ІV. Науқастың жеке бас тазылығы
Науқасқа төсек-орын дайындау
Мақсаты: төсекте жайлы жағдай жасау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауруханаға түсуі.
Дайындаңыз: функциональдық кереуетті, матрасты, матрас тысын, ақжайманы, жастық тыстарын, екі жастықты, жұмсақ қалың бәйке көрпені қаптама сейсебімен, клеенканы, жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Матрасты матрас тысына салыңыз.
Кереуеттің торына тысқа салынған матрасты салыңыз.
Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін матрас тысының еніне сәйкестеп, клеенканы жылжымайтындай етіп бекітіңіз.
Матрастың үстіне ақжайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, ақжайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.
Жастықтарға тысын кигізіңіз,оларды аздап көпсітіңіз, кереуеттің бас жағына қойыңыз.
Астыңғы жастықты тіке қойыңыз, ал үстіңгісін сәл жоғарырақ, кереуеттің арқа сүйенішіне тіреліп тұратындай қылып қойыңыз.
Көрпеге сейсебін кигізіңіз және оны мұқият түзетіңіз.
Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |