Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор



бет8/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#139505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Композиция


Композиция – латынның "compositio" ойлап шығару, "құрастыру" деген сөзінен шыққан ұғым.

Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Үйлесімділік құрылымы күшті көркем шығарма адамға айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз шығарманың мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Компзициялық шешімде симметрия және ассимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік қатнастары өте маңызды.

Яғни форматқа сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударылуы қажет басты бөлшектердің ерекшеліктерін көру қажет. Суретші өз шығармасында айтпақ ойы анық әрі әсерлі болу үшін онда бейнеленетін адамдар мен оларды қоршаған нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі. Әдетте шығармада оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкерлер орналасатын белгілі бір орталық болады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Композицияның одан да басқа шешімдері бола береді


Сөздік
Айрықша – особенно

Тығыз байланыста – тесно связана

Үйлесімділік – соответствие

Жүйе – система

Решения – шешімдер

Шығарма - произведение

Әсерлі – значимое

Қоршаған нәрселер – окружающие предметы

Ретпен – по порядку

Ұғым – понятие

Басты кейіпкерлер – главные герои

Орналастыру – поместить



Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Суретті салу неден басталады?

  2. Композициялық құрылым элементтері неге байланысты?

  3. Композиция дегеніміз не?

  4. Композиция деген сөз қайдан шыққан ұғым?

  5. Шеберлер шығармаларында кімді қақ ортаға орналастырған?

  6. Композиция дегеніміз қай елдің сөзі?


Назар аударыңыз!

Осы шақ
Іс - қимылдың сөз болып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістіктің шағын осы шақ дейді.

Мағынасына қарай осы шақ екі түрлі болады: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ.

Нақ осы шақтың өзі екі түрге жіктеледі: жалаң нақ осы шақ және күрделі нақ осы шақ.

Жалаң нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінен тұрады да, олар жекеше, көпше жіктеледі. Мысалы: Отырмын, тұрсың.

Күрделі нақ осы шақ негізгі етістіктерге отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ойланып отыр, оқып отыр,сөйлеп тұр.
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

3. Мәтін мазмұнын қазақша баяндаңыз.

4. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, нақ осы шақ формасын жасаңыз:

салынып жатыр, қалап тұр етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеңіз



5. Сөйлемдердегі етістіктерді нақ осы шақ формасына қойыңыз:

Біздің қалада қоршаған ортаны қорғау бойынша жобада ескерілген шараларды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді.Шеберлер өздерінің шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Әрленетін беттерге бояу құрамы қолмен және механикаланған тәсілмен қондырылады. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Суретті салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалаймыз.



6. Қазақ тіліне аударыңыз:

Любой, даже самый мастерски исполненный рисунок можно испортить неправильной композицией. Композиция — это не только умение грамотно расположить объекты в плоскости рисунка, объединить их в единое целое, но и умение заинтересовать зрителя, привлечь его взгляд к своей работе. Чаще всего художник находит правильную композицию по наитию, это надо чувствовать, но это не значит, что этому нельзя научиться.



7.Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Далаға жайып көк жібек,

Өзен боп өзі мөлдіреп,

Гүл болып қызыл желбіреп,

Көктем сұлу келеді

Құшағын жайып елжіреп.



8. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауларды қойыңыз.

Композиция жасағанда, зат... өзіне қарап көп жұмыс істеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Көре білу, көргенді есте сақтау қабілеттер... шындай отырып, қоршаған орта... сұлу келбетін, әсерлі сәттер... бейнелей білу үлкен талант. Әдетте, шығарма... оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкер... орналасатын белгілі бір орталық болады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлер... өз шығармаларында бас кейіпкерлер... әдетте қақ ортаға орналастырған. Композиция... одан да басқа шешімдер... бола береді.



9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
14-тәжірибелік сабақ
Өнер мәңгі бақи өмір сүреді. Ол біздің түкке тұрмайтын толғаныстарымыздың үстінен сан мың жылдар бойы жұлдыздар шоғыры болып жарқырайды…

Сергей Калмыков.
Перспектива
Перспектива - бір шаршы кенепте қағаздың бетінде кеңістікті қалай бейнелеу туралы ілім. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуге мүмкіндік береді.

Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті. Біріншісі, зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол солғұрлым кішкентай боп көрінеді. Екіншісі, параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.

Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі - Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески. Оны зерттеумен Паоло Учелло, Пьероделла Франческа, Леон - Баттиста Альбертилер және сол дәуірдегі басқа да итальян суретшілері шұғылданған.
Сөздік
Кеңістік – пространство

Көкжиек – горизонт

Тоғысу – сойтись в одном месте

Неғұрлым – поскольку, насколько

Солғұрлым – настолько

Кенептер – холсты


Назар аударыңыз!

Келер шақ
Іс-қимылдың сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіретін етістіктің шағын келер шақ дейді.

Келер шақ мағынасына және тұлғасына байланысты 3 түрлі болады:




Түрлері

Жасалу жолдары

Мысалдар

Болжалды келер шақ

етістік + - ар / -ер / - р

келер

Мақсатты келер шақ

етістік + -мақ , -мек / - пақ, -пек / -бақ, - бек

келмек

Ауыспалы келер шақ

- а, - е, - й

келеді


Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.

3. Мәтіннен етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

4. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ формасын жасаңыз:

пайдалану, кесу, әзірлеу, бекіту, қолдану, қорғау.



5. Мына етістіктерді мақсатты, болжалды, ауыспалы осы шақта жіктеңіз:

орындау, салыстыру, бейнелеу,дайындау.



6. Cөйлемдерді қазақ тіліне аударып, етістіктерден мақсатты келер шақ формасын жасаңыз: .

Перспектива — наука об изображении предметов в пространстве на плоскости или какой-либо поверхности в соответствии с теми кажущимися сокращениями их размеров, изменениями очертаний формы и светотеневых отношений, которые наблюдаются в натуре.Способ изображения объемных тел, передающий их собственную пространственную структуру и расположение в пространстве. В изобразительном искусстве возможно различное применение перспективы, которая используется как одно из художественных средств, усиливающих выразительность образов.



7. Қазақ тіліне аударып, етістіктерден болжалды келер шақ формасын жасаңыз.

Основные виды изобразительного искусства: живопись, графика, скульптура, архитектура,искусство предметного мира. Абильхан Кастеев— казахский живописец и акварелист, народный художник Казахской ССР, основоположник казахского изобразительного искусства. Ребята, в ходе рисования вы особенно уделите внимание перспективе, удачно расположите композиционный центр картины



8. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Құлагер, шешең – сұңқар, әкең – тұлпар

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің,

Бота тіресек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай.


15-тәжірибелік сабақ
Өнерде жетістіктен гөрі ниеттің мәні зор. Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл. Сол қиялшылдығы мен ниеті суретшіні қатардағы ізбасарлар мен еліктеушілерден оқшау дараландырып тұрады

Сергей Калмыков
Ағымсалы Дүзелханов

Қазіргі кезде бейнелеу өнері кескіндеме мен мүсін өнерінің бейнелі стильдік бағытымен дами бастады. Әсіресе реалистік бағытта тарихи тұлғалардың образын жасауда еңбек сіңірген суретші Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы туылған.Оның Қазақстанның көркем тарихын қалыптастыру жолында сомдаған туындылары өте көп.Осы «Оғыз хан», «Томирис», «Сақтар», «Абылай хан», «Әбілқайыр», «Төле», «Қазыбек», «Әйтеке» билер сияқты шығармалары ұлттық мұралық қорымызды байытуға зор үлес қосқан. А.Дүзелханов шығармашылығы егеменді еліміздің өнерін өрбітуде өзіндік сипат алуда. Ол – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – «теңгені» көркемдеген авторлардың көшбасшысы.

Бұл еңбектері этнодизайнның қалыптасуына елеулі үлес қосып, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. Өзінің қазақ ертегілері мен төл оқулықтарды безендірудегі жетістіктерімен әрбір оқушы таныс екенін біледі. Оның қылқаламынан туған ұлттық мазмұндағы көркем туындылар ешкімнің жүрегінен кетпейді. Әсіресе портрет жазудың хас шебері А.Дүзелханов хандар мен билер образын басты кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, олардың келбеттік пішінін шынайы шеберлігімен сомдады. Ол- елінің мақтанышына айналған. А.Дүзелханов бейнелеу өнерінің беделін көтеріп, Америкада 150 елдің барлық қылқалам шеберлері қатысқан іріктеуде «Дүние жүзі суретшісі» деген мәртебелі атаққа ие болған 33 суретшінің бірі. А.Дүзелхановтың суреттері ешқашан өз құнын жоғалтпайды.

Сөздік
Кескін – очертание, физианомия

Бағыт – направление

Сомдау – изобразил

Көшбасшы – руководитель

Қалыптасу – становление

Безендіру – украшать

Кейіпкер – персонаж
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Қазіргі бейнелеу өнері қандай бағытпен дами бастады?

  2. Ағымсалы Дүзелханов нешенші жылы туылған?

  3. Ол қандай образ жасауда еңбек сіңірген суретші?

  4. Қазақстанның көркем тарихын қалыптастыру жолында сомдаған туындыларын ата.


Назар аударыңыз!

Есімдік
Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады.


Құрамына қарай

Дара

мен, бұл

Күрделі

ешкім, ешқашан

Мағынасына қарай



Жіктеу


мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу


бұл, осы, мына, мынау, сол, ана, анау

Сұрау

кім ?, не ?, неше ?, қанша ?

қай ?, қандай ?, қайда ?, қайдан ?, нешінші ?



Өздік

өз, өзім, өзімнің, өзі, өзінде, өздері, өздеріміз

Белгісіздік


біреу, кейбіреу, кейбір, бірдеңе, әлдекім

Болымсыздық


ешкім, ешбір, ештеңе, дәнеме, ешқашан, ешқандай, ешқайда

Жалпылау

барлық, бәрі, бүкіл, барша, күллі

Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіз.

3. Қазақ тіліне аударыңыз:

Все дизайнеры, ты рабочий, те дома, несколько бригад, этот подъезд, как выполено работа ?, некоторые ушли, чего то не хватает, все специалисты, этот рисунок, вы инженер - строитель, никто не пришел,никогда не исчезнет, сколько заплатил за краски?



4. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, құрамы мен мағынасына қарай талдаңыз.

5. Есімдіктерді септеңіз:

ешкім, барлық



6. Есімдіктерді теріп жазып, құрамы мен мағынасына қарай талдаңыз:

Голланд суретшілері өздерінің пейзаждарын шағын кенеп шаршыларға салатынды. Сондықтан, кейін жұрт оларды "кішкене голландықтар" деп атап кетті. Барша пейзаж өнері әр алуан болып келеді. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың барлығында да суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет