Жаңа дәуір философиясы



бет6/6
Дата04.10.2023
өлшемі238.5 Kb.
#479716
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Фрэнсис Бэкон

Қорытынды

Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана әдістемелерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағыкедергілерді Ф.Бэкон “идолдар”, ия болмаса “елестер” дейді. Олар – төртеу.


Бірінші елес – тектік идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны біз казіргі тілмен “антропоморфизациялау” деп айтар едік. Ол сонау көне заманда пайда болған мифалогияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге боғытталған кезде, оларды “өзіне ұқсатып” түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкін емес. Бұл Ф. Бэконның айткан ойларын растау үшін мынадай мысал келтірейік. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниедегі ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнінде неше түрлі аңыздарды тудырды. Ол қазіргі заманның тудырған мифтері бойынша, ұшып келген тарелкалардын ішінен шыққан пенделер нақ жердегі адамдар сияқты екі аяқты, қолды, екі көзді, тек олардың түсі-көкшіл т.с.с.
Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмір және сол өмірдің биік ғажап шыңы – рух пайда болуы мүмкін. Бірақ ол рухтың иесі тек адам сияқтыболуы тіпті кажетті емес. Бірақ, адм оны өзіне ұқсатып көргісі келеді. Ал, бізге ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелік екенің ескерсек, әғни 360 мың км/сек жылдамдықпен 5 жыл ұшу кажет және А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберінде заттың салмағы күрт өсіп, кеңістіктегі алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, - онда қайсыбір тіршілік түрі мұндай қашықтықты өте алмайтынына көзіміз жетеді. Сонымен, ғылыми тұрғыдан қарағанда, “тарелка” мифінің орынсыз екендігін көруге болады. Міне, бұл Ф.Бэконның айтқан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір көрінісі ғана.
Екінші елес – ол үңгір идолы. Әрбір адам белгілі бір жанұяда, белгілі бір жерде дүниеге келіп тәрбиеленеді, ересек адамға айналады. Біреу адам түгіл құдай да ұмытқан ауылда, екінші – район орталығында, үшінші – астанада, ия болмаса үлкен қалада туып тәрбиеленеді. Біреу – кедей, екінші ауқатты жанұяда өсіп өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға мүмкіншіліктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын тигізбей қоймайды. Ол сол өзін қалыптастырған “үңгірден” дүниеге қарайды. Ал оның өзі “табиғаттың сәулесін әлсірктіп бұрмалайды”,- дейді ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжірибені жалпы халықтық тәжірибемен ұштастыру болмақ.
Үшінші – алаң, ия болмаса базар елестері.Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі – зат пен соны көрсететін, бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шынына келсек,сөз – затқа қойылған ат қана. Сөз көбіне заттың не екенін емес. Оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетеді,- дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз “жалған даналық” жолына түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық философияға қарсы бағытталған Ф. Бэконның көзқарасын болжаймыз.
Төртінші, соңғы елес – ол театрлар идолы. Олардың дүниеге келу себебі – тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын “соңғы өзгермейтін мәңгі ақиқат” ретінде түсіну. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша Аристотель былай деп айтқан, ал сіз Аристотельден де ақылдысыз ба? – деген даудамадан сол адамның театр елесінің шеңберінде екенің байқаймыз. “Ақиқат – беделдің емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы”,- деп қорытады Ф. Бэкон. Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негізгі елесі – осы “театр елесі” болды емес пе? Тек беделділердің аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар – К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. Бүгінгі таңдағы қоғамды демократизациялау, көппікірлік принципіне көшу бұл елестің өмірден кетуіне себеп болуда. Сонымен қатар, өтпелі дәуір тудырған “жаңа көсемдердің айтқандарыныңбәрін де ой елегінен өткізбей, оған “құдайға сенгендей” жағдайда жүрген адамдар да әлі де болса аз емес сияқты. Сонымен, жоғарыда көрсетілген идолдар қандай күшті болғанмен, ғылым жолына түскен адам өзінің ақыл-ойын, дүниесезімін олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады.
Сонымен, Ф.Бэкон жаңа дәуірдегі қалыптасып жатқан тәжірибелік ғылымның дамуына зор әсерін тигізген ұлы тұлға.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Литвинова Е.Ф. Бекон Ф: его жизнь, научные труды и общественная деятельность.

  2. Алтай Ж., Қасабек А. Жаңа ғасыр философиясы. Алматы, 1999.

  3. Френсис Бекон. Ағылшын философиясы. Қазақстан сарбазы, 2004.

  4. Мырзалы Серік. Философия әлемі. Қостанай, 2005

  5. Әбішев Қ., Сәбит М., Қодар Ә. Батыс философиясының антологиясы. Аматы, 2004.

  6. Абдильдина Р.Ж.. Наука, ученый, человек в философии XVIII века. Вестник Павлодарского ГУ. 2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет