Ж. Тайжанова Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының диагностикасы және емі


Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының қазіргі кездегі емі



бет2/3
Дата15.07.2016
өлшемі311 Kb.
#200485
1   2   3

4. Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының қазіргі кездегі емі
Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ӨСОА) қолайсыз факторлар (темекі шегу, кәсіби зияндылар, поллютанттар және т.б.) тыныс жолдарынының қабынуымен байланысты үдемелі, қайтымды бронхтардың обструкциясымен сипатталатын ауру.

ӨСОА кезінде морфологиялық өзгерістер орталық және шеткері бронхтардың, өкпе паренхимасы мен қан тамырларда байқалады. Осыған байланысты науқаста негізінен бронхтардың зақымдалуын көрсететін үйреншікті «созылмалы обструктивті бронхит» орнына «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» термині қолданылады.

ӨСОА-мен аурушандық пен өлім дүние жүзі бойынша өсуде, ол бірінші кезекте темекі шегудің кең таралуымен байланыстырылады. Бұл аурумен 4-6% ер адамдар, 1-3% 40 жастан асқан әйелдер ауырады. Еуропалық елдерде 200-300 мың адам өліміне себепші болған.

Осыған байланысты дәлелденген медицина принципі негізінде бұл аурудың зерттеу әдісімен емі және алдын алу шаралары туралы ӘДҰ-ның белсенділік танытуымен халықаралық келісім құжаты шықты. Клиникалық симптомдардың көрінісін төмендету, науқастың өмір сүру сапасын жоғарлату, асқынулармен, өршуін алдын-алу және өлім көрсеткішін төмендету ӨСОА-ң емдеуі ең басты мақсаты болып саналады.

ӨСОА емдеу негізінде сыртқы ортаның зиянды факторларын жою, (шылым шегуден тыс тарту) дәрмектің ем және дәрменсіз емді (оксигенотерапия (реабилитация т.б.) науқастарға үйрету.

Әр түрлі комбинациялық әдісті өршу және ремиссия фаза кезінде қолданады. Шылым шегуден бас тарту бұл бронх обструкциясының өрістеуін баяулатады. Сол себепті темекіге тәуелділікті емдеу ӨСОА бұл науқастарды темекіге тәуелділікті емдеу керек.

Темекіге тәуелділікті емдеудің 3 бағдарламасы бар: қысқа (1-3 ай) ұзақ (6-12 ай) жиі темекі шегу қарқындылығын төмендету.

Дәрілік емді қолданамыз егер дәрігер мен науқас арасындағы сұхбаттасу нәтижесіз болса.

Емдеу іс шараларды ұйымдастыру жолдары:

1. сыртқы ортаның факторын жойып темекі шегуді шектеу

2. науқастарды үйрету

3. бронходилатирлеуші терапия

4. мукореттеулі терапия

5. инфекцияға қарсы ем

6. тыныс жетіспеушілігінің коррекциялық

7. реабилитациялық терапия

Темекі шегуді шектеу науқас темекі шегу бұл оның тыныс жүйесіне кері әсерін тигізеді дегенге көзі жету керек.

Оқыту-бұл өте жауапты жұмыс. Науқас өзінің емдік процесіне белсенді түрде керек. Оқу бағдарламасында дәрілік заттармен (ингалятор, спейсер, небулайзер) қолдануды үйрету басты мақсат болып саналады. Науқас өзіндік бақылау жұмысын және пикфлометрді қолдануды үйрету.

Дәрілік терапия.

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ингаляциялық бронхолитик-ердің эффектісінің жеткіліксіздігіне сай. «Екіншілік қатардағы» препараттар ретінде қолданады. Бұл топтағы препаратты қолданған кезде әсіресе теофилинді оның қан сары суындағы концентрациясын бақылап отыру қажет. Бұл препарат тек қана тамыр ішілік қолдану қажет, бұлай енгізу препараттың қарсы көрсеткіштерін азайтады. Яғни препаратты бұлшықетке және ингаляция түрінде қолдануға болмайды. Теофиллинді ұзақ уақыт қолданатын науқасқа, эуфиллинді қолдануға болмайды оның дозасының қауіптілігіне байланысты. Жүйкелік глюкокорикоидтардың әсері ӨСОА-ң өршуі кезінде тиімді. Глюкокортикоидты препараттарды бронхолитиктермен бірге қолданады. ЖФТм1<50% деңгейде. Преднизолонның 30-40 мг реч оs (ауыз арқылы) немесе тамыр ішіне 10-14 күн ішінде қолданады. Препаратты ұзақ қолдану оның әсерінің жоғарылауына әкелмейді, қайта қарсылық көрсеткішін жоғарлатады. Соңғы жылдары глюкокортикоидтарды ингаляция түріне (будесонид) небулайзерлер арқылы енгізу, ӨСОА-ң асқынуы кезінде жүйелік стеройдтар қолданады. Антибактериалды терапияның қолдану көрсеткіші инфекцияның белгілері болғанда қолданылады (яғни қақырық көлемі көбейгенде, қақырықтың түріне дене α-ң жоғарылауына және т.б).

Негізгі аурудың патогензіне, аурудың сатысына және өршуіне байлнысты болуы керек. СӨОА-ң емінің базисті терапия ретінде бронходилатарлардың алатын орны ерекше. Бронходилататорлық зарттарға және СӨОА-ң емдеу үшін, холинолитиктер, В2 агонист, метилксантинді қолданылады. 1995 ж. россиялық стандартты 1-ші қатар болып, М-холинолитиктер болып саналады. Солардың ішіндегі ингаляциялық түрде қолданатын ипратропия бромид саналады. Ингаляциялық холинолитиктер жүйелік жанама әсер бере қойылмайды. Өйткені олар бронхтың шырышты қабатына төмен.

М-холинолитиктерді егзе жастағы адамдарға және жүрек циркуляторлық бұзылысы бар науқастарғада тағайындалады. Селективті В2 агонисті, М- холинолитиктермен комбинациялауға болады. Егерде соңғысының эффектісінің жетіспеушілігі болса, қысқа әсер ететін В2 агонисі бірнеше минут өткеннен кейін әсер етп, ең 15-30 мин 4-5 сағ ұзарады. Комбинациялық заттар ипратропия бромид-фенотерол, комбивент + ипратропия бромид + сальбутомол. ӨСОА-ң ІІ-ІІІ дәрежесінде небулайзерді қолданғанда 40% тыныс жолдарына енуін жақсартады. Кортикостероидтар: кортикостероидты қолдану бронхиальды обструкцияның барлығын тежей бермейді. 10-30% науқаста ғана жағдайының жақсаруы қаралды.

1 жұма бойы 0,4-0,6 мг/кг бастап, арнайы дозаны беріп байқап көреміз, егерде челендж тестін 10% ДшФК-кен болмаса 200 мл жоғарылауы бұл кортикостероидтарды ұзақ мерзім көбінесе кортикостероидтарды мөлшерлі аэрозоль ретінде қолданады немесе ауыз арқылы және инфузия ары болады. Жүйелік қолданудан кейін жүйелік жанама әсерлері жоғарылайды. Ингаляциялық жолмен қолданғанда тыныс жолдарының суперинфекциясына әкелеуі мүмкін. Бірақта емдік әсері ақырын болады.

3 кесте.

ӨСОА-ң ауырлық дәрежесі



Ауырлық

дәрежесі


Негізгі клиникалық белгілері

Функциональды көрсеткіштер

Жеңіл

Тұрақсыз жөтел, осы физикалық күш түсіргендегі ентігу аускультацияның белгілері жоқ

ДшФК 70-80% көлемдік көрсеткіштер қалыпты

Орташа

Тұрақты жөтел көбінесе таңертеңгі уақытта, қақырық, ентігу, сәл физикалық күш түскенде жайылған сырылдар дистанционды сырылдар

ДшФК 69-90% көлемдік көрсеткіштің жоғарылауы физикалық күштен кейін гипоксия ЭКГ-да оң жақ жүрекше күш түскен

Ауыр

Тұрақты жөтел тыныштықтағы ентігу цианоз, қосымша бұлшықеттердің қосылуы, оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі

ДшФК-50% кем гипоксия және гипертония ЭКГ-да өкпелік жүрек, эритроцитоз

Кесте 4.

ӨСОА-ң базисті терапия




ӨСОА-ң ауырлық дәрежесі

Базисті терапияның препараттары

Жеңіл

М- холинолитиктер

Орташа

М- холинолитиктер, В2 агонисті, метилксантины (көрсеткіш бойы )

Ауыр

М- холинолитиктер, В2 агонисті метилксантин спейсер немесе небулайзер арқылы ингаляциялық препаратты жіберу




Кесте 5.

ӨСОА-ң емдеуі (қолданбалы терапия )




Ауырлық дәрежесі

Бронходилаттар

Инфекцияға қарсы заттар

Муколитики

Кортико-стероиды

Оксигено-терапия

Жеңіл

М- холинолитик

Қажет емес

Мукостаз болса

Қажет емес

Қажет емес

орташа

М- холинолитик

В2 – агонисті, метиликсантиндер



1 жылда 2 рет, вакцина

Сол сияқты

Көрсет-кіш бой-ынша

Сол сияқты

Жеңіл

М-холинолитиктер

В2-агонист, метилксантин



Қажет емес

ІІ-ІІ

Сол сияқты

Оксигено-терапия

4.1 әсер ету механизмі
Бронхолитиктер бронхтардың жазық бұлшықет тонусына әсер етіп, бронх өткізгіштігін жақсартады. В2 агонисті В2 –адренорецепторды тітіркендіріп, тыныс жолындағы және бронхты ағаштың жазық бұлшық етін босыңсытады. Қысқа әсер ететін В2- адреномиметиктерге қарағанда формотерол және сальметерол өзінің липофильдігіне байланысты әсер ету ұзақтығы (12 сағ дейін) жоғары. Сальметерол (5-30 мин) баяу әсер етсе, формотерол (2-3 мин).

Холинолитиктер, өз бетінше мускарин (М) типті холинорецепторларды тежейді, vagus тонусын төмендетіп және холинергиялық рефлекторлы бронхоконстрикцияны ингиберлейді. Тыныс алу жолында бізге мәлім 3 түрлі М-холинорецепторлар бар. М1-рецептор парасимптаикалық ганглияда орналасқан. М2-рецепторлар –мембрана алды синапстарда орналасқан және ол парасимпатикалық нерв жүйесінің негізгі медиатор ацетилхолиннің шығу активациясын тежейді. М3 –рецептор- синапстан кейінгі аяқ тамырларында орналасады. Бұның стимуляциясы, бронхтардың жазық бұлшықеттерін жиырылдырады, трахеобронхиялық бездердің секрециясын және вазодилатациясын туғызады. Әсер ету ұзақтығы М –холинорецепторларды тежеу мүмкіндігіне байланысты. 3 типті холинорецепторлардың антогонисі ретінде ипратропиум бромид (атровент) болып саналады. Әсер ету ұзақтығы 6-8 сағ. Тиатропия бромид (ТБ) көбінесе М3 және М1 холинорецепторларды тежейді. М2 рецепторларымен байланыс уақыты (t1/2 =3,6 сағ). М3 (t 1/2 =34,7 сағ). М1 (t1/2 =14,6 сағ) Сол себепті олар ұзақ мерзімді (24 сағ) бронходилатацияны туғызып, тәулігіне 1 рет қолданылады. Теофиллин бронхолитикалық әсерінебайланысты салыстырмалы әлсіз. Селективті емес түрде фосфодиэстеразды ингибирлеп, жазық бұлшықет жасушасында циклді аденозин және гуанозин монофосфаттың жиналуына әкеледі. Терапиялық (10-20 мг/л) және токсикалық (>20 мг/л) дозаның арасы үлкен еместігімен ерекшелінеді. Бұл жанама әсерлерін жоғарылатады (лоқсу, құсу, қыжыл, жүрек ырғағының бұзылуы, гипотония т.б.). теофиллин қандағы концентрациясын анықтау мүмкін еместігінен, және мөлшерлеу қиындық туғызғаннан кейін клиникалық практикада қолданылуы шектелген. Ингаляциялық холинолитиктер және В2-адреномиметиктер 1-ші қатардағы препарат болып саналады. Өкпенің динамикалық гиперинфляцияның төмендеуі, өкпе көлемінің өзгеруі, бронхолитиктерді қабылдағаннан кейін 1 сек ішіндегі ДШФК салыстырмалы көбеюін естен шығармау керек. Осының бәрі науқаста ентігудің төмендеуіне және физикалық күшке төзімділігін жоғарылатады.



4.2 Қысқа мерзім әсер ететін бронхолитиктер

Қысқа әсер ететін (ипратропиум бромид, сальбутамол, фенотерол) бронхолитиктерді СӨОА-ң өршу кезінде емдеуге, және әр түрлі ауырлық ағымында қолданбалы терапия ретінде қолданады және олар физикалық күшке толеранттылығын жоғарылатып, ентігу көрінісін едәуір төмендетеді.

Ипратропиум бромид В2 –адреномиметиктерге қарағанда ӨСОА-ң өршу жиілігін төмендетіп, науқастың өмір сапасын жоғарылатады. Ипратропиум бромид және фенотерол немесе немесе сальбутомол бар комбинацияланған препараттар бронхолитикалық активтілігі жоғары, әр түрлі бөлек компонен-ттерге қарағанда ипратропиум бромидке қарағанда әсер етуі жылдамырақ. СӨОА-ң жеңіл ағымында қолдаушы монотерапия ретінде қысқа мерзімде әсер ететін бронхолитиктерді қолданамыз. Халықаралық және ұлттық ұсыныстарына сәйкес, ұзақ әсер ететін бронхолитиктерді СӨОА-ң орташа ауыр және өте ауры жағдайда қолдануға ұсынған.

Ұзақ әсер ететін В2 адреномиметиктер. Сальметеролды 6 ай бойы тағай-ындағанда, бронхолитикалық әсеріне толеранттылық дамиды.Монотерапияға қарағанда, осы дәрілік заттардың комбинациясының әсері жоғарырақ. СӨОА әр түрлі ауырлықтағы науқастарға 3 жыл ішінде жоғары дозада будесонид (800-1200 мкг/тәу) орташа дозада триамцинолон ацетонид 1200 мкг/тәу бері-ліп, соңғы жылда дәлелді медицина негізінде 4 клиникалық зерттеу жүргіз-ген. Бірақта 1 сек ДШФК төмендеуіне, препаратттың қалай әсер ететінін таба алмады. ӨСОА-ң ауыр ағымы бар науқастарға флутиказон пропионаты қол-данғанда, өршу жиілігінің төмендеуін, өмір сапасының жоғарылығының бай-қалған, бұл 6 ай бойғы рандомизирленген мета-анализ нәтижесі бойынша бекітілген.

Эндогенді кортизол концентрациясының төмендеуі (флутиказон пропионат). Терідегі қанағыштық белгілердің пайда болуы (флутиказон пропионат, будесонид). Омыртқа мен жамбастағы сүйек ұлпасының тығыздығының төмендеуі (триамцинолон ацетонид) осындай жанама әсерлер байқалған.

Терапевтік әсерді алу үшін, осы препараттарды жоғары дозада қолдану керек, бірақ бұл жанама әсерлерін күшейту қаупімен, емдеу бағасын жоғары-латады. ӨСОА бар науқастың қақырығындағы цитокин және протеоз концен-трациясына және жасушалар санына глюкокортикоидтар әсер етпейтіндігі жуырдағы зерттеулер нәтижесі көрсетті. Апоптозды тежеу арқылы олар нейтрофильдердін өмір сүру ұзақтығын ұзартады. Глюкокортикоидтардың молекулалық механизмі толығымен зерттелмеген. Стероидтардың әсер ететін гистондеацетилазаның активтілігін, бос радикалдар мен темекі әсерлер төмендетеді деген мәлімет пайда болды. Бұл «Қабынулық» гендер транск-рипциясына глюкокортикоидтардың тежелуін төмендетеді. Ұзақ әсер ететін В2 адреномиметиктермен ингаляциялық глюкокортикоидтарды қоса қолдану емдеу эффектісін жоғарылатады. Ингаляция ГКС-дың монотерапиясына қарағанда комбинацияланған препараттар (серетид 50/500 мкг, 1 инг-2 рет/күніне және симбикорт 160/4,5 мкг, 2 инг. 2 рет/күніне). 12-16 ай ұзақ


мерзім қолданғанда олар ДшФК –ны жақсартып, ентігу көрінісін, өршу жиілігін төмендеткен.

СӨОА-ң ауыр және өте ауыр ағымында ұзақ мерзімді В2 адреномиме-тиктер және плацебо инг ГКС бұндай науқастарға бермеу, СӨОА-ң төмен-деуіне әкеледі. Жиі өршу және (ДшФК<50%) ауыр және өте ауры ағымында, ұзақ әсер ететін В2 адреномиметиктермен ингГКС бірге қолдануды халық-аралық және ұлттық келісім құжатта бекітілген. Ипратропия бромид ұзақ әсер ететін холинолитиктердің жаңа түрі. Ингаляциядан кейін бронхолити-калық әсері 30 кейін басталып, ұзақтығы 24 сағ созылады. Ұнтақ ретінде 1 дозада 18 мкг шығарылады. Арнайы Ханди Халер ингаляторы арқылы нау-қастардағы тыныс жолына енгізеді. ТБ 6-12 ай бойы тағайындағанда бронх өткізгіштігінің жақсарғанын, ентігу көрінісін, сальбутамолге деген мұқтаж-дықты төмендеткенін, тіршілік сапасын жоғарылатқанын, өршу жиілігін (орташа 20%) төмендеткен. Орташа 47% ғана госпитализацияланған. Бұны 2-жақтылық «соқыр» плацебо-контрольдік зерттеу көрсеткен. Ұзақ уақыт бойы қолдану бронхолитикалық әсері төзімділікті дамытпайды. СӨОА-да 2-күні бронхолитикалық эффектісі максимальды дамыса, 8 күннен кейін өкпе гиперинфляциясын төмендеткен. Осыған қарап науқас-тар ұзақ уақыт бойы қолдану керек. ТБ плацебомен салыстырғанда, ол реабили-тация әсерінін жоғарылатып, СӨОА бар науқастардың өмір сапасын жоға-рылатып, физика-лық күшке төзімділігін, ентігу көрінісін төмендеткен. Реабилитациянды бағдарламадан кейін, 3 ай бойы осы әсерлер сақталған.

3 және 12 ай бойы жалғасқан 2-жақты соқыр зерттеулер нәтижесі ТБ-тің ипратропиум бромидпен барлық көрсеткіштер бойынша асып озғанын көрсетті. В2 адреномиметик пен ТБ салыстырмалы жұмыс өткізілді.

СӨОА бар науқастарға 3-6 ай бойы 18 мкг/1 рет тәк ТБ берілді, бронхо-литикалық әсерінің молдығы, ентігу көріністерін төмендеуі өмір сапасын жоғарылатқан, сальметерол (150 мкг 2 рет күніне) және плацебоға қарағанда. Формотерол (12 мкг/2 рет/тәу) мен салыстырғанда ТБ (18 мкг/тәу). 6 апта бойы қолданғанда бронхолитикалық эффектісі жоғары. Комбинациялған ТБ (тиатропиум бромид) мен 18 мкг/тәу формотерол (12 мкг/тәу) 1 рет күніне берілсе әсері жоғарылайды. ТБ жанама әсерінің бірі болып ауыз қуысының құрғауы 10-16% науқастарда табылған. Осыған байланысты ӨСОА мен бірге қосарланған ауруы (ЖИА, АГ, жүрек ырғағының бұзылысы) бар науқастарға тағайындауға болады. ӨСОА бар науқастарға ұзақ әсер ететін В2 адреноми-метиктерді бергенде тахикардия және байқалған. Осы алынған мәлімет бізге ӨСОА емдеу ретінде әсер ету механизмі әртүрлі комбинациялығы препарат-тарды қолдануға мүмкіндік туғызады. Мысалы: ТБ және ұзақ әсер ететін В2 адреноагонистер немесе ТБ және ұзақ әсер ететін В2 адреномиметиктер және иег ГКС.

СӨОА емдеуде бронхолитиктердің алатын орны ерекше. Олар бронх обструкциясының қайтымды компоненттің көрінісін төмендетеді. Бұл дәрілік заттарды күн сайын немесе сұраныс бойынша қолданады. Олар бронхтар өткізгіштігіне әсер етпесе де, аурудың клиникалық симптомдарын, көрінісін төмендету және ұстаманы басу үшін қолданады. Бронхолитиктерді ингаля-циялық түрде енгізу өте тиімді.Теофиллин, В2 –адреномиметиктер, холиноли-тиктер бронхтарды кеңейтетін заттарға жатады. Ұзақ әсер ететін (12-24 сағ), қысқа әсер ететін (4-6 сағ) түрлері бар. ӨСОА өршу және ремиссия фазасын-да бронхолитиктерді емдеу үшін қолданамыз. Ингаляциялық заттардың енгізу түрімен, шығару формасы №1 кестеде берілген.


  • Асқынумен клиникалық симптомдардың көрінісін алдын-алу, өршу және ауырлық жиілігін төмендету және, науқастардың өмір сүру сапасын, физика-лық күшіне толеранттылығын жоғарлату мақсатта дәрмекті емді қолданумыз. Барлық дәрілік заттардың бірі де бронхтардың өткізгіштігін қыруынан төмендеуіне әсер етпейді. Бұл ӨСОА-ң бір ерекшілігі.

  • ӨСОА-н емдеуінде бронхолиттер 1-ші орында олар бронхтардың обструк-цииясының көрінісін төмендетеді.

  • Бұл заттарды көбінесе «сұраныс» бойынша немесе тұрақты. ОСОА-ң өте ауыр ағамында, ингаляциялық глюкокортикоидтарды қолданамыз. ДШФК (ОФВ) 1 сек. ішінде 50% кем болса, жиі өршу, соңғы 3 жылда 3 рет немесе 1-2 рет бір жыл ішінде болса, онда пероральды стероидтармен антибиотик қолданамыз.

  • Глюкокортикоидтар +В2 адреномиметиктердің ұзақ уақыт әсер ететін түрімен комбинациясы, монотерапияға қарағанда, өкпенің функциясына, клиникалық симптомына қосымша әсер етеді.

  • Бұл препаратты ингаляциялық түрде қолданған тиімді (сальметерол) флутиказол пропионот, формотерол (будесонид).

  • Ұзақ мерзім глюкокортикоидтарды таблетка түрінде қолдануға болмайды. Өйткені олар жүйелі түрде жанына әсерлері көп.

  • Ентігумен, шаршағыштыққа төзімділігін артыру үшін және физикалық кү-шіне толераттылығын жоғарлату мақсатта ӨСОА-н барлық барлық кезеңде-рінде физикалық шынықтыру бағдарламасын қолдану жоғарғы нәтиже беруде.

  • Тыныс жеткіліксіздігі бар науқасқа ұзақ мерзімді.

Емдеу терапиясының жағымды әсері бронхолитикалық сынаманың қо-рытындысына байланысты. ӨОСА-ң ауыр ауырлықты дәрежесінде (ІІІ дәре-же) жоғары дозалы бронходилататорлардың небулайзерлік түрін енгізу ауру-дың өршу кезінің басылуына алып келеді. Ингаляциялы небулайзерлік тера-пияның әсерін бақылау үшін пикфлоуметрияны 2 жеті қолдану және небу-лайзер - әсерлік терапияны жалғастыру қажет. В2 адреностимуляторлардың ұзақ әсер етуші түрін, антихолинэргиялық дәрмектердің пролонгирленген (ұзақ уақыт әсер етуші) түрін, бронходилататорлардың әсерін жоғарлату үшін қолданады. ӨСОА-ң тұрақты ағымының сатылы емі мына емханада берілген:

Кесте 5.


Емдеу принциптері

ҮІІ саты

Механикалық желдену

ҮІ саты

Хирургиялық ем

Ү саты

Оттектітерапия (оттегімен емдеу)

ІҮ саты

ИКС (иммунды кортикостериоидтар)

СКС (жүйелі кортикостероидтар)



ІІІ саты

ИБ

НБ және β2 агонистерінің тез әсер ететін түрімен бекітілген комбинация

В2 агонистер

ұзақ әсер ететін



теофиллин

ІІ саты

Реабилитациялық іс әрекеттер, бронхолитиктердің қысқа мерзімді әсер етуші түрлері яғни «қажетіне сай» препарат қолдану

І саты

Темекіден бас тарту

Вакцинация (поливалентті, пневмококты, гриппозды) қолдану

ӨСОА-ң өршу кезіндегі ең негзігі симптомдар төменде келтірілген:


  1. ентігудің күшеюі, кеуде тұсының ауырсынуымен және тұншығуымен бірге жүреді;

  2. жөтелдің күшеюімен, қоңырау бөлінуімен және оның түсі мен тұтқырлығының өзгерісімен қатар көрініс береді. (қақырық бөлінуінің көбеюі, сонымен қатар қақырықтың іріңді болуы оның бактериалогиялы этиологиясын түсіндіреді).

  3. Дене қызуының көтерілуі

ӨСОА-ң өршуі кезінде спецификалық емес симптомдар пайда болады, олар:

- әлсіздік;

- ұйқының бұзылуы;

- өте шаршағыштық, депрессия, естің тұмандануы. Бір жыл ішінде ӨСОА мен ауыратын науқас 1 және 4 немесе одан да көп ауырады.

Клиникалық қөзқараста талдасақ, барлық өршуді ӨСОА-ң прогрессивті әсері ретінде қарауға болады. (алайда өршудің 1/3 бөлігінің себебі белгісіз, бірақ дәл қазіргі кезде инфекцияның (жұқпаның) ролі маңызды деп есептеледі.

ӨСОА-ң прогрессивті әсері ретінде қарауға болады. (алайда өршудің 1/3 бөлігінің себебі белгісіз, бірақ дәл қазіргі кезде инфекцияның (жұқпаның) ролі маңызды деп есептеледі. ӨСОА-ң өршу симптоматикасы өкпе артериясының тромбоэмболиясы, пневмоторакс, пневмония, кеуде қуысының зақымдануы кезіндегі белгілермен ұқсас келеді.

ӨСОА-ң өршуі кезінде науқастарға амбулатрриялық жағдайды түсіндіру. Зеретханалық әдіспен, құралды маниторинг стандарты: жалпы қан анализі, кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы, жалпы қақырық анамнезі, қақырықты бактериологиялық зерттеу, ЭКГ, пикфлоуметрия қолданылады.


  • Бронхолитиктердің енгізу жолы ингаляциялы болу керек.

  • В2 адреномиметиктерді, холинолитиктер, теофиллиндер тыңдағанда әсер етудің жеке сезімталдықпен және жолына әсерлерін естен шығармау. Жасы ұлғайған науқастарға қосымша НСКЖ аурулары (ЖИА, жүрек ырғағының өзгеруі. АГ) болса 1 ші қатарға холинолитиктер болып саналады.

  • 2-ші қатарға ксантиндерді қоямыз, бірақ тағайындағанда, қиындығы теофиллин концентрациясын бақылау керек (эуфиллин және теофиллинге қарағанда) ӨСОА-ның ағымына оң әсері ететін ұзақ әсер ететін теофиллин.

  • Ұзақ әсер ететін ингаляциялық бронхолитиктер ыңғайлы, тиімді бірақ қысқа мерзімдерге қарағанда базасы жоғары.

В2 адреномиметиктер және холинолитиктерді мөлшерленген аэрозоль, ұнтақты ингаляция және небулайзер түрінде жеткізіледі.

Бұл топтағы дәрілер қабынуға қарсы әсері белсендірек қысқа мерзімді (10-14 күн) жүйелері стероидты ем ӨСОА-ң өршу кезінде қолданылады, глюкокортикоидтардан ӨСОА ағымына әсерін 2 кестеде берілген.

ӨСОА ауыр және өте ауыр түрінде, соңғы кезде комбинациялған препарат тиімділігі туралы жаңа мәлімет бар.

Глюкокортикоидтар. Флутиказон пропионат /сальметерол 500/50 1 ингаляция 2 рет күніне. Будесонид/ формотерол 160/4,5 мкг- ингаляция 2 рет күніне. Будесонид / сальбутамол 100/200 мкг- 2 ингаляция 2 рет күніне. Будесонид / сальбутамол 100/200 мкг 2 ингаляция 2 рет күніне/. Ұзақ мерзім бойы (12 ай) бронхиттердің өткізгіштігін жақсартады, симптомдық көрінісін бояулатады. Курстық өмір сатысын жақсартады.

Оксигенотерапия. Тыныс жеткіліксіздігі ӨСОА-ң ең басты өлімге әкелетін себебі екендігі белгілі. Гипоксемияны жою үшін басты патогенетикалық әдісі болып саналатын оттегімен қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта оксигенотерапияның 2 түрі тағайындалады, оның біріншісі ұзақ әсер ететін, екіншісі қысқа уақыт әсер ететін түрлері болады.

Бұның біріншісі ӨСОА-ң өршу кезеңінде қолданса, ал екіншісі ӨСОА-ң соңғы ауыр ағымы кезінде (яғни ДЕЖЖ шығ.<30% болуынан) яғни қайталамалы немесе жағдайлық (физикалық күштемеде және ұйқы кезінде көрініс береді). Оксигенотерапияның негізгі мақсаты парциалды оттегінің кернеуінің (РаQ2) көлемін жоғарлату ол артериалық қанда 60 мм сын. бағ. Төмен болмауы немесе оның сатурациясы (SаQ2) физикалық күштеме кезінде және ұйқы кезінде 90 % кем болмауы қажет.

ӨСОА-ң тұрақты ағымының тиімді емі ұзақ уақыт оксигенотерапия қолдану. Оксигенотерапияның емімінің тиімді екені дәлелденді, яғни ол ӨСОА-ң ауыратын науқастың өмір жасын ұзартады, ентігуді басады, өкпенің гипертензиясы мен екіншілік эритроцитоздың дамуын болдыртпайды және ұйықтап жатқанда гипексемияның пайда болуын төмендетеді, физикалық күштеменің, адамның өмірлік қөзқарасына деген және науқастың нейропсихикалық статусына деген толеранттылықты жоғарлатады.

ӨСОА-ң соңғы ауыр ағымы кезіндегі (яғни ДШ1 < 30% болуынан немесе 1,5 л) ұзақ уақыт оксигенотерапия қолдану көрсеткіші:


  • РаQ2 55% төмен болмауы; SаQ2 гиперкапниялық болуы немесе болмауы кезінде 88% төмен болмауы;

  • РаQ2 55-60% болуынан, SаQ2 -өкпелік гипертензия, перифериялық ісіну, өкпелік жүректің декомпенсациясы болуы кезінде 89% төмен болмауы.

Газ алмасу параметрі ӨСОА-ң тұрақты ағымы кезінде ғана емес, одан 3-4 жеті ертерек арнайы тағайындалған терапия бойынша бағаланады.

Қайталамалы артериалды қанның бағалануы оксигенотерапияның басталуынан 30-90 күн бұрын жасалуы керек.

Оттегімен ұзақ уақыт емдеу күніне 15 сағ. кем болмауы керек. Оксигенотерапия темекі шегетін, алкогольді қолданатын науқастарға қолдануға тиым салынады. Оттегінің сақталу көзі болып тығыздалған оттегі толтырылған баллондар қолданады және де оттегінің концентраттары, сұйық толтырылған цилиндрлер болады. Қолдануға ең тиімді әрі үй жағдайына да қолдануға ыңғайлы –оттегі концентраты.

Оттегіні науқасқа беру әдісі арнайы маска арқылы мұрындық калюлляр, трахеалы катетарлар арқылы беріледі.

Науқасқа қолдануға ең ыңғайлы «мұрындық канюля» ол 30-40% О2 оттекті-ауалық қоспаның арасынан науқасқа жеткізілуіне жақсы. Альвеолаға оттегі тыныс шығарудың ерте фазасында жеткізіледі (алғашқы 0,5 с). Ал кеш жеткізілетін газ алмасуға қатыспайды, тек өлі кеңістікті толтыру үшін ғана қажет.

Оттегіні жеткізу тиімді болу үшін бірнеше оттегі қолданушы құралдар (резервуарлы канюля-тек қана дем шығару кезінде газды беру құралы; трахеолды катетрлар және т.б.).

ӨСОА-ң соңғы ауыр ағымы кезінде әрі күндізгі гиперкапниясы бар науқастарда оксигенотерапияның аралас түрі әрі инвазивті емес өкпе вентиляциясы дем шығару актісінде қолдану тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет