Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Сонымен, бұрандалы қысқыш дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет28/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сонымен, бұрандалы қысқыш дегеніміз не? 
Біздің кейбіріміз механикалық өңдеу саласында қызмет мансабын бастадық. Болашақ 
қайын енеңізге оның кіржиген қабағы мен құрбыларына телефон арқылы мысқылдауын 
көтере отырып, күні бойы немен айналысатыныңызды түсіндірудегі ыңғайсыздықты былай 
қойғанда, қол бұрандалар жонып өңдеуді үйренудің таптырмас жолы болып табылады. 
«Hardinge DV-59» екінші операциялық машинасының электр қуат беруі немесе межеленген 
циферблаты жоқ: Сіздің оң қолыңыз бұрғылармен, сондай-ақ бұранда кескіш және 
қалыптау бастиектерімен жарақтандырылған алты сатылы айналғыш қалпашықты 
басқарады, ал сол қолыңыз бөлшекті ұзыны бойы өңдеу, ішкі саңылауды және қиықжиекті 
кесу немесе тіпті пішіндеуші құралмен күрделі пішінді кесу үшін қолданылатын 
құралдардың көмегімен жылжуды басқарады.
Әрбір қайталымның соңында артқы жағында орналасқан ұстараны пайдаланып, әзір 
болған дайындаманы бөліп алу үшін (бұл «бөлу операциясы» деп аталады) жылжыманы 
өзіңізге қарай тартыңыз. Содан соң цанганы ашу үшін, үдерісті қайталау үшін тұғырдыға 
орнатылған таянышқа қосымша материал бере отырып, түпкі сол жақ бұрыштағы тұтқырға 
түрткі беріңіз. Әрине, «Hardinge» жұдырықшадан жұмыс істейтін, бұрандалы қысқыштың 
автоматты нұсқасын ‒ бұрандалы гидравликалық жетекпен білдектердің қарапайымдау 
баламасы ‒ DSM-A-ны ұсынды. Өкінішке орай, бұрандалы қысқыштар 8-жолды таспаның 
ізін қуған ‒ «Hardinge» өзінің веб-сайтында «DV-59» немесе «DSM-A» бұдан былай
келтірмейді, ал «Гугл» айналдырма қыспағы бойынша іздеуде қайтадан көбіне ағаш өңдеу 
қысқыштарына жолдайды (одан да «Қауіпсіз іздеуді» ашқаныңыз жөн).
Бір қызығы, ең алғашқы компьютермен басқарылатын білдек, шын мәнінде, білігін 
адамдардың орналастыруын талап еткен ‒ компьютер оларға жәй ғана тұтқырды қаншалықты 
көбірек бұрау қажеттігін айтып тұрған. Компьютермен басқарылатын қозғалтқыштар немесе 
«сервоқозғалтқыштар» жасалған соң ғана адамдардың одан да маңызды істермен айналысу 
үшін қолы босады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет