ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар
Асқазанды жуу
Науқасты дайындау және асказанғы фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу
Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу
Құсқан науқасқа алғашқы көмек
ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы
І. Жұқпалық қауіпсіздік
Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз орамалдарды.
Достарыңызбен бөлісу: |