Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларға сүйеніп қашықтан оқыту қоғамның қажеттіліктерін өтеуге және алдағы уақыттағы көптеген мәселелерді шешу үшін өте икемді және тиімді



бет6/6
Дата20.05.2022
өлшемі51.52 Kb.
#458107
1   2   3   4   5   6
1 болим алем елдериндеги КО ОРА - проверенный (1)

Қашықтан білім беру дамуының 3-кезеңі. Көп ұзамай бір технология тез екіншісін ауыстырды, және көп ұзамай спутниктік станциялар арқылы онлайн-курстар ұсынылды, сонда Интернеттің негізі қаланды.
1950-1960 жылдары Еуроп мен АҚШ-та бағдарламаланған оқыту идеяларының дамуымен атап өтілді. Сол уақыт кезеңінде көптеген жоғары білім беру ұйымдарында «оқу пакеттері» немесе «модуль» жүйесі арқылы оқыту кең қанат жайды, бұл қашықтан білім берудің дамуына айтарлықтай серпін берді.
60-шы жылдары IBM компаниясы Coursewriter қашықтан оқытудың бірегей бағдарламасын әзірледі. Оны әр түрлі сабақтарда қолдану үшін орнатуға болатын және ол Альберта университетінде 1968-1980 жылдар аралығында 17 түрлі курстарды оқытуда пайдаланылды (Петькова, 2015: 199-204).
Оқытуда компьютерлерді пайдалану 1980 жылдары корпоративтік аренада пайда болды, өйткені компаниялар жаңа қызметкерлерді оқыту үшін компьютерлік бағдарламаларды (Rudestam, Schoenholtz-Read, 2002: 3–28) пайдаланды. 1989 жылы Феникс университеті алғашқы бірі CompuServe тұтынушылардың онлайн-сервисін пайдалана бастап, бұл тарихта онлайн білім беру бағдарламаларын қолдана бастаудың алғашқы қадамы болды (Tikkanen, Amy, 2016).
Инернетті ойлап тапқан адамзат білім беру технологияларында тағы бір қадам алға басты. Осыдан кейін көп ұзамай 1991 жылы әлемдік Веб (Web) ашылды. 1990 жылдар бойы білім беру мекемелері қашықтан білім берудің синхронды, асинхронды және аралас оқыту режимдерін пайдаланды.
Феникс университеті интернет арқылы онлайн-білім беру бағдарламаларын ұсынушылардың біріне айналды. Дегенмен коммерциялық емес мекеме бола отырып Феникс университетінің онлайн-білім беру нарығына ұмтылуы көптеген беделді мекемелер, сондай-ақ коммерциялық емес колледждер мен университеттердің де соған ұмтылуға (Carlson, Carnevale, 2001: 7-8) түрткі болды.
«The Alfred P. Sloan Foundation», гранттарды ұсынатын беделді қайырымдылық, коммерциялық емес мекеме 1992 жылы асинхронды оқыту желісін (ALN) сыныпта дәстүрлі сабақтарға қатыса алмайтын адамдардың білім алуы үшін балама ретінде әзірледі (Alfred P. Sloan Foundation: 2012: 49).
Онлайн білім беру деген сұраныс өсе келе «The Alfred P. Sloan» қоры онлайн білім беру сапасын арттыру мақсатында онлайн-бағдарламаларды ұсынған мекемелерді қаржыландыруды бастады. Бұл жаңа қашықтан оқыту құралының жоспарлы болуы мен тиімділігі айқын көрінді, сондықтан да академияның нарыққа шығуы уақыт мәселесі ғана болды.
1992 жылы Мичиган университеті компьютер көмегімен онлайн-оқытудың жеке тұлғаға бағытталған түрін әзірледі. 1994 жылы университет кейбір студенттер-психологтарға виртуалды оқыту мектебін (VSS) ұсынды. Бұдан басқа, 1994 жылы қашықтан оқытумен айналысатын Нью-Гемпширдегі компания интернет арқылы оқу материалдарын жіберу, оқыту, білім беру үрдісін басқару мүмкіндігін беретін CALCampus бағдарламасын әзірледі. (Петькова, 2015: 199-204).
1990 жылдардың ортасынан бастап университеттер мен колледждер онлайн курстарды жүргізуде тәжірибе жасай бастады. 1997 жылы Blackboard компаниясы курстарды басқару және ұсыну үшін стандартты платформа әзірледі. Қазіргі уақытта компания қашықтан оқыту технологиялары саласында әлемдік көшбасшы болып табылады, оның өнімдерін бүкіл әлем бойынша 10000-нан астам ұйым пайдаланады.
Дегенмен, дәстүрлі коммерциялық емес мекемелерде онлайн білім берудің жылдам өсуі 1998 жылға дейін басталған жоқ (Arenson, 1998: 8). 1998 жылдың қазанында елдегі ең ірі үздіксіз білім беру мекемелерінің бірі болып табылатын Нью-Йорк университеті (NYU) онлайн білім беру филиалы - NYU Online-ді құрған ең алғашқы ірі коммерциялық емес университет болды.
1999 жылы АҚШ-та Jones International University құрылады. Ол мемлекеттік аккредитациясы бар алғашқы қашықтан оқыту университеттердің бірі болды. Университет студенттерге АҚШ-тың 30 оқу орнының қашықтан оқу курстарын ұсынатын телеарналар желісі негізінде құрылды.
Білім берудің қол жетімділігін арттыру мақсатында 19 штат губернаторы негіз құрған және одан әрі қолдау көрсеткен Батыс губернаторларының Университеті (Western Governors University) колледжі тура сол жылы өз есігін ашты. 1998 жылы қарашада 100 университет пен колледжді біріктірген Калифорния виртуалды университеті (The California Virtual University) 1600 онлайн-курс ұсына бастады (Arenson, 1998: 2).
Шамамен сол уақытта басқа да бірқатар мекемелер коммерциялық еншілес компаниялар ашты, бірақ олардың көбісі көп ұзамай өз қызметін тоқтатты. 2001 жылы қазанда Феникс коммерциялық университетімен бәсекеге түсе алатын NYU Online ұйымның өзі және Мэриленд Университетінің коммерциялық бөлімі жабылды (Carlson, Carnevale, 2001: 7-8).
Бір таңқаларлық жағдай 2001 жылы Феникс Университетіне түскен талапкерлердің саны 16 000 нан 29 000-ға дейін екі есе артты (Carlson, Carnevale, 2001: 7-8). 2002 жылға қарай 1,6 млн талапкер онлайн курстарға тіркеліп, ал алты жылдан кейін онлайн білім алушылардың саны 3 есе артты. Алайда Феникс Университетінен басқа онлайн бағдарламаларды ұсынған ұйымдардың көбісі өз қызметін тоқтатты. Олардың ішінде онлайн бағдарламаларды қолдана бастаған дәстүрлі білім беру мекемелері болды.
Мекемелердің қызметін тоқтатуына ықпал еткен факторлардың бірі онлайн білім беру мен дәстүрлі білім беруді бір-бірінен ажыратқан жоқ еді. (Arenson, 1998: 2) Көптеген оқытушылар мен профессорлар онлайн сабақта дәстүрлі сыныптағы сияқты дәріс оқу ретінде оқытуды жалғастырды. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, онлайн курс жақсы бағдарламаланған, жоспарланған және құрылған болуы тиіс, сонымен бірге оқытушы мен қатысушы арасында өзара белсенді арақатынасты қамтамасыз етуі тиіс. (Gaytan, McEwen, 2007: 117-132); (Palmer, Холт, 2008: 101–113).
(Carlson, Carnevale, 2001: 7-8) ойы бойынша, сәтсіздіктің себебі тек онлайн педагогиканың есепке алынбауы ғана емес еді. Педагогтарға институционалды қолдау көрсетілмей, онлайн білім берудің мәнін аңғарған көшбасшылар да болмады.
Шелтон және Солтсман (Shelton and Saltsman, 2005: 192) есебіне қарай онлайн білім беру жөніндегі оқытушылардың 3 негізгі шағымы болды: 1. Бұл оқыту әдісі жөнінде толыққанды түсінік болмайды. 2. институционалды қолдау көрсетілмеуі. 3. Онлайн ортада білім беру сапасы төмендейді деген қауіптің таралуы.
Нәтижесінде, 1998 жылы коммерциялық емес ұйымдар пайданы көбейту мақсатында еншілес компаниялар мен серіктестіктер құрып, онлайн білім беру нарығына ұмтылды, алайда олар білім беру сапасын қамтамасыз ететін негізгі принциптер – институционалды қолдау көрсету және жобаларды жоспарлауды елемеді.
Дерек Бок (Derek Bok, 2003: 85) айтуы бойынша, жаңа технологиялар оқытуды жақсарту үшін әлеуеті бар үлкен қуатты пайдаланады, сондықтан да егер университеттер пайда тауып, білім беруді коммерцияландырса, ЖОО-ның беделі мен тұтастығына қауіп төндіреді. Ол сондай-ақ университеттер жаңа технологияларды зерттеуге инвестиция салып, білім сапасын жақсарту үшін оларды пайдалануы қажет деп мәлімдеді.
Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларға сүйеніп қашықтан оқыту өзекті мәселеге айналды, өйткені ол қоғамның қажеттілігіне барабар жауап бере алды.
ЮНЕСКО қашықтан білім беру секторының жетекшісі Луис Роселло өз баяндамасында XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында қашықтан білім беруді дамытудың бірінші кезеңінде студенттердің елден елге көшу қажеттілігі төмендеп, оның орнына әлем елдерінің білім беру жүйелерінде идеялар, білім және білім беру ресурстарымен алмасудың мобильді тұжырымдамасы қалыптасады деген ой білдірді.
ЮНЕСКО мамандары қашықтан оқытудың мынадай ұзақ мерзімді ұстанымын анықтады: әрбір адам үшін кез келген жерде қалаған колледж немесе университеттің бағдарламасын игеруге мүмкіндік беру. Осылайша, қашықтан оқыту әрбір адамның ақпарат пен білімге қол жеткізуіне тең құқықтылықты қамтамасыз етеді (Кузьмин, Фирсов, 2004: 118).
XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында қашықтан оқыту әлем бойынша қарқынды дами бастады. Интернет жүйесі жетілдірілді, қолжетімді болды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологиялары дамытылды. Нәтижесінде интернет-технологияларды пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны өсті.
2011 жылы күзде Стенфорд университетінің профессорлары Себастьян Тран және Питер Норвиг жасанды интеллект негіздері бойынша кіріспе онлайн курсын ашты (Петькова, 2015: 199-204). Өз кезегінде, курстардың мұндай ашылуы интернет арқылы курстарға қатысқан 190 елден 160000-нан астам студентті тартты. Білім алушылардың басым бөлігі уақыт өте келе азая бастады, бірақ 23 мың ең тұрақты қатысушы оқу курсын аяқтады. Себастьян Тран қол жеткізген жетістік басқа университеттерді (Принстон, Пенсильвания, Мичиган университеті) онлайн курстарын ашуға шабыттандырды. Бұдан әрі Стенфорд ғалымдары онлайн-курстардың қуатты жеткізушісі - Udacity веб-сайтын құрды. Қашықтан оқытуды дамытудың келесі кезеңі көпшілік ашық онлайн-курстарды (massive open online courses, MOOC) ашу болып табылады. MOOC өз тыңдаушыларына түрлі университеттердің оқу бағдарламаларын ұсынатын платформалар.
Қазіргі заманғы қашықтан оқытудың қарқынды дамуы сырттай білім алуға байланысты ғана емес, сонымен қатар көпшілік ашық онлайн-курстардың (MOOC) жаппай таралуына байланысты да болып отыр.
2011 жылдан бастап әлемнің беделді университеттері MOOC құру мен ілгерілету үшін өз курстарын Coursera, Udacity, edX, FutureLearn, OpenupEd және т.б. арнайы құрылған онлайн-провайдер-платформаларда орналастыра бастады. Осылайша, 2016 жылғы деректерге байланысты ең танымал Coursera білім беру платформасы сегіз жүзден астам курстарды ұсынады әрі Солтүстік Америка, Еуропа, Австралия және оңтүстік-шығыс Азияның 100-ден астам университеттерін біріктіреді. 2014 жылдан бастап оған кейбір ТМД-ның жоғары оқу орындары да қосылды (Царапкина және т.б., 2017: 304-318).
Қашықтан оқыту оқушы мен мұғалім арасындағы бетпе бет қарама-қатынасқа түспей-ақ білім беруге мүмкіндік беретін алғышартқа негізделген. Әрине, XVIII ғасырда оған қол жеткізу қиын болды. Бүгінгі күні коммуникациялық технологиялар және интернет желісіне қосылған компьютерлердің қол жетімділігі нәтижесінде қашықтан білім беру үшін мәселе ретінде қарастырылмайды. Қашықтан білім беру көптеген дамыған елдердің дамуында маңызды рөл атқарады, өйткені ол білімге тең құқықтылықты, арзан бағаны әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Интернет арқылы білім беру қашықтан оқытудың ең қауырт дамып келе жатқан түрі. Онлайн білім беру күннен күнге сұранысы артып келе жатқан қашықтан оқытудың бір түрі, ол дәстүрлі және дәстүрлі емес колледждер мен университеттерде жоғары маңызға ие. 2011 жылы мекемелердің 65% онлайн-оқыту олардың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларында (Allen, Seaman, 2011: 44) өте маңызды ұстанымдардың бірі екенін мойындады.
Интернет арқылы білім беру тек қашықтан оқытудың форматын өзгертіп қана қоймай, әлем бойынша білім беру жүйесінің жаңа бір деңгейге көтерілуіне айтарлықтай ықпал етті. Қазіргі таңда әлемде жоғары білім беруде коммерциялық ұйымдардың саны артуда, дәстүрлі коммерциялық емес ұйымдардың білім беруді коммерциязациялау үрдісі, онлайн оқытуға деген үлкен сұраныстың артуы байқалуда (Allen, Seaman, 2011: 44).
Кірпіш пен цементтен қаланған сан ғасырлық университеттер өзінің инфрақұрылымын көптеген жылдар бойы қалыптастырды және ол оқытушы мен студенттің арасында аудиторияда білім беру үшін бейімделген, бұл жағдай 50 жыл бұрын солай болды әрі бүгінгі күні өз жалғасын табуда (Drucker және т.б., 1998: 223). Білім беру цифровизация мен киберизацияға ұшырап жатыр (Sener, 2012: 157). Киберизация сандық технологияларға мен мәдениетке бейімделу үрдісі болып табылады (Sener, 2012:125).
Сенердің айтуы бойынша, онлайн білім берудің алғашқы кезеңі оған деген қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталды, ал келесі кезеңі онлайн білім беру мен білім берудің тұтастай алғанда сапасын жақсартуға бағытталды. Бұл жерде білім беруді үлестіру мәселесі ғана емес, білім беру, сақтау және генерациялау жолдары қарастырылады (Sener, 2012: 124).
Йел университетінің бұрынғы президенті және Coursera-ның қазіргі бас директоры Ричард Левин былай деп мәлімдеді: «10 немесе 20 жылдан кейін танымал университеттер туралы сөз қозғаған кезде, олардың ғылыми әлеуеті туралы ғана емес, білім беру мазмұнына деген қолжетімділігі де қарастырылатын болады» (Kolowich, 2014).
ЮНЕСКО мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың 26 наурызында COVID-19 коронавирусының өршуі бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан астам оқушыға әсер етті. Осыған байланысты білім беру үрдісін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптар тарапынан шұғыл шаралар талап етіледі (Huang және т.б. 2020:54).

1 бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет