Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Ұсақ түйіршіктік ғажайыптары



Pdf көрінісі
бет78/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Ұсақ түйіршіктік ғажайыптары 
Алудың қарапайым химиялық үдерісіне қарамастан цементтелген карбидтің (көбіне 
карбид ретінде айтылатын) құбылғыға ұқсас қасиеті бар. Байланыстырушы кобальттың және 
вольфрамның қатынастарын өзгерту немесе вольфрам бөлшектерінің көлемін реттеу 
арқылы металлургтер оған бірқатар қасиеттер теле алады. Мысалы, кобальттың жоғары 
құрамы бар карбидтің соққыға көбірек төзімді қасиеті бар, бірақ тезірек тозады. Одан да ірілеу 
түйірлерді пайдалану ұқсас нәтиже береді. Екінші жағынан, микро және нанотүйіршікті деп 
аталатын карбидтер қатты және тозуға төзімді , бірақ соққыға азырақ төзімді. Әдеттегідей 
түйіршіктер неғұрлым кішірек болса, соғұрлым карбидтің осындай түрі өңдеуге келеді (бәлкім, 


84 
ауыр қаралтым өңдеуден басқасы). Бұрынырақ айтылып кеткендей, TiC және TaC секілді 
қосындылар карбидтің сипаттамаларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Керамика: техникалық ерекшеліктері 
Сіздің үйіңізде керамикадан жасалған бұйымдар толып жатқан сияқты. Жуыну 
кабинкасы, жұқа фарфордан жасалынған әжеңіздің сервизі, шойын ыдыстың жабыны ‒ 
осылардың барлығы керамиканы қолдану мысалдары болып табылады, көзді 
жалықтырғандардан (өткен аптаның демалысында сатылымнан алынған фарфор құмыра) 
бастап, жоғары технологиялық (кремний пластиналары мен асқан өткізгіштер) материалдарға 
дейін. Кесетін құралдарда да керамиканың алатын орны зор, себебі ол қатты қорытпалы 
кескішті майға арналған пышақ секілді өтпейтіндей ететін бірқатар материалдарды өңдеу 
үшін қолайлы. Ұшақ жасауда кеңінен қолданылатын талшықпен құрсауланған полимер 
(
көміртекті пластик) осының бір мысалы болып табылады. Басқа мысалдар ‒ газ турбиналары 
мен АЭС-да жиі кездесетін «Inconel» және «Hastelloy» секілді термиялық төзімді ыстыққа
төзімді қорытпалар болып табылады.
Кесетін құралдарға арналған басқа да метариалдардың түрлерімен бірге өзге де түрлі
көптеген керамикалық қорытпа бар, бірақ олардың басым бөлігі алюминий оксидінің немесе 
кремний нитридының негізінде дайындалады. Көбі титан карбидімен күшейтілген немесе 
қосымша беріктік үшін (керамика табиғатында өте осал) кремний карбидінің «жіп тәріздес 
кристалдарын» пайдаланады. Жоғарыда келтірілген тәсілдерге қосымша керамика
шойыннан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ шыңдалған болатты өңдеу үшін кеңінен 
пайдаланылады. Барлық керамикалық қорытпалар термиялық төзімді, карбидке қарағанда 
өңдеудің жоғары айналымына төтеп бере алады, үнемі дерлік құрғақтай жұмыс істейді 
(майлағыш-суытқыш сұйықтықсыз қолданылады ). Қолданыстың нақты бір салалары үшін 
керамика тамаша таңдау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет