

  16. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник. – М.: «МИА», 2007 - 600с.

  17. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология. Комплексные тесты: ответы и пояснения, уч. пос. – М., 2007.

  18. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии: уч. пос. под ред. Р.П.Самусева, М.:ОНИКС ХХІ век, «Мир и образование», 2004, 400с.

  19. Мяделец О.Д. Основы частной гистологии. М., Мед.книга, изд-во НГМА, 2002. – 374с.

  20. Пуликов А.С. Возрастная гистология: уч. пос. - Ростов н/Д, Красноярск: Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с

  21. Строев Ю.И., Чурилов Л.П. Эндокринология подростков, М.:ОНИКС ХХІ век, «Мир и образование», 2004г.- 203с.

  22. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология + СD учебник. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с: ил.

  23. Шабалов Н.П. Диагностика и лечение эндокринных заболеваний у детей и подростков М., Мед.книга, 2002г. – 195с.

  24. Юшканцева С.И., Быков В.Л. Гистология, цитология и эмбриология краткий атлас. СПб.: Sotis, 2006 -400с.

  25. Юшканцева С.И., Быков В.Л. Гистология, цитология и эмбриология. Краткий атлас. СПб.: Sotis, 2007 - 600с.

  26. http://www.medbooki.ru/gistology/

  27. http://www.morphology.dp.ua/_mp3/

  28. http://hist.yma.ac.ru/mor/res_ed.htm

  29. http://www.krugosvet.ru/enc/nauka_i_tehnika/biologiya/GISTOLOGIYA.html

23.05.2011 ж. басуға қол қойылды

Көлемі 3,3 есепті-баспа табағы

Формат 60х84 1/16. 100 дана


ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет