Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларға сүйеніп қашықтан оқыту қоғамның қажеттіліктерін өтеуге және алдағы уақыттағы көптеген мәселелерді шешу үшін өте икемді және тиімді



бет3/6
Дата20.05.2022
өлшемі51.52 Kb.
#458107
1   2   3   4   5   6
1 болим алем елдериндеги КО ОРА - проверенный (1)

Зерттеу нәтижелері. Қашықтықтан оқыту XVIII ғасырдың аяғынан бастап Батыс елдерінің күнделікті өміріне айналған әдеттегі жағдайлардың бірі бола бастады, ал оның одан да бетер қарқынды дамып, кең етек жая бастауы XX ғасырдың соңында үшінші ғылыми-техникалық революцияның ілгерілеуімен басталды. Қашықтықтан оқыту жаңа бір құбылыс болмаса да, ол ақпараттық-коммуникативті технологиялардың дамуына қарай жаңа белестерді бағындыруда.
Қашықтан білім беру дамуының 1-кезеңі.XVIII ғасырдың басында Еуропада корреспонденттік оқыту пайда болды. Педагогтер пошта арқылы оқушыларға оқу материалдарын жіберіп, білім алушы берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін өз жұмыстарының нәтижелерін кері байланыс және түсініктемелер алу үшін мұғалімге қайта жіберетін болды.
Корреспонденттік оқуды дамытуға Ұлыбританиялық Айзек Питман елеулі үлес қосты. 1840-шы жылдары ол оқуға стенографиялық хат енгізуді ұсынды: британдық ғалым өз оқушыларына шифрланған мәтіндерді жіберді және оқу нәтижелерін тексеру үшін оқушылардан жұмыстарын қайтарып беруді талап етті. Бұған қоса емтихандар мен қорытынды аттестаттау да дәл сол пошта көмегімен хат алмасу арқылы жүзеге асырылды.
Исаак Питман демократиялық көзқарастарға ие болды, ол бүкіл адамдардың жоғары білім алуына құқылы екенін мәлімдей отырып, білімге қол жеткізу адамның нәсілі, діни-сенімі, ұлты немесе әл-ауқатына тәуелді болмауы керек деп ойлады.
1870 жылдары пошталық хат алмасу арқылы жұмыс істейтін бірінші сырттай мектептер ашылды. 1914 жылы мұндай мектептер Ұлыбританияда, көп ұзамай Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда да пайда болды.
Корреспонденттік оқыту білім беру тарихында елеулі өзгеріс болды, себебі оқытудың бұл түрі білім алуға ұмтылған, алайда алыс шалғайда өмір сүріп жатқан адамдар үшін керемет мүмкіндік туғызды. Әуел баста сапалы білім алуға тек қала тұрғындары ғана мүмкіндік алатын. Алайда корреспонденттік оқыту арқылы педагогтер пошта арқылы оқу материалдары мен тапсырмаларды қалада тұрмаған адамдарға жіберу арқылы білім бере бастады. Білім алушы тапсырманы орындап болғаннан соң, сын пікір мен кері байланыс алу үшін өз жұмысын педагогке қайта салып жіберетін болды. Сөйтіп, бұл арқылы қашықтан оқытудың негізгі ерекшелігі айқындала бастады, яғни оқытудың бұл түрі білім беруде тең құқықтылықты және инклюзияны қамтамасыз ететін болды. Қашықтан оқыту, соның ішінде корреспонденттік оқыту дәстүрлі білім беру мекемелерінде қандай да бір объективті себептерге байланысты оқи алмаған немесе мұғалімді жалдап, бетпе бет білім алуға ақы төлей алмаған адамдардардың білім алуы үшін тамаша мүмкіндік туғызды (Jonasson, 2001: 153).
XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың басында корреспонденттік оқыту жаңа серпін алды. Себебі ол кезде қоғамда университетте дәстүрлі білім алу мүмкіндіктері өте төмен болды, оған отбасылық, қаржылық, географиялық және т.б. факторлар ықпал етіп, адамның жоғары білім алуына кедергі келтірді (Verduin, Clark, 1991: 279).
Білім алуға деген қол жетімділікті арттыратын корреспонденттік оқыту үлкен маңызға ие бола бастады. Корреспонденттік оқытуға деген өсіп келе жатқан сұраныс пен қажеттілікпен қатар, оның ұсынатын оқу бағдарламаларының нәтижесінде берілген білім сапасына деген алаңдаушылық та артты.
Темір жолдар желісінің пайда болуы корреспонденттік оқытуды дамытуға көп үлес қосты, себебі түрлі жерлерде тұратын білім алушыларға оқу материалдарын жылдам жеткізуге жол ашылды.
1915 жылы Университеттердің біліктілігін арттыру Ұлттық ассоциациясы (The National University Extension Association) «үздіксіз білім беру және университеттерде біліктілікті арттыру саласындағы идеалдарды, әдістер мен стандарттарды әзірлеу және алға бастыру» (Университеттердің біліктілігін арттыру ұлттық ассоциациясы) мақсатында құрылды. Академиялық дәрежелер үшін студенттерді оқыту, кәсіби білім мен дағдыларды арттыру, жаңа сарбаздарды жаттықтыру үшін қызмет еткен корреспонденттік оқытудың мақсаты кез келген адамға өз білімін арттыру және дағдыларын жетілдіру үшін мүмкіндік беру және сапалы білім қамтамасыз ету болды.
Қашықтан оқытудың қалыптасуы.1892 жылы Чикаго университеті алғашқы қашықтан оқыту бағдарламасын жасап, АҚШ-тың алғашқы қашықтан оқыту университетіне айналды. Канададағы Корольдік университет 1899 жылдан бастап студенттерді қашықтан оқыта бастады.
1906 жылы Балтимордағы Калверт бастауыш мектептері де қашықтан оқыта бастады (Петькова, 2015: 199-204).
XIX ғасырдың соңында қашықтан оқыту әдісі Ресей империясында қолданыла бастады.
КСРО-да қашықтан оқыту революциядан кейін 1917 жылы дами бастады. Кеңес Одағында кеңес беруге негізделген білім беру жүйесі пайда болды. Бұл модель оқытушы мен студент бір-бірін көрмеген кезде сырттай оқуды білдіреді. Бұл жүйе әртүрлі деңгейде курстар ұсынды. 60 жылдары КСРО-да 11 сырттай оқу университеті, сондай-ақ сырттай білім беру факультеттері ашылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай КСРО-ны сырттай оқыту жүйесінің тәжірибесі Орталық және Шығыс Еуропаның елдеріне таралып кетті (Царапкина және т.б., 2017: 304-318).
Бастапқы кезеңде қашықтан білім беру келесі бағдарлама бойынша өтті. Курстың басында міндетті дәрістер өткізілді. Курстың сипаттамасы және қажетті материалдар берілді. Көрсетілген мерзім ішінде студент курс бойынша ақпаратты өз бетінше игерді. Бұл ретте оқытушымен телефон арқылы қоңырау шалуға немесе хат жазысуға мүмкіндік берілетін. Жыл немесе семестр қорытындысы бойынша студенттер оқу орнына келіп, сессия тапсыратын.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа технологиялардың пайда болуымен қашықтан білім беруді дамыту үрдісі қарқынды жүре бастады, ол әр түрлі форматтарда жүргізілді және білім алушылардың кең ауқымы үшін арналды.
Қашықтан оқыту бойынша бастапқы мақсатты топтар кәсіби, әлеуметтік және отбасылық міндеттемелері бар ересектер болды. Алайда 1920-шы жылдары қашықтан білім беру орта мектептің оқу бағдарламасын байыта бастады. Муди Библия институты 1901 жылы сырттай бөлім құрып, оған бүкіл әлемнен 1 миллионнан астам оқушы тіркелді, білім беру ұйымы бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Мичиган штатының Бентон-Харбордағы студенттерге 1923 жылы кәсіптік курстар ұсынылды, Небраска штатының университеті орта мектептерде сырттай курстармен тәжірибе жасай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет