Бағыт 5. Мемлекеттік қызмет көрсету
Мақсаты 5.1.Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіруді жақсарту.
№
|
Мақсатты индикаторлар, тікелей/ нәтиже көрсеткіштері
|
Өлш бірл
|
2011ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2015ж
|
Жауапты
Орындау шы
|
есеп
|
бағалау
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
22
|
Мақсатты индикатор:
Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қаңағаттану деңгейі
|
%
|
|
65
|
70
|
75
|
80
|
Әкім аппараты
|
|
Міндет 5.1. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру
|
22.1
|
Әлеуметтік мәнді мемлекеттік қызметтерді электрондық қалыпқа ауыстыру
|
%
|
|
44,4
|
100
|
100
|
100
|
Әкім аппараты
|
МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ:
Жаңақорған ауданының 2011-2015 ж мемлекттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамытудың негізгі бағыттары мыналар:
Маслихат пен әкімшілік жұмыстарының тиімділігін жоғарылату;
Мемлекеттік қызметкерлер жұмысын дамыту және жетілдіру;
Электронды әкімдіктің базалық құрауыштарын жасау / дамыту;
Аудан әкімінің сайтын дамыту және сүйемелдеу;
Электронды құжатайналымын дамыту және қостау (электронды құжатайналымы жүйесіне аудандық /қалалық деңгейде қосылу). Аудан әкімі аппаратында ЕСЭДО орнатылған. Ал осы ғимаратта орналасқан 3 дербес бөлімде Lotus Notes бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Биылғы жылы ЭҚАЖ-не барлық 14 дербес бөлімді қосу жоспарланған болатын, бірақ біраз бөлімдердің жаңа ғимаратқа көшірілуіне байланысты бұл жұмыс 2013 жылға қалдырылып отыр.
Мемлекеттік Бірыңғай көлік ортасын қостау және дамыту (БКО аудандық / қалалық деңгейде қосылу) Қазіргі таңда корпоративті желіге 4 мемлекеттік орган қосылып отыр (аудан әкімі аппаратында орналасқан 3 дербес бөлім мен аудан әкімі аппараты).
Әлеуметтік мәнді мемлекеттік қызметтерді электрондық қалыпқа аудару
Қазіргі таңда 4 қызмет түрі электронды түрде жүруде, атап айтқанда тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру, жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою. Барлық аталған мемлекеттік қызметтерде 2012 жылы құжаттардың орындалу мерзім бұзылған жоқ, 2013 жылы аудан бойынша құжаттар уақытылы орындалуы мен кызмет сапасын жоғарылату көзделуде.
Жергілікті атқарушы органдардың Әлеуметтік мәнді мемлекеттік қызметтерін 2013 жылы 100 пайыз электрондық қалыпқа аудару жалпы республикалық деңгейдегі ақпараттық жүйе құрылғаннан кейін аудандық деңгейде жүзеге асырылатын болады.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Жаңақорған ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (одан әрі бағдарлама) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын басты стратегиялық құжат болып табылады. Осының ізімен жасалған салалық және аудандық жоспарлар, бағдарламалар өңірлік дамудың іріктелген стратегиялық курсына сәйкестендірілетін болады.
Бағдарлама стратегиялық басқару жүйесін қалыптастыру негізін жасайды және өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету үшін әкімшіліктің ағымдық қызметінің қажетті бағдарларын анықтайды.
Жаңақорған ауданының 2011-2015 жылдарды қамтитын аумақтық даму Бағдарламасын оның әр кезеңдерінде орындау, аудан аумағында даму Бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық және операциялық даму жоспарлары, инвестициялық жобалар болып табылады.
Бағдарламаны басқару процесі мына сатыларды қамтиды: аралық және нақты нәтижелерге мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу.
Мониторинг жүргізу үшін іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, өздерінің құзыреттілігі шегінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне есептік кезең біткен соң екі апта мерзім ішінде Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есеп ұсынады.
Мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар және нәтижелік көрсеткіштер» бөлімінде ұсынылған міндеттер көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыру үшін жыл қорытындысымен мониторинг жылына бір рет жүргізіледі.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Бағдарламада белгіленген кезең қорытындысы бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жалпы есеп береді.
Бағдарламаның іске асырылуына бақылау жасау мониторингін, Бағдарламаны іске асыру бойынша бақылау іс-шараларын бағалау және жүргізу негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |