Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет104/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Көлденең ұстағыш 
2-
тарауда мен көлденең көп мақсатты білдектерге, айналмалы үстелдер мен 
шетмойындарға арналған қысқыш қондырғылар туралы айтып өткенмін, ал енді олар 
туралы аздап нақтырақ айтып кетейік. Осы білдектердегі бөлшектерді қысу мен олардың
қондырғылары кейбір маңызды қырлары туралы сұрақты көтереді. Ең алдымен, сізге көп 
орында бір немесе екі қысқыш тіреу қажет болуы мүмкін, бұл атауыздардың не қысқыш 
қондырғының басқа түрі бекітілген екі үлкен шығыр болып табылады. Көп орынды қысқыш 
тіреудің әдетте кем дегенде екі, ал көбіне төрт немесе одан да көп бүйірі болатындықтан,
осындай тіреуді құралдармен жабдықтау барынша артады ‒ төрт атауыз, төрт қысқыш 
қондырғы, тығызданған қысқыш қондырғының төрт топтамасы қажет болады.


109 
Тұрып қалуды жоққа шығарамыз 
Бұрынғы кезде келесі жұмысқа дайындық жүргізіліп жатқанда білдектің тұрып қалуы 
әдеттегі іс болып табылатын. Қазір олай емес. Егер цехтар баптау уақытын қысқарту 
үшін мүмкін болатынның барлығын жасамаса, онда олардың табыстылық пен 
бөлшектердің сапасы секілді нәрселер туралы көп алаңдауына тура келеді, себебі олар 
өз әрекетін тоқтатуы ықтимал. Оны болдырмаудың ең тиімді жолы тез алмастырылатын 
құрал болып табылады. Құрал ұстағышты қалай тез алмастыруға болатыны туралы мен 
келесі тарауда айтып беремін, ал қысқыш қондырғылар саласында білуіңіз тиіс бір нәрсе 
бар, ол ‒ нөлдік нүкте.
«Нөлдік нүктенің» көптеген баламалары мен түсініктемелері бар. Көптеген қысқыш 
қондырғыларда басқа да бір құлып механизмімен тура ажарланған білік пен төлке 
пайдаланылады. Бұл жерде мен егжей-тегжейін қарастырмаймын, себебі нөлдік нүктесі 
бар жүйелердің көбі патенттелген болып келеді, ал менің қандай да болмасын заңгерден 
ешнәрсе естігім келмейді. Жай ғана цехыңызда қазіргі кезде пайдаланылып жүрген
атауызға, вакуумдық патронға, нығайтқышқа немесе басқа да кез келген бекітуге арналған 
қондырғыға қысқыштар жиынтығын орнату, қайта қосу уақытын бірнеше сағаттан бірнеше 
минутқа дейін азайтуға мүмкіндік беретінін біліңіз, атауызды (немесе басқа нәрсені)
білдектен шешіп алыңыз, оның орнына жаңасын қойыңыз, содан соң қайтадан атқа 
отырасыз. Енді бұранданың тартылуы, кодты теру, жиектерді үйлесімге келтіру немесе 
басқа да баптаудың қажытатын сылбыр үдерістері болмайды.
Екіншіден, көптеген көлденең білдектер оны пайдаланған кезде екінші көп орынды 
қысқыш тіреу үшін тағы бір қысқыш тетіктердің толық жиынтығын қажет ететін тұғырықты 
автоматты түрде алмастыру қондырғысымен жабдықталған. Ал кейбір көлденең білдектер 
тұғырықтың жинақтағышына немесе желілік жүйеге бекітілген, ол тұғырықтардың санын 
6,16-
ға немесе 60-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қысқыш тетіктердің тым көптігін 
білдіреді. Жақсы жаңалығымыз, көлденең көп мақсатты білдектерден алынған және қайсы 
бір дәрежеде айналмалы үстелдері мен тік білдектердің шетмойындарынан өнімділік 
жабдықтауға кеткен қосымша шығынның орнын лезде өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет