Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет110/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

КОНУС ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ 
САТ және ВТ құрал ұстағыштарының асқан танымалдығына қарамастан, олар мінсіз 
емес. Мысалы, құрал ұстағыштың конусы мен білдектің ұстағышы сирек сәйкес 
келетіндіктен. Бұл сүмбідегі құрал ұстағыштың аздап ығысуына алып келуі мүмкін, ол 
тербелісті туындатады және құралдың жарамдылық мерзімін қысқартады. Оның үстіне 
құрал ұстағыштар ауыр бүйірлік жүктемелерге арналмаған. Шамадан тыс күш түсу біліктік 
тербелістің әсерінен «желінуге» немесе тотығуға шалдыруы мүмкін, ал сүмбінің жоғары 
жылдамдықтары сүмбінің кеңеюі әсерінен Z білігі тұрғыландырылуының тұрақсыздығына 
алып келеді.
Мұның ешқайсысы да Сіздің САТ 40 көп мақсатты білдектерге толы цехыңызда 
жаппай сатылым жасау қажеттігін меңземейді, бірақ бұл әлеуетті мәселені азайту үшін 
бірнеше қадам жасау қажеттігін білдіреді. Мүмкіндігінше, үнемі жоғары сапалы құрал 
ұстағыштарды сатып алыңыз, себебі олар дәлірек және білдек пен сүмбі конустарының 
арасындағы байланысты арттыра алады. Қармап алу қысқыштарын қатты тартып 
тастамаңыз, ол конустың кішкентай ұшының тұрып қалуына алып келуі мүмкін, ал бұл 
байланысты одан әрі азайта түседі. Құрал ұстағыштар мен сүмбіні таза ұстаңыз және 
оларды тозу мен желінуге ұдайы тексеріп отырыңыз (Құрал ұстағыштарды екі жал сайын 
алмастырып отыру жақсы ереже болып табылады). Соңында, күшпен қысу механизмінің 
күшін ұдайы тексеріп тұру үшін қадаға сатып алыңыз, себебі серіппелер пакеті мен бөгеткіш 
шарлары уақыт өте тоза басайды, ал механизм жиі-жиі толығымен жөнделіп тұруы тиіс.
Көптеген 7/24 құрал ұстағыштардың құрылымына байланысты фланец пен 
сүмбінің беткі қабатының арасында конустың бойымен ғана түйісуді 
қамтамасыз ете отырып, шамалы саңылау қалады. Кейбір өндірушілер бір 
мезетте конусқа да фланецке де тиіп тұратын құрал ұстағыштардың «қос 
түйісуін» жасай отырып, осы кемшілікті жоя алды. Бұл құрал ұстағышта да, 
білдектің конусында да асқан дәлдікті талап етеді және конус жоғарыға және 
беткі қабатқа тартылған кездегі сүмбінің аздаған деформациясына сүйенеді. 
Олардың бірі – азайтылған тербеліске, желінуден болатын азырақ тотығуға 
және дәстүрлі тек «конустық» құрал ұстағыштарға қарағанда айтарлықтай 
көп қатқылдықты беруге уәде ететін «BIG-PLUS» сүмбілер жүйесі болып 
табылады. 
Ең көп тараған конустардың бірі туралы айтуды ұмытып кете жаздаппын. Егер 
сіз Бриджпорт тәрізді консоль-жоңғылау білдегін сатып алуды жоспарлаған 
болсаңыз (көптеген цехтарда тым болмаса біреуі бар), онда сізге «R8» 
цангалық патрондары, «R8» бүйірлік-цилиндрлі фрезаның ұстағышы және 
бірнеше «R8» бұрғылау патроны қажет болады. «R8» конусын сол бізге 
консольді-фрезерлік білдекті сыйлаған адамдар ‒ Рудольфом Бэнноу мен
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


116 
Магнусом Уолстром ‒ олардың білдек дизайны танымалдыққа ие болған соң 
көп ұзамай ойлап тапқан. Әзірше сіз осы «R8» цангалық патрондарына 
тапсырыс 
беріп 
жатқан 
кезде 
өзіңізге 
жақсылық 
жасап, 
механикаландырылған тартқыш бұрандаға тапсырыс беріңіз. Осы керемет 
қондырғы сомын кілтін «R8» цангалық патронын тарту үшін тоқтаусыз 
бұраудан босатады, сондай-ақ онсыз қысқыш механизмнің жоғары жағына 
қол жетпейтіндіктен, жеңіл сатыға да тапсырыс беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет