2-жүргізуші: Тыңдаңыздар,
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар!
2-жүргізуші: Босқа қарап тұрмаңыздар!
1-жүргізуші:МИФ-те қазір басталмақшы,
2-жүргізуші: Көңілді тапқырлар алаңы.
1-жүргізуші: Олай болса көңілді тапқырлар алаңына қатысатын оқушылар мен жас мамандардан құралған командаларды ортамызға шақырайық.
2-жүргізуші: 1-топ: «Уақыт жоқ»
1-жүргізуші: 2-топ: «БОМ жастары»
2-жүргізуші: 3-топ: «Голливуд»
1-жүргізуші:Енді, ойынымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық. Физика пәні мұғалімі, мектебіміздің директоры: Аюпова Орынгүл апай.
2-жүргізуші: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Джагуфаров Талғат ағай.
1-жүргізуші: Психолог: Джылымбаева Эльмира апай.
2-жүргізуші: Әділ-қазылар алқасымен танысып болсақ, көңілді тапқырлар алаңының кезеңдерімен таныстырып өтейік. 1-кезең: 3-5 мин. аралығында әр команда өздерін таныстыру қажет.
1-жүргізуші: 2-кезең: «6 жаңалық». Бұл кезеңге 5 мин.уақыт беріледі.
2-жүргізуші: 3-кезең: «Үй тапсырмасы» (Еркін тақырып). Оған берілетін уақыт 7 мин.
1-жүргізуші: Және ең соңғы кезегіміз мақал-мәтел жалғастыру». Берілетін уақыт 4 мин.
2-жүргізуші: Ортаға командалар топ басшыларын қалдырып, қалған қатысушыларды сахна сыртына шығарып салайық.
1-жүргізуші: Ендеше, әр кезең сайын қай команда бастап отыратынын анықтап алайық. Ол үшін топ басшылар әділ-қазылар алқасының алдынан жеребе алайық.
2-жүргізуші: Олай болса қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, 1-кезеңімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Командалар өздерін таныстырып болды. Ендеше, таныстыру кезеңінің ұпайларын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.
2-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «6 жаңалық». Барлық қатысушы командаларды ортаға шақырайық. Бұл кезеңде әр команда 6 жаңалықтан оқиды.
1-жүргізуші: «6 жаңалық» кезеңі туралы сөз әділ қазылар алқасында
2-жүргізуші: 3-кезеңіміз «Үй тапсырмасы». Еркін тақырып. Сіздерге 7 мин уақыт берілдеі. Кезең шарты түсінікті болса, топ сахнада қалып, қалған қатысушыларды сахна сыртына шығарып салайық.