Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор


Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз



бет9/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#139505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:


Голландия – это страна, которая расположена на берегу Северного моря ниже уровня моря. Если бы не возвышенности и пригорки, то можно было бы подумать, что страна расположена под водой. Постоянная борьба со стихией заставила голландцев ценить свою землю, как зеницу ока. Поэтому им очень нравились картины, на которых были изображены их родные земли. Гора, возвышающаяся над морем, песчаные возвышенности, поля, на которых пасутся животные, мельницы, что на берегу реки – все эти «портреты Родины» художники сумели изобразить на своих шедеврах.

Голландские художники рисовали их на маленькие холсты.



8. Орыс тіліне аударыңыз:

Суретші мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

– Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

– Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.



9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
16-тәжірибелік сабақ
Егер рояльда ойнайтын әрбір адам өзін музыкантпын деп ойлайтыны бар, ол бекер; сурет салатын әрбір адам өзін суретшімін деп ойлайтыны бар, ол бекер.

Врубель
Абильхан Кастеев

Абильхан Кастеев — казахский живописец и акварелист, народный художник Казахской ССР, основоположник казахского изобразительного искусства. А.Кастеев родился в 1904 году. С 1929 года по 1931 год Кастеев учился в художественной студии Николая Гавриловича Хлудова. Н. Хлудов тогда жил в Казахстане. Затем с 1934 по 1937 год он продолжил учёбу в Москве, в художественной студии им. Крупской.

Наиболее известные работы А. Кастеева: «Колхозная молочная ферма», «Доение кобылиц», «Уборка хлопка», «Колхозный той», «Насильственный увоз невесты», «Купленная невеста», «Золотое зерно», «Аксайский карьер», «Высокогорный каток Медео», «Турксиб», «Долина Таласа», «Капчагайская степь».А также портреты: Кенесары Касымова, Абая Кунанбаева, Чокана Валиханова, Жамбыл Жабаева. Лучшим его портретом считается — «Портрет Амангельды Иманова».

Многие работы Абильхана Кастеева можно увидеть в Казахской художественной галерее им. Т. Г. Шевченко, в городе Алма-Ата.

А. Кастеев прожил всего 69 лет.
Сөздік

Основоположник – негізін салушы

Продолжил – жалғастырды

Известные – әйгілі

Каток – мұз айдыны

Зерно – дән



Назар аударыңыз!

Сан есім

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдер неше ?, нешеу ?, нешінші ?, қанша ? деген сұрақтарға жауап береді.




Құрамына қарай

Дара

бір

Күрделі

он бір

Тұлғасына қарай

Негізгі

қырық

Туынды

қырқыншы

Мағынасына қарай



Есептік

бір, он, жүз, мың.

Реттік

бірінші, оныншы, жүзінші, мыңыншы

Жинақтық

біреу, екеу, үшеу

Топтық

он - оннан, бес - алтыдан

Болжалдық

он шақты, алпыстай, жүздеген

Бөлшектік

оннан бір, екі бүтін оннан үш (2,3)


Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз.

4. Кестені пайдалана отырып, Ә. Қастеев туралы әңгіме құрастырыңыз:


1904-жылы

Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шөпсін ауылында дүниеге келді

1929 жылдан 1931 жылдары

Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды

1934 – 1937 жылдары


Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды

1944– жылы

Қазақстанның халық суретшісі

1945 – 1956 жылдары

Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы

1929–1936 жылдары

Москвадағы көркемсурет студияларында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды

1930 –1931 жылдары

«Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары

1930 –жылы

«Мектепте» туындысы

1932– жылы

«Түрксіб» туындысы

1937– жылы

Жамбыл портреті

1937-1941

«Ескі және жаңа тұрмыс» туындысы

1945-жылы

«Жас Абай» туындысы

1954-жылы

«Биік таулы мұз айдын» туындысы

1958-жылы

«Гүл ашқан алма» туындысы

1959-жылы

«Менің Отаным» туындысы

1963-жылы

«Жайлаудағы автодүкен» туындысы

1970-жылы

«Амангелді сарбаздары» туындысы

1972-жылы

«Қапшағай ГЭС –І» полотносы

1973-жылы

Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы

2. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.

3. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңдар, мағынасына қарай түрін анықтаңдар.
5. Қазақ тіліне аударыңыз:

Пятиэтажный дом, семь литров, тридцать килограмм, пятый в очереди, двадцатый день, несколько человек, восьмой этаж, третий подъезд.



6. Сан есімдерді пайдалана отырып, сұрақтарға қазақ тілінде ауызша жауап беріңіз:

Сколько учащихся учится на факультете дизайнеров ?

Ты в какой группе учишься ?

Сколько учащихся вашей группе ?

Сколько учащихся сидит в первом ряду ?

Сколько учащихся отсутствует ?



7. Диалогті оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

- Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі кім?

- Әбілхан Қастеев Қазақстанның халық суретшісі, этнограф, әрі зерттеуші, қоғам қайраткері, депутат, пейзажист.

- Ол қай жерде дүниеге келген?

- Ол Жаркент ауданы ,Шөпсін ауылында дүниеге келген.

- Қастеев нешенші жылы туған?

- Ол 1904 жылы дүниеге келген.

- Қастеевтің қандай суреттерін білесің?

- Еңбектері: «Биік мұз айдынында», «Амангелді сарбаздары», «Жас Абай»,«Келін түсіру», «Сатып алынған қалыңдық» т.б.-

- Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін қайдан көруге болады?

- Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады.

- Қастеев есімі қалай сақталған?

- Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.

- Қастеев неше жыл өмір сүрді?

- Қастеев 69 жыл өмір сүрді.

- Қазақстандағы көшбасшы белгілі суретшілерінен кімді білесіңдер?

- Орал Таңсықбаев атты суретшіні білемін.

- Таңсықбаевтың қандай суреттерін білесің?

- «Көшпенділер» атты көркем туындысы 1950 жылы Европа Шығыс елдеріндегі көрмелерде ерекше орынға ие болды.

- Тағы қандай суретшілерді білесің?

- Мария Сергеевна Лизогуб 1938 жылы Қазақстанға келген.

- Оның қандай суреттерін білесің?

- Ол көбінесе қазақ әйелдерін басты кейіпкер ретінде бейнеледі. «Ертегілер» , «Таңсәрі» туындысында екі әйелдің таң шапағын бірге қарсы алып тұрған образы сомдалған.

- Әубәкір Ысмаилов, Айша Ғалымбаевалардың қандай суреттерін білесің?

- Әубәкір Ысмаиловтың «Хан тәңірі»; Айша Ғалымбаеваның «Бір кесе қымыз» - атты суреттерін білемін.

- Тағы қандай суретшілерді білесің?

- Сахи Романов, Әмен Хайдаров, Хәкімжан Наурызбаев, Гүлфайруз Исмаилова атты суретшілерді білемін.

- Қазақстанның кәсіби суретшілерінен кімнің көркем туындылары ұнайды?

- Маған Қанафия Телжановтың «Асауға құрық салу», «Көкпар» атты туындылары өте қатты ұнайды.

8. Берілген есептік сан есімдерді реттік, жинақтық, топтық, болжалдық сан есімдерге айналдырыңыздар:

Үш, жеті, тоғыз, қырық, он үш, он алты, он сегіз, жиырма екі, жиырма бес, отыз.



9. Көп нүктенің орнына "ы" немесе "і" әрпін қойып жазыңыз:

Көбейт...ңдер жас...л алқап орманд... ,

Табиғатқа болар қорғанд... .

Табиғаттан ала бермей байл...ғын,

Табиғаттың ойлаң...здар жайл...ғын.

10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

17-тәжірибелік сабақ
Өнерде жетістіктен гөрі ниеттің мәні зор,

Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл.

Сол қиялшылдығы мен ниеті суретшіні қатардағы

ізбасарлар мен еліктеушілерден оқшау дараландырып тұрады.

Сергей Калмыков
Қазақстанның атақты суретшілері
Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінде ұлттық сипаттағы символикалық дәстүр жаңаша көзқарасқа ие болды. Бейнелеу өнеріндегі символизм мен концептуализм кейбір суретшілер шығармаларында таңба немесе сызықтар арқылы визуальды-көркем түп нұсқаға айналды. Әбдірашид Сыдыхановтың таңбамен салынған суреттері Қазақстанның кескіндемелік өнерін символизм мен концептуализмге бағыттайды. Қазақстанның рулық таңбаларының графикалық символдарының семантикасы мен эстетикасын зерделеген көркем шығармаларында Ә.Сыдыханов өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретші өз еңбектерінде ежелгі түркі белгісі – таңбаны жетік пайдаланды.Ал, суретші Амандос Ақанаевтың көркем туындылары күрделі композициялық, трагедиялық психологизмге толы. Суретші А.Ақанаевтың ішкі жан дүниесінен туындаған еңбектері бейбітшілік аңсаған халықтың арманымен ұштасып жатты. «Бұл тынымсыз әлем» атты шығармасында жауыздық, қайғы-қасірет кеңінен суреттелген. А.Ақанаевтың «Мәңгі өлмеу туралы поэма» шығармасында О.Сүлейменовтың портреті сомдалған.

Суретшілер еркін ойлау, түйсіну, сезіну арқылы өзіндік көркем туындыларын жасауда. Атап айтсақ, Қ.Хайрулиннің «Жел ызыңы», А.Бапишевтің «Төрт пайғамбар», А.Қазығұловтың «Дала мадоннасы» сияқты көркем туындылары суретшілердің тақырыпты түйсінуі, сезінуі арқылы суреттелген.

Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниеге келді.Қазақстанның суретшілерінің қол жеткізген табыстары бүкіл әлемдік мәдени кеңістіктен көрінуде. Жаңа ғасыр суретшілері бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.
Назар аударыңыз!

Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер – бастауыш, баяндауыш. Тұрлаусыз мүшелер- толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш


Бастауыш

Кім? кімдер? не? нелер?

Баяндауыш

Не істейді? не қылады? не етті? қайтті?

Толықтауыш

Септіктердің сұрақтары. (Атау, ілік септіктерден басқа)

Пысықтауыш

Қайда? қашан? қалай? қанша?

Анықтауыш

Қандай? қанша? неше? нешенші? қаншасыншы? кімнің? ненің?

Тапсырмалар
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар құрастырыңыз.

2. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып , тұлғасына қарай (негізгі, туынды) ажыратыңыз.

4. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп, сөйлем құрастырыңыз:

биік, ақ, табиғи, жасанды, ұлғаймалы, материалдық, жақсы, белсенді, күшті, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.



5. Берілген зат есімдерден сын есімдер жасаңыз:

бейне, шығарма, ақыл, өнер, көңіл, , материал, қолдан,технология, , табиғат, кешен.



6. Диалогті оқып, орыс тіліне аударыңыз:

– Суретші не істейді?

– Суретші бейнелейді,орналастырады, суретке жан бітіреді, өз ойын ақ қағазға түсіреді.

– Суретші қандай жанрда сурет салады?

Суретші тарихи, батальдық, тұрмыстық, анимастикалық, портреттік және пейзаж жанрнда сурет салады.

– Бейнелеу өнерінің қандай түрлерін білесің?

– Бейнелеу өнерінің түрлері – мүсін өнері, кескіндеме өнері, графика өнері, дизайн өнері, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнері .

7. Берілген сөйлемдерде бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңыз, сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету, адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.



8. Берілген баяндауыштармен сөйлем құраңдар:

суреттелген, сомдалған, шығарылды,бейнеленді.



9. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауларды қойыңыз.

Пейзаж – табиғат... қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебер... ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш уақыт... өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесін... қалып отырады. Тек суретші оны уақыты... қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасыр... әр суретші оны өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыт... қоғамдық құрылысына байланысты бейнелеген.



10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
18тәжірибелік сабақ
Суретшілер жер қойнауында жатып та,

кейінгі ұрпақпен тілдесе алады

Винсент Ван Гог.

Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері негізіне кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарда безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді. Кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.

Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ .


Тапсырмалар
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар құрастырыңыз.

2. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

3. Диалогті оқып, орыс тіліне аударыңыз:

– Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің?

- Портрет, натюрморт, пейзаж, анималистік тұрмыстық және тарихи жанрларды білемін.

- Қастеевтің табиғат туралы қандай суреттерін білесің?

- Ә.Қастеевтің «Шәлкөде жайлауы» - атты суретін білемін.

- Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата?

- Құс қанаты, қошқар мүйіз, қызғалдақ, тұмарша, тарақ, ботамойын, ботакөз ою- өрнектерін білемін .

- Бейнелеу өнерінің түрлерін ажырата білесің бе?

- Графика өнері ,сәндік-қолданбалы өнері , живопись өнері, сәулет өнері (архитектура), мүсін өнері (скульптура).

- Живопись өнері қандай түрге бөлінеді?

- Живопись өнері - станокты,монументальды болып бөлінеді.

- Мүсін өнері қандай түрге бөлінеді?

- Мүсін өнері- көлемді, рельефті болып бөлінеді.

- Сәндік өнері қандай түрге бөлінеді?

- Сәндік өнері – қолданбалы өнер, сәулет өнері болып бөлінеді.

- Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің

- Бейнелеу өнерінің жанрлары – портрет, пейзаж, натюрморт, марина, мифологиялық, анималистік,тұрмыстық және тарихи.

4. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Суретші... негізгі және басты міндеті – бояу... , қалам ізін, мәрмәр мен қолан... жанды бейне... айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретші... жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдар... туындайды, бояуға да, не мәрмәр... да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сыр... сыртқы ортақ тіл.... «аударумен» айналысады.



5. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыз:

Пейзаж – табиғатқа қарап... , айнытпай сурет салу емес, оның мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін.... . Табиғат еш уақытта ... . Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде ... . Тек суретші оны уақытына қарай ... мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны өзінше ... , өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық құрылысына байланысты ... .

Керекті сөздер:(қалып отырады ,беру, өзгерген емес,бейнелеуі,түсініп,отырып,бейнелеген)

6. Берілген сөйлемдерде тұрлаусыз және тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз,сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Бейнелеу өнеріне- живопись, графика, скульптура сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстық, батальдық , пейзаж және натюрморт секілді түрлі жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын шынайы түрде бейнелейді.



7. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Современные художники иногда работают заостренной под «лопаточку» спичкой, для удобства вставленной в цанговый карандаш. Такой прием дает очень живой, бархатистый штрих. В зависимости от того, под каким углом проходит линия, ее выразительность меняется от тяжеловесной, толстой до скальпельно-тонкой, детальной. Техника исполнения тушью довольно активна по изобразительному языку: тщательная и точная проработка пером, заливка с помощью кисти тонкими тональными градациями, их контраст с белой (или слегка тонированной) бумагой — все это дает художнику большие творческие возможности.



8. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқуға, сырмақ сыруға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» , «Гүл ашқан алма» , «Менің Отаным» , «Қапшағай ГЭС –І» сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Оқушылардың білімін тексерудегі қолданылатын тест жұмыстары
1 Қай сөз атау септікте тұр?

А) мүсін


В) суретшімен

С) кескінге

Д) қатырманың

Е) мұқабаға



2 Қандай сұраулық шылау жазылуы тиісті?

Қолданбалы графикаға жата…?

А) пе


В) ме

С) ма


Д) ба

Е) бе


3 Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.

Суреттер кітап ... деп аталады.

А) графикасы

В) мақсат

С) қағаз


Д) еңбек

Е) сауытты



4 Графика дегеніміз қай сөзден шыққан?

А) әр алуан

В) түрлі-түсті

С) сатып аламыз

Д) суретке саламын

Е) тең ортасынан



5 Жатыс септікте тұрған сөзді көрсет.

А) оттың


В) өнері

С) туындыға

Д) ұғым

Е) көрмеде



6 Келер шақта тұрған етістікті көрсет.

А) қолдану

В) бардың

С) сұрады

Д) ықпал ету

Е) анықтайсың



7 Мүсінші шығармасын неден жасайды?

А) судан ,құмнан , тұздан

В) тастан,мәрмардан, саздан

С) сөз, буын, сөйлем

Д) акварель, тушь ,гуашь

Е) бояу, гуашь, тушь



8 Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет

А) суретшіге

В) суретпен

С) суретшісің

Д) суретім

Е) сурет


9 Бірінші жақта тұрған сөзді көрсет.

А) зерттеушімін

В) зерттеушілер

С) зерттеу

Д) зерттеуге

Е) зерттеушісің



10 Сан есімді көрсет.

А) елу


В) шешем

С) жаста


Д) әкем

Е) ағаш


11 «Отбасы » сөзі қай сөйлемде дұрыс жазылған.

А) Отанды сүю отбасынан басталады.

В) Отбасындағы адамдар отты өшірмейді

С) Адамдар уақытын отбасында, ошақ қасында өткізеді.

Д) Оттың жылуы кісілерді отбасына жинады.

Е) Отты өшірмеу отбасындағылардың міндеті болды.



12 Қай сөзде шығыс септігінің жалғауы бар?

А) қыл қалам

В) қаламұштан

С) сезім


Д) күйеге

Е) желіммен



13 Қарындашты кім ойлап тапты?

А) Д.Дидро

В) Н.Конте

С) И.Репин

Д) Ә.Ысмайлов

Е) Ә.Қастеев



14 Дұрыс аударылған сөйлемді көрсет.

Натюрморт - изображение мертвой природы.

А) Натюрморт - француз сөзі.

В) Натюрмортқа тұрмыстағы заттар жатады.

С) Натюрмортқа гүлдің, балықтың бейнелері жатады..

Д) Натюрморт - өлі табиғат бейнесі.

Е) Біз натюрморт жасадық.

15 «Табиғат » сөзінің аудармасын табыңыз.

А) понятие

В) природа

С) в быту

Д) картина

Е) система



16 Қай сөз қатары салыстырмалы шырайда тұр?

А) төмен, жоғары, жас..

В) биіктеу, жаңалау, ескірек.

С) үймен, бөлшекке,қатерлі..

Д) қауіпсіз,көшелер,талғамды, .

Е) қалалық,сапалы, негізгі.



17 Жұмбақтың шешуін тап.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі.

А) өрік.


В) гүл.

С) бесеу


Д) көктем

Е) қауын.



18 Табыс септігінде тұрған сөзді көрсет.

А) аңыздар

В) ауылға

С) ғарышқа

Д) көздері

Е) шеберді



19 «Қоршаған орта» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) прикладное

В) наблюдение

С) окружающие предметы


Д) разнообразие

Е) окружаещая среда


20 “мұқаба” сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) открытка

В) обложка

С) свет


Д) картон

Е) скульптура



21 “бронза” сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) шойын


В) қола

С) саз


Д) мрамор

Е) краска



22 “Қолданбалы” сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) тепло

В) свет

С) запасной


Д) природы

Е) прикладное



23 “открытка” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) ұғым.


В) тұрмыс

С) қатырма


Д) ашық хат
Е) туынды

24 “өнер” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) искусство

В) цвет
С) тон.
Д) система
Е) природа

25 “прозрачный” сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) мөлдір

В) свойство

С) система

Д) запасы

Е) работа



26 Қай сөз көмектес септікте тұр?

А) жүйені

В) аудандық

С) шекараның

Д) бояумен

Е) халықтан



27 Қай сөз жіктік жалғауында тұр?

А) мүсіншімен

В) мүсіншім

С) мүсіншіден

Д) мүсіншісің

Е) мүсіншіге



28 Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Бояу... іздеп тап.

А) үлес


В) зерттеген

С) қосты


Д) үйлесімділігін

Е) асып түсу



29 Ол неше жаста?

А) он бесте

В) сізде бар

С) ағамның хаты

Д) өлеңде

Е) он сегіздемін



30 Ілік септікте тұрған сөзді көрсет.

А) тұрмыстың

В)бояуда

С) сәулесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет