Галактикалар Дайындаған: Саятқызы Жанел, Алибаева Гүлнұр Жоспары



Дата28.11.2022
өлшемі2.31 Mb.
#465925
түріҚұрамы
DOC-20221031-WA0077.

Галактикалар


Дайындаған: Саятқызы Жанел,
Алибаева Гүлнұр

Жоспары:


Құс жолы
1
Басқа галактикалардың ашылуы
2
Галактика түрлері
3
3
Квазарлар
4
4
Галактикалық тұмандықтар
5

Құс жолы

  •  Құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. 

Құрлымы

  • Ядросы, үш спиральды шеті бар. Ядро Галактиканың центрінде орналасады
  • Спиральді шеттерінде планеталар, жұлдызды жүйелер, әр түрлі аспан денелері орналасқан.

Құс жолы галактикасы жоғардан

Басқа галактикалардың ашылуы

  • Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. "Магеллан бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" жәнө "Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар Жергілікті галактикалар тобын құрайды.

Галактика
Эллипстік
Спиральді
Бұрыс пішінді
Линза тәрізді

Эллипстік

  • Зерттелген галактикалардың шамамен 25% жұмыр немесе эллипс тәрізді болады, оларды эллипстік деп атайды. Бұл галактикалар құрылымы, жұлдыздық құрамы және ішкі қозғалыстардың сипаты бойынша ең қарапайым болып табылады. Олар құрамындағы ең жарық жұлдыздар – қызыл алыптар, жарқырауы жоғары жұлдыздар (аса алыптар) олар ішінде жоқ болады. Жұлдыздар бұл галактикалар ішіде кез-келген бағыттарда жоғары (≈200 км/с) жылдамдықтармен қозғалады екен. Эллипстік галактикалардың жарқырауы мен массасы кең аралықта өзгереді: ~1038-1045 эрг/с және 105-1013 МКүн сәйкесінше.

М87 эллиптикалық галактикасы

Спиральді

  • Зерттелген галактикалардың шамамен 50% (оның ішінде біздің Галакттика да) шиыршықты (спиральді) болып табылады. Мұндай галактикалардың ерекшелігі – оларда екі не одан көп сілемді шиыршықты тармақтар түріндегі құрылым бақыланады. Тармақтар ортасында балдж деп аталатын сфератәрізді жуандалуы бар жазық (қалындығы диаметрінен бірнеше есе аз) дискті құрайды (яғни галактикаға жоғарыдан қарағанда, шиыршық тәрізді құрылымды, ал бүйірінен қарағанда дискті көреміз). Балдж ішінде галактиканың ядросы орналасады.

NGC2997 спиральді галактикасы

Линза тәрізді

  • Зерттелген галактикалардың шамамен 20% линзатәрізді болып табылады. Олар эллипстік пен шиыршықты галактикалар ортасында аралық орынды алады: олардың пішіні эллипсоид тәрізді болады, ал беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай сатылы түрде өзгереді. Мұндай галактикаларда ядроны, «линзаны» және «жиекті» айырады. Линзаның сыртқы бөліктерінде кейде шиыршықты тармақтардың «ұрықтары», маңдайшалар және сыртқы жарық сақина көрінеді.

Бұрыс пішінді

  • Галактикалардың қалған 5% дұрыс емес галактикалар болып табылады. Мұндай галактикалардың дұрыс (симметриялы) пішіні әдетте жоқ болады. Жалпы айтқанда, бұл топқа жоғарыда айтылған топтың үшеуіне де жатпайтын барлық галактикаларды шартты түрде кіргізеді. Мысалы, пекулярлы (яғни ерекше, әр қайсысының пішіні өзгеше, қайталанбас болатын) галактикаларды да, оның ішінде әсерлесетін галактикаларды, әдетте дұрыс емес галактикаларға жатқызады (кейде оларды жеке топқа бөледі). Дұрыс емес галактикалардың жарқырауы ~1043 эрг/с, ал массалары 1010 МКүнболады.

Бұрыс пішінді галактика
NGC1313

Квазарлар

  • 1963 жылы квазарлар деп аталған өлшемдері аз, ал шығарылатын энергия төтенше жоғары объекттер ашылды. Олардың өлшемдері біздің Галактикадан шамамен 104-105 есе аз, ал жарқырауы шамамен 104 есе көп. Жарқырауы аса жоғары болғандықтан, квазарлар бақылана алатын ең алыс объектілер болып табылады: оларға дейінгі қашықтық - 1-10 млрд жарық жыл, яғни біз квазарларды жас кездерінде, 10 млрд жыл бұрын болған күйінде көреміз. Мұндай аса қарқынды сәулеленуді тудырып, ұзақ уақыт ішінде ұстап тұру үшін қажетті энергияны қандай құбылыс қамсыздыра алатыны әзірше толығымен белгісіз. Квазарлар эволюциясының аса белсенді кезеңіндегі галактикалардың ядролары болуына көрсететін деректер бар.

Галактикалық тұмандықтар

  •  Ғарыш құрамына енетін сиретілген газдар мен тозаңдардан тұратын әр түрлі аспан объектілері. Галактикалық тұмандықтар, басқа да галактикаларда кездеседі. Тұмандық деп алғашқы кезде жұлдызды аспандағы қылаң дақтарды атаған. Бірте келе телескоптардың жетілдірілуіне байланысты, әлгі тұмандықтардың әр түрлі екені байқалды. Олардың басым көпшілігі жырақтағы ғаламат зор жұлдыз шоғырлары - галактикалар. Бұлар галактикадан тысқары тұмандықтар делінді. 

Орион тұмандығы. 
ESO-ның суреті

Тұмандық түрлері

  •  Біздің галактика құрамына жұлдыздардан басқа да көлемді газ және тозаң бұлттар кіреді. Құрамына, формасына және физикалық табиғатына қарай, галатикалық тұмандықтарды диффузиялық( қылаң және қоңыр), планеталық және глобулалар деп бірнеше топқа бөледі. Диффузиялық қылаң тұмандылық шүйкеленген жүндей шет-шеті жүмаланып, бозғылттанып көрінеді. Олардың бұрыштық диаметрі доғаның бірнеше минутынан, бірнеше секундына барады. Қазіргі кезде 100-ден аса диффузиялық қылан тұмандықтар бар екені мәлім.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет