Жарты жолда СББ-ға (сандық бағдарламалық басқару) еніп кетуге әлі дайын емессіз бе? «G-code» (
СББ қондырғыларын бағдарламалау тілінің шартты атауы) туралы күмәнды тұтынушылар
үшін бірқатар жабдық өндірушілер құрама немесе «жартылай СББ» деп аталатын білдектерді
ұсынады. Егер құрама фрезер немесе жону білдегіндегі тұтқырды бұрағыңыз келсе, есіңізде
болсын ‒ құрама білдектер қол режимінде де бірдей жақсы жұмыс істейді. Біліктің күрделі
пішінің бұрау немесе 19-шұңқыршалы бұранданың орналасуын монтажды тіреуішке бұрғылау
керек пе? Басқару аппаратына сізге не қажет екенін мәлімдеңіз, тиісті кесетін құралды жүктеңіз
және іске қосу қайталымын тартыңыз.
Мысалы, құрама жону білдектері жону операцияларының ішіндегі ең қиындарының бірі
болып табылатын «бір нүктелі» бұрандамен жұмыс істеуді жеңілдетеді (бұл туралы толығырақ
12-
бөлімнен қараңыз).
Білікті ажарлау немесе үлкен саңылау кесу дегеніміз ұзына бойы және басқы әрі аяққы
диаметрлерінің бойымен қалыптау мен бір шыны кофеге барып келу немесе жаныңыздағы
білдекте тұрған жолдасыңызға күлкілі оқиғаны айтып беру болып табылады. Осы
қондырғылардың (білдектердің) көбі бағдарламалық тұғырмен жабдықталған, сондықтан ол
жерде күні бойы тұрып, өзгерістерді қолмен жасау қажет емес.
Құрама білдектер де ұқсас функционалдылықты ұсынады. Негізгі білдек тек екі білікті
орналастыруды ұсынады ‒ бұл алдында тұратын адамның пішінге келтіру немесе терең
оймалар үшін бұрғылау, не кескішті орналастыруы үшін қолданылатын Z-білікті (тік гильзаны)
іске қосуына арналған. Кейбір құрама білдектер өткір салмасы бар құймақты ұсынады: бір
мезеттегі үш білікті басқару, қонақ бөлмесіндегі үстелдің үстінде тұратын «Йода» мүсінін
өңдегіңіз келсе немесе күпшені күні бойы жоғары-төмен күшпен қозғауға ерінсеңіз, онда бұл
ең керегі болып табылады.
Құрама білдектерге әдетте не істеу қажеттігі «үйретіледі». Бұл сізге бір бөлшекті бірнеше
рет жасау қажет болғанда тиімді: жону білдегін немесе фрезерлік білдекті оқыту режиміне
қойыңыз және бірінші бөлікті кесіңіз, содан соң білдек сіздің әрекетіңізді бес жасар баланың
ынтасымен қайталайды.
Бағдарламалауды үйренгісі келмейтіндер немесе машиналық басқаруға кез келген
мәліметтерді енгізгісі келмейтіндер үшін оқыту режимі қолмен өңдеу шаппасын өз бетінше
қосып алады. Егер жаңа құрама машина үшін бірқатар ақшаңызды шашқыңыз келмесе,
көптеген жеткізушілер ақылды басқару жүйесінің көмегімен қол жону білдегіңізді немесе
фрезерлік білдегіңізді жаңадан жасалғандай етіп сервоқозғалтқышпен немесе мықты білікті
жетекпен түрлендіріп бере алады.
Әлі де жасалып жатқан және сатылымда бар қол білдектерін өкпелетіп алу
тәуекелімен айтарымыз, СББ-мен дұрыс жабдықталған білдек өзінің қосинді
тоғыстырғышы бар серіктерінен аптаның кез келген күнінде және демалыс
күні екі рет асып түседі. Бұл қарапайым дайындамадан басқаның бәрін
жасайтындардың барлығына қатысты, осы орайда бұл бөлшектер жұмыс
көлемінің тұтас бір бөлігі болса да, кейбір цехтардың СББ білдектерін
ЕСКЕ ТҮСІРУ
37
орнатуға сағаттап уақыт кетіруінің себебі, олардың жұмыстың аз көлемі үшін
қайта қосуды үнемдірек ететіндей сайманмен жабдықталмағанында немесе
ұйымдастырылмағанында болып табылады (осы туралы толығырақ 16-
бөлімде).