Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор



бет7/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#139505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

12-тәжірибелік сабақ



Кескіндеме прогресі жетілмеген

тәжірибелерден бастай отырып,

портретке жетумен аяқталады.

Георг Вильгельм
Портрет
Суретші портрет салуға кіріспес бұрын, портреті салынатын адамды зерттейді, мінезін, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады. Бірнеше суреттемелер сала отырып, оларды, ұзақ ізденісті натурамен байланыстыра көптеген сеансты жұмыстар жүргізуге тура келеді. Бір қарағанда жеңіл көрінетін адамдар портретінде, суретшінің орасан зор еңбегі мен ізденістері жатқанын ұмытпаған жөн.

Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келді. Адамдардың бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған - ды. Ол мысыр перғауындарының алапат тас мүсіндері еді. Оларды мыңдаған адам бірнеше жыл бойы тастан қашап жасаған - ды. Оларды айбынды әміршілерді мадақтау үшін ғана тұрғызбаған. Мысырлықтар кісі өлгенде оның жаны кеудесінен ұшып шығып, жазмыштың сотына кетеді деп ойлаған. Содан иесіне қайтып оралып, оның көкірегінен мәңгілік орын тебеді деп сенген. Сонда өлген кісінің жаны "ка" құр қаңқадан гөрі гранит тас мүсіннің көкірегінде қауіпсізірек өмір сүретін болады деп түсінген. Сондықтан да жазмыш сотынан қайтқан "ка" өз иесін адаспай тапсын деп, тас мүсінді өлген кісіге мейлінше дәл ұқсатып жасаған.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.


  1. Иық бөлігіне дейінгі портрет;

  2. Бел бөлігіне дейінгі портрет;

  3. Толық фигуралы портрет.

Осыған қосымша, қимыл-қозғалысқа арналған портрет болады..

  1. Салтанатты портрет;

  2. Мінез-құлыққа арналған портрет;

  3. Әзіл-сықаққа арналған портрет;

  4. Топтасқан портрет.


Сөздік
Кескін – очертание

Айбынды – величавый

Әміршілер – повелитель

Көкірек – грудь, душа,сознание

Қауіпсіз – безопасный
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Портрет өнері қашан дүниеге келді?

  2. Адамдардың бірінші кескіндемелері қалай пайда болды?

  3. Перғауындардың тас мүсіндері туралы не білесің?

  4. Композициялық орналасуына байланысты портреттердің түрлерін ата.

  5. Мысыр перғауындары туралы не білесің?

Назар аударыңыз!

Етістіктің шақтары
Іс - әрекеттің , қимылдың мезгілге, уақытқа, байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.

Етістікте 3 шақ болады: өткен шақ, келер шақ, осы шақ.

Іс - әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын білдіретін етістіктің шағын өткен шақ дейді.

Өткен шақтың 4 түрі болады:




Түрлері

Жасалу жолдары

Мысалдар

Жедел өткен шақ

етістік + -ды /- ді, -ты /-ті

кетті

Ежелгі өткен шақ

етістік + -ып / -іп, -п

кетіпті

Бұрынғы өткен шақ

етістік + -қан / -кен, -ған /- ген

кеткен

Ауыспалы өткен шақ

етістік + -атын /-етін / -йтін

кететін



Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Мына етістіктерден бұрынғы өткен шақ формасын жасаңыз:

қондыру, жүзеге асыру, болу, бөліну, тұру, қолдану.



4. Берілген етістіктерді жедел, ежелгі, бұрынғы, ауыспалы өткен шақта жіктеңіз:

пайдалану, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, сақтау



5. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойып, орыс тіліне аударыңыз:

Портрет – адам бейнесін ... көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын .... табиғатты, жан-дүниесін,адам бейнесін ... қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел ... .Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге ... . Белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын ... ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен ... .Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б. Портеттің тағы бір түрі ... ,ол- автопортрет, яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.

Керекті сөздер: бейнелеуі, көзге түскен, бейнелейтін, келген, қоршаған, болады, бейнелеу, салуға, бола алады.

6. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Портреттер өзі... сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адам... сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдар... күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портрет... деп аталады.



7. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Түкті қабақ жауып тұрған көзіне,

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап- қара,

Ұшқын шашып от ойнап тұр көзінде.

8. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Работа акварельными красками на природе, с натуры, требует быстроты и отработанной техники. Вместе с тем, под рукой должен быть сосуд с чистой водой и губка, которая, как правило, участвует в процессе наравне с кистями. Качество акварельной бумаги является очень важным для работы, но самая дорогая и лучшая бумага не всегда доступна начинающим художникам, и потому вполне можно приспособиться к уже имеющейся — настолько, что даже на самой хорошей, но непривычной бумаге результат может оказаться слабее.



9. Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.

Если видишь, что с картины

Смотрит кто-нибудь на нас,

Или принц в плаще старинном,

Или в робе верхолаз,

Летчик, или балерина,

Или Колька твой сосед,

Объзательно картина

Называется ... .

10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
13-тәжірибелік сабақ
«Қиял ханымының» қазіргі заманға қатысы жоқ

деуге ешкімнің батылы бара қоймас.

Врубель.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет