Зымыран – бұл «күшейтілген» фейерверк, 20 метрден 100 м дейін артында із қалдырмай тез ұшады, сол кезде пиротехникалық құрамы тұтанады, содан кейін зымыран түрлі-түсті салют атып, жарық ұшқындарын, парашюттарын, қатты шартылдап шашады.
Қауіпсіздік ережелері. Зымыранның күштілігінен онымен ерекше абай болу керек. Зымыранды жерге емес, мойны жіңішке бөтелкеге немесе темір құбырдың кесіндісінің 1/3 бөлігінің ішіне салып орнату керек (ол ұшпай жерде салют атуы мүмкін).
Күн - горизонтальды осьті айналатын, жан-жағына ұшқын шашатын, түрлі-түсті шеңбер жасайтын өте әсерлі фейерверк. Сатылымда бұйым шегемен бірге сатылады. Ол күннің ортасындағы саңылауға кигізіліп, 1,5 метрден кем емес биіктікте тік тірекке шегеленеді. Тіректі ағаштан жасауға болады.
Қауіпсіздік ережелері. Оны тек қана далада жағыңыз. Күнді орнату кезінде оның айналуына кедергі тигізбейтіндігін тексеріңіз.
«Істеуге болмайтын» 8 ереже:
1. Ақаулы пиротехникалық өнімдерді пайдалануға: жыртылған, майысқан, дымқылданған, сырты немесе фитилі зақымдан;
2. Фейерверктерді қалтаға салып жүруге, оларды алауда жағуға, бөлшектеп оларға механикалық әсер етуге;
3. Мас күйінде пиротехникалық өнімдермен көңіл көтеруге және олардың жанында шылым шегуге;
4. Жылынатын аспаптардың жанында сақтауға;
5. Ағаш бұталарының, электр сымдарының астында және тез жанғыш заттардың жанында фейерверкті қолдануға;
6. Фитильді тұтату кезінде пиротехникалық құралға еңкеюге болмайды;
7. Істемей қалған құралды екінші рет тұтатуға;
8. Үлкендерсіз балаларға қолдануға
Қарапайым ережелерді сақтай отырып, Жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |