Психикалық детерминизм - барлық психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас.
Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі.
Психикалық қасиет - тұлға ерекшеліктері, бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы (мінез, темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.
Психикалық қылып (күй) - адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. Психикалық қылып-психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым.
Психодиагностика - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық түрғыдан талдайтын, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы дұрыс мәлемет беретін ізденіс аумағы.
Психолингвистика - адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасу мен бір қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы. Психолингвистика терминіне америкалық ғылымдар Ч.Осгуд пен Т.Сибеок ғылыми мағынасын енгізді.
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психологияның зерттеу салалары сан алуан, олар психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, патопсихология, инженерлік, спорт психологиясы және т.б. «Психология» терминін ғылымға енгізген Х.Вольф.
Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 жылы француз философы Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады.
Пікір - бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.
Регрессия - психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі бір күйін ұйымдастыратын шарттың жетіспеуінен немесе бұзылуынан қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |