Жаңа экскурсия дайындауды үш сатыға бөліп қарастыруға болады



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі25 Kb.
#493587
  1   2   3
экскурсия 6


Жаңа экскурсия дайындауды үш сатыға бөліп қарастыруға болады:
Алдын-ала жұмыс – келешек экскурсияға материал жинау, оны зерттеу (тақырып бойынша білім жинақтау, мақсаты мен міндетін анықтау). Сонымен қатар экскурсияға қатысты нысандарды таңдау.
Экскурсияны дайындаудың тікелей кезеңі – экскурсиялық маршрутты құру; жиналған мәліметтерді өңдеу; бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру; бақылау текстін жасау; экскурсияның әдістемесін анықтау; әңгімелеудің, көрсетудің тиімді әдістемелік тәсілдерін анықтау. Жаңа экскурсияның әдістемелік құралын дайындау, әңгімелеудің және көрсетудің тиімді тәсілдерін таңдау, экскурсоводтардың өзіндік жеке мәтінін дайындау.
Қорытынды кезең – экскурсияны маршрутта қабылдау. Мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бікіту; тақырыпты қорғаған экскурсия жүргізушілеріне жаңа экскурсияны жүргізуіне рұқсат беру.
Экскурсияда оқыту, тәрбие беру, насихаттау сияқты өзінің құрылымы болады. Сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері бар. Композиция бойынша экскурсия үш бөліктен тұрады. Композиция дегеніміз – құрастыру, жеке бөліктерді біртұтас қылу.
1. Кіріспе. Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа дейін болады. Ол экскурсияның тақырыбына, түріне, бірінші нысанның орналасуына (топ жиналған жерден жақын немесе қашық болуы) байланысты. Мәліметтерді жүйестіру жағынан кіріспе 2-ге бөлінеді – ұйымдастыру және ақпараттық бөліктері.
а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет береді. Оның ұзақтылығы, маршруттың ұзындығы, өткізу ерекшелігі, экскурсияның міндеттерімен, қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Қауіпсіздік ережелерінде көлік ішінде, су жағалауында, тауда өзін ұстау туралы, жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып жүрмеуі, тазалықты, тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпауы, көшелерді өткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі. Экскурсия қай жерде аяқталатыны да осы бөлімде айтылады.
б) ақпараттық бөлігінде экскурсанттардың назарын экскурсияға аударады, оның бөліктеріне, мазмұнына кысқаша шолу жасайды. Қызықты нысандарды, маршруттың бөліктерін, кіші тараулардың тақырыптарын айта кету қажет.
2. Негізгі бөлік. Бірнеше кіші тараудан тұрады, олар арасында бір-біріне көшу кезінде логикалық ауысуды қолданылады. Әр кіші тақырып бір, немесе бірнеше объектілер арқылы ашылады. Ол экскурсияны сапалы өткізіп есте сақталуына көмек береді.
3. Қорытынды. Қорытынды екі бөліктен тұрады.
а) негізгі мазмұны бойынша қорытынды жасау, тақырып бойынша қорытынды жасау.
б) басқа экскурсиялар туралы ақпарат беру.
Кез келген экскурсия қорытындымен аяқталады, ол уақыты бойынша 1-3 минут. Экскурсияға қысқаша қорытынды жасап, тағы да көрген нысандарға, естігендеріне назар аударады. Соңында ұнады деп үміт білдіре отырып, басқа тақырып бойынша өткізілетін экскурсиялармен таныстыру қажет. Қорытындының да, кіріспе мен негізгі бөлік сияқты маңызы өте зор.
Экскурсия жасаудың негізгі кезеңдерін сипаттайық, олардың өзінің реті бар. Экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.
Ең алғашы «экскурсия дайындау кезеңдері» деген түсінік 1976 жылы енгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
2. Тықырып таңдау.
3. Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау
4. Экскурсиялық мәліметтерінің деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы және фондыларымен танысу.
5. Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу.
6. Экскурсияның маршрутын жасау.
7. Маршрутты аралап шығу.
8. Бақылау мәтінін жасау
9. «Экскурсовод портфелін» іріктеп жинақтау.
10. Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау.
11. Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
12. Технологиялық картаны жасау
13. Өзіндік жеке мәтінді құру
14. Экскурсияны өткізу (қабылдау)
15. Экскурсияны бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет