Ж ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Мұқағали тану»



Дата08.02.2024
өлшемі1.59 Mb.
#491354
түріСабақ
Ж Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің


Ж Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
«Мұқағали тану» үйірмесінің есебі
Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім тәрбиесі болатындығы белгілі Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннен болсада ыңғайы мен мүмкіндіктері мол Соның ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында және үйірме сабақтарында Мұқағали өлеңдерін үйрету арқылы тәлім тәрбиені оқу тәрбие просесіне арқау ету және қажет дүниенің бірі болып саналады Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында шәкірттерге білім беру арқылы жан жақты эстетикалық тәрбие беру оларды өнерге білімге баулу адамзат қоғамында жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді Жас ұрпақты жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді
Бүгінгі дәуірде оқушы қиялына қозғау салып қанат бітіру ой өрісін дамыту білім беруді алғы шарты болып отыр Өйткені қиялы қарыштамаған адамның білімді еркін меңгеруі мүмкін емес Заман талабына сай мектепте оқушыны білім алуға көнеден келе жатқан Мұқағали байқауы сайыстарына өнерге баулу үйрету сонымен қатар өмірдегі өз қажеттілігін қанаттандыра білуге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі екендігі анық
Ж Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің үйірме оқушыларының 202О-2024 оқу жылының жарты жылдығы бойынша жасаған жұмыстарын жеткен жетістіктерін ұсынамын
2020 Мектеп оқушылар арасында М Мақатаевтің Қара өлеңнің құлагері байқауында жүлделі І орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды

2020 Мадақтама Аудандық Біз жеңісті жырлаймыз атты көркем сөз байқауында ІІ орын иемденгені үшін марапатталды

2021ж Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық әндерді халық арасында кеңінен насихаттау барысында Арай -2021 атты мәдени іс жүргізушілер байқауына қатысып Бас жүлде иеленді

2021 Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай көркем сөз оқу шеберлер байқауында ІІІ ОРЫН иеленгені үшін марапатталды

2021 жылы Лесхан Пернекүлдің Бақыт жолында атты кітабы шығып әдеби кеші өттілді ұйымдастырушы Идрисов А

2022 ж Абдрахман Жансая БАЛА ДАРЫН жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылар арасында Абай Құнанбайұлының Күз өлеңін мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқауға қатысып ерекше өнер көрсетіп І дәрежелі дипломмен марапатталды

2022 жылы Мұқағали үйірмесінің оқушысы Абыз Нұрлыбектің шығармалар шағын кітабы шықты


2022 Молдақадыр Аруна Аудандық Мұқағали Мақатаевтің мерей тойына қарсаң өткен көркемсөз мәнерлеп оқу бөлімі бойынша ІІ орынмен марапатталды


2023 ж Асқарбек Әлімхан Асхатұлы Халхаралық көп жанырлы өнер байқауында КӨРКЕМ СӨЗ сайысында ІІ дәрежелі Дипломымен Түркістан облсынан оралды


2023 Әбдімәлік Әмина Алтын білім кілті атты әдістемелік ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен ұлы тұлға Мағжан оқулары шығармашылық байқауына қатысып жұлдегер атанып қуанышпен оралды


2022 ж Әбдрахман Жансая Республикалық АЛТЫН БІЛІМ КІЛТІ атты сайысқа қатысып Бірінші дәрежелі дипломды иеленді


Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Мұқағали мәңгілік жыр атты сыныптан тыс сабақ өтті оқушыларды патриоттық тәртиеге баулыдық



Мақсаты: балалардың рухани адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру Балалар мен ата аналардың шығармашылық жұмысты бірлесіп орындауына ықпал ету Оқушылардың шығармашылық дамуына және өз ойын жүзеге асыруына ықпалын кеңейту барысында оқушылар марапатталды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет