Экскурсиялық мәліметтерінің деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясымен және фондыларымен танысу.
Шығармашылық топ мүшелерімен экспозиция экспонаттары, мұражайдың қоймасында сақталған түпнұсқа құжаттар зерттеліп, мұражайдың ғылыми қызметкерлерінің экскурсиясы тыңдалу керек. Осының бәрі экспозицияны жақсы қабылдауды ғана емес және де оны көрсету әдістемелік тәсілдерді де қабылдап болашақ экскурсияда мұражай материалдарын толық пайдалануға көмек береді. Экскурсия бөлігі ретінде мұражаймен танысу шолу экскурсиясының соңында ұйымдастырылады. Ондай кезде экскурсияны басынан аяғына дейін бір экскурсоводтың жүргізгені дұрыс.
Экскурсиялық нысандарды іріктеп алу және зерттеу.
Тақырыпты ашу кезінде шешуші маңызы болып нысандарды іріктеу табылады. Себебі экскурсияда көрсету басымдылық етуші жай алғандықтан, дұрыс таңдалған нысандар, олардың саны, көрсету кезектілігі экскурсияның сапасына әсер етеді.
Нысан болып бір оқиғамен байланысты естелік орындар, ғимараттар, түрлі құрылыстар, археология ескерткіштері, өнер туындылары т.б. саналады.
Нысанды көрсету, алдында айтылып кеткендей, экскурсияда басты орынды алады.
Экскурсия - ол екі негізгі процестің нәтижесі: оны дайындау және өткізу. Олар бір бірімен тығыз байланысты.
Жаңа экскурсияны дайындаудың екі негізгі бағыты бар:
- экскурсиялық мекеме үшін мүлдем жаңа экскурсия.
- жаңадан келген, немесе жұмыс істеп жүрген экскурсовод үшін жаңа экскурсия. Мекемеде ол экскурсия бұрыннан жасалып өткізіліп жүрген.
Бірінші жолы – туристік мекеме үшін жаңа экскурсия дайындау процессі.
Жаңа экскурсия дайындау творчестволық топқа жүктеледі. Оның құрамына экскурсияның киындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі, топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемеде жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде түрлі салалардың мамандары шақырылады – мұражайдың ғылыми жұмысшылары, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, мектеп оқытушылары т.б.
Топ мүшелерінің әр қайсысына жеке тарауларды дайындау жүктеледі.
Жаңа экскурсия дайындау негізінен үш сатыдан тұрады:
- Алдын-ала жұмыс –келешек экскурсияға материал жинау,оны зерттеу (тақырып бойынша білім жинақтау, мақсатымен міндетін анықтау). Сонымен қатар экскурсияға қатысты объектілерді таңдау.
- Тікелей экскурсияны дайындау кезеңі - экскурсиялық маршрутты құру; фактілік материалды өңдеу; бір неше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру; бақылау текстін жасау; экскурсияның методикасын анықтау; әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау. Жаңа экскурсияның методикалық құралын дайындау (технологиялық карта); экскурсоводтардың өзіндік жеке текстін дайындау.
- Қортынды кезең – экскурсияны маршрутта қабылдау. Мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бікіту; маршрут алдында экскурсияны қорғаған экскурсоводттарға рұқсат беру.
Жаңа экскурсия дайындаудың кезеңдерін белгілеуге болады, олардың өзінің реті бар. Экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.
Ең алғашы «экскурсия дайындау кезеңдері» деген түсінік 1976 жылы енгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
1.Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
2.Тықырып таңдау.
3.Әдебиеттерді реттеу және библиография жасаү
4.Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу.
5.Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу.
6.Экскурсияның маршрутын жасау.
7.Маршрутты аралап шығу.
8.Бақылау текстін жасау
9.«Экскурсовод портфелін» іріктеп жинақтау.
10. Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау.
11. Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
12. Методикалық құралды жасау
13. Өзіндік жеке тексті құру
14. Экскурсияны жасау (қабылдау)
15. Экскурсияны бекіту.
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
Кез келген жаңа экскусияны дайындау, оның нақты мақсатын анықтаудан басталады. Себебі бұл келешекте экскурсия авторларына жұмыстарын ұйымдасып жасауына көмек береді. Экскурсияның мақсаты – экскурсанттарға тарихи мәдени-ескерткіштерді және басқада объекттерді не үшін көрсететіні. Экскурсоводттың әңгімесі осы соңғы мақсатқа бағынады. Бір неше мақсатты атап өтейік: патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік, басқа ұлттарға, қоғамға-пайдалы жұмысты қадірлеу, эстетикалық тәрбие беру, ой-өрісін кеңейтү, ғылымның және мәдениеттің түрлі салаларынан қосымша білім алу т.б. Экскурсияның мақсаттары – мақсаттарын тақырыпты толық ашу арқылы іске асыру.
2.Тақырып таңдау сұранысқа байланысты. Әр бір экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу керек.
Тақырып барлық объектілерді, кіші тақырыпшаларды бір тұтас қылатын өзегі.
3.Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау
4.Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу.
5. Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
Объект болып бір оқиғамен байланысты естелік орындар, ғимараттар, түрлі құрылыстар, археология ескерткіштері, өнер туындылары т.б. саналады
Объектті көрсету, алдында айтылып кеткендей, экскурсияда басты орынды алады. Дұрыс таңдалған объекттер, олардың саны, көрсету кезектілігі экскурсияның сапасына әсер етеді. Объекттерді келесі топтарға бөлуге болады:
• біздің халқымыздың өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен мемлекеттің дамуымен байланысты естелік орындар;
• ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар. Архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық, инженерлік құрылыстар (көпір, бекініс, мұнара), мазарлар, мәдени саласындағы ғимараттар т.б. көптеген құрылыстар;
• табиғи объектілер – ормандар, сабақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және жеке ағаштар мен реликт өсімдіктері (мысалы Алтын-Емельде 500 жыл жасаған тал, Шарында-шетен орманы) ;
• мемлекеттік және халық мұражайларының, сурет галлереяларының экспозициялары, тұрақты және уақыша көрмелер;
• археология ескерткіштері – ежелгі тұрақтар, жер дуалдары, қоныстар, қорғандар, киелі орындар;
• өнер ескерткіштері – бейнелеу өнерінің туындылары, қолданбалы өнердің, мүсін, бау-бақша өнері т.б. өнер.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:
• мазмұны бойынша – бір планды (бейнелеу өнерінің туындылары, өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп планды (архитектуралық ансамбль, орман, дала, көше, қала алаңы):
• функционалды белгісі бойынша – негізгі, жеке тарауларды ашып көрсетуге қызмет етеді және қосымша, қозғалыс кезінде, негізгі объекттер арасында, әңгімелеудің қисынды ауысулары кезінде көрсетілетіндер;
• сақталу дәрежесі бойынша – толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өзгірістермен жеткендер, жарым-жартылай сақталған және жоғалтылған.
Экскурсия жұмысшыларының алдында экскурсия жасаған кезде келесі міндеттер қойылады – көптеген объекттердін ішінен сыртқы бейнесі, ақпараттылығы бойынша ең қызықтыларын таңдау. Дұрыс таңдалған объекттер экскурсиялық материалды, тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты, объекттер бір экскурсиядан бір экскурсияға көшіп отырмауын үшін дұрыс ұйымдастыру керек. Мүмкіндігі бойынша әр экскурсияның өзінің объектілері болуы қажет. Ондай мүмкіндік болмаса, ондай жағдайда қайталанған объектілер ерекше ашылу керек.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:
Танымдылық құндылығы – объекттің бір нақты оқиғамен, айқын дәүірмен, белгілі ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен творчествосы мен байланыстылығы. Ескерткіштің көркемдік құндылығы оның эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Объекттің әйгілілігі – оның халық арасында белгілілігі. Мысалы Қызыл алаң, Эйфелевая мұнарасы, Вознесен соборы т.б.
Объекттің әдеттегіден тыс болуы (экзотикалық). Объекттің қайталанбас ерекшелігі, бір аңызбен, немесе тарихи оқиғасымен байланыстылығы. Экзотикалығы табиғи жағдай мен де байланыс болуы (мысалы Шарын каньоны)
Объекттің айқын көрінуі - сыртқы айқындығы, қоршаған ортамен – ғимараттармен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
Объект таңдауы соларға карточка (паспорт) жасалуымен аяқталады. Объект карточкаларына келесі мәліметтер кіреді:
1) объекттің аты
2) осы объектпен байланысты тарихи оқиға
3) объекттің орналасу жері, оның мекен жайы
4) сипаттамасы
5) ескерткіш туралы мәліметтер көздері
6) сақталуы, реставраци жасалған уақтысы
7) қорғалуы кімге жүктелген
8) қандай экскурсияларда пайдаланады
9) карточка жасалған уақтысы, экскурсоводттың аты - жөні
Карточкаға объекттің суреті тіркеледі.
6. Экскурсиялық маршрутты құру
7. Маршрутты аралап шығу
Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту, қозғалас трассасын, экскурсиялық объектінің орналасу жерін, оларға бару жолын, аялдамаларды айқындау мақсатымен өткізіледі. Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту экскурсия жургізуге қажетті ұақытты анықтауға мүмкіндік береді. Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту экскурсия ұзақ уақыт өткізілмеген жағдайда, қалада белсенді құрылыс немесе реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, объектілерге жол кутпеген жерден жабық болып, немесе объект реставрацияға алынып, жан жағы қоршалып, оны көрсетуге мүмкіндік болмауында өте қажет. Маршрутты айналып өткеннен кейін, барлық түзетулер, айқындалған жағдайлар, өзгертулер картаға енгізіледі. Соның көмегімен соңында маршруттың ақырғы нұсқасы дайындалады, оған топ жүріп өтетін барлық көшелер мен алаңдардың атаулары, көрсету объектілері (шартты белгілер арқылы) және экскурсанттар автобустан шығатын жерлері көрсетіліп, қай жерде кандай тарау қарастырылатыны енгізіледі. Сұлбада автобустың жүру жылдамдығы да көрсетіледі: жай – сағатына 30 км, орташа – 40-45 км, жылдам – 60 км. Автобустың жылдамдығын көрсету өте мете жаңа экскурсоводтар экскурсияны игерген кезде маңызды. Экскурсиялық маршруттың дайын сұлбасы бекітуге беріледі, содан кейін жергілікті көлік инспекциясымен бекітіліп көбейтіледі.
Сұлба туристік мекемелерінің методистеріне, экскурсоводтарға, диспетчерлерге, экскурсиялық автобус жүргізушілеріне таратылады. Бұл барлық тізбектердің жұмысын нақты ұйымдастыруға көмек береді, жақсы құрастырылған маршрут экскурсоводқа көрсету және әңгімелеу кезінде жүргізушіге қалай жүруін көрсету үшін, қай көшеге бұрылуын, қандай ескерткіштің қасында тоқтау керектігін, автобусты кай жерге, қалай токтату сияқты мәселелерге алаңдамай жұмыс жасауына мүмкідік береді.
Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер койылады:
1. трассанның планировкасымен, көшелерімен, алаңдармен танысу;
2. объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың, топтың тоқтайтын жерін анықтау;
3. автобуспен келіп тоқтайтын жерді игеру;
4. объектті көрсетуге қанша уақыт кететін хронометраждау, жалпы экскурсияның ұзақтығын анықтау.
5. Белгіленген объектілердің лайықтылығын анықтау;
6. Объектті тиімді көрсететін нүктелерін табу, экскурсиялық топты орналастыратын орындарды анықтау;
7. Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;
8. Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |