Ж. Математика физика информатика апталығы



бет1/3
Дата12.10.2023
өлшемі21.76 Kb.
#480597
  1   2   3
Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап! тақырыбындағы математика, информатика, физика апталығының жабылу кеші (1)


«Бейнеу орта мектебі» КММ


«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!»


(Математика, информатика, физика пәндер апталығының қорытынды кеші)


2018-2019 ж.


Математика физика информатика апталығы
«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» тақырыбындағы қорытынды кеші
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!
2-жүргізуші: мектебімізде 19.11 – 23.11.18 аралығында Математика, Информатика, Физика апталығы болып жатқандағы бәрімізге мәлім.
1-жүргізуші: Осыған орай аптаның соңғы күні өткізіліп отырған «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» тақырыбындағы қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себеті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Апта бойғы сайыстарда әрбір оқуышыні білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, әр сайыстың жүлдегерлері анықталды.
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берілсін құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, апталықтың дамуына үлес қосқан, әр сайыстарға қатысып жүлделі орын алған шәкірттерімізді мақтан ете отырып, оларды марапаттау үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Аюпова Орынгүл апайға береміз.
1-жүргізуші: Жастықты біз ізденуге арнайық,
Білімдарлық танытайық, талмайық.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлейік, өркендейік, самғайық!
2-жүргізуші: Парасатты жүрегің нұр төгеді,
Болдың міне абыройлы, мәртебелі
Қыран қонған биіктен көріне бер,
Асқар тау, туған елдің нар түлегі.
Жасампаз елдің жас қырандары, құрметті оқушылар марапаттарыңыз құтты болсын!
1-жүргізуші: Олай болса келесі кезекті «КАНООТ» ойынына берейік.
Бұл ойында ойнау үшін адымен барлығымыз қолымызға ұялы телефондарымызды алып, өз аты-жөндерімізді жазып тіркелейік. Бізге тақтада сұрақтар беріледі. Дұрыс жауабын өзіміз ұялы телефоннан белгілеу арқылы жауап береміз. Ойны соңында баңдарлама қорытындысын автоматты түрде шығарып береді. Ең жоғарғы балл жинаған 5 қатысушымызға силық беріледі. Олай болса, баршамызға сәттілік!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет